Бїгінгі нґмірде: Ел жəне Елбасы 2-3-беттер
№119 (28343) 19 МАУСЫМ БЕЙCЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 жəне «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан əрі жұмыс істеуінің кейбір мəселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Елбасы ќабылдады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс жəне ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. А.Жұмағалиев Мемлекет басшысына Агенттіктің қазіргі жұмысы, сондай-ақ, отандық ақпарат кеңістігін «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасындағы міндеттерді жүзеге асыруды ескере отырып дамыту жоспарлары туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев
өкілеттігі мен құрылымы айқындалған Агенттіктің толыққанды қызметіне кіріскенін жəне оның алдына қойылған маңызды міндеттерді тиімді шешуі тиістігін атап өтті. Агенттік төрағасы байланыс жəне ақпарат саласындағы ахуал, мемлекеттік БАҚ-тардың жұмысы, медиа-нарықты
Ќоєам кїткен заѕ ќоєамєа ќызмет етеді Кеше Мəжілісте палата Төрағасы Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста бірқатар заң жобалары қаралды. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Мəжілістің бұл жолғы жалпы отырысында 15 заң жобасы талқыланды. Расында, Парламент қабырғасында талқыланып, түзетулер мен толықтырулар енгізіліп, қажет тұсында жаңа заң жобалары қабылданатын əрбір заңның біздің мемлекетімізді, қоғамымызды алға апарудағы, оны дамытудағы рөлі аса зор. Осы ретте денешынықтыру жəне спорт саласындағы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ, «Денешынықтыру жəне
спорт туралы» заң жобасының нормаларын қолданыстағы заңнамамен үйлестіру мəселесінің де айтарлықтай маңызы бар. Осы жерде айта кететін жəйт – байрақты додаларда ел намысын жыртып, көк туымызды желбіретіп, əнұранымызды ойнатып, қанымызды қыздыратын саңлақтарымызды елге келгенде алдымен төбемізге көтеріп қарсы алып, артынан оған берілген пəтердің де дауға түскенін көргенде қарапайым халықтың налитыны бар. (Соңы 6-бетте).
ынталандыру жəне контент сапасын арттыру шаралары турасында айтты. Сонымен қатар, ол Интернет желісінің отандық сегментінің дамуы мен сандық эфирлік телевизияны енгізу туралы əңгімеледі. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат; 2010 ж., № 20-21, 150-құжат; 2012 ж., № 13, 231-құжат; № 68, 976-құжат; 2013 ж., № 36, 529-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі осы Жарлыққа 1-қосымшаға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан əрі жұмыс істеуінің кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 2021, 150-құжат; 2012 ж., № 68, 976-құжат; 2013 ж., № 36, 529-құжат): 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын əзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау жəне бақылау жүргізу қағидалары бекітілсін.»; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын əзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау жəне бақылау жүргізу қағидалары осы Жарлыққа 2-қосымшаға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 17 маусым. № 840 ––––––––––––––––––––––––––––– Жарлыққа қосымшаны 7-беттен оқисыздар.
201 адам стипендиат атанды Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Əділбек Жақсыбековтің төрағалық етуімен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан».
Отырыста хаттамалық сараптамалардың орындалуына, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға жəне
Оймақтай ой Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін. Бауыржан МОМЫШҰЛЫ.
одан айыруға, сондай-ақ, келіп түскен өтініштерді қарауға қатысты мəселелер қаралды. Жиынға қатысушылар Республикалық комиссияға шетелдік тағылымдамаға жіберілетін қызметкерлер санатын анықтау
Энергетикалыќ тиімділік їшін Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».
Кеше Астанада ел Үкіметі мен Дүниежүзілік банкінің арасында 21,7 миллион АҚШ доллар сомасына Қазақстанның энергетикалық тиімділігін арттыру жобасын жүзеге асыру туралы гранттық келісімге қол қойылды. Аталған келісімге Үкімет тарапынан ПремьерМинистрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев, ал Дүниежүзілік банк жағынан оның Қазақстандағы тұрақты өкілі Шебнем Аккая қол қойды. Шара барысында ПремьерМинистрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Ə.Исекешев жобаны жүзеге асыру кезінде елдің барлық облыстарындағы мемле кеттік, əлеуметтік маңызы бар нысандардың жаңғыртылуы
АҚПАРАТТАР аєыны
Сəт сапар, жас тїлек!
Кеше елордадағы «Қазақ елі» алаңында Астана қаласы əкімі Иманғали Тасмағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша өздерінің білімін дəлелдеген 92 «Алтын белгі» иегерлеріне арнайы төсбелгілерін салтанатты түрде табыс етті. Сөйтіп, бас шаһар əкімі жылдағы дəстүр бойынша жас түлектерге ақ жол тіледі. Венера ТҮГЕЛБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
«Бүгін жылдағы игі дəстүрмен Астананың ашық аспаны астында, еліміздің ең басты алаңында елорда жастарының тағы бір жаңа толқынының ер жетіп,
есейген сəтіне куə болып отырмыз. Ұлы Абай баланы оқытуға əркім құштар, десе де ол бір арман қолдан ұшқан деп тебіренген екен. Расында да, бүгінгідей сауатты ұрпақ тəрбиелеу кешегі атабабаның сан ғасырлық аңсары еді. Енді, міне, біздің ұрпақ
үшін бұл – тағдырдың берген бағасыз мүмкіндігі, тəуелсіз мемлекетіміздің мəртебелі міндеті. Сондықтан да бүгінгі заман баланы қайда оқытамын деген арманнан емес, қайда оқытамын деген таңдаудан тұрады. Осы күні бұл таңдау еліміздің бас қаласында Елбасының өсиетімен білім алып, тəлім жиған, тəрбие көріп, арман қуған ұл-қыздарымыздың алдында тұр», – деді И.Тасмағамбетов. (Соңы 7-бетте).
жөніндегі функцияны бекітіп берудің мақсаттылығы туралы шешім қабылдады. Білім жəне ғылым министрлігіне нор мативтік-құқықтық базаға қажетті өзгерістер енгізу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді. Комиссия шешіміне сəйкес, 201 адам «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.
● Жыл басынан өңдеу өнеркəсiбiнде 35 млрд. теңгенiң жобаларын несиелеу мақұлданды. Олар 116 жобаны құрайды. Бұл туралы мəлімдеген Экономика жəне бюджеттiк жоспарлау министрi Ерболат Досаев қазірге дейін 56 жобаның 6,6 млрд. теңге қаржы алғанын да айтты. ● Қазақстанның сыртқы сауда айналымы жыл басынан бері 31,1 млрд. долларға жетті. Импорттың қысқаруы мен экспорттың өсуі нəтижесінде ағымдағы операциялар шотының профициті өткен жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда, 2,5 есеге өсіп, 5,5 млрд. долларды құраған.
жоспарланғанын жəне олардың ішінде мектептер, бала бақшалар, ауруханалар мен көше жа рықтандыру жобалары да бар екенін атап өтті. Сондайақ, қаражат институттық базаны жақсартуға жəне энергетика саласын қаржыландырудың тұрақты механизмдерін құруға бағытталмақ. ДБ-нің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ш.Аккая энергетикалық тиімділікті арттыру үшін қолайлы жағдайлар құрудағы Үкімет жетістіктерін айрықша атай келе, Дүниежүзілік банк өз серіктесін жобаны жүзеге асыру барысында əлемдегі ең жақсы тəжірибемен бөлісу, институттық əлеуетті дамыту арқылы қолдауға дайын екендігін жеткізді. Аталмыш жобаны іске асыру барысын бақылау мен үйлестіру Индустрия жəне жаңа тех но логиялар министрлігіне жүктелді.
● Астана күнін атап өтуге шамамен 700 млн. теңге бөлінді. Астана қалалық мəдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұловтың айтуынша, жыл сайын бұл шығынның көлемі қысқарып келеді. ● Алматыда 5 айда негізгі капиталға 146 млрд. теңге инвестиция салынды. Оңтүстік мегаполистің кəсіпорындары мен ұйымдары игерген инвестиция үлесі республикалық көлемнің 7,9 пайызы болады. ● Қызылордада «Алтын белгі» иегерлері марапатталды. Ұлттық бірыңғай тестілеуде өз білімдерін дəлелдеген 94 түлекке облыс əкімі Қырымбек Көшербаев «Алтын белгіні» салтанатты түрде табыстады. Ол
Ел аман болсын, ел їшін туєан ер аман болсын! 4-5-беттер Теѕізші 8-бет Ґтпелі шаќта ґкініштер кґбейді 9-бет
Оқиғаға орайлас ой Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хе:
Ќазаќстан ќарќынды экономикалыќ даму жолына тїсе алды
«19 маусымда Президент Н.Назарбаев пен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетін Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хенің екіжақты кездесуін өткізу жоспарланған». Президенттің баспасөз қызметі дайындап, газетімізде əр аптаның басында беріліп тұратын «Елбасының апталық кестесі» аңдатпасында 10 маусым күні осылай жазылған еді. Бүгін Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хенің Қазақстан Республикасына ресми сапары басталады. Сапар қарсаңында белгілі тележурналист, «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Айдос ҮКІБАЕВ Оңтүстік Корея елінің басшысымен сұхбаттасқан болатын. Кеше «Хабар» арнасы арқылы берілген сол əңгімені «Егемен Қазақстан» оқырмандарының назарына ұсынамыз.
– Таяу күндерде Сіз біздің елге сапар жасайсыз. Біздің ел туралы Сіз не білесіз? Қазақстан – бейбітшілік қамдаушы ел, бейбітсүйгіш ел. Біздің Президентіміз қашанда ядро лық қаруға қарсы күресіп жəне қарусыз дануға байланысты көптеген бастамалар көтеріп келеді. Президент Назарбаевтың антиядролық бастамалары туралы Сіз не айтар едіңіз? – Мен сіздердің елдеріңізде болу мүмкіндігі тигеніне қуаныштымын. 1991 жылы Тəуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін табиғи байлықтарының арқасында Қазақстан қарқынды экономикалық даму жолына түсе алды. Кейінгі кезде елдеріңіз өнеркəсіпті əртараптандыру саясатын жүргізіп, экономикалық өсудің қарқынын арттыруда. Қазақстан əлемдегі ядролық қарудың қуаты жағынан төртінші арсеналына ие болып тұрып, одан өз еркімен бас тартты. Меніңше, Қазақстан қадамы солтүстіккореялық ядролық қару проблемасын реттеуде жақсы үлгі болады. Мен Қазақстанда корей этносының жүз мыңнан астам өкілі тұратынын атап айтқым келеді. Олар үйлесімді өмір сүруде, мұның өзі халықтарымыздың арасындағы қарым-қатынасты жақындата түседі. Корея Республикасының Үкіметі Еуразия елдерімен ынтымақтастықты өзінің маңызды мемлекеттік міндеттерінің бірі деп айқындады. Соның аясында қазір Орталық Азия елдерімен əріптестік жандана түсуде. Қазақстан географиялық тұрғыдан Еуразия құрлығының нақ кіндігінде орналасқан. Сондықтан да мен Қазақстан біздің экономикалық ынтымақтастығымызда өзекті əріптеске айналады деп үміт етемін. – Қазір Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында бірнеше ірі жобалар бар. Мысалы, Балқаш ЖЭС-і, Каспий теңі зін дегі Жамбыл кенішін игеру жəне Атырау мұнай-химия кешенін салу. Олардың бəрі де қуат өндіру саласымен байланысты. Сіз Қазақстанға ынтымақтастықтың қандай жаңа салаларын ұсынар едіңіз? – Біздің елдеріміздің арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың
іргетасын бекітуде үш негізгі жоба үлкен рөл атқарды. Мен біздің ынтымақтастық салаларымызды кеңейте түсу қажет деп санаймын. Бұл орайда, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясына сəйкес біз ел экономикасын əртараптандыруға белсенді түрде септескіміз келеді. Қазақстан энергия ресурстарына тəуелділігін еңсеруі үшін біз жаңа энергетика, соның ішінде күн көзінің қуатын пайдалану ісінде көмек беретін боламыз. Корея компаниялары қуат көздерін бірлесе игеруде, мұнай-газ кешені құрылысында бірлесе жұмыс істеуге мүдделі. Қазақстан экономикасын қосылған құны жоғары экономикаға айналдыру міндеті 2050 Стратегиясында жақсы бейнеленген. Біз осы іске үлес қосқымыз келеді. Айналадағы ортаны қорғау, құрылыс, көлік, инфрақұрылым, орман шаруашылығы жəне басқа да салаларда біз белсенді түрде өзара іс-қимыл жасай аламыз деп ойлаймын. Сондай-ақ, біз ғылым мен технологияны дамыту ісіне белсене атсалыспақпыз. Атап айтқанда, қазір корей технологиялары трансфертінің мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. – Сіздің Ұлы Жібек жолын жаңғырту жөніндегі идеяңыз жақсы белгілі. Сіз Оңтүстік Кореяның, Солтүстік Кореяның жəне Қытайдың автомобиль жəне теміржолдары жүйесін біртұтас көлік жүйесіне біріктіруді ұсындыңыз. Негізінде бұл Қазақстанға да қатысты, өйткені біз теңізге шығар жолы жоқ елміз. Теміржол Оңтүстік Кореядан шығып, Солтүстік Корея жəне Қытай, Қазақстан арқылы əрі қарай Ресейге өтіп кете алар еді. Біз өзімізде Президентіміздің қолдауы бойынша «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының қазақстандық бөлігін салып жатырмыз. Қолымыздан келгенше кө лік жүйесін дамытудамыз. Жақында, 29 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі тарихи құжатқа қол қойылды. Сіз мұндай бірлесуге қалай қарайсыз?
сонымен қатар, барлық өрендерге арнайы төсбелгі тағып, ноутбук сыйлады. ● Шығыс Қазақстан облысында өткен бес айдың қорытындысы шығарылды. Оның қоры тын дысына арналған жиында облыс əкімі Бердібек Сапарбаев аймақта əлеуметтікэкономикалық көрсеткіштер бойынша ілгерілеу орын алғанын атап өтті. Тек тау-кен өнеркəсібінде ғана артта қалушылық кездесті. Сол сияқты Семей қаласы мен Глубокое ауданында назар аударатын тұстар бар. Осыған орай аймақ басшысы тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. ● Оңтүстіктің Сарыағаш ауданында банан өсіп, киви гүлдеді. Жергілікті
шаруалар жергілікті ауа райында тропикалық аймақтарда ғана кездесетін өсімдіктерді өсіре бастады. Аудан тұқымбағындағы киви, банан, анар, құрма, лимон секілді өскіндер бұл жерді жерсінгенін байқатты. ● Қостанайдың Затоболында кондитерлік фабрика салынып жатыр. Облыстың Қостанай ауданында бой көтерген бұл нысан осы жылдың қараша айында іске қосылады. Онда нан-тоқаш жəне кондитерлік өнімдер дайындалады.
(Соңы 6-бетте).
Хабарлар BNews.kz, Аltaynews.kz, Аlau.kz, Egemen.kz агенттіктері, Оңтүстік Қазақстан жəне Қызылорда облыстық əкімдіктері сайттарының деректері бойынша дайындалды.