19092014

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №183 (28406) 19 ҚЫРКҮЙЕК ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

Ќатаѕ баќылауды тапсырды

Индустриялыќ жобаларєа ерекше назар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында К.Кө кірекбаев Мемлекет басшысына Жамбыл облысының əлеуметтік-экономикалық дамуының не гізгі көрсеткіштері мен өңірді да мытудың алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Мемлекет басшысы өңірдің жылу беру маусымына дай ын ды ғын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Сондайақ, ауыл шаруашылығында ылғал

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршинді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

сақтау технологияларын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев облыста мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылатын индустриялық жобаларға айрықша назар аударды. Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар берді.

Қ.Жаңбыршин Мемлекет басшысына Есеп комитетінің биылғы негізгі жұмыс қорытындылары мен қаржылық бақылау органының алдағы кезеңдегі даму перспективалары туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының ревизиялық комиссияларының жергі лікті бюджеттердің атқарылу тиімділігін бағалау жөніндегі жұмыс

қорытындыларымен, сондай-ақ, республикалық бюджеттің өңірлерге трансферттер мен субвенциялар түрінде келіп түскен қаражаттарының жұмсалу жайымен танысты. Мемлекет басшысы бюджеттік жоспарлау сапасын арттырудың, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметін үйлестіруді күшей тудің, сонымен қатар, бюджет

қаражаттарының тиімді пайдаланылуын қатаң бақылаудың маңыздылығын айтты. Қ.Жаңбыршин Есеп комитеті 2014 жылдың 8 айында 186 нысанда 16 бақылауталдау шарасын жүргізгенін мəлімдеді. Анықталған құқық бұзушылықтың жалпы сомасы 1,2 есе өсіп, 342,3 миллиард теңгені, соның ішіндегі қаржылық құқық бұзушылықтар 168,6 миллиард теңгені құраған. 77 лауазымды тұлға түрлі дəрежедегі жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, Қ.Жаңбыршин республикалық бюджетті жоспарлау мен атқарудың жүйелі проблемалары туралы баяндады. Соның ішінде игерілмеген бюджет қаражатының көлемін анықтау əдістемесіндегі айырма шылықтар, сапасыз бюджеттік жоспарлауға тиісті жауапкершіліктің жоқтығы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарының келісілмеуі атап өтілді. Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор нысандарының бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану деректері де бар. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіруге жəне қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

● Президент поштасынан

Ўлттыќ байќау ўлттыќ ќўндылыќтарєа їндейді

Бүгін елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рəсімі өтеді. Аталған байқау ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде осыдан біршама уақыт бұрын басталған болатын. Ал елордаға өңірлік конкурстардың жеңімпаздары жиналып отыр. «Мерейлі отбасы» байқауына байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына облыстық байқаулардың бірқатар жеңімпаздарынан хаттар келіп түскен еді. Сондай хаттың бірі Ақтөбе облыстық конкурсының жеңімпазы Түсіпқалиевтар отбасынан келіпті. Онда былай делінеді: «Сіздің бастамаңызбен биыл ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының отбасы құндылықтарын насихаттауда, некенің жағымды үлгісін таратуда жəне отбасы мəртебесін арттыруда маңызы зор. Осы байқау біздің отбасымыздың үлкен шаңырақтың бір уығы екенімізді жəне қазақ елінің өркендеп өсуіне жауаптылығымызды сездіртті. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала десек, баланың тəрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының əсері мол. Ал бақытты мерейлі отбасы – Отанымыздың негізі. Бар тілек отбасынан басталады десек, жастарды үлгілі, берекелі отбасын құруға ынталандыруда «Мерейлі отбасы» байқауының берері мол екені сөзсіз.

Байқауға қатысқан əрбір отбасы Елбасының қамқорлығын сезіне отырып, өздерінің ел келешегін құрудағы жауапкершілігін түсінді. Əр отбасы қандай мықты болса, Отанымыздың да іргесі де сондай мықты! Еліміздің мəртебесі жоғары, Тəуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын». *** Сондай бір хат астаналық байқаудың жеңімпазы Ахметовтер отбасынан келген еді. Бұл хаттың мазмұны төмендегіше өріледі: «Кемеңгер отырған тақ – халықтың маңдайына біткен бақ» деген даналық бар. Осынау ұлы сөз – бүгінде əлемге аты жайылған, экономикасы қарқынды дамыған еңсесі биік еліміз бен сол елдің игілігіне туған Өзіңіз туралы айтылғаны анық. Астана – Сіздің ерен идеяңыздың жемісі, батыл шешіміңіздің нəти жесі. Сондықтан Астанамыз дың орны қашанда бөлек. Сіздің көреген көсемдікпен шешім қабылдап, салиқалы да салмақты саясат жүргізуіңіздің арқасында Қазақстан бүгінде ұлтаралық

Мəскеу қаласында Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі.

Маѕызды мəселелер ќаралды Отырысқа қатысушылар Кеден одағы мен БЭК қызметіне, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) құруға қатысты аса өзекті мəселелерді қарастырды. Кеңес отырысының күн тəртібіндегі басты мəселелер 2014 жылдың 29 мамырында

қол қойылған ЕАЭО туралы шартқа сəйкес құрылып жатқан Еуразиялық экономикалық одақ органдарының тиімді қызметтерін қалыптастыруға бағытталды. (Соңы 10-бетте).

қатынастың озық үлгісін қалыптастырған, шоқтығы биік, еңсесі тік елге айналды. Қазіргі біздің жеткен жетістіктеріміз бен алған асуларымыздың, əлеуетіміздің ауқымына əлем жұртшылығы құрметпен қарап отыр. Ең бастысы, бізде елдік сана, ертеңге деген сенім қалыптасты. Сондықтан да мен өз отбасымның атынан Сіздің мемлекет үшін, ел үшін атқарып келе жатқан ерен еңбегіңізге шексіз алғысымды жеткіземін. Өзіңіздің бастамаңызбен қолға алынған елімізде тағы бір тамаша мереке бар. Ол – «Отбасы күні» мейрамы. Отбасы мəртебесі мен беде лін көтеріп, қоғамдағы отбасы институтының абыройын нығайтуды көздеген бұл шешім де халқыңыз тарапынан биік қолдауға ие болды. Біз, Ахметовтер отбасы, биыл Астана қаласында өткізілген «Мерейлі отбасы» қалалық конкурсының жеңімпазы атандық. Осылайша алдағы республикалық байқауға Астана атынан қатысуға мүмкіндік алдық. Бұл біз үшін – зор мақтаныш. Мен өзім 45 жыл бойы еліміздің теміржол саласында еңбек етудемін. Ахметовтер əулетінен темір жол саласында бүгінге дейін 64 кісі қызмет етіп келеді. Бұл біздің отбасылық мамандық десе де болады. Сондықтан да қарапайым халыққа осындай мүмкіндік туғызып, отбасы деген қастерлі ұғымды ұлықтағаныңыз үшін Сізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз». (Соңы 2-бетте).

П а р ла м е н т М ə ж і лі с і н і ң Т ө р а ғ а с ы Қ а б и б о лла Жақыпов Пəкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Шаукат Əли Мукадаммен кездесті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

Пəкістан елшісімен кездесті Кездесу барысында Мəжіліс Төрағасы екі ел арасындағы қарым-қатынастың жан-жақты, соның ішінде, парламентаралық деңгейде жыл сайын нығайып келе жатқанын атап өтті. Оның дəлелі пəкістандық тараптың Қазақстанның маңызды бастамаларына, атап айтар болсақ, Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің

тұрақты емес мүшелігіне жəне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге қолдау білдіргендігі. Қабиболла Жақыповтың атап өткеніндей, Пəкістан біздің еліміздің Оңтүстік Азия аймағындағы сенімді əрі маңызды əріптестерінің бірі болып табылады. Өз кезегінде елші

Қазақстанның барлық салада таңғаларлық табыстарға қол жеткізіп келе жатқанын, ол ең алдымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаты мен Қазақстан халқының еңбексүйгіштігінің жемісі екенін атап өтті. Тараптар екіжақты қарымқатынастың өзекті мəселелерін талқылай келіп, алдағы уақытта да барлық салада, соның ішінде парламентаралық деңгейде ауқымды мəселелер бойынша ықпалдастықты одан əрі нығайтуға ынталы екендіктерін жеткізді. Кездесу барысында Шаукат Əли Мукадам Мəжіліс Төрағасына Пəкістан Парламенті Ұлттық Ассамблеясы Спикерінің ресми шақыруын табыс етті.

● Мамандарды оқытудың мемлекеттік гранттары көбіне өңірлерде бөлінеді. «Индустрияландыру бағдарламасы жобаларын жүзеге асыру мақсатында еліміздің өңірлерінде мамандарды оқытуға мемлекеттік грант саны артады», деді Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Əбдіқалықова Алматы облысына іссапары барысында. Ол сонымен бірге, жоғарғы сынып оқушылары арасында кəсіптік бейімдеуді арттыру қажеттігін атап өтті. ● Қазақстанда жылу беру маусымына толық дайындық қазан айының басында аяқталады. Бұл туралы мəлімдеген Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев қазірге дейін бекітілген кесте бойынша Қазақстанда жылу беру маусымына қарсы 9 энергоблок, 67 қазандық пен 47 турбина жөнделгенін сөз етті. ● Астанада 20 қыркүйек күні татарлардың «Сабантой» мерекесі өткізіледі. Ол Татарстанның елордадағы мəдениет күндері аясында ша шақ тарқатып, «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталы ғын дағы қалашық қалпында қанат жаяды. ● Израиль компаниясы Көкшетауда жылу-электр орталығын салады. Бұл Ақ мола облысының əкімі Сергей Кулагин мен «ALL ENERGY LTD»\ Israel компаниясының қаржы директоры Амиель Валерий арасында өткен кездесуде айтылды. ● Оңтүстік Қазақстанда елді мекендерді ауыз сумен қамту мəселелері қаралып жатыр. Осыған орай облыс əкімі Асқар Мырзахметов аудандар мен қалалар əкім діктерінің есеп беру мəжілістерін өткізуде. Бұл жиындарда елді ме кендердің ауыз сумен қамтылу көрсеткіштері талқы ланып, аудан, қала əкімдіктерінің су құбыры жоқ елді мекендерді сумен қамту жоспарлары пысықталуда. ● Қызылордада жаңадан салынатын мектептердің жобасы мақұлданды. Кеше бұл мəселе облыс əкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен сəулет-қала құрылысы кеңесінде қаралды. Бұл білім ордалары алдағы жылы Қазалы ауданының Бірлік, Қармақшы ауданының Қуаңдария, Жаңақорған ауданының Қожамберді жəне Шиелі ауданының Ə.Тəжібаев ауылдарында бой көтереді. ● Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты айлық аяқталды. Оның соңында Ивановка ауылдық клубында осы тақырыпқа конкурс өткізілді. Соңынан қатысушылар түгел əртүрлі марапттарға ие болды. ● Маңғыстауда қаза болған полицейлер отбасыларына қайырымдылық шарасы өткізілді. Ол отбасы күніне орай ұйымдастырылды. Шара аясында ішкі істер департаментінің басшылары қызмет бабында опат болған тəртіп сақ шыларының бала-шағаларына қаржылай көмек қоры мен бағалы тұрмысқа қажетті техникаларды табыстады. Хабарлар Үкімет, облыстық жəне қалалық əкімдіктер сайттары деректері бойынша дайындалды.

Адамзат туыстыєын ўмытпаса Кеше елордадағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының ХІІІ отырысы болып, оған Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев жетекшілік етті. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Қ.Тоқаев қонақжай қазақ жеріндегі игі дəстүрге айналған кездесулердің Съезд беделі мен ықпалының күн санап өсуіне себін тигізіп жатқанына ерекше тоқталды. Өткен жылы біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы мен

Жоєары Сот кеѕесініѕ отырысы

Кеше Жоғары Сот кеңесінің Төрағасы Р.Түсіпбековтің басшылығымен Жоғары Сот кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста Сот жюриінің жəне Жоғарғы Сот жанындағы судья этикасы жөніндегі комиссияның қызметі туралы ақпарат тыңдалды, сондай-ақ, сот жүйесінің ұйымдастыру-кадрлық мəселелері қарастырылды. Отырыс қорытындысы бойынша Жоғары Сот кеңесінің тиісті шешімдері мен ұсынымдары қабылданды. Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі.

шақырылған Съездің 10 жылдығын атап өттік. Тарихи тұрғыдан осындай қысқа мерзім ішінде біздің Форум мəдениеттер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуы жүргізілетін беделді халықаралық алаңға айналды, деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Деркезділік, өзектілік жəне сындарлы үнқатысу Астана Форумы жетістігінің кепіліне айналып, барша əлем қоғамдастығының

назарын аудартты. Съезд көрнекті діни қайраткерлер мен саясаткерлер жəне халықаралық ұйым басшылары тарапынан қолдауға ие болды. Съездердің шеңберінде түрлі дін өкілдерінің арасында байланыстар орнатылып, нығайтылды, соның нəтижесінде олардың арасындағы сенім мен өзара құрмет арта түсті. Алайда отырыстың жəне V Съезге əзірліктің халықаралық жағ дайдың шиеленісе түскен кезеңінде өтіп отырғанын алға тарт қан Хатшылық басшысы саяси ғана емес, дінаралық жəне дінішілік қайшылықтар көріністері де байқалып жатқандығына екпін берді. Діни форумның мақсаттарына қатысты Қ.Тоқаев алдағы Съездің міндеті адамзат алдында тұрған өзекті

мəселелерді ашық жəне пəрменді түрде талқылау болып отырғанын, олай болса Съезде дін басшылары мен саяси қайраткерлердің үнқатысуы мəселелерін талқылау ұсынылғанын ортаға салды. Съезд Хатшылығы басшысының пікірінше, жер жүзінде орнықты бейбітшілік қалыптастыру үшін діни төзімділік пен өзара құрметті ілгерілету, дүрдараз тараптарды келіссөз үстеліне тарту жəне олардың мəмілеге қол жет кізуіне жəрдемдесу қажет. Съездің діндер мен мəдениеттер арасындағы жаһандық үнқатысуды ілгерілетудегі үлесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарларында атап көрсетілді. (Соңы 6-бетте).

● Бəрекелді!

Диспансер

Семейде туберкулезге ќарсы балалар ауруханасы мен спорт кешені ашылды Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Семей қаласында туберкулезге қарсы балалар ауруханасы пайдалануға берілді. Аталған медицина мекемесі 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы əкімдігі мен Сауд Арабиясы Корольдігі

арасында қабылданған Меморандум аясында салынды. Жаңа ғимарат 1 млрд. 600 млн. теңгеге бой көтерді. Оның ішінде 1 млрд. 300 млн. теңге қаражатты грант ретінде Сауд Арабиясы бөлсе, 309 млн. теңге жергілікті бюджеттен бөлінді. Аурухананың қызмет

көрсету мүмкіндігі Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы балалар мен жасөспірімдерді ғана емес, Павлодар, Қарағанды сынды көрші өңірлерді де қамтуға жетеді. Айта кеткен лəзім, мұндай мекеменің баламасы еліміздің басқа өңірлерінде жоқ. Аурухананың басты ерекшелігі, Семейдің қарағайлы орман белдеуінің ішінен орын тепкендіктен өкпе дертіне шалдыққан жандарға табиғи ауасының өзі шипа болмақ. 2013 жылы басталған құрылыс жұмыстарын «Иртышгэсстрой» ЖШС жүргізді. (Соңы 12-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.