Кеше Бейбітшілік жəне келісім сарайында «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бейбітшілік, руханият жəне келісім мəдениеті» атты тақырыпта Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы болып өтті. Оның жұмысын Мемлекет басшысы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ашып, сөз сөйледі.
№76 (28300) 19 СƏУІР СЕНБІ 2014 ЖЫЛ
«ЌАЗАЌСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ:
БЕЙБІТШІЛІК, РУХАНИЯТ ЖƏНЕ КЕЛІСІМ МƏДЕНИЕТІ
Қымбатты отандастар! Қадірменді қауым! Қазақстан халқы Ассамблеясының 21 сессиясының ашылуымен баршаңызды шын жүрегімнен құттықтаймын! Ұлы Жамбыл ақынның «Жігерлі болса ер болар, Бірлікті болса ел болар» деген сөзі бар. Бүгінгі сессияның өзегі – бейбітшілік, руханият жəне келісім мəдениеті біздің осындай бірлікті Ел болуымыздың кепілі. Мəдениет – тіршіліктің тірегі, ортақ игіліктерді ұлықтап, ұлтты ұлы істерге ұйыстырудың бірегей тетігі.
Бейбітшілік, руханият пен келісім: бəрінің тамыры – мəдениетте. 21 ғасырдың ең басты заңы – татулық! Келісім – экономика мен саясат тың, қауіпсіздіктің, өмірдің заңы. Біз келісім мəдениетін дəстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз. Келісім мəдениеті Мəңгілік болуы керек. Құрметті Ассамблея мүшелері! Құрметті отандастар! Мен сіздердің бəріңізді Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы жұмысының басталуымен құттықтаймын!
Осы залға біздің үлкен Отанымыздың барлық өңірлерінен өкілдер жиналып отыр! Біздің форумға бірлескен адал еңбегімен елімізді құрып жəне дамытып жатқан түрлі жастағы, ұрпақтар мен кəсіптердегі қазақстандықтар қатысып отыр. Мен өзінің қажырлы жəне еңбектегі даңқымен біздің достығымызды қорғап, мəңгілікке бекіткен барлық ардагерлерді ерекше құттықтаймын. Мен менімен бірге Қазақстан халқы Ассамблеясын құрған жəне сол идеяға адал болғандардың бəріне ризамын. Олар күнделікті
Пасха мейрамымен ќўттыќтады Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев Пасха мейрамымен құттықтады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Қымбатты отандастар! Бүкіл Жер шарындағы миллиондаған адам ерекше сезіммен күтетін жарқын мереке – Пасхамен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – христиандар үшін ең қастерлі күн жəне биыл оны православиеліктер мен католиктердің бір мезгілде мерекелеуінде символдық мəн бар, делінген Президенттің құттықтауында. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, Пасханың жаңару, шаттық жəне үміт лебін ала келетінін, оның ізгілік бастауының, ақиқат пен əділеттің салтанатын паш етіп, игі істерге шақыратынын атап көрсетеді. Бұл күндері барлық адамға бірлік, сенім, өзара құрмет жəне сұхбаттасуға бейілділік сияқты құндылықтардың өміршең мəні айрықша айқын сезіледі. Гуманистік мұраттар ортақ рухани кеңістік қалыптастыра отырып, мейлінше құнды бола түседі, делінген құттықтауда. Қазақстан – қоғамның нығаюына, елдің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосатын барлық дін үшін құшағы ашық ел. Біздің мемлекетіміз барлық конфессия өкілдеріне жайлы ахуал қалыптастырып отыр. Біз бəріміз бірге, соның ішінде православиеліктер мен католиктердің де белсене қатысуымен татулық пен келісім арқылы қуатты Қазақстанды қалыптастырудамыз, дейді Президент өзінің құттықтауында. Пасха – адамдарды жақындастыра түсетін отбасылық мереке жəне бұл тату-тəтті тұратын, ортақ болашағына сеніммен қарайтын алып шаңырақ іспетті біздің ел үшін ерекше маңызды, дей келіп, Мемлекет басшысы құттықтауын мынадай сөздермен аяқтайды: «Менің құттықтауымды жəне бақыт, игілік, жан жылуын тілеген лебізімді қабыл алыңыздар! Барша қазақстандықтарға өзара түсіністік пен келісім тілеймін!».
жұмысында бейбітшілік пен келісімнің ұлы қағидаттарын қорғап жəне дамытып келеді. Осы залда көптеген жастар, соның ішінде біздің Тəуелсіз дігіміздің құрдастары отыр. Мен бұдан толеранттылық, достық пен бауырластық идеяларын қазақстандықтардың жаңа буынының бүкіл ғасырларға қабылдауының жақсы нышанын көремін. Бұл біздің босқа жұмыс істеп жатпағанымызды білдіреді! Бұл бейбітшілік пен келі сімді сақтаушы ретіндегі Ассамблеяның сенімді тірегін кез келген сөзден
МЫЗҒЫМАС ШЫНДЫҚ ТҰРАҚТЫ ЭКОНОМИКА Тұрақты қоғам, əр адамның тұрақты өмірі Экономиканы дамыту – бұл «Стратегия-2050»-дің басты тапсырмасы ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС Этносаралық қатынас, азаматтық теңдік мəселелері, тіл саясаты – саяси ойындар алаңы емес ƏЛЕМ ҮЛКЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛАҒЫНА АЯҚ БАСТЫ Қазіргі жаһандық сын-қатер егер халықаралық құқықта, сыртқы саяси тəжірибеде, мемлекетаралық қатынастар тəсілдерінде терең өзгерістер жүрсе, еңсерілетін болады G-GIOBAL қағидаттары туралы ұсыныстар бүгінде, əлемдік қоғамдастықта, қай кездегіден де пайдалы Қазақстандықтар ядролық өзін өзі жою қатерінен ада бейбітшілік идеалдарына адал Қазақстан жəне Ресей – ізгі көршілер, одақтастар жəне стратегиялық əріптестер Орталық Азия елдері, Ресей, Қытай – біздің көршілеріміз, біздерде ең жақын достық қашанда болған, бар жəне болады
Еуразиялық интеграция институты дайындаған
МЕМЛЕКЕТ ТƏУЕЛСІЗДІГІ Конституция мен заңдар ең алдымен біздің еліміздің азаматтарының өздері оларды барынша мүлтіксіз сақтаған жағдайда ғана мемлекет тəуелсіздігі мызғымайтын болады ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ТАҢДАУ Кез келген елдің интеграциялық таңдауы – бұл халықтың бақуатты тұрмысының мəселесі Қазақстан, Беларусь жəне Ресеймен бірге Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастырады Астанада бұл интеграциялық бірлестікті құру туралы тарихи шартқа қол қою жоспарлануда. Бұл уақыт Еуразиялық одақ құру туралы идеяның 20 жылдығына сəйкес келмек Үш ел жаһандық бəсекелестікке төтеп беруде бір-біріне көмектесу үшін өзара интеграцияланбақ Қазақстанның кедендік одақ елдерімен соңғы 88% 5 жылдағы сауда өсті айналымы соның жəне ішінде, бұл 24 млрд. доллардан елдерге астам біздің қаржыны құрады экспортымыз 63 %-ға өсті жəне 6 млрд. долларға жуықтады
артық бейнелейді. Бүгін біздің сессиямызға шетелдік меймандар мен дипломаттар қатысып отыр. Мен Қазақстанның барлық шынайы достарын шын жүректен құттықтаймын! Құрметті сессияға қатысушылар! Тəуелсіздіктің алғашқы күнінен біз өңірлерде, қалаларда, ау дандарда, ауылдарда мыңдаған кездесулер өткіздік. Осыдан жиыр ма жылға жуық уақыт бұрын, Ассамблеяны құра отырып, біз əлемдегі барлық мəлім
болған модельдерден де озық шыға білдік. Біз халықты ортақ патриоттық тұғырнамада топтастырудың бірден-бір сенімді тетігін таптық. Оның мəні əркімге де түсінікті жəне қарапайым адами сұраныстарды – жұмысты, отбасындағы əл-ауқатты, балалар үшін білім беруді, денсаулықты, тұрғын үйді, қауіпсіздік пен демалысты қамтамасыз етуге көмектеседі. Біздің қоғамда ешкімнің де этностық артықшылығы жоқ жəне бəрі де Заң алдында тең. Барлық қазақстандықтар – бір
туған жердің балалары. Біз бəріміз – біртұтас Қазақстан халқының əртүрлі жəне бірдей балаларымыз. Біздің бəрімізді бір мəселе толғандырады – бүкіл Қазақстан халқының əл-ауқаты. Біздің бəріміздің мақсатымыз бір – біздің ортақ Отанымыздың өркендеуі. Бұл біздің ортақ табысымыз, ортақ мақтанышымыз. Бұл осы жылдар бойына Мемлекет басшысы ретінде мен жүргізіп келген, жүргізіп отырған жəне жүргізе беретін саясат. (Соңы 2-3-беттерде).
МЎРАТЌА ЖОЛЫН ТАПЌАН ЖЕТЕДІ
Сессия жұмысына ҚХА мүшелері, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, саяси партиялар, діни конфессиялар, қоғамдық ұйымдар басшылары мен дипломатиялық миссия жəне БАҚ өкілдері, шетелдік қонақтар қатысты. Мемлекеттік Əнұран орындалғаннан кейін баяндама жасау үшін сөз Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа берілді (Президент сөзі бөлек беріліп отыр). Баяндама аяқталған соң сессия жұмысын ҚХА Төраға сының орынбасары – Хатшылық мең ге ру шісі Ералы Тоғжанов жүргізіп отырды. Ол жарыссөзге шыға тын дар арасынан алғашқы сөзді Қостанай облысындағы «Алтынсарин» фермер лік шаруашылығының директоры Борис Князевке берді. Мен – агрономмын, менің шаруашылығым
Сіздің стратегияңыз бен жыл сайынғы Жолдауларыңыздың іске асқандығының шынайы көрінісі, деп бастады ол өзінің сөзін. Қазақстанда тұрақты жұмыс істеген адам кедей болуы мүмкін емес. Біз бүгін өзіміздің жолдарымызды өзіміз жөндейміз, теміржолға жеткізетін тармақты да өзіміз төсеп аламыз, қажет болған еді – балабақшаны да өзіміз салып, тіпті, шығармашылық ұжым да құрып алдық. Мəдениет үйіміз, спорт залымыз, стадионымыз, жүзу бассейніміз – бəр-бəрі сақадай-сай жұмыс істеп тұр. Біздің
ауылымызда жұмыссыздық, қылмыс деген жоқ, соңғы үш жылда ең бек өнімділігі 4 есе артты, бір адамға шаққанда біз жыл сайын 50 мың доллардың өнімін шығарамыз. Соңғы жылдары жер суарудың жаңа əдісін енгіздік. Кейбіреулер бізге «шалшықтың суы мен жер суарасыңдар» деп күледі. Күлсе күле берсін, есесіне біз гек тарынан 500 центнер қырыққабат аламыз. Бізге тағы да «ақшаны желге шашатындар» деп ат қойыпты, ал біз бұл іспен мал жайылымдарын суландырамыз жəне желден электр қуатын аламыз, дей келіп, диқан Елбасына ауыл шаруашылығын дамытуға жасаған барлық мүмкіншіліктері үшін алғыс айтты. (Соңы 4-5-беттерде).
● Айбын
Əскери шеруге дайындыќ белгіленген тəртіппен ойдаєыдай жїруде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде елордада дүркіреп өтетін салтанатты əскери шеруге дайындық жұмыстары Астана іргесіндегі арнайы далалық лагерьде өтуде. Ондағы сардарлар мен сарбаздардың тыныс-тіршілігі мен əзірліктерін көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің өкілдері журналистерді жүріп жатқан жұмыстармен таныстырды. Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».
Лагерьде тігілген шатырлардың жалпы саны 100-ді құраса, оның 60-ы жеке құрам сарбаздарына тиесілі. Ал қалған 40 шатыр асхана, дəрігерлік пункт, қойма секілді орындарға берілген. Шеруге дайындалатын сардарлар мен сарбаздардың бір мезгіл ойларын сергіту мақсатында лагерьде мəдени шаралар өткізіп тұру да назардан тыс қалмаған. Осы тұрғыда оған арнайы орын да белгіленіпті.
«Биылғы шерудің ерекшелігі əскери техникаларға баса назар аударылатындығында дер едік. Механикаландырылған техниканың саны көбірек болмақ. Еліміз əскерінің күш-қуатын, техникалық жарақтандырылу əлеуетін көрсету шерудегі басты мақсатымыз. Осыған байланысты еліміздің өңірлеріндегі өндіріс ошақтарында жасалатын отандық əскери техниканы осы шеруде көрсетеміз. Оған біз дайынбыз», – дейді лагерьлік жиынның штаб бастығы, полковник Қасымсейіт Өмірбеков.
Мұнан кейін БАҚ өкілдері мерекелік салтанатты шеруде сап түзеп өтетін жеке құрамалардың дайындығын да тамашалады. Арнайы əуенмен алға қарыштап қадам басқан сарбаздар өздеріне берілген тапсырманы мүлтіксіз орындауда. Бұлардың арасында 80-нен астам əскерде қызмет ететін нəзік жандардан тұратын қыздар тобы да бар. Бұл ретте ерлермен қоса олардың дайындықтарының да жоғары деңгейде екендіктерін əскери шеруге дайындық лагерьлік жиынының бастығы, полковник Қайдар Қарақұлов ерекше ризашылықпен жеткізді. Сонымен бірге ол əскерилердің шеруге деген ынталарының да жоғары екендігін атап көрсетті. АСТАНА.