19062015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Жол жібектей болєан жоќ 3-бет Инвестициялыќ сот – экономикалыќ ґсімніѕ кепілі 4-бет Аманат 5-бет Ешкіден пайда екі есе 6-бет

№114 (28592) 19 МАУСЫМ ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

Венгрия елшісімен кездесті Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Венгрияның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Имре Ласлоцкимен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Қабиболла Жақыпов елшіні Қазақстан-Венгрия қарымқатынасының өркендеуіне қосқан үлесіне ризашылық білдіріп, осы жылдары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық серіктестікке жеткенін атап өтті.

Елорда дамуы – ел дамуы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» мақтанышы саналады, қонақтарын ҒЗЖИ» ЖШС-інде болды, деп хабарлады Президенттің тəнті етеді. Халқының саны 900 мың адамға жетті, бұрын мұны баспасөз қызметі. Мұнда Мемлекет басшысына Астана қаласының 2030 жылға дейінгі бас жоспарына енгізілген түзетулер мен астаналық агломерация қалыптастыру жобасы жөнінде, сондай-ақ, елорданың жаңа көлік жүйесін құру барысы баяндалды. Бұдан бөлек, Қазақстан Президентіне Орынбор көшесін, жаңа теміржол вокзалы ауданын салу тұжырымдамасы жəне «Нұрлы жол» бульварының екінші кезегінің жобасы туралы айтылды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа елордада құрылысы

жоспарланған тағы бірқатар жобалар таныстырылды. БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы елорданың құрылысы іс жүзінде 10 жыл ішінде жүзеге асқанын атап өтті. – Қалаға қажеттінің бəрі 2008 жылға дейін салынды, одан кейінгі кезеңде Астананың дамуы жеке инвесторлардың қатысуымен жалғасты. Қазіргі кезде жан басына шаққандағы ең көп инвестиция елордаға тиесілі. Астананың ел экономикасын дамытуға қосқан үлесі жыл сайын өсіп келеді. Бүгінде елорда барша қазақстандықтардың

Азаматтыќ ќоєам атсалысуєа дайын Кеше Астанада Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысы өтті. Онда жетекші саяси партиялардың төрағалары, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері Президент Нұрсұлтан Назарбаев айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға атсалысу мəселелерін талқылады.

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Жиынды ашқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, коалиция төрағасы Бауыржан Байбек Мемлекет басшысы ұсынған реформалардың маңыздылығына тоқтала келіп: – Қазіргі реформалар – егемен ел болғаннан бері жүзеге асқан іргелі істердің заңды жалғасы. Мемлекет пен қоғам дамуының келесі жарқын кезеңіне өту алдында қарқынымызға қарқын қосатын, Қазақстанды əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енгізер нақты шаралар кешені, – деді. Оның сөзіне қарағанда, мұндай келелі шараларды азаматтық қоғамның атсалысуынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Елбасы «демократиялық қоғамның ажырамас бөлшегі» деп атаған азаматтық қоғам институттарына осынау

ауқымды реформаларды іске асыруда аса үлкен жауапкершілік артылады. Бұдан бөлек, Бауыржан Байбек еліміздің алдына – «Баршаға ортақ қазіргі заманғы мемлекет», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Тұрақты экономика», «Болашағы біртұтас ұлт», «Транспаренттік жəне есепті мемлекет» сияқты бес институттық реформаны жүргізу бойынша ауқымды міндеттер қойылып отырғанын, 2015 жылғы 20 мамырда «Мемлекеттік құрылыстың алдағы 100 нақты қадамы» атты Ұлт жоспары ұсынылғанын, бұл құжат халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағаланғанын, олар Қазақстанның əлемдегі ең беделді бағдарламаларының бірінен бастау алғанын атап көрсеткенін жеткізді. Сондай-ақ, ол «Нұр Отан» партиясының бес институттық реформа шеңберінде Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша ұсыныстардың ауқымды пакеті дайындалғанын мəлім етті. Оның айтуынша, бұл ұсыныстар өткен аптада «Нұр Отан» партиясының қоғамдық саясат институты мен Медиалық технологиялар орталығы құрған «Sarap Time» сараптама клубы алаңында талқыланған. (Соңы 2-бетте).

«Алтын Гефест» сыйлыєы табысталды

Тау-кен металлургия кешені саласындағы ең беделді «Алтын Гефест» салалық байқауының қорытындысы шығарылды. Ұйымдастыру комитеті тарапынан барлығы 12 аталым бойынша 110 өтінім қаралған болатын. Осылайша, жеңімпаздарға ТМК үздік кəсіпорындары мен қызметкерлеріне, сондай-ақ, жобалық, ғылыми, оқу мекемелерінің мамандарына жəне журналистерге берілетін «Алтын Гефест» сыйлығы табыс етілді. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Осы сала бойынша тың нəтижелерге қол жеткізген, озық үлгі көр сеткен мамандарға, сондай-ақ, жобалық, ғылыми, оқу

мекемелерінің қызметкерлеріне, журналистерге берілетін ұлттық сыйлық болып табылатын «Алтын Гефесті» алу кімге болса да үлкен мəртебе екендігі ақиқат. (Соңы 2-бетте).

болжаудың өзі қиын болатын. Қала еліміздің шын мəніндегі əкімшілік, мəдени, іскерлік, білім жəне медицина орталығына айналды, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Астананы салу жəне абаттандыру жұмыс тары жалғастырылатынын айтты. – Қандай кемшіліктер бар екенін, соның ішінде көліктер тұрағына қатысты мəселе туралы да білеміз, оның бəрі міндетті түрде шешіледі. Таяудағы мол жауын сусорғы кəріздеріне қатысты түйткілдердің бар екенін көрсетті. Онымен де жұмыс жүргізу қажет.

Сонымен қатар, балабақшалар мен мектептер салу мəселесіне де назар аудару керек. Қаланың əрі қарай даму келешегі ЭКСПО-2017 аумағы мен оның айналасындағы көшелер құрылысын, Сулыжасыл желекті бульварды абаттандыру, жаңа саябақтар, соның ішінде 100 гектар аумақта Ботаникалық бақ салу жоспарын қамтиды. Бұл жұмыстар дың барлығы еліміздің тура орталығында мүлде жаңа мегаполистің қалыптасуына негіз қалай ды, ол барша қазақстандықтар дың игілігіне қызмет ететін болады, – деді Мемлекет басшысы.

–––––––––––––––––– Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Жүздесу барысында Қазақстан бүгінде Венгрия үшін ТМД елдері ішіндегі төртінші ірі сауда серіктесі екендігі айтылды. Экономикалық ынтымақтастыққа «ҚазақстанВенгрия» Іскерлік кеңесі мен индустрия жəне инновация бойынша

Ассамблея жылында ауќымды шаралар кґп Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықованың төрайымдық етуімен Қазақ стан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру жəне өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Онда Мəдениет жəне спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Ақмола облысы əкімінің орынбасары Н.Нұркенов, Инвестициялар жəне даму вице-министрі С.Сəрсенов, Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Н.Калашникова баяндама жасады. Олар Ассамблея жылында атқарылып жатқан шаралар туралы біршама ақпарат берді.

Спикерлердің баяндамаларынан белгілі болғанындай, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылында ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Соның ішінде 470-тен астам əлеуметтік жоба қолға алынған, оларға барлық елді мекенде тұратын 8 миллионнан астам адам қатысыпты. Атап айтар болсақ, 2015 жылғы 6 ақпанда Астанада, облыс жəне аудан орталықтарында ҚХА жылының салтанатты түрде ашылуы кезінде 9 республикалық конкурстың басталуы жарияланып, ҚХА

Ґрісі кеѕ ґркенді істер Ақтөбеге бір күндік жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев келіп қайтты. Ол түске дейін Қобда ауданында болып, Кеңес Одағының Батыры Əлия Молдағұлованың 90 жылдық мерейтойына қатысты, аудан тұрғындарымен кездесті, мемлекет пен жеке əріптестік негізінде салынған бірқатар нысандармен танысты. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Түстен кейін Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев «Туған жерге тағзым» кəсіпкерліктің əлеуметтік жауапкершілігі бойынша өңіраралық семинар-кеңес жұмысына қатысты. Оған Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау жəне Батыс Қазақстан облыстарының бизнес құрылымдарының,

қаржы институттарының, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты. Семинар-кеңестің мақсаты – бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі саласында тəжірибе алмасу болып табылады. Облыс əкімі Архимед Мұхамбетов қысқаша сөз сөйледі. Бұл бағытта облыста үлгі аларлық, үйренерлік игі істер баршылық. Өңірде 2012-2014 жылдары «Көркейе бер, туған жер» акциясы нəтижелі өткізіліп, оған 4

мыңнан астам кəсіпорын, заңды жəне жеке тұлғалар атсалысқаны белгілі. Облыс əкімінің бірінші орынбасары Роза Кемалова акция қорытындылары жəне өңір кəсіпкерлерінің əлеуметтік жауапкершілігі хақында баяндады. Оның айтуынша, осы акция өткізілгеннен бастап жалпы сомасы 6 миллиард теңгенің əлеуметтік жобалары мен іс-шаралары жүргізілген. «Қазхром» АҚ соңғы үш жылда 980 миллион теңге, ал «СНПСАқтөбемұнайгаз» АҚ 1,5 миллиард теңге демеушілік жасаған. – Өңірдегі жеке кəсіпкерлер бизнестің əлеуметтік жауапкершілігін жете түсінуде. «Алтын қыран» компаниялар бірлестігінің төрағасы Исламбек Салжановтың өзі туған Қобда ауылына жалпы құны 460 миллион

ведомствоаралық жұмыс тобы ықпал етуде. Мəжіліс Төрағасының айтуынша, парламентаралық өзара байланыс белсенді бола түскен. Имре Ласлоцки Қазақстанмен достық қатынастардың одан əрі өркендей беруінің маңызына тоқталып, өзінің дипломатиялық миссиясы аяқталғанымен, Қазақстан халқының досы болып қала беретінін мəлімдеді. жылының жалауы көтерілген. Содан бері республика бойынша 2 800 елді мекенде 1 млн. 375 мыңнан астам адам қатысқан 4 120 іс-шара болып өткен. 28 ақпанда Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойғанына 20 жыл толуына арналған «Менің Қазақстаным» атты Қа зақ стан халқының форумы өткізілген. Форум аясында «Бейбіт шілік пен келісімнің жол карта сы» мега-жобасының қорытындысы шығарылған. 5-11 сəуір аралығында Шымкент қаласын да Қазақстанның этностық театрларының ІІІ республикалық фестивалі өткізіліп, отандық жəне қазіргі заман авторларының шығармаларынан қойылымдар көрсетілген. 21 наурызда Астана жəне Алматы қалаларында, облыстарда Наурыз мейрамына арналған «Бір ел – бір тағдыр» атты ҚХА фестивальдері өткізілген. ҚХАның ірі əлеуметтік акциялары мен жобалары да жүзеге асырылуда. (Соңы 2-бетте).

теңге тұратын заманауи жабдықталған 150 орындық сəнді балабақша салып бергенін айтсақ та жеткілікті. Ақтөбелік кəсіпкерлер «Туған жерге тағзым» республикалық акциясына белсене қатысатынына сенім мол, – деді Роза Кеңесқызы. Содан кейін Атырау облысы əкімінің орынбасары Айгүл Əжіғалиева, Батыс Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Бақтияр Мəкенұлы, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ғайнолла Жарқынбаев сөйлеп, бизнестің əлеуметтік жауапкершілігінің өз өңірлерінде қалай орындалып жатқаны жайлы мəлімдеді. Бердібек Машбекұлы оларға əр жылдарғы мектеп түлектерінің мүмкіндігін туған жерін түлетуге жұмылдырудағы жұмыстың əлі діттеген деңгейден көрінбей жатқанын ескертті. (Соңы 2-бетте).

 Инвестиция игілігі

Ќарќаралыдаєы ќодастар Кез келген кəсіпкердің негізгі мұраты – пайда табу. Тəуекел ете білгенге біздің заманымызда табыс көздері аз емес. Десек те, ел экономикасын ілгерілету үшін кəсіпкерлеріміздің алыпсатарлық төңірегіндегі арзан бизнеспен емес, өнім шығарып, өз шаруашылығын өркендетуге ұмтылғандары тиімді. Солардың бірі – қарағандылық кəсіпкер Дидар Тоғызбаев қодас өсіруді қолға алды. Арқа өңірі үшін таңсық саналатын жануарларды біздің табиғатымызға бейімдеп, жерсіндіріп көруге бел байлаған. Биыл көктемде ол сонау Хакасияға екі рет барып, 140 бас тибет «сиырын» сатып əкеледі де, оларды Қарқаралы ауданының Нұрмақов атындағы ауылдық округіне жеткізеді. Дидар бұл жануарлар өңір табиғатына тез үйреніп, жұмсалған қаражатты молынан ақтайды деп сенеді. Кəсіпкер жігіт қодастың жүнін қырқып, ал етінен шұжық, консерві өндірісін жолға қоюды көздеп отырған жайы бар. Табынның қожайыны Дидар Тоғызбаев бұған дейін өзімізге үйреншікті мал шаруашылығымен айналысып келген екен. Енді ол қодас өсірумен шұғылдануға тəуекел етіп отыр. Кəсіпкерді əңгімеге тарттық. – Мал өсіру – біздің қазақтан қалған кəсіп. Дегенмен, түптұқымы сонау Тибет тауларынан шыққан қодастай жануарды өсіруге қалайша тəуекел еттіңіз? Жерсінбей кетуінен қорықпайсыз ба? – Осы Қарқаралы ауданындағы жайылымдар аса ауқымды. Бізге керегі сол. Осы жақта қыс айларында қасқыр аулап, жергілікті табиғатты, бұл жерге тəн ауа райы құбылыстарын жылдар бойы бажайлап көргенбіз. Қазір қодастарымыз жайылып жүрген

жер таулардың тасасында, ықтасын жерде орналасқан. Бұл жердің қысы жайлы. Ал мына қодастар бұған дейін табиғаты қатал, таулы, оты мардымсыз жерлерде тіршілік етіп келген. Бұл жақта олар үшін керек жағдайдың бəрі бар. Оның үстіне, оларға аса шығындала да қоймаймыз. Негізгі пайдасы да сонда. Өзіміздің үйреншікті ірі қараларымызды алайық. Оларға жемшөп əзірлеу оңай шаруа емес. Қодастар болса, қар астында қалған шөпті өздеріақ аршып жейді. Мойындары

жуан жануарлар қарды басымен аршып дағдыланған. Тағы бір жақсы ерекшелігі, қодастар тек табынымен жүріп жайылады, ешқашан саяқ кетпейді. Белгілі бір жердің жайылымын оттап болған соң, үйірімен көшіп басқа жерге барып жайылады. Оның үстіне, бұлар жыртқыш аңдардан

тайсалмайды. Табынымен жүрген қодастарға шабуға қасқырлардың батылы жете қоймайды. Яғни, бақташыларымызға оларды бағу аса қиын емес. Біз бұл жануарларды таңсық болғаны үшін емес, айтарлықтай пайда түсіруге болады деген үмітпен əкеліп отырмыз. Егер үмітіміз ақталып

жатса, олардың санын бес жүз басқа дейін жеткізсек пе дейміз. Көбейткенде де, табиғи өсімін күтіп отырмаймыз, тиімділігі расталып жатса, инвестиция салып, тағы да бірталай қодасты сатып əкелу жоспарда бар. (Соңы 6-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.