19052015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны

№91 (28569) 19 МАМЫР СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Мəскеуге сапармен келді

● Жол жəне жаңару

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік ресми сапармен Мəскеуге келді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Ол сапар аясында Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенкомен келіссөз жүргізеді жəне Федерация Кеңесінің отырысында сөз сөйлейді. Сондай-ақ, Қ.Тоқаевтың Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Дипломатия академиясының профессорлық-оқытушылар құрамы мен тыңдаушыларының алдында сөз сөйлеуі жоспарланған.

Оќулыќтар олќылыќтан ќашан арылады?

Мəжілісте ґткен Їкімет саєатында осы мəселе жан-жаќты ќаралды

АРЌАРЛЫ асуы айќара ашылды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұйымдастыруымен Алматы облысындағы «Алматы – Талдықорған» автожолының бөлігінде БАҚ өкілдері «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жол құрылысының жұмыстарымен танысты. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Əліпов пен Алматы облыстық филиалының директоры Батыр Дадамурзаев, сондайақ, мердігер компаниялардың басшылары журналистерді құрылыс барысымен таныстырды. Жаңа жұмыс орындарын ашу, құрылыстың аяқталу мерзімі мен ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарлары секілді бірқатар мəселемен бөлісті. Сапар барысында жол бойындағы қызметтің даму жоспары мен Алматы облысындағы автожолға ақылы жүйе енгізілетіні туралы айтып өтті. Өткен жылы республикалық маңызға ие автомобиль жолдары торабын дамытуға 174 миллиард теңге бөлінген болса, оның ішінде 41,2 миллиард теңге Алматы облысының еншісіне бұйырған-ды. Ол жалпы бюджеттің 24 %-ын құрайды. Биылғы жылы жалпы автожол құрылысына Республикалық

бюджеттен 234 миллиард теңге бөлініп, оның ішінде Алматы облысының үлесіне 47,8 миллиард теңге шығып отыр. Биылғы жылы 306 шақырым автожол бойында жұмыстар жүргізіледі, 265 шақырым жол қайта қалпына келтіріліп, 41 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Жыл соңына дейін 98 шақырым жаңартылған жол пайдалануға берілетін болса, ол үшін 946 дана техника мен 1 767

адам жұмысқа тартылып отыр. Сондай-ақ, Дүниежүзілік банктің қарыз беруі арқылы «АлматыҚорғас» автожолының бөлігінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Ондағы құрылыс жұмыстарын Қазақстанның «Қазақжолқұрылыс», «К-Жолқұрылыс», «Найза-Құрылыс», түріктердің «СинеМидасСтрой», италиялықтардың «Тодини» сияқты белгілі компаниялары, сонымен қатар, жергілікті «Талдықорған жолдары», «Қапшағай көпіржасағы» жəне басқа да компаниялар жүргізуде. Жолды қайта қалпына келтіруге қолданатын материалдардың 90%-ы отандық өндірушілердің өнімдері. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұлттық

● Бəрекелді!

Ќатарынан 20 нокаут! Головкин темір Тайсонды таєынан тайдырды

Өткен жексенбі күні таңертең қазақстандық кəсіпқой боксшы АҚШ-та өзінің 33-ші жекпежегін өткізіп, тағы да мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ол бұл жолы америкалық былғары қолғап шебері кіші Вилли Монромен WBA (Super), IBO жəне WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы əлем чемпионы атағы үшін шайқасты 6-раундта аяқтады. Біздің бағлан осы арқылы атақты Майк Тайсонның тағы бір рекордына өзгеріс енгізді. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Жекпе-жек Американың Калифорния штатындағы Инглвуд қаласының «Фо рум» спорт аренасында өтті. Геннадий Головкин əдеттегідей ұрыстың басынан алға ұмтылып, қауырт шабуылға көшті. Ол айқастың басындаақ Монроны теңселтіп жіберетіндей бірнеше жойқын соққылар беріп тастады. Ал екінші раундта біздің жерлесіміз қарсыласын тіпті екі рет нокдаунға да жөнелтіп үлгерді. Бірақ америкалық боксшы гонг соғылғанға дейін орнынан тұрып кетті. Үшінші раундта Геннадийдің ептеп қарқыны басылып қалғандай болып көрінді. Мұны осы кезге дейін біраз есесі кетіп қалған Вилли жақсы пайдаланды. Оның осы бөліктегі бірнеше қарсы шабуылы сəтті шықты. Бұдан кейінгі төртінші жəне бесінші раундтар да осындай сипатпен өтті. Осы тұстарда қазақстандық жанкүйерлердің көңілдері ептеп қобалжығандай да болды. Гена қарсыласына бірнеше рет ауыр соққы бергенімен, бəсекелесінің қарымта жұдырық сілтеуіне де жол беріп қойды. (Соңы 12-бетте).

операторы инфра құ рылымдық дамудың «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін жалпы құны 2,6 триллион теңге болатын 7 100 шақырым жолды жөндеу жұмыстарымен қамтуды жоспарлауда. Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша Алматы-Астана, Алматы-Өскемен, АлматыҚорғас жəне Үшарал-Достық бағыттарындағы автожолдарды қайта қалпына келтіру көзделген. – Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстанның инфрақұрылымын дамытуға бағытталған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы əзірленген болатын. Аталған бағ дарлама аясын да 11 автожол жобасын жүзеге асыру көзделген, олар: Батыс Еуропа-Батыс Қытай, Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс, Алматы-Өскемен, Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды, Астана-Петропавл-РФ шекарасы, Орал-Каменка, Астана қаласының Оңтүстік Батыс айналымы, Жетібай-Жаңаөзен, Үш арал-Достық, – деді Ұлан Тəліпов. Сондай-ақ, басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұлттық операторы отандық инфрақұрылымның дамуына бағытталған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін жалпы құны 2,6 триллион болатын 7000 шақырым жолды құрылысжөндеу жұмыстарымен қамтуды жоспарлап отыр.

Кеше «Оқулықтардың сапасы, орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету туралы» деген тақырыпта Мəжіліс Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен Үкімет сағаты өтіп, онда мектептерді оқулықтармен қамтамасыз етудің жайы мен олардың сапасы туралы мəселе жан-жақты талқыға түсті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

– Бүгінгі Үкімет сағаты былтырғы қазан айында мек тептерді оқулықтармен уақытында қамтамасыз ету бойынша өткен Үкімет сағатында талқыланған тақырыптың қисынды жалғасы болып табылады. Барлық қоғамды толғандырған осы проблемаға қайта оралу туралы сол кезде келісімге келген болатынбыз, – деді Дариға Нұрсұлтанқызы сол келісімді қаперге салып. Бұл ретте қабылданған шаралар бойынша Үкіметті тыңдау жəне бұл мəселеге нүкте қою қажеттігін алға тартқан Д.Назарбаева отандық білім берудің бұдан да күрделі, созылмалы проблемасы – оқулықтардың сапасы мен мазмұны ерекше қараларына да назар аудартты. «Сапаның төмендігі, оқулықтардың оқу бағдарламалары мен жоспарларына сəйкес еместігі, бір басылымнан бір басылымға көшіп жүретін қателер, түсініксіз

сөздер мен нақтылықтың аздығы БАҚ-тарда үнемі талқылануда, ата-аналардың шағымдары естілуде, осының салдарынан, яғни көптеген оқулықтардағы кемшіліктердің кесірінен түлектер ҰБТ-ны тапсыра алмауда», – деп сабақтады сөзін Төрағаның орынбасары. Вице-спикердің пайымынша, олардың мазмұны ғана емес, баспа-полиграфиялық безендірілуі де көңілге қонбайды. «Алматылық мектеп оқушысы 1-2 сыныптарға арналған жол қозғалысы ережесі бойынша оқулықты оқығаннан кейін Білім жəне ғылым министрлігін сотқа бергендігі туралы оқыс оқиға бар. Бала өзіне жасалған моральдық шығынды 100 миллион теңгеге бағалаған. Рас, іс ақырына дейін жетпеді, сотта оның мүддесін қорғаған оқушының əкесі шағымарызын қайтып алды», – деген Д.Назарбаева сөз кезегін Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіповке берді. (Соңы 2-бетте).

Ўсыныстар əзірленді

Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақовтың төрағалық етуімен Мемлекет басшысы жариялаған заң үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы институттық реформаларды іске асыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырыс қорытындысында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына ұсынылатын Мемлекет басшысының судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмалары мен нұсқауларын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар əзірленді.

(Соңы 4-бетте).

Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімі.

● Елімізде өңдеу саласы бойынша «ұлттық чемпион» болуға лайық компаниялар анықталды. Əр өңірден келіп түскен 300-ден астам өтiнiштен 32 компания іріктеліп алынды. Оның iшiнде 20 компания – азық-түлiк өнеркəсiбi, 7 компания – машина жасау жəне 5 компания құрылыс материалдарын өндiру саласы бойынша жұмыс істейді. ● 3 шілдеде Астанада «Көшпенділер шайқасы» өтеді. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылатын сайысқа ТМД кеңістігіндегі жəне халықаралық деңгейдегі белгілі спортшылар қатысады. Қазақстан Республикасы ММА (аралас жекпе-жек) феде рациясының құрметті президенті Ерлан Қарин бұл додаға халықаралық спорт арналары да тартылатынын айтты. ● Алматыда 2015 жылдың І тоқсанында 47,2 мың жұмыссыз тіркелген. Бұл көрсеткіш экономикалық белсенді халық санына шаққанда 5,4 пайызды құрайды. Сондай-ақ, қалалық статистика депар таментінің хабарлауынша, аталған мерзімде орташа айлық табыс көлемі 152 724 теңгеге жеткен. 2014 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7,7 пайызға артқан. ● Ақмола облысында ауыл əкімдерінің қызметін автоматтандыру бағдарламасы қанатқақты режімде іске қосылды. Бағдарламаның мақсаты – ауылдық округтерде тұратын жұ мыссыздарды жəне аз қам тылған азаматтар мен жалдамалы жұмыскерлерді есепке алу. Жаңа бастама əрбір мақсатты топ бойынша жұмыспен қамтуда нақты ісшаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Бағ дар лама сынақтан өткен соң оны республиканың барлық өңір лерінде енгізу мəселесі қарастырылады. ● Шымкенттегі «Юг Пром Сталь» құрылыс цехы жылына 4 мың тонна өнім өндіреді. «Бизнестің жол картасы–2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысын бастаған кəсіпорын 2,5 гектар аумақты алып жатыр. Мұнда өнімдер тек отандық жоғары сапалы шикізаттан өндіріледі. 28 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кəсіпорын алдағы уақытта өнім көлемін 2 есеге көбейтуді жоспарлауда. ● Қарағанды облысы Приозерск қаласында жаңа су тазарту кешені іске қосылды. «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша салынған кешенде суды тазарту үшін Grundfos жəне Siеmens маркалы қондырғылар пайдаланылады. Құны 1 млрд. теңгеден асатын жобаның жұмыс сапасы өте жоғары. Оны санитарлық-эпидемиологиялық сараптама да растады. ● Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 24,5 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың қаңтар-сəуір айларымен салыстырғанда 1,4 есеге көп. Инвестицияны игеру бойынша басым салалардың қатарына көлік жəне қойма қызметі (44,1%), ауыл, орман жəне балық шаруашылығы (25,4%), сондай-ақ, өнеркəсіп (16,7%) салалары енген. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

● Алаңдатарлық ахуал

Ќырылєан киік саны 5400-ден асып кетті Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Қостанай облысының оңтүстік аудандарында орналасқан «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватында мамыр айының 11-і күні мамандар 117 ақбөкеннің өлі денесін тауып алғанын хабарлаған еді. Бұл дала сұлуына келген жаманшылықтың белгісі екен. Сол күннен бастап киіктердің жаппай қырылуы үдей түсті. Өткен аптаның аяғында облыстағы Орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі инспекциясының басшылары өлген киіктің саны бір мыңнан асқанын хабарлаған еді. Біз бұл ақпаратпен «Егеменнің» оқырмандарын да хабардар еткен едік. Енді, міне, өлген киіктің саны 5400ден асып кетті. – Менің өкіміммен облыста арнайы ко миссия құрылып, оны облыс əкімінің орынбасары Базыл Жақып басқаруда. Оның құрамына облыстағы ішкі істер

департаментінің, резерват орналасқан аудандар Амангелді мен Жангелдин аудандарының əкімдері жəне басқа да осы іске қатысты ведомстволардың мамандары кірді. Киіктің қырылу себебін анықтау тиісті ғылыми мекемелердің ісі, ал атқарушы билік жұқпалы ауру бола қалған жағдайда одан адамдарды қорғау, қауіпті аурулардың ары қарай тарамауы үшін қолдан келгеннің барлығын да жасайтын болады, – дейді облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов. Киік қырылып жатқан «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватында қазір 30-ға жуық техника, 150 адам жұмыс істеп жатыр. Олар киіктің өлекселерін дер уақытында жойып отыр. Сонымен қатар, Орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі республикалық комитетінің мамандары да Амангелді ауданындағы оқиға болған жерде жүр. «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты 490 мың гектар жерді алып жатыр.

Оның 16 мың гектарында 11 мамырдан бастап өлген киіктер өлексесін жойып, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Қостанай облысында киіктің қырылуы бірінші рет орын алып отырған жоқ. 2012 жылы Жангелдин ауданында мың қаралы киік пастереллездің құрбаны болған еді. Одан кейін киіктің жаппай өлуі Батыс Қазақстан үйірінде де болған. Бірақ, дала сұлуының шығыны дəл биылғыдай көп болған емес. Мұның себебін анықтау үшін киік жайылған жерден топырақтың, судың, өлекседен атынған биологиялық материалдардың сынамасы республикалық референс-лабораторияға жіберілген болатын. Оның қорытындысы əлі шыққан жоқ. Əзірге киіктің жаппай қырылуының себебі жұмбақ күйінде қалып тұр. Сонымен қатар, ақбөкенге келген бұл нəубет қашанға дейін созыларын да нақ ешкім білмейді. Қостанай облысы, Амангелді ауданы.

АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ 21-22 МАМЫР 2015


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
19052015 by Egemen - Issuu