19112013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Тұңғыш Президент күні Бұл күн не үшін керек деген сұраққа жауап

2-бет Елбасы айтқан елдік пəні – «Қазақ Елі» 3-бет Мұнайлы «кінәлі» сыңайлы 4-бет Тәртіп бар жерде әділдік те болады 6-бет

№256 (28195) 19 ҚАРАША СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

 Бəрекелді!

КОРТ КЕРБЕЗІ

Ќазаќстан Республикасыныѕ єылым мен техника саласындаєы 2013 жылєы Мемлекеттік сыйлыєын беру туралы

Астанада əйелдер арасында ITF турнирінің кезекті жарысы өтіп, онда Қазақстанның жас теннисшісі Кəмила Керімбаева жеңімпаз атанды. Осыған орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев оны телефон арқылы жеңісімен құттықтады. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

ITF турнирі – халықаралық теннистер қауымдастығының (WTA) қамқорлығымен əйелдер арасында өтетін үлкен жарыстардың бірі. Ол жас теннисшілердің болашақта WTA-ның үлкен турнирлеріне қатысуы үшін өткізіледі. Осы сында Кəмила Керімбаева алғаш рет үлкен жетістігіне жетті. Ол Астанада өткен турнирде өзбек теннисшісі Альбина Хабибулинаны екі партияда 6:1, 6:3 есептерімен ұтты. Бұған дейін Кəмила өз елімізде үлкен халықаралық жарыстарда мұндай биік тұғырға көтерілген емес еді. Сондықтан, мұны оның өміріндегі ең жоғары нəтиже деуге болады. – Бұл – менің елімізде өткен үлкен жарыстардағы алғашқы жеңісім. Осы сынға бесінші

нөмірлі теннисші ретінде қатыстым. Менің жеңімпаз атанатыныма көп адам сенген жоқ, – деді ол. – Турнирдің жеңімпаздығын қырғызстандық Ксения Палкинадан күтті. Мен алдыма тек жеңіске жету керек деген мақсат қойдым. Финалға жақ сы дайындықпен шығып, қарсыласымды қиналмай ұттым десем болады. Кəмиланың өзбек теннисшісімен өткен кездесуі тура 1,5 сағатқа созылды. Осы кездесуде екі жақ жеңіске жету үшін барын салып бақты. Өзбек қызы да осал теннисші емес. Ол да

Телефон арќылы ќўттыќтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы ITF турнирінің жеңімпазы атанған Қазақстан теннисшісі Кəмила Керімбаеваны телефон арқылы құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев К.Керімбаеваны спорттағы маңызды жетістігімен құттықтап, оған жаңа жеңістер тіледі. ITF сериясы жарыстарының əйелдер арасындағы турнирі халықаралық теннис қауымдастығының (WTA) тікелей қолдауына ие. Ол жас теннисшілердің келешекте WTA-ның ірі турнирлеріне қатысуы үшін өткізіледі.

Елбасыныѕ апталыќ кестесі Мемлекет басшы сы Нұрсұлтан Назарбаев 20 қарашада Ас танада өтетін Қа зақ стан Республикасы судьяларының VI съезі жұмысына қатысады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қайғыға ортақтастығын білдірді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Қазанда болған əуе апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

қазаны шын ниетіммен бөлісемін, – делінген жеделхатта. Жеделхатта Нұрсұлтан Назар баев Қазақстан халқының атынан жəне жеке өзінің атынан шын ниетпен көңіл айтып, қаза тапқандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтастығын білдірді.

Көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев КСРО-ның жəне Қазақ КСР-інің халық əртісі Ермек Серкебаевтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Жеделхатта өз дара дауысы арқылы жастай танылған Ермек Серкебаевтың өмір бойы еліміздің басты өнер ордасы – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера жəне балет театрында жемісті еңбек еткені атап өтілген. «Дауысы қандай əсем болса, жаны да сондай сұлу оның орын дауындағы қазақтың халық əндері мен əлемдік опера туындыларындағы басты ариялар тыңдаушылардың жанын əрдайым нұрға бөлейтін», – делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы Ермек Серкебаевтың əлемнің көптеген

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі

2013 жылы мəдениет саласында мемлекеттік стипендиялар беру туралы

1. Қосымшаға сəйкес 2013 жылы мəдениет саласында мемлекеттік стипендиялар берілсін. 2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 15 қараша. № 247

-----------------------------------(2013 жылы мəдениет саласында мемлекеттік стипендия берілген адамдардың дербес құрамы 2-бетте жарияланып отыр). ТАҒАЙЫНДАУ

Тəуелсіздік сарайында өтетін съезд барысында Қазақстан Президенті «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру аясында сот жүйесін одан əрі дамыту мəселелері жөнінде сөз сөйлейді жəне өткен V съезде айтылған міндеттердің іске асырылу нəтижесі қорытындыланады деп жоспарланған.

Мемлекет басшысы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырау салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы хабарды қайғыра оты рып қабылдағанын атап өткен. – Бұл қайғылы оқиға мені қатты күйзелтті, Ресей Федера циясы халқымен бірге ауыр

Астанаға тек жеңімпаз атануға келген теннисшілердің бірі. Соған қарамастан, К.Керімбаева финалда қарсыласын ұтып, биылғы халықаралық жарыстарда осымен екінші рет жеңіске жетті. К.Керімбаева биылғы алғашқы же ңі сі не Египетте өткен халықаралық сында жеткен еді. Сол кездегі турнир де жас теннисшімізге аса қиынға соқпады. Ол өзімен құрдас спортшылардың бəрінен басымдық танытып, жарыстың нөмірі бірінші ракеткасына айналды.

елдері сахналарында өнер көрсету бақытына ие болып, халықаралық аудитория ықыласына бөленгенін атап өткен. Ол консерваторияда ұстаздық ете жүріп, кеңінен танымал болған көптеген шəкірттер де тəрбиеледі. КСРО, сондай-ақ, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес терінің депутаты болып сайланды. Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, «Отан» орденімен марапатталды. Қазақстан Президенті Ермек Серкебаевтың еңбегі еліміздің əн өнері тарихында, ал есімі халқымыздың жүрегінде əрдайым сақталатынына сенімін білдірген.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Бақыт Дəнебекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне; Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы, Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы Төтенше жəне өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды. ХРОНИКА

Мемлекет басшысының Жарлығымен: Бақтияр Сардарбекұлы Тасымов Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Кувейт мемлекетіндегі, Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.

Жеѕілдіктерді саќтау отандыќ кəсіпорындар мїддесімен ўштасады

Мəжіліс Төрағасының орынбасары Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен кешегі Үкімет сағаты «Қазақстан Республикасының Бүкілəлемдік сауда ұйымына кіру процесі туралы» тақырыбына арналды. Депутаттар алдында Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова баяндама жасады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Спикердің орынбасары 1996 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Бүкілəлемдік сауда ұйымына кіру туралы ресми өтінішін ұсынса, 1996 жылғы ақпанда Қазақстанға бақылаушы ел мəртебесі берілгенін, ал 2003 жылы ұйымға қосылудың ақпараттық кезеңі аяқталып, қазір Қазақстанның ұйымға кіруі бойынша құрамында 50 мүше елден тұратын жұмыс тобы құрылғанын айтып өтті. Бұдан кейін сөз Экономи калық интеграция істері министріне берілді. Ол өз сөзінде Бүкілəлемдік сауда ұйымы алдымен тауарлар мен қызметтердің саудасын реттейтін қағидалардың жиынтығы болып табылатынын

айта келіп, оларды мүше болып отырған 159 мемлекет, оның ішінде əлемнің ең ірі экономикалары бүгінгі күні қолданып отырғанын тілге тиек етті. Қазақстанның заңдарын БСҰ қағидаларына сəйкес келтіру үшін Үкімет жұмыс жүргізуде. Қазақстанның заңнамаларына енгізілген өзгерістер сауда саласында жұмыс істеп жатқан бизнестің дамуына кедергі келтіретін əкімшілік кедергілерді қысқартуға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, елімізде шығарылатын жəне импортталатын тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жəне тұтынушылар қолданып отырған тауарлар сапасын жақсарту үшін техникалық реттеу саласында біршама жұмыс атқарылды. (Соңы 6-бетте).

Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсыныстарын қарап, қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2013 жылғы Мемлекеттік сыйлығы мына авторларға: 1) «Дифференциалдық теңдеулердің бастапқышекаралық есептер теориясына» тақырыбындағы жұмыстар топтамасы үшін: Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Математика жəне математикалық модельдеу институты» РМК бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Тынысбек Шəріпұлы Кəлменовке; 2) «Қазақстан Республикасында жоғары технологиялы инновациялық ем əдістерін нейрохирургия патологиясында дамыту» тақырыбындағы жұмыстар топтамасы үшін: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Қуандықұлы Ақшолақовқа; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Жұлын нейрохирургиясы жəне перифериялық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Талғат Тынышбайұлы Керімбаевқа; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Тамырлы жəне функционалды нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Eрбол Тарғынұлы Махамбетовке; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Анес те зиология, реанимация жəне қарқынды емдеу бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Айса Захарұлы Нұрпейісовке; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Марат Рабандиярұлы Рабандияровқа; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Орталық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Нұржан Əмірбекұлы Рыскелдиевке;

3) Қазақстан Республикасының атластық картографиялау саласындағы ғылыми жұмыстар топтамасы үшін: Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС директоры, география ғылымдарының докторы, профессор Ахметқал Рахметоллаұлы Медеуге; Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС Геоморфо логия жəне геоақпараттық картографиялау зертханасының бас ғылыми қызметкері, география ғылымдарының докторы, профессор Фарида Жианшинқызы Ақияноваға; Абай атындағы Қазақ ұлттық педаго гикалық университетінің География жəне экология ғылымиəдістемелік орталығының басшысы, география ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Əлия Сəрсенқызы Бейсеноваға; Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС Табиғи қауіп-қатер зертханасының жетекшісі, география ғылымдарының докторы Виктор Петрович Благовещенскийге; «Қазморгеофизика» АҚ ғылыми жұмыстар бойынша кеңесшісі, геология-минералогия ғылымдарының докторы Мирғали Сапарғалиұлы Кунаевқа; Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС жобаларды басқару жөніндегі бас менеджері, география ғылымдарының докторы Игорь Михайлович Мальковскийге; Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС Геоморфология жəне геоақпараттық картографиялау зертханасының бас ғылыми қызметкері, геолого-минералогия ғылымдарының кандидаты Эмиль Исабайұлы Нұрмамбетовке берілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 29 қазан. № 679

 Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

Сапасыз салынєан нысан

ауыл тўрєындарын ауызсусыз ќалдырайын деп отыр Ұйғыр ауданына қарасты Кіші диқан ауылдық округінің орталығы саналатын Кіші диқан ауылында бүгінде үш мыңға жуық адам тұрады. Орналасу аумағының көлемі жағынан бұл ауыл аудандағы ірі елді мекендердің бірі болып табылады. Көшелер де, көшелердің екі жақ бойына орналасқан тұрғын үйлер де аз емес. Тал-теректер де, түрлі жеміс ағаштары да жетіп артылады. Өзара ынтымағы жарасым тапқан Кіші диқанда жер еміп, төрт түлік мал өсіруге, бау-бақша баптауға машықтанған еңбекқор жандар хал-қадерінше өмір сүріп келеді. Біз мұны осы ауылдың əлеуметтік жағдайын, ондағы тұрғындардың басым көпшілігін бұрыннан білетіндіктен айтып отырмыз. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

«АҚБҰЛАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚТАР Мемлекет басшысының тапсырмасымен дүниеге келген «Ауыз

су» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қолға алына бастағанда, ауызсудың азабын тартып жүрген еліміздегі көпшілік елді мекендер тұрғындары секілді кішідиқандықтар да ерекше қуанып, үміт оты жылт еткендей күй кешкен еді. Қуанбай қайтсін енді, санитарлық талаптарға онша

сəйкес келмейтін «Кіші Ашаноқы» аталатын шағын өзеннің суын өмір бойы пайдаланып келе жатқан болса... Өкінішке қарай, Кіші диқан ауылының тұрғындары «Ауыз су» бағдарламасының да жəне оның жалғасы болып табылатын «Ақ бұлақ» бағдарламасының да игілігі мен шапағатын жуық арада көре алмайтындай қиын жағдайда тұр. Халықты таза ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған «Ауыз су» жəне «Ақбұлақ» бағдарламаларынан Ұйғыр ауданындағы елді мекендер де сырт қалған жоқ. Ауданда аталған бағдарламаларға сəйкес, алты ауылды орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету көзделді. Соның бірі – Кіші диқан ауылы. (Соңы 4-бетте).

 Бір ауыз сөз

Осы бізде намыс бар ма? Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, «Егемен Қазақстан».

Бір нəрсеге миым жетпей-ақ қойды. Еліміздегі баз біреулер Григорий күнтізбесі бойынша жаңа жыл туысымен келесі жаңа жылды (Наурызды емес) тағатсыздана күтетін сияқты. Бұл ретте, əсіресе, Астана алдына ешкімді салар емес. Өткен жылы желтоқсан туар-тумаста жаңа жыл қарбаласына кірісіп кетсе, биыл Еуропаңды да, Америкаңды да, тағы кімің бар, бəрін артқа тастап, қарашаның бел ортасында, қар қылауламай жатып, жасыл шырша тіге бастады. Қазір қаланың қай бұрышына барсаң да абыр-сабыр, əлем-жəлем. Жұрт бір нəрседен құр қалатындай жанталасып жатыр. Япырмау, бұл не? Біздегілер уақытты ауыстырып алғаннан сау ма өзі?! Əлде жаңа жылға дайындықты екі ай бұрын бастау біржола салтымызға сіңіп, дəстүрімізге еніп кеткені ме? Жарайды, ол күн жыл санаудағы айтулы белес-ақ болсын. Бірақ сол үшін басқа жұмыстың бəрін сырып тастап, жұрттың алдына түсіп далбалақтаудың не қажеті бар? Алда шын мəнінде ұлық мерекеміз, ұлы мерекеміз – Тəуелсіздік күні келе жатыр. Неге қасиетті мерекеміз даңғаза шаралардың көлеңкесінде қалып, ұлттық құндылықтарымыз тапталып, асыл дəстүрлеріміз аяқасты бола береді?! Алдымен сол тойды өз дəрежесінде өткізуді ойласақ, сосын да уақыт

жетіп жатыр ғой. Əлде, бізге Тəуелсіздіктен жаңа жыл қымбат па? Осыдан біраз жыл бұрын Парламентте жүргенде Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, мəселені дəл осылай төтесінен қойған едік. Бірақ құлақтарына ілгендері байқалмайды. Мерекені ұйымдастыруға жауапты адамдар неге жүрісінен жаңыла береді? Сонда бұл не, ауру қалса да əдет қалмайдының кері ме? Түсінбеймін. Жаңа жылға жабысып қалатындай не көрінді бізге?! Ұят қайда?! Намыс қайда?! Қашанғы жұртқа мазақ бола береміз?!.

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.