18112014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: БАЌ ќайда баєыт алды?

5-бет Музеология мен этнология білгірі 8-бет Тїріктер таєы да теѕдік бермеді 9-бет Абдурайым ака неге ќамыєады? 14-бет

№225 (28448) 18 ҚАРАША СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Жўмыс бірлесе атќарєанда тиімді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Асхат Дауылбаев пен Мемлекеттік қыз мет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңе сінің кеңейтілген отырысында қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған партиялық бағдарламасы аясындағы жұмысты күшейтудің маңыздылығына тоқталды. – Өткен жылдар ішінде елімізде парақорлықтың тамырын жою тұрғысынан алғанда біраз жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, заңға өзгерістер енгізу, шенеуніктер мен кəсіпкерлер арасындағы байланысты азайту арқылы сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары қатайды. Лауазымы мен еңбегіне қарамастан, барлығын да жауапқа тартатын заң қолданысқа енді. Жалпы, бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізілуде, оның нəтижесі көрініп тұрғандықтан, қоғам тарапынан оң баға беріліп отыр, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметшілер жұмысын мінсіз əрі адал атқаруы үшін мемлекет тарапынан қажетті жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті. – Бүгінде олар материалдық жəне əлеуметтік кепілдіктермен қамтылған, сондықтан біз олардан адал қызметтің үлгісін көрсетіп, заңнаманы сақтауды талап етуге құқылымыз. Бұл, əсіресе, елімізде мемлекеттен орасан қаражат бөлініп, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын жүзеге

асыру жөнінде ауқымды жұмыс жүріп жатқан қазіргідей кезеңде айрықша өзекті. Сондықтан, Бас прокуратура мен Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп жұмыс істеген жөн, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті біздің республика ТМД-да бірінші болып «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңды қабылдағанын атап өтті. – Осы заңды қабылдау кезінде мен ешкімге жеңілдік болмайтынын жəне ешкім де жазадан құтылмайтынын айтып, бүкіл халыққа мəлімдеме жасадым. Мемлекет тиімді басқарушыларды тəрбиелеп шығару үшін көп уақыт пен қаражат шығындайды. Ал олар сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол берсе, жұмсалған сол барлық күш-жігер мен шығын босқа кеткен болып шығады. Халық осыны түсініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен ымырасыз күреске мүдделі болғаны жөн. Қазақстандықтар арасында бұл мəселеге немқұрайды қарайтындар болмауы тиіс. Ең бастысы, жұртшылық жемқорлық көріністеріне төзбей, ол жөнінде хабарлап, сол бойынша ілкімді

Саланы əртараптандыру – уаќыт талабы Мəжіліс Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен кеше кезекті Үкімет сағаты болып, онда «Өсімдік шаруашылығы: əртараптандыру жəне механикаландыру проблемалары» тақырыбында Ауыл шаруашылығы министрінің баяндамасы тыңдалды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

«Елбасының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында жаһандық азықтүлік қауіпсіздігі қазіргі адамзат тап болған ХХI ғасырдағы ең алаңдатарлық он мəселенің біріне кіретіндігі атап өтілген. Сондықтан Президент ауыл шаруашылығын жаппай жаңғырту міндетін қойды, мұның мəнісі – егістік көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығымдылығын көтеру, өнімді қайта өңдеуді дамытуда мал шаруашылығы үшін жемшөп базасын құру. Осылайша, мемлекет алдында елімізде азықтүлік өндірісін тұрақты арттыру

мақсатында жер өңдеу мəдениетін түбегейлі өзгерту міндеті тұр», – деген вице-спикер сөзді Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке беріп. Министрдің баяндауынша, құрғақшылық, ылғал мөлшерінің нормадан анағұрлым артық болуы жəне ауа райы салқындығы Қостанай, Солтүстік Қазақстан жəне Ақмола облыстарының кейбір аудандарында егін жинау жұмысын қиындатса, бұл жұмыстар əлі де жалғасуда көрінеді. Облыстардың жедел ақпараттары бойынша бүгінгі күнге 14,5 миллион гектарға жуық алқаптан 18,3 миллион тоннаға таяу астық бастырылса, түсімділігі гектарына 12,6 центнерден айналған. (Соңы 4-бетте).

шаралар қабылдануы керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бас прокурор партия бағдарламасын нақты іске асыруға кірісіп те кеткендерін мəлімдеді. – Экономиканы одан əрі дамытуға бөлінген бюджеттік қаражатты пайдалану барысында заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау жөніндегі жұмыс жолға қойылды. Біз əр теңгенің тиімді пайдаланылуын, бұл қаражатты жымқыруға жол берілмеуін қадағалайтын боламыз, – деді А.Дауылбаев. Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Мемлекет басшысы айтқан міндеттер басым мəнге ие болатынына тоқталды. – Ертеңнен бастап біз өзіміздің толыққанды қызметімізге кірісе міз. Тиісті заң қабылданды, қазір Агенттіктің жеке құрамын жасақтау жұмысы жүріп жатыр. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жүйелі жұмысты жолға қоя алатынымызға сенімдімін, – деді Қ.Қожамжаров. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

––––––––––––––––––––––––– Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Елбасыныѕ апталыќ кестесі

Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындаєы Ќазаќстан Республикасы азаматтарыныѕ Ресей Федерациясыныѕ аумаєында жəне Ресей Федерациясы азаматтарыныѕ Ќазаќстан Республикасыныѕ аумаєында болу тəртібі туралы келісімді ратификациялау туралы

Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы туралы хабарлады.

20 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келетін Швейцария Конфедерациясының Президенті Дидье Буркхальтермен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Швейцария біздің елдің Еуропадағы маңызды сыртқы саяси жəне экономикалық серіктесі болып саналады. Соған орай, мемлекет басшылары Қазақстан мен Швейцария қарым-қатынасын өзара іс-қимылдың барлық бағыты бойынша нығайту мəселелерін талқылайтын болады. Сауда-экономикалық, инвестициялық жəне мəдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға баса көңіл бөлінеді. Дидье Буркхальтер Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының іс басындағы төрағасы да болып саналады. Осы орайда Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен тəжірибесі ескеріле отырып, Ұйым қызметінің негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасылады деп болжануда.

2012 жылғы 7 маусымда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында жəне Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тəртібі туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 14 қараша. №250-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

Біздіѕ басты маќсатымыз

Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Швейцария Федералдыќ Кеѕесі арасындаєы Рўќсатсыз болатын адамдардыѕ реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы

– Мемлекет басшысы Жолдауын заѕнамалыќ тўрєыда ќамтамасыз ету, дейді Сенат Тґраєасы Ќ.Тоќаев

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Сенат Төрағасы Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға байланысты міндеттерге бюро мүшелері мен палата аппараты қызметкерлерінің назарын аударды. «Жолдауда алға қойылған күрделі жəне маңызды міндеттерді қысқа мерзім ішінде, ал кейбір мəселелерді шұғыл түрде орындау қажет болады. Сондықтан, біздің алдағы басты мақсатымыз – Елбасының стратегиялық маңызы бар «Нұрлы Жол» құжатындағы тапсырмаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету», – деп атап өтті Қ.Тоқаев. Бюрода Парламент Мəжілісінде мақұлданған заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттері мен аппаратына берілді. Қазақстан азаматтарының Беларусь аумағында жəне

Беларусь азаматтарының Қазақстан аумағында болу тəртібі туралы Қазақстан мен Беларусь арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы одан əрі пысықтау үшін Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетіне берілді. «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру жəне даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Ирригациялық жəне дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жобаның екінші фазасы) ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша Аграрлық мəселелер, табиғатты пайдалану жəне ауылдық аумақтарды дамыту комитеті бас комитет болып белгіленді.

Қазақстан Республикасының Заңы Азаматтыќ іс жїргізу мəселелері жґніндегі конвенцияны ратификациялау туралы 1954 жылғы 1 наурызда Гаагада жасалған Азаматтық іс жүргізу мəселелері жөніндегі конвенция ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 14 қараша. №252-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

ТАУ ТЕЅСЕЛТКЕН ТОЛАЄАЙЛАР Қарашаның 16-сы, жексенбі күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ауыр атлетикадан ерлердің 81ші, əйелдердің 24-ші əлем чемпионаттары үлкен абыроймен мəреге жетті. Жер шарының 78 елінен келген 538 атлеттің қатысуымен өткен жаһандық жарыста əлемнің 15 рекордына өзгеріс енгізілді. Олардың 11-і ересектер арасында жасалды. Осы тоғыз күн бойына спорт сарайы көрермендерге лық толы болды. Қазақстан құрамасы біріншілікте 3 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алып, командалық есеп те 3-орынға орналасып, өзінің алдына қойған мақсатын толық орындап шықты. Онда Зүл фия Чиншанло, Жасұлан Қыдырбаев, Илья Ильин сынды саңлақтарымыз алтын жүлдегер атанса, Жазира Жаппарқұл жəне Владимир Седов секілді

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 14 қараша. №251-V ҚРЗ

(Соңы 4-бетте).

Ауыр атлетикадан Алматыда ґткен əлем чемпионаты кїштілерді аныќтады

2010 жылғы 4 наурызда Бернде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы Рұқсатсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісім ратификациялансын.

1999 жылєы 2 аќпандаєы Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Беларусь Республикасыныѕ Їкіметі арасындаєы Тауарларды (жўмыстарды) экспорттау жəне импорттау кезінде жанама салыќтарды ґндіріп алудыѕ принциптері туралы келісімніѕ ќолданысын тоќтату туралы Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Беларусь Республикасыныѕ Їкіметі арасындаєы хаттаманы ратификациялау туралы 1999 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарларды (жұмыстарды) экспорттау жəне импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы 2011 жылғы 8 қарашада Астанада жасалған хаттама ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 14 қараша. №253-V ҚРЗ

Оќырман назарына!

Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.

атлеттеріміз күміс медальға қол жеткізді. Бұл Қазақстан құрамасының 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиялық ойындар үшін қажетті ұпай қорының іргесін қалауына негіз берді. Қазақ елінің жолын қашанда

жеңістің шапағымен нұрландырып келе жатқан арда туған айбатты ұлы Илья Ильин чемпионаттың ең үздік спортшысы деген атаққа ие болды. (Соңы 10-бетте).

● Жазылым-2015

ЖЕДЕЛХАТ «Егемен Ќазаќстан» республикалыќ газеті» акционерлік ќоєамыныѕ президенті С.АБДРАХМАНОВЌА Мемлекетіміздің ата басылымы «Егемен Қазақстан» газеті еліміздегі қолайлы əлеуметтік кеңістікті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, қазақстандықтарға маңызды ақпараттарды таратады, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын, қоғам үшін аса қажет қазақстандық патриотизм, төзімділік пен келісім идеяларын түсіндіріп, насихаттайды. Қарағанды мемлекеттік

университетінің ұжымы Сіз басқарып отырған газетпен шығармашылық байланыс орнатылып, жемісті ынтымақтастықтың сақталғанына қуанады. «Егемен Қазақстан» газетінің беттерінде университетімізде орын алған маңызды оқиғалар, оқытушыларымыздың, ғалым дарымыздың жазбалары жиі жарық көреді, газетке айтар алғысымыз шексіз. Бірнеше жылдан бері

ҚарМУ ұжымының ата басылымның белсенді оқырманы жəне жазылушысы қатарынан көрінуі жай ғана сəйкестік емес. Келесі жылға университет қызметкерлері «Егемен Қазақстан» газетінің 291 данасына жазылды, жазылу əлі де жалғасуда. Тоқсан бес деген торқалы жастың төріне көтерілгелі отырған редакция ұжымына əрі қарай да шығармашылық табыс жəне амандық, саулық тілеймін! Еркін КӨБЕЕВ, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.