Бїгінгі нґмірде: Хантау
№52 (28530) 19 НАУРЫЗ БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
5-бет Бірегей тўлєа 6-бет Жаѕартылмалы энергия кґздері 7-бет Шґлмек мыѕ кїн сынбайды, бір кїн сынады 8-бет
Елшілер екіжаќты əріптестікті ілгерілетуге ерекше кїш салады
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа біздің елімізде қызметке тағайындалған Төтенше жəне өкілетті елшілер – Кувейт Мемлекетінен Тарик Абдулла Əл-Фарадж, АҚШ-тан Джордж Альберт Крол, Пəкістан Ислам Республикасынан Абдул Салик Хан, Болгария Республикасынан Васил Петков, Сауд Арабиясы Корольдігінен Гурм бен Саид Əл-Милхан сенім грамоталарын тапсырды. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Мемлекет басшысы рəсімге қатысушыларды дипломатиялық жұмыстарының басталуымен құттықтап, олардың біздің елмен қарым-қатынастарды бұдан əрі дамытуды қамтамасыз ете отырып, өздеріне жүктелген міндетті лайықты атқаратынына сенім білдірді. Сіздердің жұмыстарыңыз əлемдегі ахуал тұрақсыздана түскен күрделі кезеңге тап келіп отыр. Бұл – біздің жас мемлекетіміз үшін де салмақты сынақтар кезеңі.
Жаңа сын-қатерлер жағ дайында Қазақстан үшін ішкі тұрақтылықты, қоғамдық келісімді сақтау маңызды. Сондықтан, Қазақстан халқы Ассамблеясы кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді ұсынды. Бұл бастаманы еліміз бірауыздан қолдап, сайлау биылғы 26 сəуірге белгіленді, деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев бұдан əрі алдағы сайлау Қазақстан қоғамының саяси кемелденуін, демократиялық құндылықтар мен заң үстемдігіне беріктігін көрсететінін атап өтті. Қазақстан барынша ашық əрі əділ
Мемлекеттік ыќпалды кеміту – бизнес ґрісін кеѕейту Мемлекеттің кəсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мəселелері Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен жалпы отырыста талқыланды. Сондай-ақ, депутаттар еліміз бен Қытай жəне Тəжікстан арасындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі ынтымақтастық келісімін ратификациялау мəселесін қарады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Бірінші оқылымда қарауға ұсынылған «Қазақстан Рес публикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кəсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндаманы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев жасады. Министрдің айтуынша, мемлекеттік компаниялар экономикада бəсекелестікке қысым көрсету себептеріне байланысты қазақстандық бизнес қолайсыз жағдайларға тап болуда. Сондықтан
да квазимемлекеттік секторда түбегейлі өзгерістер талап етіліп отыр. Е.Досаев бұл ретте АҚШ, Сингапур жəне Норвегия сияқты елдердің тəжірибесі зерделенгеніне ерекше тоқталды. Министр баяндама соңынан депутаттар тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауаптар берді. Соның ішінде Нұртай Сабильянов маңызды мəселеге ерекше назар аударды. Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттің қатысуымен өмірге келген кəсіпорындар өз жанынан кəсіпкерлік субъектілерін құрып жатады. (Соңы 3-бетте).
Комиссияныѕ кезекті отырысы
Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықованың жетекшілік етуімен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Г.Əбдіқалықова комиссия жұмысын ашқан сөзінде үстіміздегі жылдың 11 наурызында өткен «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Елбасының 5 басты халықтық реформалар жасауды жəне олардың қатарында кəсіби авто номиялық мемлекеттік аппаратты қа лыптастыруды айтқанын еске салып өтті. Мемлекеттік хатшы аталған бағытқа «Болашақ» бағдарламасымен
оқыған жастардың əлеуетін барынша тиімді пайдалану жəне оларды мемлекеттік қызметке белсенді түрде тарту қажеттігін атап көрсетті. Білім жəне ғылым министрлігінің мəліметі бойынша, бүгінгі таңда бағдарлама түлектерінің тек 6,5%-ы (бұл «Болашақ» бағдарламасымен оқы ған 400 студент) ғана алған білімдерін мемлекеттік органдарда қолдануда екен. Осы көрсеткішті ұлғайту қажеттігі туындап отыр, деді Мемлекеттік хатшы. (Соңы 3-бетте).
сайлау үдерісін қамтамасыз етуге ниетті. Сайлау Қазақстанның тұрақтылығын қамтамасыз етуге қуатты серпін береді. Ал тұрақтылық – экономика мен қоғамды жаңғыртудың ауқымды міндетін атқарудың басты шарты, деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті бүгінде еліміз өз дамуының жаңа тарихи белесінде тұрғанына назар аударды. Əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатында маңызды бес халықтық реформаны іске асыру басталатынын айтты. Бұлар – кəсіби жəне автономды мемлекеттік аппарат қалыптастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру жəне əртараптандыруға негізделген экономикалық өсім, болашағы біртұтас ұлт, транспарентті жəне есеп беруші мемлекет. (Соңы 3-бетте).
Кəсіби біліктілік жəне заманауи технология
Жаѕадан ашылєан оѕалту кешенінде сапалы ќызмет кґрсетуге барлыќ жаєдай жасалєан Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің Іс басқармасы Медициналық орталығының клиникалық оңалту кешенінің ашылу рəсіміне қатысты. Мемлекет басшысы көпсалалы жаңа кешенді аралап көріп, ондағы ұжым мүшелерімен əңгімелесті. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев тиісті кəсіби персоналы, жоғары сапалы құрал-жабдықтары, қажетті секциялары түгел қамтылған медициналық мекеме барлық заманауи талаптарға сай екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті денсаулық сақтау саласының одан əрі дамуы маңызды екеніне, бұл ел тұрғындарының денсаулық сапасына оң əсерін тигізетініне
тоқталды. «Қазақстандықтар ем алу үшін шетелдерге барады. Осындай кешендердің пайда болуымен медициналық туристер легі біздің елге бағыт алатын болады. Мұнда толыққанды жұмысқа қажетті жағдайдың бəрі жасалған, енді сіздерге өз міндеттеріңізді сапалы орындап, халық денсаулығын жақсарту керек», – деді Мем лекет басшысы кешен мамандарымен əңгімелесу кезінде. Ал мекеме қызметкерлері өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа
денсаулық сақтау саласын дамыту мəселелеріне назар аударып отырғаны үшін алғыс айтып, осындай бірегей кешенде жұмыс істеу зор құрмет екенін əрі үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Олар халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуге дайын екендіктеріне Елбасын сендірді. Ерекше көңіл-күйге бөленген ақ желеңділер Мемлекет басшысына деген алғыстарын өзгеше жеткізіп, «Өмір, мен сені жақсы көремін!» деген əнді орындап берді. Клиникалық оңалту кешенінде емде лушілерге медициналық көмек көрсетудің барлық сатысы қарастырылған екен. Мұндағы емдеу бөлімшелері шетелдің озық медициналық техникаларымен
жабдық талған. 13 ғимаратты қамтитын, бір ауысымда 1000 адам қабылдайтын 4 емханасы, 35 құрылымдық бөлімшесі, сондайақ, 200 орындық стационары бар кешеннің жалпы аумағы 84 мың шаршы метрді алып жатыр. Кешен құрамына бірегей диагностикалық блок жəне ядролық медицина бөлімшесі кіреді. Ғимарат пен оның инфрақұрылымының жұмысын қамтамасыз ете тін негізгі жүйелердің мони торингі мен басқарылуы автомат тандырылған. Сондай-ақ, бұл орталық жаңа заманның инновациялық жетістіктеріне сəйкес ресурс үнемдеуші технологиялармен қамтамасыз етілген. (Соңы 3-бетте).
● Жазылған жайдың жаңғырығы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 12/25 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары Əбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сəйкес 2015 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1952 жылы туған, қазақ, Астана қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының кəсіподақтар Федерациясының төрағасы Əбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеді. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Кешенді жоспар кемел орындалуы тиіс Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қарағанды облысының Жезқазған қаласы мен Сəтбаев жəне Ұлытау аудандарына 2012-2020 жылдары əлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру мəселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі. Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың, Қарағанды облысы əкімдігінің жəне «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің өкілдері қатысты. Кеңесте жүзеге асырылуына барлық қаржыландыру көздерінен 351,5 млрд. теңге қарастырылған кешенді жоспардың орындалу барысы қаралды. Оның бүгінгі күні 33,4 млрд. теңгесі игерілген. 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспар 88 іс-шарадан тұрады, 2012-2014 жылдары олардың 13-і аяқталған. Ұлытау ауданының Никольское кен орнында жер астынан шыққан жыныстарды (құрылыс тасы) өндіру ұйымдастырылды, «Жезқазған қ. орталық ауруханасы» КМК жəне «Сəтбаев қ. қалалық
емханасы» КМК-ны медициналық жабдықтармен жарақтандыру қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, Жезқазған қаласындағы мамандандырылған емдеу-профилактикалық кəсіпорнына, Ұлытау селосындағы аудандық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, медициналық жабдықтармен жарақтандырылған, сол сияқты Жезқазған қаласындағы тігін өндірісі жаңғыртылған жəне кеңейтілген. 2015 жылы тағы да 17 іс-шараны аяқтау жоспарланып отыр. Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев жоспарда қаралған іс-шараларды уақытында орындау бойынша орталық жəне жергілікті атқару органдарына бірқатар тиісті тапсырмалар берді.
«Ќўндылыќтар ќўлдырауы»
2005 жылы «Егемен Қазақстанның» редакциясына Еуропадағы белді мемлекеттердің бірінің астанасынан хат келген. Бүкіл əлемдегі баспасөз атаулыға баға беріп, лайықтыларына бəйге үлестіріп, құрметті атақ таратып отыратын ұйым көрінеді. Сапалы қағаз ға басылған сəнді бланкіге ширатып тұрып қолын қойған ұйым басшысы əуелде кеңестен кейінгі кеңістікте сөз бостандығын қамтамасыз ету жөнінде жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын айтады, содан кейін ол үдерісте тəуелсіз Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны бөлекше екеніне тоқталады, одан кейін бұл игілікті іске еліміздің іргелі басылымы ретінде «Егемен Қазақстан» газеті үлкен үлес қосып отырғанын жазады, одан кейін барып газеттің экономикалық реформалар барысын көрсетудегі шығармашылық ізденістері айрықша сəтті екенін атап өтеді. Соларды айта келіп, біздің газеттің аталмыш номинация бойынша халықаралық жүлдеге лайықты деп танылғанын хабарлайды. Аң-таңбыз. Қазақ тіліндегі газеттің елдегі экономикалық реформалар барысын қалай көрсетіп жатқанын олар қайдан біле алады? Ұдайы ағылшын тіліне аудартып отыра ма сонда? Іс жүзінде мүмкін нəрсе емес қой. «Бақсам, бақа екен» дегендей, хатты əрі қарай оқысақ, мəселенің мəнісі басқада екен. Жаңағы сыйлықты алу үшін біз əлгі ұйымның атына бірнеше мың еуро ақшаны алдын ала жіберуіміз керек екен, оған қоса екі адамнан тұратын, сол қалада үш күн болатын делегация жасақтауымыз керек екен, сол екі адамның ұшаққа («желательно – бизнескласс» деп те жазып қойған), қонақ үйге (бес жұлдызды болғаны жөн екені ескертілген) жұмсалатын шығындарын төлеуіміз керек екен. Осыларды жасасаңыз болды, басылымыңыз халықаралық сыйлықтың жүлдегері болып шыға келеді. Əрине, рахметімізді айтып, бас тарттық. Сол тұста жаңағы жүлдеге біздегі бір баспа ие болды. Тегі, олардың кітаптары ағылшын тіліне аударылып, бағаланып тұрған сияқты. Бұл нені көрсетеді? Бұл біздің атақ құмарлығымыз, даңғазалы даңққа əуестігіміз өзімізді, ТМД кеңістігін қойып, дүйім дүниеге
белгілі бола бастағанын көрсетеді. Осы жай халқымыздың қадірменді азаматы, республикамыздың Денсаулық сақтау министрі қызметін талай жыл бойы абыроймен атқарған қайраткер тұлға Төрегелді Шармановтың редакцияға жолдаған «Құндылықтар құлдырауы» атты мақаласы қолға түскен кезде бірден ойға оралған еді. 13 нау рыз күнгі нөмірімізде жарияланған ол мақала қастер тұтуға тиісті құндылықтарымыздың құлдырауы ғылымдағы арзан атаққұмарлық ауруына апарып соқтыра бастағаны жөнінде жан ауырта сөз етеді. Содан бергі күндерде редакцияға телефон соғып хабарласушылар, осы тақырыпты жалғастыру ниетін білдірушілер көп болып тұр. Олардың арасында елге танымал халық қалаулылары да, ғылымның айтулы өкілдері де, білім саласының мамандары да бар. Мына бір жайға назар аударғымыз келеді. Т.Шармановтың мақаласы негізінен ғылымдағы атаққұмарлыққа арналғаны рас. Бірақ, атаққұмарлық тек ғылым саласында ғана көрініп отырған жоқ. Атаққұмарлық бітпейтін де қоймайтын мерейтойлардан, қызмет бабын пайдаланып ғалым атанып қалуға құмарлықтан, аста-төк дастарқаны мың адамға дейін жайылатын тойжарыстан, «Атамның аты ауылға, көкемнің аты көшеге» деп ата-баба аруағын арзан дауға салушылықтан, мынандай күрделі кезеңде де қайткенде қымбат көлік міну бəсекесін тоқтатпай тұрған даралықтан да, ең бастысы – кісілік көркі кішілік деп білетін, «Қоя жесең қой қалады, тарта жесең тай қалады» деп мақалдап, үнемшілдікті үлгі ететін қазақы қалпымыздан бірте-бірте алыстап бара жатқанымыздан көрініп отыр. Мұны ашық айтпасақ болмайды. Редакция ойластырған мақалалар жазылғанша, терілгенше, түскенше, қаралғанша, газетке басылғанша біз Төрегелді Шарманов сөзіне газет сайтын да үнқосушылардың пікірлерін жариялай тұруды жөн көрдік. Үнқосушылардың бəріне азаматтық белсенділігі үшін разылық білдіреміз. Ал енді сайт сөзіне құлақ түрейік.
(Соңы 4-бетте).