19/04/2013

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№110 (28049) 19 СƏУІР ЖҰМА 2013 ЖЫЛ

Заман талабы – кəсіпқой аппарат 2-бет Зейнет жасын ұзарту – зейнет ырысын ұлғайту 3-бет Ұйытқы 4-бет Үкімет 5-6-беттер

Болашаєы бар ўлт білімге ўмтылады Металлург – наєыз ер адамныѕ кəсібі Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз серіктестерімен дəстүрлі кездесу өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен «Назарбаев Университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» жəне «Назарбаев қоры» Жоғары қамқоршылық кеңесінің екінші отырысы өтті. Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».

Отырысқа Үкімет басшысы Серік Ахметов, Президент Əкімшілігінің Басшысы Кəрім Мəсімов, Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев жəне басқа да лауазым иелері қатысты. Елбасы бұл жиынның болашақта кезегін күтіп тұрған істерді саралау, тиісті құжаттарды дайындау үшін өткізіліп отырғанын айтты. «Білім саласында биік мақсаттарға жету үшін бізде барлық мүмкіндік бар. ХХІ ғасырда еліміздің дамуы халыққа тікелей білім беру ісімен байланысты болады. Бұл барлық елдерде солай. Мəселен, күні кеше ғана елі мізге алғашқы мемлекеттік сапармен келген финдіктер туралы айтатын болсақ, бұл елде білім саласы барынша жоғары

деңгейде. Соған байланысты басқа салалар да өркендеп отыр», деген Елбасы «Назарбаев Университеті» мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» туралы өз пікірін білдірді. Президенттің айтуынша, университет аз ғана уақыт ішінде үлкен бедел жи нап, қазіргі таңда əлемнің жетекші университеттерінің қатарында келеді. Ал зияткерлік мектептердің 9-11 сыныбы халық аралық аккредитацияға ие болып, зор жетістікке жеткен. «Біздің негізгі міндетіміз, бұл мектептерді əлемнің озық елде ріндегі мектептермен иық теңестіретіндей жағдайға жеткізу. Келешекте біздің балаларымыз осы мектепті бітіріп, əлемнің кез-келген елінде білімін жалғастыра алады. Біз сол үшін бұл мектептерге автономия бердік. Заң қабылданды. 2020 жылға дейінгі даму

тұжырымдамасы бекітілді», деді Мемлекет басшысы. Кеңестің соңында Президент Н.Назарбаев талқыланған мəсе лелер жайында былай деді: «Университет жанынан инновациялық кластер құру мəселесін талқыға салдық. Менің ойымша, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтетін нысандар университетке тақау, жолдың қарама-қарсы бетінде салынуы керек. Əрі ол алдағы уақытта «Назарбаев Университеті» білім ордасының кластері қатарына кіреді. Онда зерттеулер жүріп, студенттер оқитын болады жəне біздер жаңа технологиялар жасаймыз. Бұл кластерлер зияткерлік-инновациялық даму міндеттерін орындап, экономиканың қажеттілігін шешуге бағытталады. Сондықтан Университетке кластерлер құруда ірі ұлттық жəне халықаралық компанияларды тарту бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырамын. Бұл қарапайым мəселе емес. Егер Үкімет басшысының орынбасары Орынбаев мұны

 Көктемгі егіс

Жайбасарлыќќа жол жоќ

Ауа райына тəуелділіктен ќўтылу жауапты науќанды сапалы ґткізумен тыєыз сабаќтас екенін əркім тїсінуі тиіс

қолға алатын болса, Премьер оны қолдауы керек». Мемлекет басшысы бұл жерлерге ғылыми-зерттеу бөлімшелерін орналастырудағы алғашқы қадамды «Самұрық-Қазына» қоры мен оның барлық ұлттық компаниялары жасауы тиістігін де атап көрсетті. Ал кластерлер қызметінің мөлдірлігін бақылауды қамтамасыз ету үшін Университет жанынан Байқаушы кеңесі құрылмақ. «Кластер территориясын арнайы аймақ деп жариялап, кластер орналасатын жерді Университет меншігіне беру қажет. «Назарбаев Университеті» ғылыми орталықтары мен кластерлерінің тиімді жұмыс істеуі үшін ғылыми зерттеулерге қажетті тауарларға же ңіл діктер ұсыну мəселесін шешу қажет. Сонымен қатар, салық, кеден, жер заңнамаларына тиісті өзгертулер енгізу керек. Үкіметке бұл мəселелерді күнделікті бақылауға алуды тапсырамын», деді Президент. (Соңы 2-бетте).

 Айбын

Кездесуге Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинада бірге оқыған курстастары мен Қарағанды металлургия комбинатында бірге еңбек еткен əріптестері – Т.Сүлейменов, Қ.Сарекенов, С.Ибрагимов, Қ.Байбек, С.Есенбаев, Қ.Омашев, А.Əбдіраманов, А.Салимов, М.Қыстаубаев, Ə.Каримов, А.Ермаханбетов, И.Оразбай қатысты. Əңгімелесу барысында Қазақстан Президенті кездесу ге қатысушылардың əрқайсысы бүгінде тұлға ретінде қалып тасқанын жəне Қазақстан Магниткасы олардың көпшілігін

Өмір ЕСҚАЛИ,

Солтүстікқазақстандық диқандар былтырғы жылдың құрғақшылығын ұмыта қойған жоқ. Соған қарамастан, қалыптасқан бай тəжірибенің, ылғал сақтау технологияларын тиімді қолданудың арқасында Отан қамбасына 5 миллион тонна ел ризығын құйған-ды. Олар мол өнім негізі ерте көктемнен қаланатынын жақсы біледі. Биыл да молшылықтан үмітті. Күзгі-қысқы кезеңдерде то пырақ қабатына ылғал нормадағыдан екі есеге жуық көп түзілді. «Сəуір болмай тəуір болмас» деген сөз теріскей өңірлерге қарата айтылғандай. Күннің нұры «Самарқанның көк тасын» жібітетіндей бар шуағымен төгіліп

еді, Жер-ана бусанып сала берді. Бір жағынан, ауа температурасының бірден көтерілуі қалың қарды күрт ерітіп, ылғал қорының жеткілікті жиналмауына кері əсер ете ме деген алаңдаушылық та жоқ емес. Сол себепті облыста көктемгі егіс науқанын сапалы өткізуге бағытталған дайындық шаралары күн өткен сайын қарқын алып келеді. Аймақ басшысы Самат Ескендіровтің төрағалығымен өткен кеңесте ғылыми негізделген агротехникалық технологиялар мен озық əдістерді қолдану мəселелері жан-жақты талқы ланды. Жауапты науқанды жоғары деңгейде ұйымдастыруда нөлдік технологияның маңызы атап көрсетіліп, нақты

тапсырмалар жүктелді. Аграрлық сала ғалымдары ылғал жабудың жəне дақылдарды себудің ғылыми негізделген қолайлы мерзімін ұсынып, əдістемелік кітапшалар таратты. Биыл 4 миллион 338 мың гектар жерге тұқым сіңіріледі деп ұйғарылып отыр. Ауыл шаруашылығының егістік алқаптарын əртараптандыру, монодақылды шаруашылық жүргізу əдісінен бас тарту жөніндегі Елбасы тапсырмасына сəйкес басты дақыл – бидайдың көлемі азайтылып, керісінше майлы дақылдар – 367 мың, жемазық дақылдар – 318 мың гектарға жеткізілді. Картоп 27,5 мың, көкөніс 5,1 мың гектар алқапқа орналастырылады. (Соңы 2-бетте).

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ќазаќстан – Жапония:

Əріптестік əлеуеті жоєары

Кеше Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер съезі Хатшылығының Төрағасы Қайрат Мəми бастаған қазақстандық делегация Жапония астанасы – Токио қаласына ресми сапармен келді. Күншығыс еліне сапарының алғашқы күні Қ.Мəми Жапония Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан» – Токиодан.

Б.Ибуки Қазақстан қысқа мерзім ішінде экономикалық да мудың жоғары белесін бағындырғанын, сол арқылы

Парламенті Өкілдер палатасының спикері Бунмэй Ибукимен кездесті. Кездесу барысында тараптар қос елдің парламентаралық байланысын нығайту, заң шығару органдарының жұмысын жетілдіру, əріптестік тұрғыда тəжірибе алмасу бағыттарында əңгіме қозғады.

Орталық Азия аймағындағы жетекші мемлекетке айналғанын атап өте келе, Қазақстан-Жапония ынтымақтастығының көкжиегін кеңейту жəне парламентаралық байланыстарды одан əрі үдету жайына тоқталды. Өз кезегінде Қайрат Мəми тəжірибе алмасу жəне

əртүрлі деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың заңнамалық негізін күшейту тұрғысында парламентшілердің өзара ісқимылының маңыздылығын атап өтті. (Соңы 2-бетте).

Жауынгерлік парадќа дайындыќ ќыза тїсті

Жамбыл облысындағы «Отар» 40-шы əскери базасы аумағына Отан қорғаушылар күніне арналған Жауынгерлік парадқа қатысушы əскерлердің шоғырлануы аяқталды. Келген бөлімшелердің жеке құрамы далалық лагерьдегі шатырларға орналасып, Жауынгерлік парадты өткізу жоспары бойынша дайындыққа кірісіп кетті, деп хабарлады ҚР ҚМ-інің баспасөз қызметі. Полигонда командалық-штабтық дайындық барысында парадты өткізу кезіндегі барлық іс-қимылдар егжей-тегжейлі пысықталды. Əскерлердің жауынгерлік парадқа дайындығын практикалық тұрғыда жүргізуіне Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық əскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев жетекшілік етуде. – Əскерилер үшін тұңғыш рет

«Егемен Қазақстан».

белгілі металлург, маман, басшы, жалпы, кəсіпқой етіп шыңдағанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев металлург нағыз ер адамның кəсібі екеніне тоқталды. Тек рухы күшті жəне жауапкершілігі мол адамдар ғана мұндай жұмысқа төзімді болады. Сондықтан қазақстандық жастардың өскелең буыны еңбек, жұмыс, ұжым сияқты қарапайым, маңызды құндылықтарды терең түсінуге тиіс. Мемлекет басшысы мұндай кездесулер жастар үшін өзіндік өнеге екенін атап өтті. Ол өзінің

барлық серіктестерінің, еңбек ардагерлерінің жеке бастарының үлгісі арқылы тəрбиелеуі керектігіне тоқталды. Тек еңбек қана жастардың алға қадам басып, барлық кедергіні еңсерулеріне мүмкіндік береді. Адам неғұрлым табанды жəне өнімді еңбек ететін болса, солғұрлым оның өмірі табысты болады. Тəуелсіздік ұрпақтары саналатын Қазақстан жастары осындай қағидатты ұстануға тиіс. Кездесуге қатысушылар өз өмірлеріндегі кезеңдер туралы əсерлерімен бөлісіп, еліміздің тəуелсіз дамуына қатысты пікір алмасты.

өткізілгелі отырған Жауынгерлік парад кең көлемді жаттығуға қатысумен бірдей болып тұр. Бөлімшелер практикалық дайындық тар барысында өзара ісқи мыл сұрақтарын түбегейлі пысықтайтын болса, офицерлер парадтың кезеңдерін жоспарлауда жəне бөлімшелерді басқаруда əскери өнерді жоғары деңгейде пайдалана білуге ұмтылмақ, – деді Мұрат Майкеев.

Қазіргі кезде «Отар» 40-шы əскери базасында қару-жарақ пен əскери техниканы жəне полигон нысандарын дайындау қызу жүргізілуде. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні Жауынгерлік парад тікелей эфир арқылы көрсетіледі. Жауынгерлеріміздің іс-қимылын бүкіл еліміз тамашалайтын болады. Мұндай Жауынгерлік парад Қазақстан Қарулы Күштері

 Талап жəне тəртіп

Ќолыѕмен жасаєанды мойныѕмен кґтер Мемлекеттік қызметкерлер арасында заңға мойынсынбаушылық, Ар-намыс кодексі талаптарын өрескел бұзушылық əлі де жиі кездеседі. Облыстық тəртіптік кеңес жыл басынан бері талай шенеунікті сабасына түсіріп, басқаларға сабақ боларлық шара көрді. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл ауданының прокуроры Шоқан Құлдановтың хабарламасы тəртіптік кеңес мүшелерінің жағаларын ұстатқандай болды. Ол Благовещенка ауылдық округінің əкімі Тұрмыс Иманжановтың

кінəсін бұлтартпас айғақтармен дəлелдеп берді. Сөйтсе, ауыл ішінде қызметтік көлікті жүргізіп келе жатқан оны жол полицейлері тоқтатып, ішімдік ішіп алғанын анықтаған. Əкімшілік хаттама аудандық сотқа жіберіліп, 2 жылға көлік жүргізу құқынан айырылған. Оның моншадан кейін

жарты бөтелке сыра ішкенімді жасырмаймын. Мектептегі қазандық істен шықты деген суыт хабар жеткен соң рульге отырғаным рас. Əйелі ауырып қалғандықтан, жүргізуші сұранып кеткен еді, деген сөзі ешкімді иландыра қоймады. Өйткені, талқылау барысында сот шешіміне қарсы талап арыз түсірмегені белгілі болды. Қыстың суығында түн қатып, мемлекеттік қызметте жүргенін көлденең тартып, қанша ақталса да, қатаң сөгіс арқалауына тура келді. Ал Тимирязев ауданы

тарихында тұңғыш рет өткізілгелі отыр. Онда Құрлық əскерлерінің барлық қару-жарақ түрлерінен жауынгерлік атыстар жүзеге асырылады. Əуе қорғанысы күштері аспан кеңістігінде өз шеберліктерін танытады. Жауынгерлік парадқа барлығы 7 мың əскери қызметші, 400-ден астам бронды машиналар, автотехникалар, 80-нен астам ұшақтар мен тікұшақтар қатысады. Мичурин ауылдық округі аппаратының жетекші маманы Галина Василенконың мына əрекеті екі жеп, биге шықпақ бол ған пысықайдың тірлігіне келіңкірейді. Ауруханада ста цион арлық емдом алып жатқанына қарамастан, қандай түлен түрткенін кім білсін, еңбек табе лі не толық жұмыс күндерін қон дырып қоюды ұмытпаған. Сөйтсе, бухгалтердің болмағанын жеке бас мүддесіне ұтымды пайдаланып, 126 мың теңгені қалтаға басқан. Осылайша, өз өкілеттігін асыра сілтеп жүріп құрыққа қалай ілінгенін білмей қалған. Оны қызметінен шеттетуге шешім алынды. (Соңы 4-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.