19012014

Page 1

 Бірінші бағана

«КЇН СҐНГЕНШЕ СҐНБЕЙМІЗ!»

Демалыс. Сенбі. Редакциядамыз. Газеттің кезекті нөмірі дайындалып жатыр. Жексенбіге. Елбасы Жолдауына бағышталған арнаулы шығарылым ойластырдық. Неге? Жылда жасалатын, дəстүрге айналған Жолдау емес пе? Иə, жыл сайын жария етілетін Жолдау. Рет саны бойынша он сегізінші Жолдау. Негізінен алғанда «Қазақстан-2050» Стратегиясын əрі қарай тарата түсетін Жолдау деуге де болады. Соның өзінде де бұл Жолдаудың жөні бөлек. Елім дейтін, жерім дейтін, елінің, жерінің қамын жейтін əрбір қазақ үшін, осы мемлекетпен жанын жақындастырып, ойарманын астастырып үлгерген əрбір қазақстандық үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған бұл жолғы сөзі ең алдымен ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманын – əлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, əлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тəуелсіз Мемлекет атану арманын, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу арманын ақиқатқа айналдырғанымызды атап айтуымен, болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсатқа жетелейтін идеяны – Мəңгілік Ел идеясын Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы деп жариялауымен айрықша аяулы, бөлекше бағалы. Ел – халық сөзінің де, мемлекет сөзінің де, ұлт сөзінің де баламасы. «Адамзат тарихында өшпес із қалдырып кеткен, Еуразия құрлығындағы халықтардың тағдырына орасан əсер еткен» (Н.Назарбаев), заманында көк тің жүзін тітіреткен көк түріктері ел болуды халық ретінде қалыптасудың, мемлекет ретінде мығымданудың, ұлт күйінде ұйысудың биік белесі деп білген. Осының бəрін біржолата бекіту үшін сол заманның өзінде басқа қонған бақыттың баяндылығын білдіретін философиялық категория – Мəңгілік Ел ұғымын ойлап тапқан. Соны тасқа қашап тұрып, «МИНГУ ЕЛ» деп жазып кеткен. Ежелгі түркілерден тараған барша халыққа бірдей түсінікті сөздер. Мұсылмандыққа бет бұрған ағайындар тұрмақ, тарихтың талайымен басқа діндерді ұстанатын сахалар, тувалар, марийлер де ет жүректі елжірететін Ел сөзінен екі елі ажырамай, өз елдерін Саха Эл, Эл Тыва, Марий Эл атаумен келеді. Солардың ішінде марийлер Марий Эл атауын ресми алып та үлгерді. Демек, Ел – ұлы ұғым. Халық болып құралу, мемлекет құра алу, дербес тұра алу, ұлт болуға бет бұра алу – осының бəрі Ел болудың белестері. Тəубе, сол белестердің бірінен біріне абыроймен асып келеміз. «Мəңгілік Елдің іргетасын қаладық» – Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдаудағы осы сөзі бұл сапардың ұзаққа созылатынын, бұл жолдың алысқа баратынын білдіреді. «Тəуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру əлдеқайда қиын. Бұл – əлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама» – Нұрсұлтан Назарбаев бұл сөздерді де Жолдауда айтты. Ескертті бəрімізге. «Мəңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек» дегенді де айтты біздің Елбасымыз. Қайрады бəрімізді. Мəңгілік Ел болу бабаларыңның бабаларының бабалары армандаған, аңсаған асыл мұратты балаларыңның балаларының балалары ардақ тұтатындай мемлекет орнату дегенді, енді ешқашан, ешқашан бөгденің бодандығына түспейтін, халықтығын, ұлттығын, елдігін, мемлекеттілігін əрқашан, əрқаш ан əсп ет т ей т ін , үл гіл і үрдістерін үстеген үстіне үстейтін, бар заманда да ұлы мен қызының бағы басында тұратын, барша халқының бақыты баянды болатын ел құру дегенді білдіреді. Алаш гимніне: «Енді Алашты ешкімнің Қорлығына бермейміз, Алаш туы астында Күн сөнгенше сөнбейміз!» деп жазғанда қайран Сұлтанмахмұт осыны ойлаған. «Қазақстан-2050» – Мəңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мəртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым!» дегенде Елбасымыз да осыған шақырған. Халқымыз Нұрсұлтан Назарбаевты əу бастан-ақ ел бағына туған перзент деп сенген, екі тізгін, бір шылбырды қолына берген, адастырмас азаматым деп соңынан ерген, сөйтіп бүгінгі биігіне келген. Алда да солай бола береді. Қазақтың басына бақыт құсы қона береді. Күн сөнгенше сөнбейміз! Сауытбек АБДРАХМАНОВ

№12 (28236) 19 ҚАҢТАР ЖЕКСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

(Арнаулы шығарылым)

 Елдік мінбері

Жылќы жылыныѕ жорыєы Қуаныш СҰЛТАНОВ,

Парламент Мəжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы Саяси Кеңесінің бюро мүшесі.

Əңгіме өзегі – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың жылқы жылы жария етілген Қазақстан халқына Жолдауы. Елбасы Жолдауы еліміздің дамуының ең басты құжатына айналып, қоғамның жетекші қозғаушы күші болып қалыптасқаны, тұрмысымыз бен тір шілігіміздің көрнекті көрсеткіші болғаны туралы толғамдарымызды Аға

газет оқушыларының назарына салып, бұдан бұрынғы жолдаулар тұсындағы əңгімені жалғастыру ниетінде, əрі жаңа Жолдаудың кейбір айрықша ерекшеліктеріне де тоқталудың жөні келіп тұр. Ең алдымен, жыл сайынғы Елбасы Жолдауының мемлекет өміріндегі айрықша орнын, оның ел өркендеуіндегі ықпалдылығын, халықтың əр жылы жаңа Жолдауды күтіп жүретіндігін атап өту орынды болмақ. Екіншіден, Жолдау – Ата Заңымыз – Конституцияның

 Тарих толқынында

«МƏЅГІЛІК ЕЛ» ЖƏНЕ ЕЛБАСЫ

Елбасы Н.Ə.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр», деген еді. Енді міне «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз – түркілердің Мəңгілік Ел идеясын – Қазақ елінің ұлттық идеясы ретінде жариялап отыр. Жалпы, ежелгі түркілердің «Мəңгілік ел» идеясын екі мағынада алып қарастырған дұрыс. Біріншісі – кең мағынада, яғни біртұтас түркі елі немесе қағанат, бірнеше ұлыстар мен рутай палық мемлекеттерді біріктірген ірі бірлестік, ал екіншісі – тар мағынада, яғни жекелеген түркі мемлекеттері немесе хандықтар мен ұлыстар. «Мəңгілік Ел» идеясының алғаш рет манифест, яғни үндеу тұрғысынан жарияланғаны – кең мағыналық сипатта еді. Өйткені, ол кезде түркі жұрты – Ұлы Түркі қағанатын, яғни біртұтас елін құраған заман болатын. Ежелгі түркілердің «Мəңгілік Ел» идеясы үш тұғырдан, яғни үш негізден тұрады: оның біріншісі – көне түркі жазба ескерткіш теріндегі «Мəңгілік Ел» манифесі, екіншісі – əл-Фарабидің философиялық шығармаларында, əсіресе, «Қайырымды қалада» бұл идеяның теориялық-методологиялық тұрғыдан тиянақта луы жəне үшіншісі – Жүсіп

Баласағұнның осы идеяны негізде ген «Құтты Білік» дастаны. Бұлардың бəрі бір-бірімен тығыз байланысты, бір заманның жемісі жəне өзіне дейінгі бабалар мұратымен жалғаса отырып, кейінгі ұрпақтарының құрған мемлекетшілдік, яғни «Мəңгілік Ел» идеясымен сабақтасады. Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі.

талаптарын бұлжытпай орындау тəртібін қалыптастырып, құқықтық мемлекет орнатудың негізін қалаушы бірден бір іргелі факторына, сондай-ақ өркениетті дəстүріне айналды. Үшіншіден, Президент Жолдауы – халық пен билікті бір мақсат, бір мүддеге жұмылдыра отырып, бүкіл елдің ынтымағы мен жасампаздығын ұйымдастыратын рухани басты құжат болып, тұрмысымызға, өмірімізге енді. Жолдау арқылы елдің əл-ауқаты жақсарып, əлеуеті көтеріліп, өмірге, адамдардың, қоғамның

қарым-қатынастарына жаңа көзқарас, жаңа сана қалыптаса бастады. Сондықтан жыл сайынғы Қазақстан халқына Президент Жолдауының қоғам, мемлекет дамуындағы атқарар рөлі өте зор. Экономикалық дағдарыс, дағдарыстан шыға бастаған алғашқы жылдар кезінде күнделікті тұрмысымызда мұқтаждық мол болғаны да көпшілігіміздің есінде. Уақыттың тездігі соншама – тіпті қазір дағдарысты көрмеген, ол туралы хабары жоқ ұрпақ та есейіп, еңбекке араласты. Қандай да дағдарыс əуелі өмір

сабағы, тағылым екендігін де ескергеніміз орынды болар. Дағдарыс сабақтарынан шығарған қорытынды болашақ дамуға септігін тигізетіні де болады. Сондықтан да сол жылдардағы жолдауларды сараптай қалсаңыз – халықтың тұрмысына тікелей мемлекеттік көмек, атап айтсақ – мəселен, ана мен балаға, мүгедектерге, тұрмысы төмен, асыраушысы жоқ отбасыларына жəрдемақы сияқты мəселелер немесе əлеуметтік нысандар құрылысы сияқты кемістіктердің орнын толықтыру мəселелері қаралған. Олар өзінің оң нəтижелерін берді. Əсіресе, соңғы он екі жылда елімізде бұрын-соңды болмаған əлеуметтік жақсылықтар мен өзгерістерге қол жеткізе алдық. (Соңы 6-бетте).

 Жолдауға жедел үнқату

Їлкен жауапкершілік жїктейді Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі.

Елбасы Жолдауының қайсысын алып қарасаңыз да, стра тегиялық маңыздылығы мен белгілі мерзімде нақты міндеттер мен мəселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Биылғы Жолдау да осы тұрғыдан сипатталып отыр. Жолдаудың басты ерекшелігі, Елбасының өзі айтқан дай, 30 дамыған елдің қатарына ену жолдары осы құжатта қамтылып, бағыттары нақтыланып, айқындалып отыр. Эконо миканың өсімі жылына 4 пайыздан кем болмауы міндеттелді. Ал егер, өсім 5-6 пайыздан жоғары

болса, Стратегиядағы көзделген мақсаттарға мерзімінен бұрын қол жеткізетініміз атап

көрсетілді. Сол себептен Мемлекет басшысы осы Жолдауда саннан сапаға өту мəселесін ерекше атап өтті. Озық нанотехнологиялар мен инновацияны, ғылыми жетістіктерді барынша кеңінен пайдаланып, барлық салаға енгізу, экономиканың тиімділігін арттыру мəселесіне басымдық берілді. Біздің өңір үшін де маңызды болып табылатын шағын жəне орта бизнес, ауыл шаруашылығына жəне əлеуметтік салаларға, жұмыссыздықпен күреске ерекше тоқталды. Сонымен қатар, Шымкенттің ірі қалалар агломерациясына енгізіліп, заманауи урбанистік орталыққа айналу керектігі үшін қуанышты хабар болса, жергілікті билік үшін үлкен жауапкершілік. Ғылым,

инфрақұрылымдар мен логистиканы дамыту жайлы айтылған міндеттердің өңір үшін маңыздылығы тағы да дəлелденіп отыр. Жергілікті биліктің құзыретін күшейту керектігі жəне соған сəйкес сұраныстың да бола тындығы − бұл да осы Жолдауда айтылған маңызды саяси шешімдердің бірі. Жолдау – мемлекеттік мекемелер үшін міндетті түрде орын далуға тиіс саяси құжат. Облыс əкімдігі жүктелген міндеттерді орындау үшін қажет шараларды қабылдап, тиісті жұмысты атқаратын болады. Ал облыс тұрғындары биыл да бірлік мен ынтымақ арқасында Жолдау аясындағы тиісті жұмыстарды зор қарқынмен жүргізеді деген сенімдемін. ШЫМКЕНТ.

(Соңы 3-бетте). (Əлеуметтік сұрау салудың қорытындысы туралы 8-беттен оқисыздар)


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.