19072014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№139 (28363) 19 ШІЛДЕ СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

КҐРМЕ

Консультациялардыѕ бесінші раунды

Оєан ќатысушылар Кеден одаєына дəн риза Алматыдағы «Атакент» көрме аумағында «Атакент-ЭКСПО» халықаралық көрме компаниясы мен Қазақстан Республикасының Жиһаз жəне ағаш өңдеу өнеркəсібі кəсіпорындары қауымдастығының ұйымдастыруымен «Жиһаз жəне интерьер», «Сəулет жəне дизайн», «Орман жəне ағаш өңдеу өнеркəсібі» атты халықаралық көрме өтті. Көрмеге Ресей, Австрия, Германия, Италия мен Қытай, Түркия сияқты 16 таяу жəне алыс шетелдерден келген компаниялар, 40-қа жуық алматылық кəсіпорындар өз өнімдерін қойды. Шамамен 130-дан астам кəсіпорын қатысқан көрме қазақстандық компанияларға жаңа байланыстар орнатуға жəне байланыстарды нығайтуға, сондайақ, инвестиция тартуға мүмкіндік бере отырып, отандық жиһаз өндірушілердің ішкі жəне сыртқы нарықтағы орнын арттыруға, іскерлік ынтымақтастық көкжиегінің кеңеюіне ықпал етпек. Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

– Алматы экономикасының маңызды салаларының бірі – өңдеу өнеркəсібі, соның ішінде жиһаз бен ағаш өңдеу өнеркəсібі. Бұл саланы дамыту өнім сапасын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, сонымен қатар мегаполис пен жалпы Қазақстанның экономикалық өсу қарқынына ықпал ететін болады, – деді көрмені ашқан қала əкімі Ахметжан Есімов. «Жиһаз жəне интерьер» көрмесінің басты мақсаты – озық технологиялар мен жиһаз өнеркəсібіндегі жетістіктерді көрсету. Көрме барысында əртүрлі модификациядағы жиһаз бен

Кеше Алматыда Қазақстан, Тəжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан жəне Түрікменстан елдері үкімет басшылары орынбасарларының қатысуымен Рогун ГЭС-і құрылысының жобасы бойынша консультациялардың бесінші раунды болып өтті. Қазақстан делегациясына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жетекшілік жасады. Кездесу тақырыбы жағалау елдері өкілдері арасында трансшекаралық су ресурстарын басқарудың тетіктерін талқылау болды. Қатысушылар Рогун ГЭС-і жобасы бойынша Дүниежүзілік банктің алдын ала есебін қарастырды. Атап көрсететін жайт, Қазақстан аталған есепті дайындауға белсенді түрде қатысты. Есепті дайындау барысы өзара консультациялар алмасу мен

талқылаулар жүргізу үдерістерімен ерекшеленді. Кездесу аясында Қазақстан тарапы барлық жағалау елдерінің ынтымақтастық тетіктерін күшейту бөлігінде бірқатар ұсыныстар білдірді. Келіссөздер қорытындысы бойынша тағы бір кездесу өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Онда Дүниежүзілік банктің Рогун ГЭС-і жобасы бойынша қорытынды есебі қаралатын болады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Жарнамасы кґп жалєанда, абайсызда алданба немесе жалєан дəрі-дəрмектіѕ жолын ќалай кесеміз?

бағыттарды, матрастар мен жатын бөлме жарақтарын, алуан түрлі қаптау материалдарын, фурнитура жəне интерьердің сəн элементтерін таңдау мүмкіншілігі ұсынылды. Оған алыс жəне жақын шетелдердің жетекші компаниялары қатысты. Атап айтар болсақ, «Олмеко», «ТаволиТрейд», «Свобода», «Қызыл октябрь», (Ресей), «Emdawood» (Əзербайжан), «Бобрейскмебель», «Гомельдрев», «Прогресс» Гомель жиһаз фабрикасы, «Пискдрев» холдингі (Беларусь), қазақстандық «Алматы-жиһаз», «Амина», «Айдар», «Пакс металл Қазақстан», «Arida», «Askona», «Grand», «Kinza» ЖШС, т.б. «Сəулет жəне дизайн» көрмесіне Польша, Беларусь, Қырғызстан, сондай-ақ, Қазақстанның

Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Malaysia Airlines авиакомпаниясы MH17 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Разакқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Жеделхатта Malaysia Airlines компаниясының «Амстердам – Куала-Лумпур» бағыты бойынша ұшқан ұшағының Украина аумағында апатқа ұшырауы салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының жəне жеке өз атынан Наджиб Тун Разакқа, сондай-ақ, қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына шын көңілден көңіл айтты.

танымал дизайнерлері, сəулетшілері, декораторлары мен сурет шілерін біріктіретін ұйым «Desiqn Ideas Club» Қазақстан Дизайнерлерінің клубы сияқты компаниялар қатысты. «Орман жəне ағаш өңдеу өнеркəсібі» көрмесіне ағаш өңдеу өнеркəсібіндегі озық технологияларды меңгерген Италия, Қырғызстан, Беларусь, Германия, Тайваньнан жетекші компаниялар келген. Олардың ішінде алғаш рет Саравак шта ты ның Индустриялық даму министрінің басшылығымен (Малайзия) ағаш өңдеу өнеркəсібі қауымдастығы көрме шеңберінде Қазақ стан мен Малайзияның ағаш өңдеу өнеркəсібі өкілдері ын ты мақтастығының іскерлік мəселелерін талқылады.

АҚПАРАТТАР аєыны ● Металлург күніне орай саланың үздіктері марапатталды. Оны Ұлттық кəсіпкерлер палатасы жүргізді. Салтанатты жиында саланың бір топ маңдайалды қызметкерлеріне «Кенші даңқы», «Еңбек даңқы» мерекелік төсбелгілері тапсырылды. Сонымен қатар, қайта жаңғырған «Құрметті металлург», «Құрметті кенші» белгілері де өз иелерін тапты. ● Қазақстанда жүзеге асырылатын үздік əлеуметтік жоба анықталады. Ол екінші республикалық байқаудың

Қазақстандықтардың 42 пайызы дəрі-дəрмекті жарнамаға сеніп сатып алады екен. Алайда, статистикаға сүйенсек, ғаламтор арқылы өткізілетін дəрілік заттардың 50 пайызының сапалық растауы жоқ. Ал жалған дəрі-дəрмек көбейген қазіргідей заманда мұндай көрсеткіш ұлт денсаулығы үшін аса қауіпті. Денсаулық сақтау министрлігі осылай деп дабыл қағуда. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

– 2011 жылы Қазақстан-РесейБеларусь Кеден одағының құрылуы көптеген кедергілерді жойды, – деді бізбен əңгімесінде Минскіден келген «Прогресс» ААҚ жиһаз фабрикасы бас директорының орынбасары Андрей Пескун. – Соның нəтижесінде Қазақстан нарығына

қорытындысында белгілі болады. Сынақ аймақтарда маусым, шілде айларында өтіп, қыркүйек айында республикалық көрмемен аяқталады. ● «Назарбаев Университеті» технопаркінде бірегей ғылыми жобалар таныстырылды. Кеше жүзеге асқан бұл жұмыстардың барысында Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов коммерцияландыру желісі бойынша іріктелінген қазақстандық ғалымдардың жобаларын көрді. Атап айтқанда, министрге кеңселік қағаздарды қайта өңдеу əдісі, гидрофобты композитті материалдарды шығару, сканерлеуші зондты

Беларусь тауарларын жеткізу күрт ұлғайды. Осы үш жыл көлемінде тауар айналымы үш-төрт есеге артты. Бүгінгі күнге фабрика Қазақстанның 14 қаласына өз өнімдерін сатады. (Соңы 4-бетте).

нанотомограф, онлайн оқыту үшін адаптивті аттестацияның технологиялары, қазақша сөздерді тануға арналған зияткерлік жүйе жəне басқа да жобалар көрсетілді. ● Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында тамшылатып суару əдісі кең өріс алды. Осындағы «Қызылқиясу» ЖШС алма бауындағы 8,6 га алмалы алқапта көшеттер интенсивті технология арқылы тамшылатып суарылады. Компания басшысы Ержан Мəдібеков мұнда «Голден делишес», «Ред делишес», «Гала», «Фуджи», «Гренни смит» сұрыпты көшеттер отырғызылғанын айтты. ● Қызылорда облысында

● Əлеуметтік қолдау əлеуеті

«Аќниет» ауылєа кґмектеседі Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Былтырдан бері Қызылордада бір игі іс қолға алынған. «Лукойл» мұнай компаниясы өз кəсібін ашып, тірлігін жасағысы келетін адамдарға қайтарымсыз 1 миллион теңге көлемінде несие бере бастады. Жоба «Ақниет» деп аталды. Мұндай бастаманы облыс əкімі Қырымбек Көшербаев көтеріп, мұнай компаниясы аймақ басшысының ұсынысын өмірге ендіргенін айтқан абзал. Өткен жылы кəсіп бастауға ниет білдірген 75 жоба жүзеге асты. Нəтижесін араға жыл салып ұйымдастырылған көрмеден көрдік. Бірі шаштараз, енді бірі наубайхана, балабақша, тігін цехын ашып, ауылға қажетті қызмет түрлерін көрсетіп жатыр екен. Жыл бойы жасаған жұмыстарын кəсіпкерлер осы көрмеде таныстырды. Кəсіпкерлер үлкен қолдау болғанын айтты. Ал, бұрнағы күні «Лукойл Овер сиз Сервис» мұнай компаниясы қаржыландыратын «Ақниет» əлеуметтік бағдарламасының 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз несие гранттарының жеңімпаздары анықталды. Бағдарламаның үздік деп танылған 97 жоба иесіне аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев пен

Жаєдай тек сґз жїзінде жаќсарды ма? 2-бет Ўлылыќќа ўштасќан игілік 3-бет Аманат арќалаєан ана, айтылмаєан батыр 5-бет Тəуелсіздік саябаєы 6-бет

«Лукойл Оверсиз Сервис» компаниясының қазақстандық филиалының директоры Андрей Кириллов грант сертификаттарын салтанатты түрде табыстады.

– 1 миллион қайтарымсыз грант ауылдық жерде кəсіп бас тауға үлкен көмек болғаны сөзсіз. Шағын жəне орта кəсіпкерлікті 5 есе арттыруымыз қажет.

Өткен жылы өңірге əлеуметтік кəсіпкерлік корпорациясы арқылы 3 миллиард теңге берілді. Биыл тағы 4 миллиард теңге аламыз. Бастысы кəсіпкерлердің жақсы жобалары болса, жүзеге асыруына қолдау білдіреміз, – деді облыс əкімі. Биыл конкурсқа 1200-ге жуық үміткер өз жобаларын ұсынған. Соның талапқа сай келген 95 жобасына 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар беріліп отыр. – Ауыл тұрғындарының белсенділігі жоғары. Бір жылдың қорытындысы бойынша жасалған көрмені аралап көрдік. Нəтиженің қандай деңгейде екені анық аңғарылып тұр. Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер көп. Жобалардың елді мекендерге қажеттілігі ескерілді,– деді Андрей Кириллов. «Ақниет» бағдарламасының шеңберінде «Əлеуметтік кəсіпкер», «Жаңалық», «Қолөнер», «Қамқор», «Бастама» жəне «Игілік» деген номинациялар бойынша байқауға мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызбасты аналар, көп балалы жəне тұрмысы төмен отбасылар қатысқанын айта кетейік. Қызылорда облысы.

Үкімет отырысынан соң Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мəслихатында Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова жалған дəрілік препараттардың айналымын жою мəселесі жайында баяндаған болатын. Онда Бас дəрігер жалған дəрілердің таралмауына тұтынушылардың өздері де атсалысу керектігін айрықша атап өтті. «Қазақстан үшін ғана емес, əлемнің барша халықтары үшін үлкен проблемалардың бірі

индустрияландыру картасы нысандарында 500-ден астам жұмыс орны ашылады. Биылғы жылы жалпы құны 4,2 млрд. теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылады деп жоспарланған, қазір бір жоба іске қосылды. Химиялық реагенттер өндіретін «Хуа ю интернационал» ЖШС жобасының құны 500 млн. теңге, қуаттылығы жылына 2 мың тонна өнім шығаруға мүмкіндік береді. ● Шымкентте Шəмші Қал даяқовтың туған күніне орай дəс түрлі əн апталығы басталғалы отыр. Оны ұйымдастыратын Оңтүстік Қазақстан облыстық мəдениет

– медициналық өнімдердің интернет арқылы сатылуы. Өйткені, өкінішке қарай, біздің азаматтарымыз интернеттерде жарнамаланатын дəрі-дəрмекті сатып алуды əдетке айналдырған», деді С.Қайырбекова. Министр келтірген мəліметтерге жүгінсек, еліміздегі əрбір екінші қазақстандық дəрілік заттарды дəрігердің тағайындауынсыз-ақ қабылдай береді екен. Сондай-ақ, əрбір екінші қазақстандық дəрігердің кеңесінсіз антибиотиктерді қабылдап жүрген көрінеді. (Соңы 2-бетте).

басқармасы тамыздың 13-інде ашылатын фестивальдегі барлық шараларды белгілеп берді. ● Қостанайда мүмкіндігі шектеулі жандар би арбасына қол жеткізді. Ол қаладағы «НадеждаҮміт» қайырымдылық қорының былтыр облыс əкіміне өтініш білдіруі арқылы мүмкін болды. Билік басындағылар жарымжан жандардың бұл өтінішін аяқасты етпей, биге арналған бес бірдей мүгедек арбасын сыйға тартты. Хабарлар «ҚазАқпарат», BNews.kz, Аlau.kz, Altaynews.kz, Egemen.kz сайттарының деректері бойынша дайындалды.

● Өңір өмірі

Əуе ќатынасы ашылады Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

2020 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарлама аясында елімізде 11 елді мекенге жергілікті əуе қатынасын ашу жоспарланса, оның игілігін облыс орталығынан алыс жатқан Уəлиханов ауданының тұрғындары көретін болады. Бұл мақсат үшін республикалық қазынадан 200 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініп, Петропавл–Кішкенекөл бағытындағы əуе қатынасын жаңғыртудың жобасын жүзеге асыру қолдау тапты. Көлік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың

мемлекеттік бағдарламасына жауаптылардың сөзіне қарағанда, бірінші кезекте Жасқайрат, Қулыкөл, Қаратал секілді қоғамдық көліктің қатынауы өте қиын түкпірдегі ауылдардың тұрындарының жүріптұруы жеңілдейді. Сол сияқты көршілес аудандар жұртшылығы да оның қызметін көре алады. Қазір 12 орынды ұшақтар қатынайтын аэродром құрылысы үшін жер телімдері жəне жобалаусметалық құжаттарын əзірлеу үшін жергілікті бюджеттен 30 миллион теңге қарастырылған. Солтүстік Қазақстан облысы, Уəлиханов ауданы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.