Бїгінгі нґмірде:
№160 (28384) 19 ТАМЫЗ CЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Ынтымаќтастыќ мəселелері талќыланды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Əңгіме барысында екі елдің басшылары Қазақстан мен Финляндия ынтымақтастығының өзекті мəселелері мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, Украинадағы ахуал жөнінде пікір алмасты. Қантөгісті, əсіресе бейбіт тұрғындардың арасындағы қантөгісті тоқтатудың жəне Украина дағдарысы бойынша келіссөздер үдерісін бастаудың маңыздылығы атап өтілді.
Телефон арќылы сґйлесті Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан мен Ресей Президенттері Украинаның оңтүстік шығысындағы ахуалды жəне осы елдегі дағдарыстан шығудың ықтимал жолдарын талқылады. * * *
Елбасы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшылары өзара мүдделестік туғызып отырған мəселелерді талқылады.
Президент поштасынан
Ауыз су – əлеуметтік маѕызды баєыт Елбасының атына Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Асқар Мырзахметовтен хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. А.Мырзахметов өз хатында облыстың елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманың орындалу барысы туралы хабарлады. Əкім өңірде 2,7 миллион адам тұратын 929 елді мекенді сумен қамтамасыз ету жөнінде жүйелі əрі тұрақты жұмыс жүргізіліп жатқан ы н баян дағ ан . А тап айтқанда, соңғы 5 жылда 253 елді мекенде тұратын 873 мың тұрғын ауыз сумен қамтамасыз етілген. Нəтижесінде су құбырымен қамтылған елді мекендер саны 412ден (44,3%) 665-ке (71,6%) дейін, ал суға қолы жеткен тұрғындар саны 1,4 миллионнан (56%) 2,3 миллионға (85,1%) дейін өскен. Сонымен қатар, Асар-Қайнарбұлақтағы суаққы бүгінгі таңда сусорғы қондырғыларымен
толық жабдықталды жəне 16 шақырым су құбыры мен 10,5 шақырым коллектордың құрылысы аяқталып, елді мекеннің ішкі тораптарына қосу жұмыстары жүргізілуде. Нысанды биылғы 15 қазанда пайдалануға беру жоспарлануда. Оның мерзімін кешіктірген кінəлі тұлғалар жұмыстан босатылған. Өз міндеттемелерін бұзған мердігерге тиісті шара қолданылған. Сондай-ақ, Сарыағаш ауданының Ынтымақ ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету мəселесі қыркүйек айында шешілетіні айтылған. Соңында өңір басшысы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету əлеуметтік маңызды бағыт екенін жəне онымен байланысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін қажетті жұмыстардың бəрі жалғастырылатынын атап өткен.
Кґѕіл айту жеделхатын жолдады
Елбасы қазақ өнерінің көрнекті өкілі, суретші Шəкен Ниязбековтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев Ш.Ниязбековтің отандық көркемөнердің дамуына, туған елінің өркендеуіне зор үлес қосқан тұлға екендігіне тоқталған. «Тума талант ретінде ол жұмыстарын патриоттық рухта жазды. Оның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы болуы – өз Отанын шексіз сүйгендігінің көрінісі», делінген жеделхатта. Соңында Мемлекет басшысы суретшінің жарқын бейнесі тəуелсіз еліміздің жадында əрдайым сақталатынын атап өткен.
АҚПАРАТТАР аєыны Астанада шағын жəне орта бизнес кəсіпорындары саны 626-ға жетті. Тіркелген субъектілердің 51 пайызы – Алматы, 28,1 пайызы – Сарыарқа жəне 20,5 пайызы Есіл аудандарында шоғырланған. Бұл туралы Астана қаласының статис тика департаменті хабарлады. Елордада 2015 жылдың бі рінші тоқсанында 2 автовокзалдың құрылысы басталады. Ғи мараттардың бірі – Қарағанды, екіншісі Қостанай бағыттарындағы магистральдар бойларына салынады. Қазіргі таңда олардың техникалықэкономикалық негіздемесі əзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілген. Қызылорда облысының кеденшілері бюджетке 6 млрд. теңгеден астам қаржы қосты. Осылайша нақты мөлшері 6 млрд. 209 млн. 400 мың теңге көлемінде кеден төлемі мен салығының
түсуі арқылы болжамды тапсырма 105,5 пайызға орындалды. Ал департамент өндірісінде əкімшілік оқиғалар туралы 90нан астам іс болса, олар бойынша 2,5 млн. теңгеден аса айыппұл алынған. Шығыс Қазақстанның Аягөз ауданында жаңа кірпіш зауыты іске кірісті. «Индустрияландыру картасы» негізінде пайда болған өндіріс орны аудандағы осындай 7 жобаның бірі болып отыр. Нысан құрылысына 304 млн. теңге жұмсалған. Кəсіпорынның қуаттылығы жылына 10 млн. кірпіш шығаруды құрайды. Осы аптаның ішінде Арқалық – Шұбаркөл теміржолы ресми түрде ашылады. Мұны кеше аппарат мəжілісінде Қостанай облысының əкімі Нұралы Сəдуақасов хабарлады. «Біз бұл оқиғаны көптен күткен едік. Аймақ үшін аталмыш темір жолдың маңызы ерекше. Осыған байланысты Арқалықтағы теміржол вокзалы
Ќўќыќтыќ мемлекеттіѕ негізі 2-бет Ашыќ аспан астындаєы мўражай 3-бет Кґрме жалауы ќатарынан екі жыл желбіреді 4-бет Бауыржан мен Мəлік 5-бет
Айбын
Танк биатлоны Мəскеу маңындағы «Алабино» полигонында танк биатлоны бойынша екі апталық халықаралық чемпионат аяқталды. Биылғы командалар арасындағы бəсекелестіктің айтарлықтай жоғары болғанына қарамастан қазақстандық танкішілер жалпы командалық есепте құрметті екінші орынды (266 ұпай) иеленді. Бірінші орында Ресей Федерациясының командасы (294 ұпай), үшінші орында – Қытай Халық Республикасы (220 ұпай).
Біздің экипаждарымызға былтырғыдай үш командамен ғана емес Ангола, Армения, Беларусь, Венесуэла, Үндістан, Қырғызстан, Қытай, Кувейт, Моңғолия, Ресей жəне Сербия сияқты 11 елден келген командалармен күресуге тура келді. Сондықтан да ақтық сынға шығу əрбір экипаж үшін армиядағы жауынгерлік даярлықтың өте жоғары деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Екі апта бойы əлем чемпионатының түрлі кезеңдерінде қазақстандық танк экипажы командалық бəсекелестіктің осы бір түрінен көшбасшылыққа та ласа алатынын дəлелдеді. Қазақстанның экипаждары тамаша жауынгерлік даярлық деңгейі мен дағдысын, жеңіске деген құлшынысын жəне командада иық тіресе жұмыс істей алатын ұйымшылдығын көрсетті. Қуанатынымыз, жарысқа қатысушылардың біздің жігіттерге берген бағасы ерекше болды. Қытай Халық Азаттық Армиясының штаб бастығы Хуан Сю Цунның: «Қазақстан командасы осы бірін шіліктегі командалардың ішіндегі үздігі, ол осы жарыста өз еліне жеңіс алып қайтты, біз сіздердің командаларыңыздан көпте ген жарыс элементтерін үйренуіміз қажет», – деп пікір білдірді. Ресей танк экипажының механик-жүргізушісі Игорь Артемьев: «Қазақстандық командамен бəсекелесу өте қиын. Олар əсіресе алдыңғы кезеңдерде жоғары нəтижелер көрсетті. Сол үшін де лайықты бəсекелес деп санаймыз», дейді. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу марапаттады. Бұдан басқа, біздің командамызға «Командалық рухы
Оймақтай ой Дүние – шолақ, адам – қонақ. Қазақ афоризмі.
мен үйлерін салу жəне қалпына келтіру үшін бюджеттен 1 млрд. 300 млн. теңге қаржы бөлініп отыр», – деді ол. Жаңаөзенде «Өзен МұнайГаз» АҚ өзінің құрылуының 50 жылдығын атап өтті. Оның алғашқы қазығы 1964 жылғы 15 шілдеде қағылған екен. Содан бері республиканың өрлеп-өсуіне мұнай кен орны өз үлесін қосып келеді. Қоғамның бас директоры Мақсат Ибағаров тойдың мұнайшылар еңсесін көтеретінін айтты. Ақмола полицейлері 9 килодан астам героинді жойды. Жалпы құны 47 млн. теңгені құрайтын бұл есірткі заттарын облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері биылғы 2 шілдеде «Көкнəр» операциясы барысында 26 жасар Қырғызстан азаматын ұстау кезінде қолға түсірген еді. Хабарлар BNews.kz, «Қазақстан жаңалықтары», Egemen.kz, «Наша газета», «Тумба» агенттіктерінің деректері бойынша дайындалды.
үшін» номинациясының жүлдесін табыс еткен Мəскеу облысының губернаторы А.Воробьев мотоцикл мен екі скутердің кілтін ұсынды. Сонымен қатар, «Үздік көздеуші-оператор – мерген» номинациясында қазақстандық команданың мүшесі 3-сыныпты сержант Болат Əлиев үздік деп танылды. Танк биатлонынан өткен əлем чемпионаты əлемнің түрлі елдерінің қарулы күштері арасындағы əскери ынтымақтастықты
жəне жауынгерлік достастықты нығайтуға бағытталған батыл қадамдарын паш ете түскендей. «Алабино» полигонында Ангола, Армения, Беларусь, Венесуэла, Үндістан, Қазақстан,
Қырғызстан, Қытай, Кувейт, Моңғолия, Ресей жəне Сербия сияқты 12 елдің командалары қатысқан танк биатлонынан əлем чемпионаты табысты аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша
қазақстандық команда бəсекенің соңғы кезеңінде Ресей мен Арменияның командаларына жол беріп құрметті үшінші орынға ие болды. Танк биатлоны түрлендірген
əлем чемпионаты түрлі елдердің қарулы күштерінің əскери ынтымақтастығы мен жауынгерлік достастығын, батылдықтарын көрсете білді. «Егемен-ақпарат».
Ґнім жеткізу жолдары ќаралды 14 тамызда Мəскеуде Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастаған қазақстандық делегацияның Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен кездесуі болып өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесу барысында қазақстандық кəсіпорындардың Ресейдің импортты алмастыру бағдарламасына қатысуы, Кеден одағы аумағында Халықаралық жол тасымалы конвенциясын қол дану жəне қазақстандық
азық-түлік тауарларын Ресей Федерациясына экспорттау мəселелері талқыланды. Атап айтқанда, машина жасау, тау-кен металлургиялық, фар мацевтикалық, жеңіл жəне ағаш өңдеу салалары, сондай-ақ,
құрылыс индустриясы бойынша отандық өнімдерді ресейлік нарыққа жеткізіп беруге дайын 60 шақты қазақстандық кəсіпорындарға импортты алмастыру бағдарламасына қатысу ұсынылды. Ресей Федерациясына азықтүлік тауарларын экспорттауды дамыту мəселесі бойынша Бақытжан Сағынтаев бүгінгі таңда 20-дан астам кəсіпорын Ресей нарығына ұн, күріш, қарақұмық жармасы, пияз, консервіленген көкөністер, бал жəне кондитерлік
Бəрекелді!
Бауыржан Жауынтаев – жасґспірімдер Олимпиадасыныѕ чемпионы 16 тамыздан бері Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы екінші жазғы Олимпиялық ойындарда Қазақстан құрамасының қоржынына бұрнағы күні алғашқы алтын медаль түсті. Оны дзюдошы Бауыржан Жауынтаев қанжығасына байлады. Турнирде Бауыржан 55 килоға дейінгі салмақта күресті. Ол алтын тұғырға жету жолында жартылай финалда түрік Огажан Карачты тізе бүктірсе, финалда əзербайжан Натиг Гурбанлиден басым түсті. Осылайша Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы медаль түсті. Оның өзі алтын жүлдемен басталды. Бұған қосатынымыз, Бауыржан Жауынтаев осыған дейін де жасөспірімдер арасында əлем чемпионы атанып үлгерген болатын. Енді оның қатарына Олимпиада жеңімпаздығы қосылып отыр.
Еске сала кетейік, мұнда 16-28 тамыз аралығында 202 елдің 14-18 жас аралығындағы 3600 спортшысы 30 спорт түрінің 222 жарысы бойынша жүлделерді сарапқа салады. Бұлардың қатарында академиялық ескек есу, бадминтон, 3х3 баскетбол, бокс, күрес, велоспорт, гандбол, гольф, байдарка мен каноэ, дзюдо, ат спорты, жеңіл атлетика, үстел теннисі, желкен спорты, жүзу, жағажай волейболы, суға секіру, регби-7, қазіргі бессайыс, спорттық гимнастика, нысана көздеу, садақтан ату, теннис, триатлон, тхэквондо, ауыр атлетика, семсерлесу, футбол, көгалдағы хоккей жəне көркем гимнастика сияқты спорт түрлерінің сайыстары бар. Қазақстандықтар 19 спорт түрі бойынша жарысқа қатысады. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.
өнімдерді жеткізуге дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар, халықаралық Жол конвенциясы шартына сай Ресей аумағы арқылы елімізге бағыт алған қазақстандық автокөлік құралдарын өткізу мəселесі де талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экономикалық интеграцияны дамытуға қатысты екіжақты қарым-қатынастарды əрі қарай тереңдетудің қажеттілігін атап көрсетті.