АҚПАРАТТАР аєыны №10 (28738) 19 ҚАҢТАР СЕЙСЕНБІ 2016 ЖЫЛ
Елбасы консультация ґткізді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыповпен жəне ПремьерМинистр Кəрім Мəсімовпен консультация өткізді. Кездесуге, сондай-ақ, Президент Əкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Елбасы Мəжіліс депу таттарының кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы бастамасы түрлі пікірталас алаңдарында, сарапшылар арасында жəне бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланып жатқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық пікірді анықтауға арналған сауалдамада бұл ұсыныстың кеңінен қолдау тапқанын
көрсетіп отырғанына назар аударды. Қ.Жақыпов партиялардың сайлаушылардан жаңа сенім мандатын алу, кең қоғамдық ұйысу, сондай-ақ, жүргізілетін реформаларды барлық деңгейде жүзеге асыру үшін Мəжіліс пен мəслихаттар іс-қимылын сəйкестендіру қажеттігі мұндай шешімнің қабылдануына басты себеп болғанын атап өтті.
Бўл – ґте ґзекті бастама
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен жəне ПремьерМинистр Кəрім Мəсімовпен консультация өткізді. Кездесуге, сондай-ақ, Президент Əкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Консультация барысында кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы Мəжіліс депутаттарының бастамасы қаралды. Қазақстан Президенті бұл бастама қазақстандықтар арасында кеңінен қолдау тапқанын жəне мемлекет жүзеге асырып жатқан терең реформалар мен əлемдік нарықтағы ахуал тұрғысынан өзекті болып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет
басшысы бастаманың Мəжіліс пен мəслихаттар сайлауларын біріктіруге, қаржылық жəне ұйымдастырушылық шығыстарды оңтайландыруға мүмкіндік беретініне назар аударды. Қ.Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізу жөніндегі бастама дер кезінде көтерілгенін, өйткені, Мəжіліске бүгінде ел алдында тұрған міндеттерді нақты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа мандатын алу қажет екенін айтты.
УАЌЫТТЫЅ ТАЅДАУЫ – ХАЛЫЌТЫЅ ЌОЛДАУЫ Ќиындыќты бірлесіп ќана еѕсереміз
«Егемен Қазақстан».
Мемлекеттік хатшы рəсімді аша отырып, қатысушыларды шын жүректен құттықтап, Президенттік жəне Мемлекеттік стипендиялар отандық мəдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесіне берілген баға екенін атап өтті. Ал биыл мемлекеттің қаржылай қолдауына ие болған дарын иелерінің құрамы 40 пайызға өзгерген. Стипендия алатындар қатары жас дарындармен
(Соңы 2-бетте).
Сенат Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев жəне бюро мүшелері қабылдаған қаулыға сəйкес, депутаттар назарына «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру жəне Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Еңбек дағдыларын дамыту жəне жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» заң жобасы шығарылады. Сондай-ақ, сенаторларды халықаралық парламенттік ұйымдарға жəне Сенаттың шет мемлекеттердің парламенттерімен
ынтымақтастық жөніндегі топтарына жіберу туралы мəселені талқылау жоспарланып отыр. Бюрода жұмысқа қабылданатын үш заң жобасы бойынша бас комитеттер белгіленді. Қаржы жəне бюджет комитетіне «Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау жəне салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау
туралы» заң жобасы белгіленді. «Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетіне берілді. Əлеуметтік-мəдени даму жəне ғылым комитеті «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру жəне Даму банкі (энергия тиімділігін арттыру жəне жастар корпусын дамыту бағ дарламасы үшін бір донордың Траст қоры əкімшісі ретінде əрекет етуші) арасындағы Грант туралы келісімді (Жастар корпусын дамыту жобасы) ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Бұл заң жобалары бойынша тиісті қорытындылар əзірлеу мерзімі 2016 жылғы 29 ақпанға дейін деп белгіленді.
Ќазаќстан Республикасы Сыртќы істер министрлігініѕ Уагадугу ќаласында (Буркина-Фасо Республикасы) орын алєан лаѕкестік əрекетке ќатысты МƏЛІМДЕМЕСІ Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 16 қаңтарда Буркина-Фасо астанасы Уагадугу қаласында орын алған жəне салдарынан ондаған жазықсыз азаматтың өмірін қиған лаңкестік əрекетті қатаң жəне үзілдікесілді айыптайды. Буркина-Фасо билігін толығымен қолдай отырып, Қазақстан мемлекет пен өңірдің лаңкестікке қарсы күрес əрекеттеріне ниеттестігін білдіреді. Лаңкестік салдарынан қаза болғандардың
Мемлекеттік стипендия бермек тїгілі, мерейтойларды ґткізуге тыйым салєан елдер бар Айнаш ЕСАЛИ,
––––––––––––––––––– (Қазақстандықтардың Үндеуге жан-жақты қолдау көрсеткен пікірлері газетіміздің 2-5-беттерінде жарияланып отыр).
21 қаңтарда болатын Сенат отырысында бір заң жобасын қарау жоспарланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Роговпен консультация өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында кезектен Парламент палаталарының төрағатыс Парламент сайлауын өткізу ларымен жəне Премьер-Министрмəселесі талқыланды. мен консультациядан кейін тарата Мемлекет басшысы Мəжіліс алатынын айтты. Сонымен бірге, депутаттарының үндеуін алғанын, Конституциялық кеңес төрағасы кеонда аталған бастамаға реформа- зектен тыс сайлау Парламент немеларды жəне мемлекет белгілеген се Парламент Мəжілісі өкілеттігін дағдарысқа қарсы шараларды мерзімінен бұрын доғарған күннен тиімді жүзеге асыру қажеттігі негіз кейін екі ай ішінде өткізілетініне болғанын атап өтті. назар аударды. Сонымен қатар, Қазақстан И.Рогов Мəжіліске кезектен Президенті Парламенттің қос тыс сайлауды алдағы барлық деңпалатасының төрағаларымен жəне гейдегі мəслихаттар сайлауымен Премьер-Министрмен консульта- бір мезгілде өткізу Конституция ция өткізгенін айтты. нормаларына толық сай келетінін И . Р о г о в К о н с т и т у ц и я н ы ң атап өтті. 63-бабының 1-тармағына сəйкес, ––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер Парламентті немесе Парламент С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ. Мəжілісін Қазақстан Президенті
Кеше Алматыда Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова Елбасының тапсырмасы бойынша белгілі мəдениет жəне өнер қайраткерлеріне 2015 жылғы Президенттік жəне Мемлекеттік стипендияларды табыс етті.
Жасым тоқсанға келсе де, құлағым түрік, көкірегім ояу. Ел жаңалықтарын, сондай-ақ, əлемдегі болып жатқан түрлі оқиғаларды қалт жібермеймін. Мəселен, Brent маркалы мұнайдың 1 баррелінің құны, Ираннан санкция алынып тасталғаннан кейін, 28 АҚШ долларынан да төмендеп кеткенін біліп отырмын. Саудаға Иран мұнайы қосылғаннан кейін əлемдегі қара алтын қорының мөлшері тым көбейіп кеткен. Осының салдарынан мұнай бағасы əлі де төмендеуі ықтимал деген жорамалдар бар. Ал мұның, түптеп келгенде, еліміздің экономикасына кері əсері болмай қоймайды. Мұндай жағдайда Парламент Мəжілісі мен барлық деңгейдегі мəслихаттар сайлауларын кешіктірмей өткізіп алудың пайдасы көп болмақ. Дей тұрғанмен, еліміз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығымен жолымызды бөгейтін кез келген кедергілерді, осыған дейін талай мəрте көзіміз жеткеніндей, көп қиналмастан еңсеретініне сенімім мол.
Сенат отырысыныѕ кїн тəртібі белгіленді
Ата Заѕєа сай ќадам
туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз жəне зардап шеккен азаматтарға тез арада сауығып кетулерін тілейміз. Əлем бойынша лаңкестердің қылмыстық əрекеттерінің белсенді бола түсуі аясында, аталған құбылыспен табанды күресте халықаралық қоғамдастық күштерінің бірігуіне жəне БҰҰ қарамағында жаһандық лаңкестікке қарсы желі құруға шақырамыз.
толықты, өкінсек те, талай тау тұлғалар өмірден озып жатқан жайы бар. Елбасының тапсырмасымен келген Мемлекеттік хатшы зиялы қауыммен жүздесуде былтырғы жылға шолу жасап, келер жылдың келелі тірліктеріне тоқтала келе, сөзді мəдениет майталмандарының өзіне берді. Алдымен жазушылар атынан Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сəбит Досанов сөз алып: (Соңы 6-бетте).
● Биыл Оңтүстік Қазақстан облысынан солтүстік өңірге 400-ден астам отбасы қоныс аударуы мүмкін. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің баспасөз қызметі хабарлады. ● Қазіргі таңда еліміздің солтүстік облыстарына көшуге ниет білдірген 458 отбасының 50-і, яғни 200-ге жуық адам көшіп, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы жұмыспен, баспанамен қамтылған. Ал қалған отбасылар үшін Солтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар жасалып, құжаттар реттелуде. ● 2016 жылы Астана қаласы Алматы ауданында 1500 орынға арналған жаңа колледждің құрылысы аяқталып, туберкулезге қарсы 500 орындық диспансер салынып бітеді. Сонымен бірге, биыл 6 білім беру жəне денсаулық сақтау нысандарының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Астана – Қарағанды тас жолындағы 1 500 студентке арналған колледж, «Теміржол» тұрғын алқабы маңындағы 500 орындық туберкулезге қарсы диспансер, əрқайсысы 525 орындық №16, 22, 32 жəне 37 мектептерге жапсарласа салынып жатқан ғимараттардың құрылысы аяқталады. ● Маусым айынан бастап Теһран жəне Алматы арасында жиілігі аптасына 3 рет қатынайтын əуе рейстері ашылады. Теһранда «Эйр Астана» əуе компаниясының Қа зақ стан мен Иран арасында тұрақты əуе қатынастарының жүргізуі жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. ● Биыл Астанада орта білім беру саласында ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдалану бойынша жұмыстарды жалғастыру үшін 15 мектепте Apple Lab Astana бағдар ламасы енгізіледі. Қазіргі кезде қаладағы жалпы білім беру мектептерінде 117 097 бала оқиды. Соның ішінде 113 376 бала мемлекеттік мектепте білім алады. Жалпы, білім беретін мектептер саны жыл сайын артып келеді. 2014 жылы Астанада 88 мектеп болса, 2015 жылы олардың саны 94-ке жетті. 2014 жылы оқушылар саны 105 966 болды, соның ішінде 102 687 бала мемлекеттік мектепте оқыды. ● Кеше Алматы қаласы ІІД қызметі полициясы мен БАҚ өкілдері бірігіп, қаладағы қоғамдық көліктерде би летсіз жүрген жолаушыларды анықтау мақсатында рейд жүргізуді бастады. «Алматы қаласы көлік холдингі» ЖШС-нің хабарлауынша, би летсіз жүрген жолаушыларды анықтау жұмыстары күнделікті жүргізілетін болады. «ОҢАЙ» картасымен жол ақысын төлемеген жолаушы билетсіз жүрген болып саналады. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.
● Жағымды жаңалық
Медицина ќызметкерлерініѕ жалаќысы кґбейді Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджет қызметкерлерінің айлығы өсетіндігі туралы Мемлекет басшысы өткен жылы қарашадағы Жолдауында айтқан болатын. Осыған орай, қазынадан арнайы 273 млрд. теңге бөлінген. Жаңа жылдағы өзгерістер бойынша дəрігерлер мен ұстаздардың еңбекақысы – 28-29, студенттер шəкіртақысы – 25, өзге сала қызметкерлерінің жалақысы 2840 пайызға көбейді. Сондай-ақ, жаңа Кодекс бойынша мемлекеттік қызметкерлер еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізілмек. Яғни, мамандарды білімі, біліктілігі, жұмыс көлемі мен жауапкер шілігі бойынша 4 топқа бөледі. Олар: басқару жүйесі қызметкерлерінің, негізгі қызметкерлер, əкімшілік қызметкерлері, қосымша қызметкерлер блоктары. Сонымен қатар, бұл жаңа жүйеде қосымша еңбек сағатына сыйақы тағайындау жағы да
қарастырылған. Қазақ онкология жəне радиология ҒЗИ директоры, профессор Қуаныш Шадыбайұлы Нұрғазиевтің айтуынша, бұл модель дəрігерлердің жұмыс сапасының артуына жол ашады. – Біз ұжым болып жаңа Еңбек кодексін, еңбекақы төлеудің
жаңа жүйесін талқыладық. Дəрігерлердің жалақысы 28 пайызға артпақ. Бірақ, бұл кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын үдеріс. Қазір бізде 13,5 пайызға дейін ақшаны көтеруге мүмкіндік бар. Осылайша 28 пайызға жететін болады. Бұл өзгеріс бойынша біз қазір
жұмыс істеп жатырмыз. Айта кету керек, дағдарыс медицина саласына салқынын тигізері хақ. Сол үшін де, үнемдеу туралы ұмытпауымыз керек. Десек те, дəрі-дəрмекке келгенде үнемдеудің реті келмес. Алдағы уақытта барлық бағытта алғашқы көмек көрсету мен əлеуметтік қолдау жалғаса бермек», – дейді онкоинститут басшысы. Елбасы Жолдауы мен Еңбек кодексіндегі өзгерістерге сəйкес, негізгі мамандардың біліктілігіне байланысты жалақысы 7 пайызға артады екен. Пре зидент Н.Назарбаев мем қыз мет керлер біліктілігін арт тыру туралы жиі айтады. Был тырғы жылы Денсаулық сақ тау жəне əлеуметтік даму ми нистрлігі еліміздің барлық айма ғында қазан мен қараша айларында мемлекеттік мекемелердің есепшілері мен өзге қызметкерлерінің білімін жетілдіру бойынша арнайы курстар ұйымдастырды. Оған барлығы 9 мыңнан аса маман қатысты. АЛМАТЫ.