19032014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№53 (28277) 19 НАУРЫЗ СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Ґѕірлердіѕ дамуы – елдіѕ дамуы 2-бет «Аќќулар» неден їрікті? 4-бет Кімніѕ киімін киіп жїрсіз? 5-бет Білім стандартындаєы ала-ќўлалыќ 6-бет

Ќазаќстан Республикасы Сыртќы істер министрлігініѕ мəлімдемесі 2014 жылғы 16 наурызда Қырым Автономиялық Республикасында референдум өткізілуіне байланысты Қазақстан өзінің БҰҰ Жарғысында бекітілген халықаралық құқықтың іргелі қағидаттарына берік ұстанымын тағы да атап өтеді. Қазақстанда Қырымда өткен референдумды осы Автономиялық Республика халқының өз

қалауын еркін білдіруі ретінде қабылдады жəне орын алған жағдайда Ресей Федерациясының шешіміне түсіністікпен қарайды. Біз Украинаның дағдарыстан бейбіт түрде шығуын қолдаймыз жəне оны БҰҰ жəне басқа да беделді халықаралық ұйымдардың қолдауымен келіссөздер жолымен еңсеруін қалаймыз.

Маќсат – ќажетті жаєдаймен ќамтамасыз ету

Ќауіпсіздік Кеѕесініѕ отырысы Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кезекті отырыс барысында халықаралық күн тəртібінің өзекті мəселелері, атап айтқанда, Украинадағы ахуал талқыланды. Бұған қоса, осы оқиғалардың еліміздің экономикалық дамуына ықпал етуіне қатысты мəселелер қаралды. Талқылау қорытындысында Қазақстан Президенті Украина төңірегіндегі оқиғалар

ауанында əлемдік саясат пен экономикада қалыптасып отырған факторлар мен

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы А.Қ.Жұмағалиевты Қазақстан Республикасының Үкімет мүшесі етіп тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Үкімет мүшесі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 18 наурыз. №769

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бірінші сессиясын шақыру туралы 1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бірінші сессиясы 2014 жылғы 18 сəуір күні Астана қаласында «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бейбітшілік, руханият жəне келісім мəдениеті» күн тəртібімен шақырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бірінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 18 наурыз. №273

Президент поштасынан

Кəсіпкерлер ризашылыєы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Алматы облысының шағын жəне орта бизнес өкілдерінен хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Авторлар Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасында кəсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлық аясында қабылданған шешім үшін ризашылықтарын білдірді. Атап айтқанда, Текелі қаласындағы «Кактас» ЖШС директорының орынбасары Н.Гонтей шағын жəне орта бизнес субъектілерін жоспарлы тексеруге мораторийді қажетті шара жəне бизнесмендерді нақты қолдау деп біледі. «Мрамор-Тас» ЖШС атқарушы директоры М.Қапсалаев тексеруге мораторий кəсіпкерлерге шынайы қамқорлықты көрсететін қадам екенін атап өткен. «Бұл бізге, бірінші кезекте, көп жағдайда ешқандай негізсіз, кенеттен болатын тексерулердің кесірінен уағдаластық міндеттемелеріміз бұзылады-ау деп

қорықпай, өз бизнесімізді нақты жоспарлауға мүмкіндік береді», делінген хатта. Шонжы ауылының кəсіпкері Р.Баратова Қазақстан Президентінің шешімі кəсіп керлікті қолдаудағы жаңа түбегейлі өзгерістердің бастауы болатынына сенім білдірген. Өтеген батыр кентіндегі «Жол барысты» ЖШС директоры Г.Сейтасанова Мемлекет басшысына елімізде бизнестің даму мəселелеріне тұрақты көңіл бөліп отырғаны үшін рахметін айтады. «Тексерулерге мораторий бізге қызметкерлеріміздің отбасыларының əл-ауқатын арттыруға, ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруге септігін тигізетін қазіргі жобаларымызды жүзеге асыруға жəне жаңаларын əзірлеуге ден қоюға мүмкіндік береді», деп жазады автор.

үрдістерді практикалық жұмыс барысында ескеру қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы экономика өсімін жəне елімізді дамытудың белгіленген жоспарларының орындалуын одан əрі қамтамасыз етуге бағытталған шешімдер қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Таєайындаулар Мемлекет басшысының Өкімдерімен «А» корпусының кадр резервінен: Замир Садықұлы Сағынов Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне; Бек Кəрімбекұлы Арпабаев Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат агенттігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Тўєырнаманыѕ ґзектілігін арттыру маѕызды Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режімде өткен Үкімет отырысында «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру барысы қаралды. Тұғырнаманың 2013 жылғы қорытындылары талқыланды. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

С.Ахметов жиында «Бізге көкей кес ті тапсырмалар беріп отыратын Мемлекет басшысы, əсіресе, «Нұр Отан» партиясының соңғы съезінде алдымызға үлкен міндеттер қойды. Біз бұл жауапкершілікті сезінуіміз жəне осы тапсырмаларды орындауға байыппен қарауымыз керек», деді. Отырыстың күн тəртібіндегі мəселеге орай партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек баяндама жасады. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың басты мақсаты қазақстандықтардың өмірін жоспарлы түрде жақсарту, ал оның негізгі өлшемі азаматтардың əлеуметтік көңіл-күйі болып табылатынын мəлімдеді. «Партия бюросында Үкіметпен бірлесіп дайындалған Тұғырнаманы жүзеге асыру

көрсеткіштерінің тізбесі бекітілді. Көрсеткіштердің 75 пайызы нақты жəне тұрғындар үшін өлшемді индикаторларға бағдарланған. Оларды орындауға нақты мемлекеттік органдар бекітілген», деді Б.Байбек. Сондай-ақ, ол тəуелсіз əлеуметтік сауалдамалар жүргізу жəне партияның қоғамдық қабылдаулары берген сараптамалар арқылы Тұғырнаманы жүзеге асырудың кешенді мониторингі тетігі енгізілгеніне тоқталды. Атап айтар болсақ, 2013 жылы партияның қоғамдық қабылдауларына 800 мың адам өті ніш пен келіпті. Естеріңізде болса, өткен жылдың 1 желтоқсанында партия Төр ағасы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық қоғамдық қабылдаудың жаңа ғимаратында азаматтарды жеке қабылдап, партия мен «онлайн» режімде тікелей байланыс жасауға мүмкіндік туғызатын «Электронды партия» жобасын іске қосқан болатын.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев оңтүстік өңірлерде егіс науқанының жəне солтүстік облыстарда дайындық жұмыстарының басталуына байланысты көктемгі тұқым себуді уақтылы жəне сапалы жүргізу үшін барлық қажетті жағдаймен

А.Мамытбеков министрліктің 2013 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2014 жылға арналған міндеттер туралы баяндады, сондай-ақ, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысынан хабардар етті.

 Наурыз нақыштары

Игі дəстїрдіѕ жаттыєы жоќ Күллі мұсылман халқы сынды қазақтар да Наурыз тойын ежелден бері атап өтіп келеді. Алтайы мен Атырауының арасы айшылық алыс жол болса да, қазақтың Наурызды тойлауында көп өзгешелік жоқ. Бəрі де алты ай қыстан аман шыққан елдің арқа-жарқа жай-күйін дəріптеп, көкке мойын созып, аққа ауызы тиген мал-жанның бірлігі мен тірлігін марапаттап, көбесі сө гілген қардан кейін ат-түйеге тақым артып, ауыл-ауылдағы ағайын-туысқа сəлем береді, соғым соңын қазанға сап, наурыз көжеден ауыз тиеді. Ұлы Абай айтпақшы, «Күлімдесіп көрісіп, мауқын басып, қырдағы ел ой дағы елмен араласып» жүретін шақ нақ осы Наурыз.

(Соңы 2-бетте).

(Соңы 3-бетте).

Достыќ – ўлы туымыз Достық. Қандай қасиетті сөз. Қай халықтың да мақал-мəтелдерінде достық туралы көп айтылады, тамаша айтылады. Бірлікті барлық, байлық, бақыт деп білеміз біз. Бірлеспеген елдің білегі əлсіз келеді. «Біріккен екі бірлігі жоқ жетіні жеңеді» дегенді де қазақ айтқан. Достықты, туысқандықты ту етіп ұстағандықтан да Қазақстан халқы көпэтносты мемлекеттің мығымдығының үйренерлік үлгісі болып отыр. Елбасымыз – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Тəуелсіздіктің таңсəрі шағында, егемендіктің елеңалаңында-ақ біздің еліміздің болашағы тек қана бірлікке байланысты екенін басын ашып айтты. Жас мемлекеттің алғашқы қадамдарынан бастап ұлттық саясатты сарабдал жүргізе білді. Адамдарды нəсіліне, тегіне, ұлтына қарап бөлуге ешқандай жол

берілмейтінін салған беттен аңғартты, Қазақстанда əр адам өзінің іскерлігіне, біліктілігіне, парасаттылығына ғана қарап бағаланатынын мəлімдеді. Іс жүзінде дəл солай болды да. Сондықтан біздің еліміздегі қандай этностың өкілі де өзін Қазақстанның төл перзенті, патриоты санайды. Осы елдің қызығын бірге қызықтайды, қиындықтарын бірге еңсереді, табыстарына бірге қуанады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамашылдығымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы – жер жүзінде бұрын-соңды болмаған бірегей ұйым. Ортақ үйімізде татулық пен келісім болсын, осында өмір сүріп жатқан барша этностың жəне бүкіл Қазақстан халқының болашағы үшін маңызды мəселелер талқыланатын алаңға айналсын деп құрылған Ассамблея өткен жолға жəне болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістерге талдау жасау, ұлттық саясатты жүзеге асырудың оңтайлы жолдарын белгілеу

қамтамасыз еткен жөн екенін атап өтті. Министр агроөнеркəсіп кешенін, атап айтқанда, мал шаруашылығын дамыту жəне бірқатар салалық бағдарламаларды іске асыру барысы туралы да айтты. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

үшін таптырмас мінбер екенін алғашқы жылдардың өзінде көрсетіп үлгерді. Қоғамдық тұрақтылықты қалай сақтап, нығайту керек, ел өмірін реформалауды қалай тездету керек деген мəселелерді Ассамблея мүшелері шын жанашырлықпен талқылай бастады. Мұның нақты нəтижесін қазір көріп те отырмыз.

Бүгінде Қазақстан Республикасы экономикасы қуатты, саясаты сарабдал, ішкі тұрақтылығы мықты мемлекет ретінде алысқа да, жақынға да бірдей қадірлі. Еліміздің Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалыққа сайлануы мұның айшықты айғағы. Бізге осындай сенім көрсету ең алдымен Қазақстандағы ұлтаралық татулықтың арқасы. Нұрсұлтан Назарбаев өзге елдерде кемшілік деп саналып келген көпэтностылықты мемлекеттің артықшылығына айналдыра білді. Бұл қандай қадамын да алыстан ойластыратын, кемеңгер саясаткерге тəн белгі. Мен – түрік халқының өкілімін. Астанадағы қалалық түрік этномəдени бірлестігінің төрағасымын. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде еліміздегі татулыққа, бірлікке, достыққа, ынтымаққа қолымнан келгенше үлес қосып жүрмін. Бізге өзіміздің төл мəдениетімізбен су сындауға да барлық жағдай жасалған.

Осы жақында ғана Астанада, Бейбітшілік жəне келісім сарайында Түрік Республикасының мемлекеттік «Халық биі» ансамблі өз өнерін көрсетті. Таяу күндерде Қазақстан халқына ортақ мерекені – Наурызды тойлаймыз. Бір-бірімізге құтты болсын айтамыз, жақсы тілектер тілейміз. Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев сияқты бүкіл əлем таныған, мойындаған Елбасымыз бар, тату-тəтті халқымыз бар, еңбекқор еліміз бар, жердің астын да, үстін де толтырған байлығымыз бар, ырыс қонған жұртпыз. Осы ынтымағымызды, осы бірлігімізді көздің қарашығындай сақтауымыз, балаларымызға, немерелерімізге, шөберелерімізге үлгі етіп, өнеге етіп айтуымыз, аманатқа қалдыруымыз керек. Солай ету арқылы біз елдегі əлеуметтікэкономикалық реформалардың ойдағыдай жүзеге асырылуына жағдай жасаймыз, өзіміздің берік те баянды болашағымызды қамдаймыз. Əскер ПИРИЕВ, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Астана қалалық түрік этномəдени бірлестігінің төрағасы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.