19062013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Ертісім, азайды неге ер күшің? Қоғамға қауіп төндірген кесел №151 (28090) 19 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Əлем жəне Қазақстан

Топжарған

Ресми сапарлардан жазылатын репортаждарда ресми стильге түспей тұра алмайсың. Мысалы, Ресей Федерациясы Федералды Жиналысының Федералдық Кеңесі деп жаңылтпаш жасағандай болғың-ақ келмейді, бірақ өйтпеудің тағы жөні жоқ. Көршілеріміз Парламентінің жоғары палатасы осылай аталады. Сонымен, былай: кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мəмидің Ресей Федерациясына ресми cапарының бағдарламасындағы алғашқы іс-шара Ресей Федерациясы Федералды Жиналысының Федералдық Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесу болды. Хаттама талабы бойынша бір рет толық жазып алған соң ендігі жерде ресейлік спикердің лауазымын Федералдық Кеңес Төрайымы деп ықшамдаңқырап алуға мүмкіндігіміз бар, бұлардың журналистерінің өзі де Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Мемлекеттік думасын бір-ақ сөзбен Госдума деп айтып, жаза береді.

«Егемен Қазақстан» – Мəскеуден.

Валентина Матвиенко – көршілес ел саясатының көкжиегіндегі көрнекті тұл ғалардың бірі. Осы жаққа жүрерде Интернеттен қарастырған материалдарымыздың ішінде ғаламторға 2011 жылғы 21 қыркүйекте салынған хабарға көзіміз түс кен, сонда РИА Новости агенттігі: «Российские сенаторы в среду, 21 сентября, избрали экс-губернатора Петербурга Валентину Матвиенко спикером Совета Федерации. Впервые в российской истории столь высокий пост заняла женщина», деп жазған екен. Бұл сөзге қосымша түсініктеме қажет те болмас. Оның алдында В.Матвиенконың қатарынан сегіз жыл бойы Санкт-Петербургтей қиын қаланы қа тырып тұрып басқарып бергенін бəріміз білеміз. Сенат Төрағасы мен Федералдық Кеңес Төрайымының кездесуі жылы шырайлы жағдайда, емен-жарқын күйде өтті.

Федералдық Кеңес Төрайымының нағыз іс адамы екендігін Валентина Ивановнаның Сенат Төрағасымен кездесуіндегі сөз саптауынан да айқын аңғаруға болатындай. Төрайымның сөзінде Қазақстан-Ресей стратегиялық əріптестігінің сан түрлі қырлары айшықты ашылды. Қазіргі таңда екі ел басшылары жиырма бірінші ғасырдағы əріптестік жөнінде жаңа шартқа қол қоюға дайындалып жатқанына, бұйыртса, ол құжатқа жыл соңына дейін қол қойылып қалатынына дейін айтып тастады. Сауда-эконо микалық қатынастар ырғақ ты дамып, оның ауқымы өткен бір жылдың өзінде 8,5 пайызға артып үлгеріпті. Қазір Қазақстан өңірлері Ресейдің 76 федералдық субьектімен екіжақты байланыс орнатып үлгерген екен. Жалпы, Ресейде 83 федерация субъектісі бар. Олардың туларын Федералдық Кеңес ғимаратының фойесінен көре аласыз. (Соңы 2-бетте).

Абылай мен Ілияс

Тґрткїл дїниені тамсандырар театр Қай салада да əркез əлемді тамсандырып, талғам тұрғысынан талайды таңғалдырған Астана енді жаһан мəдениетінің мəйегі саналған опера өнерінің де алтын ордасына айналмақ. Ондай биік өнердің ошағы санаулы күндерден соң салтанатты түрде ашылатын «Астана Опера» театры болмақ. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Астана Опера» театрының жай-күйі, ашылу салтанатына дайындығы, жалпы, өзекті мəселелері талқыланды. Қазақ мəдениетінің бірегей белесі, бұл салада бағындырған биігінің бір өлшемі болғалы отырған өнер ордасы жайында отырыста Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед баяндады. Министр алдымен жаңа театрдың өзекті мəселелері Үкімет отырысына шығарылып, талқылауға ұсынылып отырғаны үшін алғысын білдірді. «Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен салынған əлемдік биік деңгейдегі талаптарға жауап беретін «Астана Опера» театрының дүниеге келуі опера мен балет сияқты бекзат өнерді барша қазақстандықтардың ортақ игілігіне айналдырып, олардың биік музыкалық талғамы мен эстетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған», деді М.Құл-Мұхаммед. Иə, Елбасымыз өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында:

«Біз мемлекеттілігіміздің рухани мəселелері экономикалық, материалдық мəселелерден ешбір кем бағаланбайтын даму кезеңіне келіп отырмыз», деп атап көрсеткен болатын. Ал Опера жəне балет театрының тұрғызылуы елдің мəдени өмірі саласындағы ғана емес, бүкіл əлемдік қауымдастықтың мəдени өміріндегі айтулы оқиға ретінде бағаланады. «Мəселен, дамыған, бақуатты Еуропаның өзінде ХХІ ғасырда небəрі 2 опера театры – алғашқысы 2005 жылы Копенгагенде, ал екіншісі 2008 жылы Осло қаласында салынды», деп атап өтті Мəдениет жəне ақпарат министрі. Ал ХХІ ғасырдың үшінші театры енді бірнеше күннен кейін өнерсүйер қауымға есігін айқара ашатын «Астана Опера» театры өзінің классикалық архи тектуралық келбеті жəне театрға арналған осы заманғы техникамен жарақтандырылуы жағынан əсем Астананың тағы бір айшықты символы ғана емес, барша астаналықтар мен елорда қонақтарының сүйікті өнер ордасына айналары сөзсіз. (Соңы 2-бетте).

«Үржар ханшайымы» 5-бет Апелляциядан кейін... «Алтын белгі»! 8-бет

МАНСАП ПЕН МІНЕЗ («Егемен Ќазаќстан». 16 мамыр, 2013 жыл)

АЌШ Ќарулы Кїштері əскери оќу орындарына тїсті

Мəселе орынды кґтерілген Əкімгерей СЕРҒАЛИН,

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша тəртіптік кеңес төрағасы – департамент басшысы.

Бас басылымда жарияланған «Мансап пен мінез» атты мақалаға желі болып тартылған жайттар, яғни, жас мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексіне сай келмейтін мінездер көрсетуі қоғамдық өмірде кездесіп тұратыны рас. Сондықтан да бұл мəселе «Егеменнің» бетінде өте орынды көтерілген деп санаймыз. Осыған орай департамент жетекшілігі облыстағы барлық мемлекеттік мекеме басшылары мен қала, аудан əкімдеріне ұсыныстар жолдады. Онда аталған өзекті мақаламен танысып, оны аппараттық жиындар мен оқу семинарларында талқылау керектігі атап көрсетілді. Қазір бұл іс жүйелі түрде жүргізілуде. Сондай-ақ, материалды талқылауға қатысты

АҚПАРАТТАР аєыны Қазақстанда соңғы 5 жылда ақбөкендердің саны 2,3 есеге дерлік өсті. Осы кезеңде елімізде киікті аман сақтау бағдарламасын іске асы руға 2 млрд. 100 млн. теңге бөлінді. Денсаулық пойыздары 180 мыңнан астам адамға медициналық көмек көрсетті. Олардың вагондары заманауи клиникалық диагностикалық аспаптармен, рентгенологиялық жəне қосалқы құрал-сай мандармен жабдықталып, 18 жо ғары білікті дəрігермен қамтамасыз етілді. Астанада «Табыс мұнаралары» атты көп қабатты бизнес орталығы бой көтереді. «А люкс» санатындағы кешен екі мұнарадан тұрады. 26 қабатты бірінші мұнарада əлемге əйгілі «The Ritz-Carlton» қонақ үйі орналасса, 30 қабатты екінші мұнарада қазақстандық жəне шетелдік компаниялардың кеңселері ашылады. «Алтынтау» компаниялар тобы өткен жылы

менің орынбасарым Мирболат Нұртазин шалғайдағы Қа ратөбе ауданында болып қайтты. Ол онда Қаратөбе жəне Шөпті көл ауылдық округтерін де жергілікті мемлекеттік қызметші лермен кездесіп, «Мансап пен мінезге» арқау болған теріс мінездер көрсетуден аулақ болуға шақырды. Мұндай кездесулер облыс орталығындағы мемлекеттік қызметшілердің білімін жетілдіру орталығында да өткізілді. Ал өзім осы мəселеге орай Бөрлі ауданына арнайы іссапарға барып қайттым. Тағы бір айтайын дегенім, тəртіптік кеңестің 5 маусымда өткен отырысында мақалада айтылған мəселелер басты əңгіме арқауына айналды. Басылымда көтерілген мəселеге қатысты өңірде жас мемлекеттік қызметшілермен жүргізілетін жұмыстардың өзге де тəсілдері мен үлгілерін іске асыру белгіленді. ОРАЛ.

Кісілік кішіліктен басталады

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Кеннет Фейрфакс екі қазақстандық жас жігіт – Ілияс Камелединов пен Абылай Ахметовке АҚШ Қарулы Күштері əскери оқу орындарына қабылдануға сертификаттар табыс етті. Бұл біздің Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігімен бірлесіп атқарған іріктеу жұмысының қорытындысы. Америка жоғары əскери оқу орындарына қабылдануға үміткерлерді іріктеу 2012 жылдың қазан айында басталған болатын. Оған Қазақстан Қорғаныс ми нистрлігінің Əскери білім жə не ғылым департаменті жетек шілік етті. Əскери басқару органдарында жеке істерді қалыптастырып, медициналық комиссиядан өткеннен кейін қабылдануға үміткерлер арнайы тексеруден жəне АҚШ елшілігінде əңгімелесуден өтті, дене даярлығы жəне TOEFL, SAT деңгейлерінде ағылшын тілін білу бойынша сынақтар тапсырды. Əдетте шетелдік студенттерге арналған квота саны шектеулі болады. Көптеген қазақстандық үміткерлердің ішінен беделді жоғары əскери оқу орнына қабылдану мүмкіндігіне екі жас

4-бет

Жазылған жайдың жаңғырығы

Їнќатысудыѕ їздік їлгісі Сауытбек АБДРАХМАНОВ,

3-бет

Жанат ЖҰМАБАЕВ,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облыстық тəртіптілік хатшылығының меңгерушісі – департамент басшысының орынбасары.

жігіт қана ие болды. Орталық Азия өңірі елдері арасында бұл жоғары көрсеткіш. Өйткені, бір талапкерге шақырту алудың өзіне əрбір республиканың қолы жете бермейді. Астанадағы «Назарбаев Университеті» жоғары оқу орнының түлегі Абылай Ахметов АҚШ Құрлық əскерлерінің «West Point» академиясына қабылдануға серти фикат алса, «Арыстан» мамандандырылған лицейін бітірген Ілияс Камелединов АҚШ Қарулы Күштері Əскери-теңіз академиясына қабылданды. Сертификаттарды табыс ету рəсіміне Əскери білім жəне ғылым департаментінің бастығы, генералмайор Еділ Оразов қатысты. Іріктеу басталғалы бері ол құжаттарды ресімдеу барысын тікелей

қадағалап, əрбір үміткер үшін қам жеді. Беделді америкалық жоғары оқу орнына қабылданған əрбір қазақстандық студент өзінің білімзердесімен Қазақстанның абыройын арттырып, қазақстандықтардың білімділігінің жоғары деңгейде екенін дəлелдейтіні анық. Курсанттардың оқу мерзімі – 4 жыл. Олардың оқуы АҚШ бюджетінің есебінен жүргізіледі. Қазақстандық тарап оқушылардың каникулдық кезеңінің шығындарын төлеуді көтереді. Отанымызға оралған соң АҚШ жоғары əскери оқу орындарын бітірушілер Қазақстан Қарулы Күштерінде кемінде 10 жыл қызмет етулері тиіс. Бұл туралы келісімшартқа жас жігіттер оқу басталар қарсаңында қол қояды. «Егемен-ақпарат».

Мемлекеттік қыз мет керлердің бəріне күйе жағудан аулақпыз. Алайда, «бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» демекші, араларында қызмет мансабы мен əдепті мінезді тең ұстаудың орнына ұрдажыққа салынып жататындары кездесіп қалады. Олардың адами қалыпқа жараспайтын осындай кемшіліктері ел арасында жағымсыз пікір тудырары жасырын емес. «Егемен Қазақстан» газетінде «Мансап пен мінез» тақырыбымен жарияланған ма қалада мемлекеттік қызмет табалдырығын енді аттап, əліппесін танып үлгермеген жас мем лекеттік қызметкерлер бойында оғаш қылық жиі кездесетіні тарқата жазылған. Жарияланым облыстық қызмет істері департаменті тарапынан қызу қолдау тауып, ұжымда талқыланды. Агенттік төрағасы Ə.Байменовтің тапсырмасымен мекемелерде семинарлар мен дəрістер өткізілді. Департамент басшысының орынбасары

Светлана Зайцева мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау жəне біліктілігін арттыру аумақтық орталығында өз білімдерін жетілдіріп жатқан мемлекеттік қызметкерлермен «дөңгелек үстел» басында кездесіп, мақалада көтерілген толғақты мəселелерге орай талқылау ұйымдастырды. Оған 70-ке тарта тыңдаушы қатысып, араларында ауыл, қала əкімдері де болды. Əсіресе, орталықтың жетекшісі Татьяна Лебедеваның ой-пікірлері өтімді шықты. Басқа шығып сөйлеушілер де проблеманың өзектілігін, адамгершіліктің ақ жібінен аттамау адамның өзіне байланысты екенін қадап айтты. Сол сияқты департамент басшысы – тəртіптік кеңестің төрағасы Тілеген Каскин арнайы семинар-кеңес өткізіп, онда жас мемлекеттік қызметкерлерге қатаң талаптар қоюмен бірге тəрбиелеу, ақыл-кеңестер беру, білмегенін үйрету, сыпайылыққа, мəдениеттілікке шақыру сияқты ізгі қасиеттерді ұялату міндеттері ерекше атап көрсетілді. Кішілік те кісіліктің белгісі. Одан ешкім кішірейіп қалмайды. Мұны есте ұстау керек. Əңгіме түйіні, міне, осы! ПЕТРОПАВЛ.

Тосын табиғат

14 704 кило алтын өндірді. Кəсіпорынды қайта құру жұмыстарынан кейін оның өндірістік қуаты жылына 52 мың кило алтынды, 990 мың кило күмісті құрайтын болады. Ақмола облысының жылумен қамту саласында құны 1 млрд. теңгеден астам 7 жоба жүзеге асырылады. Жоспар бойынша аталмыш қазандықтар өңірдің 5 елді мекенінде, оның ішінде Целиноград ауданының Ақмол ауылында жəне Шортанды-Бурабай курорттық аймағында орнатылады. Орал қаласы маңындағы егістік алқабынан бес снаряд табылды. Олар қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлініс қызметкерлерімен тротил жəне электродетанатордың көмегі арқылы жойылды. «ҚазАқпарат», Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.

Баланыѕ жўдырыєындай бўршаќ Жамбыл облысы шаруашылыќтарындаєы 200-дей ќой мен 2 сиырды шыєынєа ўшыратты Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Шу ауданындағы жаңбырлы дауылдың соңы бұршаққа ұласты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, əр бұршақтың үлкендігі баланың жұдырығындай болған. Жексенбі күні болған бұршақ «бораны» шамамен бір сағатқа созылған. Соның салдарынан диқандардың бау-бақшасы зардап шегіп, қой мен қозы-лақ қырылып, бірқатар мектептер мен тұрғын үйлердің шатырлары зақымданып, сылақтары түскен. «Бұршақ ұру» сияқты табиғаттың тосын қатерінен, əсіресе, Мойынқұм ауылының тұрғындары көп зар дап шегіп, 160 қойы қы ры лып қалыпты. Ал Бəйдібек ауылында 17 қой мен 2 сиыр өлген. Əрине, баубақша өнімдерінің де берекесі кеткен. Қорағаты мен Дулат ауылдық округтерінде ор та мектептердің ша тыр лары зақым данып, терезе əйнектері сынған. Шоқпар ауылдық округінде электр желілері істен шыққан. Сондай-ақ, жаңбырлы жел мен бұршақтан пайда болған асау ағын су Далақайнар ауылына жақын

жат қан Шу-Шоқпар жолының бір бөлігін шайып кету қаупін де тудырған. Абырой болғанда, жаңбыр мен бұршақ көп ұзамай басылып, қауіп бұлты сейілген. Бүгінде Шу ауданындағы табиғат апатынан болған шығынды қалпына

келтіру үшін облыстық комиссия жұмыс істеп жатыр. Жамбыл облысы, Шу ауданы. –––––––––––––––– Суретте: Шу ауданында жауған бұршақ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.