19072013

Page 1

ЖАҢА... ...санитарлыќ кґліктер – шалєай ауылдарєа Фарида БЫҚАЙ,

№173 (28112) 18 ШІЛДЕ БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

«Егемен Қазақстан».

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының Шарбақты ауданындағы Александров, Май ауданындағы Ақшиман ауылдарының жергілікті дəрігерлік бөлімшелеріне УАЗ машинасы негізінде жасақталған медициналық-санитарлық көліктер табыс етілді. Көліктерді сатып алуға облыстық бюджеттен 11 миллион теңге бөлінді.Сөйтіп, жедел дəрігерлік көмек, санитарлық көліктер мəселесі жөнінде бұрыннан бері айтылып жүрген шалғайдағы тұрғындар өтініші орындалды. Бұл күндері облыстағы денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары қолға алынуда. Жедел медициналық көмек қызметін жандандыру мақсатында соңғы екі жылда облыстағы санитарлық көлік қызметі 50 пайызға жаңартылды. Павлодар облысы.

...екі спорт залы ашылды Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Жуырда Тараз қаласында дарынды спортшы балаларға арналған «Облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» мекемесінің базасында бірден екі спорт залы ашылды. Оның салтанатына облыс əкімі Қанат Бозымбаев қатысты. Аталған спорт залдардың құрылыс жұмыстарына 300 миллионнан астам теңге жұмсалды. Əмбебап залдарда спорттың көптеген түрлері бойынша жаттығуға болады. Сондай-ақ, олар түрлі деңгейдегі спорттық бəсекелерді өткізуге де өте қолайлы. Спорт залдарының ашылу қуанышы кезінде «Қазақстан барысы» турнирінің өткен жылғы жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаевқа «Амир жəне Д» ЖШСнің атқарушы директоры Лəззат Айтқұлова «Бəйге берем жығылған балуанға да, адалдығы сезіліп тұрар болса», деп ақсұңқар ақын Төлеген Айбергенов жырлағандай, облыс тұрғындары атынан «Toyota Land Cruiser-200» автокөлігін сыйлады. Жамбыл облысы.

...саябақ жұрт игілігіне берілді

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Көкшетау қаласындағы Абылай хан даңғылы мен Сүлейменов көшесінің қиылысында ғажайып саябақ ашылды. Аумағы атшаптырым демалыс жəне ойынсауық орталығы небары бір айдың ішінде қалалықтар игілігіне жаратылды. Ашық алаңдағы барлық қолайлылықтар қарастырылған əлеуметтік нысан құрылысын жүргізуге 93 миллион теңге қаржы жұмсалған. Жаңа жоба көркем Көкшетаудың заманауи сəулетіне əр қосқанын айту керек. Жасанды тау сұңғақ қарағайлы Оқжетпесті елестетеді. Оның ұшар биігінде маңғаз архар көңіл терезесін қанаттандырып, кеудеге жігер қуатын құйғандай əсерге бөлейді. Субұрқақ сылдырлап, балғын қайыңдардың сыбдырлы сыры құлағыңа жеткендей болады. Айнала күні-түні жарқырап тұрады. Əне, жас жұбайлар суретке түсіп жатыр. Əуесқой əншілер мен суретшілер де осында... Ақмола облысы.

 Еркін елдің ертеңі

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ЌАЛАЙ ОРЫНДАЛУДА?

«Жаз жайнатып, кїн кїлдіріп...»

Біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. Қазақстаннан тыс жерде жұмақ жоқ. Еш жерде, əлемнің ешбір елінде бəріне бірден ие болу мүмкін емес. Туған Қазақстанда еңбек етіп, өз əлеуеттерін жүзеге асырулары қажет. Ол үшін мемлекет барлық жағдайлар жасауда жəне одан əрі де жасай беретін болады.

Жүректі желпінтіп басталатын осы бір əн баршамыз дың көкірек төрімізде өз-өзінен тербеле жөнелетіні анық. Ең қымбаты, мұн да бақытты балалық шағымыздың сабақтастығы тө гіліп тұрады. «Бар жақсылық – балаларға!» дейтініміз де осыдан. Елбасы Н.Ə.Назарбаев Тəуелсіздігіміздің елең-алаңында-ақ көгілдір Бурабайда «Балдəурен» атты ғажайып оқу-сауықтыру орталығын салдырып, өзі ашып беруін ертеңіміздің ертегіден кем болмайтынының нышаны деп ұққандаймыз.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.

Бастамашыл еѕбекке бейімдеу

арќылы алда жастардыѕ экономикалыќ белсенділігін арттыру, масылдыќ жəне əлеуметтік кері ќўбылыстарды еѕсеру міндеттері тўр

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

«Балдəуренге» бара қалсаңыз, айналаңыздың бəрі ертегі. Жəне ол жыл бойы жыры таусылмайтын жылы қисса. Біз оның балшырын бұрмаларын үзіп-жұлмаламай-ақ, жазғы тоғызыншы ауысымның тамашаларынан ғана үзік көрі ніс ұсынсақ дейміз. Оның жұ мысы республикалық жас көш басшылардың «Тағдырымыз елімізбен мəңгілік бір» ұраны мен басталған. Ел тарихын жаңғыртатын да осылар деп біліңіз. Дəстүрлі өзін өзі басқару ұйымының осы жолғы президенттігіне Шымкенттегі №25 гимназиясы «Жас ұлан» ұйымының жетекшісі Бексұлтан Сайрамбаев сайланған екен. Ол өз «əмірімен» алты вице-президентті тағайындапты. Ауысымға жүктелген міндет пен атқарылар жұмыстың

ауқымдылығын осыдан-ақ салмақтай беріңіз. Орталықтағы ауысымға келген балалар қызықты демалып, денсаулықтарын түзеумен қатар, түрлі спорттық сайыстар мен шығармашылық байқауларға, интеллектуалды-ғылыми жобаларға қатысады. Мəселен, инновациялық-техникалық бағыттағы «Адам жəне ғарыш», «Болашақтың энергиясы», «Тиімді экономика» жобаларын қорғау байқауы, ұлттық құндылықтар мен дəстүрлерді насихаттайтын, қазақ халқының тұрмысы мен қолөнерін көрсететін «Ең үздік видеоролик», «Астана-2050», «Мектеп-2050», «Жас ұлан-2050» сияқты балалар

мен жасөспірімдердің аза маттық ұстанымдары мен шы ғармашылық ой-пікірлерін дамытуға ықпал ететін озық педагогикалық технологиялар назар аударарлық. Сонымен қатар, ауысым барысында «Балдəурен – көп ұлтты достық мекен!» танымдық ойыны, «Олимпия» – спорттық-сауықтыру маршруты, «Джунгли шақырады» би марафоны, «Көшбасшылар мектебі» тренингтері, экологиялық десанттар, тарихи жерлерге саяхат, жорықтар өткізілуде екен. Біз сөз түйінін орталықтың бас директоры, Қазақстан Республикасы білім беру ісі нің үздігі Төлепбай Мұхитдин нің

мына сөздерімен қорытындылағанды жөн көрдік: «Біз балаларды тек сауықтыруға ғана емес, ең алдымен олардың рухани тəрбиесіне көңіл бөлуіміз керек. Ауысымдағы 15 күн ішінде əр баланың жүрегіне елге, туған жерге деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілік, балалық шақтың естен кетпес таңғажайып сəттерінің нұрын дарытқымыз келеді». Ақмола облысы, Бурабай ауданы. -----------------------------

Суретті түсірген Ермұрат ДОСЫМОВ.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Бїгінгі нґмірде:

 Мəселенің мəнісі

Їйіѕді таспен ќоршама, доспен ќорша

Ќарабурадаєы ќўдайы кґршілеріміз суды «байлап» тастады Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Қырғызстанға қарасты Талас облысының Қарабу ра ауданында тұратын «ақ қал пақты» ағайындар Қазақстан ның Жамбыл облысына қа расты Жуалы ауданының тұрғындарымен о бас тан дəмтұзы жарасқан құдайы көрші. Бір сөзбен айтқанда, тауы да, бауы да, суы да, нуы да бай қырғыз-қазақ ежелден «төскейде малы, төсекте басы қосылған» жұрт. Тіпті, Көксай мен Ақсай

өңірінің перзенті, атақты жазушы Шыңғыс Айтматов жырлаған «Жəмила» атты əйгілі хикаяттың басты кейіпкерлері арасындағы бал махаббат та осы аймақ адамдары – қырғыз-қазақ өмірінен алынған. Қарабура ауданында тұратын сол көршілер 7 шілдеден бастап ежелден алыс-берісі, барыс-келісі үзілмеген қазақ ағайындарына су бермей, арықтарына тас төгіп, «байлап» тастады. Ал шілденің аптабында су ішпей шөліркеген қазақ диқандарының егіс алқаптары

 Жағымды жаңалық

Солтїстік Каспий консорциумы

Ќашаєан кен орнын игерудіѕ маѕызды кезеѕін жариялады

Кеше Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б. В. (НКОК) Қашаған кен орнын игерудің кезекті маңызды кезеңі – Д жасанды аралындағы мұнай мен газды дайындау барысында теңіз кешеніне күкірттен тазартылған газ беріліп, 14 шілдеде алау жағылғандығы туралы хабарлама таратты. Үстіміздегі жылдың 30 маусымында мұнай өндірісін бастау үшін қажетті өндірістік нысандарды іске қосудың артынша орын алған аталған жағдай биыл жоспарланып отырған өндірістің басталуын тағы бір қадамға жақындата түседі. Күкірттен тазартылған газды беру мен одан кейін теңіз қондырғыларында қысымды айдау, сонымен қатар, динамикалық сынақтарды жүргізу жүйеге газ бен өндіру ұңғымаларынан флюидтерді беруге дейінгі маңызды қадамдар болып табылады. «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындайтын жерүсті қондырғысында

аталған жұмыстар жоспарға сəйкес бірнеше апта бұрын жүргізілді. Жобаның ауқымы мен күрделі шарттарына байланысты əрбір қондырғының жоба талаптарына сəйкес қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында консорциумға ұзақ əрі күрделі процестердің тізбегін орындауға тура келеді. Осынау кешенді жұмыс шеңберінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісі қашанда басты басымдық болып қала бермек. Іске қосудың тізбекті процесінің соңында жүйеге теңіз табанынан 4 200 метр тереңдіктен бірінші мұнай мен газ беріледі. Бастапқы айлар барысында өндіріс көлемі жобамен қарастырылған деңгейге дейін сатылай арттырылып, бірінші кезеңдегі тəулігіне 180 000 баррель көлемі екінші кезеңде тəулігіне 370 000 баррельге дейін жететін болады, деп хабарлады НКОК-тің БАҚ-пен байланыс бөлімі.

мен бау-бақшаларының мүшкіл халі айтпаса да түсінікті. Екі елге ортақ орман арықты басынан бөгеп тастайтындай қарабуралықтарға не көрінді? Қазақ-қырғыз елдері арасын дағы шекараның жалпы ұзындығы 1241 шақырымға созылып жатыр. Екі елдің өкіметтері мақұлдаған мемлекетаралық шека раны делимитациялау мен демаркациялау 2008 жылы толық аяқталған. Ал 2012 жылдың қыркүйегінде қазақ пен қырғыз өкіметтері Жамбыл облысындағы Андреев ауылы (Жуалы ауданы) мен Талас облысындағы Көксай ауылы (Қарабура ауданы) арасындағы 2600 гектар жерді айырбастау жөнінде келіскен. Даудың басы, міне, осы 2,6 мың гектар жерден басталыпты. (Соңы 3-бетте).

Ресей ќазаќтары арасындаєы батырлар

3-бет

Жаќсыныѕ ґзі таудай, сґзі балдай

5-бет

Жол бойындаєы «жедел жəрдем» 6-бет

Жастар өміріне қатысты өзекті проблемаларды талқылауға арналған көшпелі кеңестің Солтүстік Қазақстан кəсіптікпедагогикалық колледжі қабырғасында ұйымдастырылуы тектен-тек емес. Облыс орталығынан шеткерілеу орналасқан Борки кентіндегі көшелі оқу орнында ауыл жастарының қа тары қалың. Олар оқуда да, қоғамдық жұмыстарда да алдыңғы лектен көрініп келеді. Бір сөзбен айтқанда, үлгі тұтар өнегелі тəжірибелер баршылық. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі көшпелі кеңес отырысына аймақ басшысы Самат Ескендіровтің төрағалық етуі жиын мəртебесін арттыра түсті. Күн тəртібіне «Жұмыспен қамту -2020», «Дипломмен – ауылға!», «Жастар тəжірибесі», «Жасыл ел» бағдарламаларының орындалуы, жастардың қатысу белсенділігі, қоғамдық пайдалы еңбекке тарту, саламатты өмір салтына баулу секілді қадау-қадау

АҚПАРАТТАР аєыны  Қазақстанда биылғы жылдың алғашқы жартысында алтын өндіру 21,1 тоннаға орындалды. Бұл меженің 14,6 пайызға артық екенін көрсетеді.  Жеке қосалқы шаруашылық туралы анықтама электрондық қызметке енді. Қызмет «Е-əкімдік» ақпараттық жүйе негізінде іске асырылып, тегін көрсетіледі. Қазір ол Қызылорда жəне Шығыс Қазақстан облыстарын ғана қамтығанымен, қанатқақты режім аяқталғаннан кейін, барлық аймақ тұрғындарына тарайды.  Көлік прокурорлары жыл басынан бері 14 мыңға тарта азаматтың конституциялық құқығын қорғады. Осының негізінде заңсыз деп танылған 663 актінің күші жойылып, 3141 тұлға əртүрлі жауапкершілікке тартылды.  Солтүстік Қазақстан облысында 578 адам сайлауға түсуге өз кандидатурасын ұсынды. Аймақта олар 194 ауылдық округ пен аудандық маңызы бар қала əкімдері орындары үшін таласады.

мəселелер ұсынылып, жанжақты талқыланды. Тимирязев жəне Ақжар аудандары əкімдері орынбасарларының есептері тыңдалды. Көшпелі кеңес басталар алдында «Жас Отан» жастар қанаты, «Жандостар», «Жасыл ел» еріктілер желісінің көшбасшылары ұйымдастырған инновациялық көрме ерекше қызығушылық тудырды. Аталмыш білім ошағының материалдық-техникалық базасы, электротехника зертханасы, заманауи құрал-жабдықтар орнатылған шеберханалар тамашаланды. Өңір оқу ұйымдарының басшылары, жоғары жəне орта ар наулы оқу орындарындағы жастар саясаты жөніндегі комитет мүшелері, үкіметтік емес бірлестіктер өкілдері қатысқан алқалы басқосуда облыстық жастар саясаты мəселелері жөніндегі басқарманың жетекшісі Виктор Молодовский баяндама жасап, атқарылған жұмыстармен қатар шешімін табатын түйінді жайттарды да əңгімеледі. (Соңы 3-бетте).

 Елордада «Астана-2013» халықаралық авторлық əндер фестивалі өтеді. Биыл байқауға қатысу үшін Астанаға еліміздің əр аймағынан, сондай-ақ Ресейдің Челябі, Екатеринбург жəне Омбы қалаларынан ондаған, жүздеген өкілдер келеді.  Теміртауда моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 11,1 млрд. теңгенің 67 жобасын іске асыру қарастырылған. Осы қаржының есебінен жылу көтергіш сорғы стансасы салынып, жалпы ұзындығы 4 шақырым 2 автожол қайта жаңартылды. 8 білім беру, 2 денсаулық сақтау нысаны жөнделді. 3 шақырымнан астам су құбыры желілері қалпына келтірілді.  Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында емдеу амбулаториясының құрылысы аяқталып келеді. Жоспар бойынша нысан тамыз айының ортасында пайдалануға беріледі. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
19072013 by Egemen - Issuu