19092013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Жаңа Доктрина – бүгінгінің байыпты да батыл ұстанымы 2-бет №215 (28154) 19 ҚЫРКҮЙЕК БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

 Тəуелсіздік талаптары

ЕЅСЕЛІ ЕЛДІЅ ЕРЕН ЎМТЫЛЫСЫ Ќазаќстан БЎЎ Ќауіпсіздік Кеѕесініѕ тўраќты емес мїшелігіне ґз кандидатурасын ўсынбаќ

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның 2017-2018 жылдары болатын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілетуге арналған қабылдау өткен еді. Бұл іс-шараға еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған осы ведомствоның басшылары, Президент Əкімшілігінің жауапты қызметкерлері, Парламенттің қос палатасының депутаттары, еліміздің өзге де министрліктері мен ведомстволарының, шетелдік дипломатиялық корпустың, БАҚ өкілдері қатысқан. Біз Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Е.Ə.ЫДЫРЫСОВТЫ аталған мəселеге байланысты əңгімеге тартқан едік. – Ерлан Əбілфайызұлы, Қазақстан 2017-2018 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болу үшін өз кандидатурасын ұсынбақ ниетте екені жария етіліп жатыр. Əңгімемізді еліміз үшін айтарлықтай маңызы бар осы қуанышты мəселеден бастасақ. – Бұрнағы күні БҰҰ Бас Ассам блеясының 68-ші сессиясы өзінің кезекті жұмысын бас тады. Ал осы оқиға қарсаңында Қа зақстанның, жаңа өзіңіз айтқандай, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіп сіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болу үшін өз кандидатурасын ұсыну науқанын бастағаны рас. Бұған сайлау 2016 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-ші сессиясы барысында өтетін болады. Өздеріңіз білетіндей, Қауіпсіздік Кеңесі – бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін өз мойны на үлкен жауапкершілік алған басты жаһандық орган. Осыған байланысты Кеңестің құрамы ол халықаралық қоғамдастықтың пікірін барынша толықтай көрсете алатын деңгейде қа лыптастырылғаны өте маңызды.

Қазақстанның ойға алғаны орындалған жағдайда алғаш рет Кеңес мүшесі атанып, Азия тобында əділетті географиялық бөліністің тепе-теңдігі қамтамасыз етілетін болады. – 2017 жыл Қазақстан үшін айтулы жыл болғалы тұр екен. Өйткені, сол жылы еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданғанына тура 25 жыл толатыны белгілі... – Əлден асығып, аптықпайық. Мүшелікке өту оңай шаруа емес, басқа да елдер таласатын болады. Бірақ, жас мемлекет бола тұра, Қазақстанның мүмкіндігі жоғары екенін тағы да жоққа шығармаған жөн. Қысқа мерзім ішінде Отанымыз заманауи, тұрақты, ырғақты дамыған мықты экономикасы жəне белсенді сыртқы саясаты бар мемлекетке айналды. Сондай-ақ, өзін сенімді халықаралық серіктес ретінде таныта білді. Еліміз БҰҰ-мен қауіпсіздік жəне ядролық қаруды таратпау, экономика, экология, əлеуметтік даму, халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын қорғау, терроризммен,

Аймаќаралыќ ынтымаќтастыќ арта тїседі

Кеше Астанада қала əкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен Ресей Федерациясы Курск облысының губернаторы Александр Михайлов Курск иініндегі ұрысқа қатысқан 16 астаналық ардагерге осы тарихи шайқастың 70 жылдығына байланысты естелік белгі тапсырды. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Жалпы, Курск шайқасына Қазақ станда жасақталған 72 жəне 73-ші гвардиялық, 8 жəне 387-ші атқыштар дивизиялары, сондай-ақ, кеңестік армияның басқа да əскери бөлімдеріндегі мыңдаған отандастарымыз қатысқан. (Соңы 2-бетте).

 Жемқорлық – індет, жою – міндет

Ќаржыны ќалтасына басќан «Соңғы 8 айдың ішінде «Нұр Отан» партиясына мүше 201 адам жемқорлық үшін айыпталды. Бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен 4 есеге артық. Себебі, өткен жылдың 8 айының ішінде дəл осындай айыппен 49 партия мүшесі ұсталған болатын. Осы орайда, жемқорлардың 60 пайызын мемлекеттік жəне бюджеттік ұйым басшыларының құрап отырғандығын айту қажет. Бұл – бір реттік акция емес. Партия қатарындағы жемқорларды анықтау жұмысы жүйелі əрі кешенді түрде жүргізілетін болады». Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңес бюросы мен Партиялық бақылау комитетінің бірлескен отырысында Партиялық бақылау комитетінің

төрағасы Боран Рақымбеков осылай деді. Жиында сондай-ақ, Парламент Мəжілісінің эксдепутаты Бақыт Сыздықова мен Білім жəне ғылым вицеминистрі қызметін атқарған Саят Шаяхметовті «Нұр Отан»

Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында Балқаш жылу электр стансасын салу, ТМД-ға мүше елдердің адамдарды мемлекетаралық іздеуге қатысты заң жобалары талқыға салынды. «Егемен Қазақстан».

партиясы мүшелігінен шығару мəселесі де қаралды. «Нұр Отанның» Партиялық бақылау комитетінің Астана қалалық филиалының төрағасы Дəулеткерей Рахметуллиннің айтуынша, 2008 жылдың 12 қарашасында «Нұр Отан» ХДП ҚБ №18 «Уақытша қаржылай көмек көрсету» келісімі негізінде Бақыт Сыздықова жетекшілік еткен «Қазақстанның болашағы үшін» Жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігіне жедел түрде қайтарылатын шартпен 7 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіліпті. (Соңы 2-бетте).

жылдың мамырында Алматыда өткен 63-ші сессиясын, алғашқы Медициналық-санитарлық көмек туралы Алматы декларациясына арналған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) 2008 жылдың қазанында Алматыда ұйымдастырылған конференциясын, Бүкілəлемдік туристік ұйымы Бас ассамблеясының 2009 жылдың қазанында Астанада өткен 18-ші отырысын жəне басқа да бірқатар шараларды келтіруге болады. Бұйыртса, Қазақстан өз тарихында осы лайша тағы бір жаңа дəуір ге аяқ басқалы тұр.

Жəне бұл ұмтылыс бəрінен бұрын Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімімен тығыз байланыстырылуы тиіс. Көшбасшының сарабдал саясаты, оның кез келген құбылыстың жақсы жағын көре білу қабілеті Қазақстанды егемендіктің елең-алаңындағы үлкен қиындықтардан тау-тасқа соқтырмай аман-есен алып шығып қана қоймай, көп уақыт өтпей-ақ «Назарбаев феномені» деп айтуға əбден лайықты табыстар биігіне көтерді. (Соңы 3-бетте).

Ұлттық болмыс 5-бет

Балќаш ЖЭС-і электр ќуаты тапшылыєын жоюы тиіс

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

ұйымдасқан қылмыспен жəне есірткі бизнесімен күрес салаларында тығыз ынтымақтасып келеді. БҰҰ-ға қабылданған кезден бері Қазақстан оның барлық басты шараларына белсене қатысып қана қоймай, Ұйым аясында өткізіліп жүрген ірі халықаралық форумдарды өзінде қабылдауда. Бұған дəлел ретінде БҰҰ-ның теңізге шығатын жолы жоқ елдер үшін 2003 жылдың тамызында Алматыда өткен жаһандық конференциясын, БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхиты аймағы Экономикалық жəне əлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) 2007

Алтынымыз қашан ардақталады? 4-бет

Күн тəртібінде «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» заң жобасы жəне Сот төрелігін одан əрі жеңілдету, төрешілдік рəсімдерді азайту мəселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді көздейтін заңдық құжат та заңнамалық айналымға алынды. Заң жобалары соттардың тəуелсіздігін күшейтіп, сот лауазымына кандидаттарды іріктеу рəсімдерін жетілдіруге бағытталған. Жəне де судьялық корпусты қалыптастыруда қоғамның рөлін арттыруды көздейді. Мұндағы жаңалық соттарға шешімі əлі заңдық күшіне кірмеген іс бойынша көпшілік алдында жеке пікірін білдіруге болмайтындығы бекітіледі. Сондай-ақ, сот рəсімдерін жеңілдету бойынша қосымша шаралар ретінде дəлелдемелерді қашықтықтан зерттеу жəне іске қатысушы адамдардың түсініктемелерін бейнебайланыс құралдарының көмегімен тыңдау мүмкіндігін көздеу ұсынылады. Бұдан басқа, отырыста Парламент депутаттары Д.Назарбаева, Г.Иқсанова, С.Бычкова, О.Киколенко, Л.Полторабатько, А. Самақова, Е.Тарасенко бастамашы болған Тұрмыстық зорлықзомбылыққа қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді қарастыратын заң жобасы да өндіріске алынды. Жаңа заңдық құжатта

отбасының өмірлік қиын жағдайда жүрген кəмелетке толмаған балалары мен өзге де мүшелеріне уақытша қорғаншылықты айқындау көрініс тапқан. Тұрмыстық зорлықзомбылық жасаған адамға жеке тұрғын үйде, пəтерде немесе өзге де тұрғын үйде жəбірленушімен бірге тұруға жəне жанжалдасушы бір немесе екі тарапқа қандай да бір мүліктік құқықтарды беруді немесе өткізуді жүзеге асыруға тыйым салынып отыр. Сондай-ақ, күн тəртібінде еліміз бен Азия Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісім де ратификациялану үшін қорытынды əзірлеуге алынды. Атап айтқанда, келісім Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзит дəлізінің шеңберінде Шымкент – Ташкент учаскесін дамыту үшін қарыз беру мəселесін қамтиды. Келісімге сəйкес 125 миллион АҚШ доллары сомасындағы қарыз Қазақстан Республикасына 16 жылға беріліп отыр. Мəжіліс агроөнеркəсіптік кешен мəселелері бойынша депутаттар дайындаған түзетулер бойынша салалық комитеттердің қорытынды əзірлеу мерзімін анықтады. Жаңа енгізілім ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, заң жобасымен өндірістік қуаттардың жаңасын құруға немесе қолданыстағысын кеңейтуге қажетті инвестициялық қаржыны бөлу кезінде агроөнеркəсіптік кешен субъектілері шеккен шығындардың бір бөлігін өтеу қарастырылыпты. (Соңы 2-бетте).

 Алтын орақ

Шолаќсайда ќауырт шаќ Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Дала алтын күз келгенде бұрынғыдан да сұлулана түсетін секілді. Мұны Шолақсай ауылындағылардың барлығы да байқайды. Торғай ойпатының етегінде жатқандықтан Шолақсайда облыстың солтүстік аудандарына қарағанда қардың көбесі ерте сөгіліп, топырақ ерте жыли бастайды, жаңбыр жауса топырақ ерте кеуіп кетеді. Сондықтан, дəн уақытылы егілмесе немесе піскен егін уақытылы орылмаса арамшөп бидайға бой бермей қаулайды. Күздің əр шолақсайлық үшін əдемілігі неде? Алтын күз дастарқанына нан мен тұз орап əркімнің алдынан шыққан ана тəрізді екен ғой. Диқан да, механизатор да, малшы да, үлкен де, кіші де күзбен бірге егіннің піскенін, малдың семіргенін, қысқасы, еңбегінің нəтижесін күтеді. Əркімнің жүрегінде бір арман, мақсат. Қазір ауылдарды сол жердегі егін егіп немесе мал өсіріп отырған шаруашылықтар ұстап отыр. Көктемде «Шолақсай» жауапкершілігі шектеулі серік тесті гінде 18 мың гектар жерге бидай егеді. Оны жабылып жүріп жинап алса, ол жұмыс та, қаржы да, нан да болады. Сондық тан əр шолақсайлықтың күзден күтері көп. Соның бірі – механизатор Мырзаболат Есжанов. «Шолақсай» жауапкерші лігі шектеулі серіктестігіне

2001 жылдан бастап алдымен жұмысшы болып орналасқан еді. Өзі осы ауылдың тумасы. Мектепті бітірген соң сыныптастары секілді оқу іздеп сыртқа кеткен жоқ. Ауылда қалды. Ұл баланың техникаға бейім болатын əдеті емес пе, Мырзаболат та шаруашылықтың машинатрактор паркіндегі техникаларды айналдырды. Қыс бойы жөндеуге атсалысады, слесарь болып істеді. Шаруашылық жыл сайын техника жаңартуға талпынып отырды. Соңғы жылдары су жаңа «Енисей», «Есіл» комбайндары егін орып жүр. Бидайдың дəнін жоғалтпай таза жинайды жəне

сабанын турап, майдалап шашып кетеді. Нөлдік технологияның бір элементі осы, алқапқа даладан тыңайтқыш іздеудің қажеті жоқ. Мырзаболаттың күз келгенде комбайнға отырсам деген арманы болатын. Жыл құстарын көзімен ұзатып салғандай, соңғы жылдары Мырзаболат əр күзді осы арманымен шығарып салатын. Биыл ұсыныс шаруашылық басшысы Мəди Ихтиляповтың өзінен болды. «Мырзаболат, сен жаңа «Енисейге» отырсаңшы. Қанша жыл техниканың арасында жүрсің, дөңгелетіп алып кететініңе сенемін» дейді ғой Мəди Өмір зақұлы. Жас жігіттің күткені де

осы еді, қуана келісті. Алқапта кемедей жүзіп жүрген бес-алты комбайнның алдындағы «Енисей» кабинасында Мырзаболат отыр. Белуарға жақын өскен бидайды ұстарадай сыпырып келе жатқан комбайн қасымызға келіп тоқтады. Жас жігіт жұмыстың қы зығына түскен секілді. Бір күнде 30 гектардан астам жердің бидайын орады екен. Бұл шаруашылықтағы бұрыннан келе жатқан комбайншылардан аздау болса да, жаман көрсеткіш емес. Шаруашылық қазір барлық алқаптың 70 пайызын орып, қырманға жеткізді. (Соңы 4-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.