АҚПАРАТТАР аєыны №34 (28258) 19 АҚПАН СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Елбасы ќабылдады
Алматы облысында 167 адам қар құрсауынан шығарылды. Қорғаныс министрлігі жəне «Қазақавтожол» РМК күштерімен қардың астында қалған автокөліктер тазаланған жолға түсірілді. Оңтүстік Қазақстан облысында келісімшартпен əскери қызметке қабылдау науқаны жүріп жатыр. Үгіт-насихат пунктіне күніне жүзге жуық азамат келіп, Отанға қызмет етуге ниет білдіруде. Алматы қаласының имамдары аттестаттаудан өтуде. Олар шариғат, Ата Заң, Ислам құқығы мен сенімі, Еңбек кодексі, тарих жəне тағы басқа салалар бойынша сынақ тапсырып жатыр. Ақтау қаласындағы сауда орындары азықтүлік бағасын тұрақты ұстауға келісті. Əкімдікпен жасалған меморандумға қаладағы 20-дан астам базар мен ірі дүкен қожайындары қол қойды.
Ќашанда сенімді статистикалыќ деректер ќажет Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Статистика агенттігінің төрағасы Əлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Агенттік төрағасы 2013 жылғы қызметтің қорытындылары туралы баяндады жəне алдағы кезеңдегі жұмыстың перспективалық бағыттары жөнінде айтты. Мемлекет басшысы негізгі мемлекеттік шешімдер қабылдау үшін сенімді статистикалық деректер қажеттігін атап өтті, сондайақ, қайталанатын статистикалық ақпараттар жинақтауды одан əрі қысқартуға назар аударды.
– Еліміздің экономикалық дамуы үшін сенімді статистикалық деректер, атап айтқанда, еңбек өнімділігі, жұмыспен қамту деңгейі жəне тағы басқа көрсеткіштерді дер кезінде ұсыну аса маңызды. Осының бəрі мемлекеттік органдардың жұмысын жəне мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ет экспортыныѕ жаєдайы ќандай? Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысы өтті. Онда «20112015 жылдарға арналған ірі қара мал етінің экспорттық əлеуетін дамыту» кешенді бағдарламасының орындалуы сөз болды. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков баяндама жасады. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Отырысты ашқан ПремьерМинистр Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында жəне жақында өткен кеңейтілген Үкімет отырысында агроөнеркəсіп кешенінің бəсекеге қабілеттілігін арттыру мəселелеріне айрықша назар аударғанына тоқталды. Сөйтіп, Үкімет алдында Қазақстанды аймақтық ауылшаруашылық өнімдері бойынша ірі экспорттаушылардың біріне айналдыру міндеті тұрғанын айтты. Оны жүзеге асырудың жоба-жоспары туралы баяндама жасау үшін сала министрі А.Мамытбековке сөз берді. Расын айтқанда, қазіргі таңда ауыл шаруашылығында өз кəсібін
ашамын деушілерге Үкімет тарапынан үлкен қолдау мен көмек көрсетіліп жатқаны мəлім. Тек қаржылық жəрдеммен ғана шектелмей, іс қыламын деген ауыл адамдарын арнайы курстар да оқытып, бизнес жоспарын сапалы істеуіне қолұшын беріп, несиеге алған қаржысын қалай жұм сау керектігіне дейін кеңес беретін мекемелерді ашып отырғаны да белгілі. Осыншалық мүмкіндікті дұрыс пайдаланбай отырған ауылдағы ағайындардың кейбірінің бүгінгі тіршілігіне қарынымыз ашатыны жасырын емес. Ал енді негізгі тақырыбымызға қайта оралсақ. Министр келтірген мəліметке қарағанда, соңғы 2 жылда ауылшаруашылық кəсіпорындарындағы ірі қара малдың
Қазақстан Президенті заманауи ақпараттық технологияларды мемлекеттік статистикаға одан əрі енгізіп, методикалық жəне методологиялық базаны жетілдіру арқылы оның сапасын арттыру қажеттігін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев халық пен бизнес үшін ашық саясат ұстанудың, мемлекеттік статистикаға қолжетімділіктің маңыздылығына, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарымен заңнаманың статистика бөлігіндегі негізгі ережелерді түсіндіру жұмысын одан əрі жүргізудің мəні зор екеніне де тоқталды. Ə.Смайылов агенттік өңірлердің əлеуметтік-экономикалық даму рейтингісін жасап жатқанын, онда құжат айналымын азайту мақсатында есептілік көрсеткіштері екі есе қысқартылғанын айтты. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. өсу қарқыны – 15, сиыр 19,4 пайызға дейін өсіпті. Фермерлік шаруашылықтарда ол тиісінше 20 жəне 26,1 пайызға дейін артыпты. Былтыр ірі қараның үлесі ұйым дасқан шаруашылықтарда – 31, жеке қосалқы шаруа шылық тарда 69 пайызды құрапты. Ведомство басшысы сондай-ақ мал шаруашылығын субсидиялаудың жаңа тəсілдері туралы да таратып айтты. Фермерлік шаруашылықтарды ынталандыру үшін биылдан бастап ірі қараның əрбір аналық басына 18 мың теңгеге дейін субсидия нор мативтері ұлғайтылыпты. Бұдан басқа, отандық селекциядан шыққан асыл тұқымды ірі қараны сатып алуға субсидия көлемі 118 мың теңгеден 154 мың теңгеге дейін артқанын тілге тиек етті. «Осылайша, ынталандырушы мемлекеттік қолдау шаралары есебінен жобаның барлық технологиялық тізбегінің тиімді өзара іс-қимылы үшін негіз құрылды. Премиум санатты жоғары сапалы сиыр етін экспорттау басталды. 2013 жылы 4 мың тоннадан астам, оның ішінде, премиум санаттағы 340 тоннаға жуық сиыр еті бар ет пен ет өнімдері экспортталды», деді министр. (Соңы 2-бетте).
● Еңбегімен еленген
Ермек пен Ерлан ертеѕгі кїнге їмітпен ќарайды Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Ол өзін «Ермек Атақазиевпін» деп таныстырды. Əйелінің есімі Мархамат екен. Қыздары Айлин бір жарым жастан енді асыпты. «Шіркін, – дейсің, – жанары сау болса мына жігіт ел арқасындағы жүктің бір шетін көтерісіп-ақ жүретін азамат қой. Бой десең бой, түр десең түрі бар. Күш-қуаттан да кенде емес. Жасы да қылшылдаған қырықта...». Бірақ бұл біздің ішкі толғанысымыз. Оның өзі мұндай күйреуік сезімді жақтыра бермейді. – Отбасыңмен тұрып жатырсың ба? Ата-анаңа салмақ салмайсың ба? – деп ем: – Қалай салмақ саласың? Жас болса қырыққа келді. Қайта оларды
біз асырауымыз керек емес пе? – деп шарт ете қалды. Ермектің əйелі Мархамат Тараз қаласындағы теміржолшылар ауруханасында сырқаттарға массаж жасайтын болып шықты. Өз күндерін өздері көретін кəсіпкерлердің «тілімен» айтсақ сол мекемеден бір бөлмені жалға алыпты. Жалға беретін ақшасын қоспағанда бір айда 45-50 мың теңге көлемінде табыс табады. Ал Ермектің зейнетақысы 29 мың теңгенің о жақ, бұ жағында. Одан кейін Ермек те қол қусырып қарап отырмайтын азамат көрінді. Соқырлар қоғамында спорт бөлімі ашылып, қазір соған жетекшілік жасап жүрген жайы бар. Оның жұмысы, негізінен, зағиптарды спорттық жаттығулар арқылы сауықтыруға, яғни уақыттарын мəнді өткізуге атсалысу. Əңгімесін
тыңдап отырсам, уақыты спорттық жарыстарды ұйымдастырудан, спортшыларды қадағалаудан босамайтын сияқты. Сонда олар спорттың қандай түрімен шұғылданады? Айтайық, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жəне жүзу. Сонымен бірге түрлі деңгейдегі жарыстарды да ұйымдастырады. Араларында өз чемпиондары да бар. Мысалға, қасындағы Ерлан Арғынбаевты алайық. Дүниеге 1985 жылы келген оның жүгіруден «чемпион» деген атағы бар. Атап айтсақ, осы өңірде өткен республикалық спартакиаданың бəсекесінде 200 метр қашықтықты 32 секөнтте жүгіріп өтіп, жеңімпаз атаныпты. Аяқ-қол буындары ауыратын адам үшін бұл оңай меже емес. Осы қашықтықтағы əлемдік рекордтың
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Ө.Озғанбаев қоғамдық бірлестіктің қызметі мен алдағы кезеңдегі жұмыс жоспарлары туралы хабардар етті. Мемлекет басшысы біздің
елімізде соғыс жəне еңбек ардагерлеріне қажетті көмек тұрақты түрде көрсетіліп, тұрғын үймен қамтамасыз ету мəселесі шешілетінін, өзге де əлеуметтік қолдаулар жасалатынын атап өтті.
Ө.Озғанбаев елімізде Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығын атап өтуге дайындық жүргізіліп жатқанын хабарлады жəне қазіргі уақытта Қазақстанда 6 мыңнан астам соғыс ардагері, 220 мың тыл еңбеккері тұратынын жеткізді.
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
● Əлеуметтік қолдау əлеуеті
«Теѕізшевройл» жалаќыны екінші рет ґсіреді Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізге шетел инвестициясын салуға ынта танытқан инвестордың бірі – «Шеврон» корпорациясы. Ел Үкіметі мен аталған инвестордың қатысуымен құрылған «Теңізшевройл» бірлескен кəсіпорнының «Теңіз» кенішін игергеніне 20 жылдан асты. Осы кезеңде тек мұнай өндіріп қана қоймай, өңірдің əлеуметтік мəселелерінің оң шешілуіне
де кеңінен атсалысып келеді. «Əлеуметтік салаға инвестиция бөлудегі негізгі ұстаным бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі мен этикасын сақтай отырып, жергілікті кəсіпкерлік пен қауымдастықты барынша қолдау», деп түсіндіреді «Теңізшевройл» бірлескен кəсіпорнының бас директоры Тим Миллер. «Теңізшевройл» 2009 жылдан бері əлеуметтік серіктестікке негізделген əлеуметтік инвестициялардың əдеттегі филантропиялық моделінен бас тартып, бұл күндері
Кеше Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, мəлімдеме жасады.
Дїрлігуге негіз жоќ Бүгін sms хабарламалар арқылы бірқатар қазақстандық банктердің қаржылық жағдайы туралы жалған жəне негізсіз ақпараттар таратылды. Бұл өз кезегінде осы банктерде шетелдік валюта бойынша салымдары бар адамдар арасында орынсыз дүрлігіс туғызды, деп атап көрсетті Қ.Келімбетов. Осыған байланысты Ұлттық банк бұл ақпараттардың жалған, негізсіз жəне біздің еліміздің банк жүйесін тұрақсыздандыруға бағытталған арандатушылық ақпарат екендігін мəлімдейді. Ұлттық банк өз тарапынан мұндай арандатушылық ісқимылдардың алдын алу жəне тосқауыл қою мақсатында тиісті көрсеткіші, мысалы, 28 секөнт екен. Ал ол Ерланның көрсеткішнен небары 4 секөнтке ғана аз. Ермек ағасын тілшілер қосынына жетелеп келген де осы «желаяқ» Ерланның өзі. Шаршамай келіп, қиналмай тапқандарына тəнті болдым. Əйтпесе, екі көзі бірдей зағип Ермектің өздігінен жүруі қиын. – Ереке, туа бітті зағипсыз ба? – Жоқ, осыдан 4 жыл бұрын болды. – Апаттан ба? – Көз ауруының əсері. Асқына берді де, аяғы осылай болды. Болашақта спортқа жетекшілік етумен қатар, басқа кəсіппен де шұғылдансам ба деп ойлаймын. – Мысалы... – Жазу өнері қолымнан келетін сияқты. Қазір техника жетілген заман, зағиптарға арналған құрылғылар да бар, егер компьютердің клавиатурасына қолымды жаттықтырып алсам, мониторға не жазылғанын дыбыс арқылы естіп отыруға болады. Мысалы, əйгілі композитор Бетховен керең болған. Бірақ
құқық қорғау органдарына хабар түсірді. Ұлттық банк барлық қазақстандық банктерде ұлттық жəне шетелдік валюталардың жеткілікті екендігін мəлімдейді. Керек болған жағдайда, Ұлттық банк кез келген уақытта банктердің өтімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті көмек көрсете алады. Осы орайда заңға сəйкес нақты тұлғалардың кез келген валюталық депозиттеріне мемлекет тарапынан кепілдік берілгендігін еске саламын. Ұлттық банк Қазақстан азаматтарын мұндай арандатушылыққа сенбеуге жəне парасаттылық танытуға шақырады, деді Ұлттық банк басшысы. қандай ғажайып музыкалар жазып кетті. Сол сияқты зағип таланттар да аз емес қой... Ермек пен Ерланды шығарып салғаннан кейін, ойланып қалдым. Не деген рухы мықты азаматтар! Мынау арпалысқа толы дүниедегі қиындықтарға шыдамай он екі мүшесі сап-сау қаншама жігіттер араққа салынып кетті. Қаншасы ұры атанды. Қаншасы қарақшылықпен кісі қанын мойындарына жүктеп, темір тордың арғы жағында отыр. Қаншасы... қараптан-қарап қайыршыға айналады. Соның бəрі ерік-жігері осалдар. Қиындықпен күресе білмейтін жасықтар. Ал мына азаматтарды қарашы, сап-сау адамның істей алмайтын тірліктерін істеп жүр. Осындай адамдардың арманын ұштап, кеудесіндегі үміт отын жағып, алдағы арайлы күндерге ұмтылдырып отырған Қазақ елінің адамгершілік парасаты да өте биік болғаны-ау. Тəубе! Жамбыл облысы.
əлеуметтік маңызды мəселелерді шешуде тəжірибесі мол үкіметтік емес ұйымдармен жұмысын жалғастыруда. Осы орайда жылдық бюджеті 1 миллион АҚШ долларын құрайтын əлеуметтік инве с тициялар бағ дар ламасы денсаулық сақтау, білім беруге бағытталған жобаларды табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Дегенмен, бірлескен кəсіпорынның əлеуметтік инвестициясы кез келген бағдарламаны қаржыландыруға жұмсалмайды.
Шығыс Қазақстан облысындағы Омбы – Майқапшағай тасжолында дəрігерлік-құтқару бекеті іске қосылды. Төтенше жағдайлар министрлігі 2015 жылға дейін республикалық маңыздағы тасжолдарда осындай 40 бекетті іске қосуды жоспарлап отыр. Ақтөбеде азық-түлік бағасын қадағалайтын арнайы топтар құрылды. Олар күніне екі мəрте қаладағы барлық дүкендерді аралап, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізеді. Қызылордада алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жұмыс жəрмеңкесі өтті. Онда қала бойынша 43 мекемеден 321 бос жұмыс орны ұсынылды. Қарағандыда жасөспірімдер арасында мəнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты басталды. Оған еліміздің түрлі өңірінен 150-ден астам спортшы қатысуда. Egemen.kz хабарлары мен облыстық əкімдіктер сайттарының материалдары бойынша дайындалды.
(Соңы 3-бетте).
● Мəселенің мəнісі
Депозиттер арта тїсуде
Цеснабанк теңге бағамына түзету енгізілген сəттен бастап депозиттердің ағыла бастағанын мəлімдеген. Бұл туралы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Tengrinews.kz тілшісі хабарлап отыр. Кейінгі кездегі өзгерістер Цеснабанкке активтер мөлшері бойынша бір триллион теңгелік межеден асып түсуге жағдай жасады, деп атап көрсеткен қаржы институты. Баспасөз қызметінің мəліметтері бойынша, банкте жеке тұлғалардың депозиттік базасының тұрақты өсуі жалғасуда. 2014 жылдың қаңтарында Цеснабанктің жеке
тұлғаларының депозиттік базасы бес миллиард теңгеге өскен. Осылайша теңге бағамына өзгеріс енгізілген сəттен бастап жеке тұлғалардың депозиттік базасы он миллиард теңгеден астамға толыққан, деп түсіндіреді баспасөз қызметі. «Цеснабанк» АҚ-тағы жеке тұлғалар салымдарының қоржыны 2013 жылдың қорытындысы бойынша 39 пайызға ұлғайған. Оның сыртында Ұлттық банктің мəліметі бойынша, 2014 жылдың 1 қаңтарында Цеснабанк депозиттер базасының көлемі жағынан сегізінші орын алған.
● Алыпқашпаның ақиқаты
ДАЌПЫРТ
Kaspi bank, Банк Центр Кредит жəне Альянс банктіѕ банкроттыєы жайындаєы аќпараттар жалєан Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Сейсенбі күні таралған жалған сыбыстардың алдын алу үшін еліміздегі үш бірдей ірі банк – Kaspi bank, Банк Центр Кредит жəне Альянс банк құқық қорғау органдарына жүгініп, жалған ақпарат таратушыларды табуға көмектесуін сұрауға мəжбүр болды. Жұртты дүрбелеңге салмақ болған ақпараттық шабуылдардың авторлары қазірге белгісіз. Ал аталмыш қаржы мекемелері банкорттыққа ұшы райды-мыс дейтін smsхабарлар таратқандардың бұл ісі – теңгенің бағам өзгертуіне қатысты жағ дайды ушықтырмақшы болғандардың
арандату əрекеті екені айдан анық. Қазірге бұл оқиғаның ұзынырғасы төмендегідей. Үстіміздегі жылдың 11 ақпанында Ұлттық банк теңге бағамының өзгергенін мəлімдегеннен кейінақ, интернет желілерінде қазақстандық бірнеше ірі банктің банкрот болатындығы жайында жалған ақпараттар таратыла бастаған. Мұндай жалған, яғни «домалақ» ақпараттармен алдымен Банк Центр Кредит күресуге мəжбүр болды. Аталмыш банктің жетекшісі осы аралықта жалған ақпаратты жоққа шығару үшін екі рет ашық мəлімдеме жасады. (Соңы 2-бетте).