19112014

Page 1

24 саєат №226 (28449) 19 ҚАРАША СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

● Ел тынысы: мың бір мысал

Дəрі-дəрмек ґзімізде ґндіріле бастады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық кəсіпкерлер палатасының басшылығын қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев жəне басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кездесу барысында Елбасына Ұлттық кəсіпкерлер палатасының құрылған кезден бергі қызметінің нəтижелерін баяндап, отандық бизнестің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы əңгімеледі. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет кəсіпкерлікті дамыту мəселелеріне зор көңіл бөлетінін жəне бұл бағытта жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіп отырғанын айтты. – Биыл бизнесті тексеруге жарияланған мораторий аяқталады. Ал келесі жылдың 1 қаңтарынан Еуразиялық экономикалық одақ жұмысын бастайды, соған орай біздің бизнесмендерге жаңа жағдайдағы бəсекелестікке дайындалған жөн. Сонымен қатар, Қазақстанда бизнестің дамуына «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты кеңінен жол ашады. Əрбір кəсіпкер өз өрісін тауып, нарыққа «орналасуы» тиіс, ал Ұлттық палата мен мемлекет өз тарапынан соған қажетті барлық жағдайларды жасауы керек. Осы шаралар жаңа кəсіпкерлік құрылымдар мен бизнесте жаңа тұлғалардың пайда болуына септігін тигізеді деп үміттенемін, – деді Қазақстан Президенті. Т.Құлыбаев Ұлттық кəсіпкерлер палатасының қызметін дамыту мен нығайтуда көрсеткен қолдауы үшін Елбасына ризашылығын білдірді. – Ұлттық палатаның барлық басқару органдары, атап айтқанда, төралқа мен басқармасы, сондайақ, облыстардағы өңірлік дирекциялары құрылып, жұмыс істеуде. Төралқаның комитеттерінде жұмыс салалық жəне өңірлік қағидат тар бойынша жолға қойылған. Бас прокуратурамен тығыз

Оќырман назарына!

Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.

байланыс орнатылған. А.Дауылбаев облыстық прокуратуралардың басшыларымен тоқсан сайын селекторлық кеңес өткізеді, онда кəсіпкерлердің арыздары қаралып, қажетті шаралар қабылданады, – деді төралқа төрағасы. Сондай-ақ, Ұлттық палатаның қызметі бірқатар бағыттарды қамтитыны, соның негізгілері бизнес-ортаны жетілдіру, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдау, адами капиталды дамыту, бизнестің қаржы ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету екені де айтылды. А.Мырзахметов Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы дер кезінде жарияланғанын айта отырып, оны бизнес қауымдастық зор ықыласпен қабылдағанын жеткізді. – Мемлекеттің қажетті қолдау көрсететініне кəсіпкерлердің сенімі нығайды. Олар қазір салмақты əрі үлкен жұмысқа əзірленуде. Біз үшін басымдығы бар мəселелердің бірі бизнес құқығын қорғау болып табылады. Бүгінгі таңда бізге осы мəселе бойынша 3,5 мыңнан астам арыз келіп түсті, соның əрқайсысы да тіркеліп, тиісінше жұмыс жүргізілуде. 1 қаңтардан бастап жоспарлы тексерудің орнына тəуекелді бағалау жүйесі қолданылады. Біз барлық кəсіпкерлерді қалған бір жарым айда əзірленіп, құжаттамаларын тəртіпке келтіруге жəне бекітілген нормалар мен талаптарды жоспарлы тексеріс жоқ кезде сақтауға шақырамыз, – деді Ұлттық кəсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша қаралған мəселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

– Бұрындары дəрі-дəрмектің басым бөлігін алыс-жақын шетелдерден алып келдік. Шымкенттегі жалғыз фармацевтика зауытынан басқа отандық дəрі-дəрмек өндіретін өндіріс орны жоққа тəн болатын. Елбасы алға қойған міндеттерді жүзеге асырудың тиімді бастамалары, тиянақты жобалары өмірге жолдама ала бастады. Біздің «Велес Актобе LTD» ЖШС-інің дəрі шығаратын зауыты осындай игі ізденістің нəтижесінде өмірге келген кəсіпорын. Бұл осы серіктестіктің «Ақтөбе» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясымен бірігіп жүзеге асырған жобасы. Біз əуелі өткізу рыногына маркетингтік зерттеу жүргіздік. Соның нəтижесінде біз шығаратын дəрі-дəрмектердің сұранысқа ие екенін бағамдадық. Өндірістік технологияны негізінен өзіміз жасадық. Өнімдерімізді

əзірге Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында өткізудеміз, алда еліміздің барлық қалаларын қамтамасыз етуді ойластырудамыз, – дейді «Велес Актобе LTD» ЖШС директоры Гүлнəр Иманалина бізбен əңгімесінде. Бұл өндіріске шикізат шетелден, соның ішінде, Еуропа мен Үндістаннан əкелінеді. Жергілікті өндірісшілер жеті түрлі таблетка жəне капсулды дəрілер шығарады. Олардың арасында вирусқа қарсы

Өндіріс орны енді-енді жобалық қуатына шығып келеді. Мұнда өндірілген өнімдерді өткізу рыногы кең. Компанияда 16 адам еңбек етеді. Шағын зауыт толық жобалық қуатына шыққанда жылына 12 миллион құтыға дейін дəрі шығару көзделуде. Жобаны жүзеге асыруға 140 миллион теңге жұмсалды. Компания үш түрлі дəрілік сироп шығаруды да ойластыруда. (Соңы 4-бетте).

Ќолжетімді баспана ќолжетімді болмаќ Үлескерлердің мəселесін шешу үшін дағдарысқа қарсы институт ретінде құрылған «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры бүгінде «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша баспана мəселесін шешумен айналысуда. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Аталған бағдарламаны іске асыру шеңберінде жылжымайтын мүлік қоры құрылыс салушылармен Астана, Алматы, Ақтөбе, Тараз қалаларында жəне Алматы облысы аймағында тұрғын үй құрылысы жобалары бойынша қаржыландыру шарттарын

жасасты. Ғимараттардың жалпы ауданы 410 мың шаршы метр, оның ішінде жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлері 315,57 мың шаршы метр. Бұл жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде болып өткен брифингте мəлім болды. «СамұрықҚазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы Болат Палымбетов: «Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында баспана мəселесіне ерекше басымдық береді. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» – «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыратын операторлардың бірі. Осы ретте Елбасының тапсырмасын орындауға үлес қосып келеміз. 3000-нан астам үлескерлердің мəселесі шешілді, 1 млн. шаршы метрге жуық тұрғын

● Заманмен үндес заңғар басылым

Шапаєат жарыєын таратќан Қазақстанда бүгінде не көп, газет көп. Оның бəрін қадағалап, бəрін оқып жату мүмкін емес. Сондықтан да оқырман көп жағдайда сол көп газеттердің ішінен өзіне ұнайтын бірнешеуін ғана таңдайды. Өз басым бес газетті тұрақты оқимын. Соның бірі – «Егемен». «Егеменнің» тек қана оқырманы емес, тұрақты авторымын да. Тұрақты автор болу жай нəрсе емес. Оның негізінде үлкен факторлар жатады. Оның өз тағдыр-тарихы да болады. Яғни, газет пен автор əріптестігі белгілі бір сындардан өтеді. Осыдан үш жыл бұрын «Егеменмен» біз бір сыннан өттік. Мен «Егеменнің» дəстүрлі бағыт-бағдарына келе бермейтін бір материал ұсындым. «Қиямет-қайым ғасыры» деген. Бұл өзі философиялық журналға ұсынатын нəрсе еді. Қазақстанда ондай журнал жоқ болғаннан кейін, «жығылсаң, нардан жығыл» деп «Егемен Қазақстанның» өзіне ұсындым. Баса алмайтын болар деген күдігім басым болды. Күткендейақ редакция басшылығы бұл

ацикловир, мидағы қан айналымын реттейтін винпоцетин, сондай-ақ, флуконалоздың екі түрі бар. Компания бұдан басқа диареяға қарсы қолданылатын лоперамид, асқазан ауруларының дəрісі – омепразол, доксициклин өндіріп, тұтынушыларға ұсынып отыр. Қазір бұл кəсіпорын шығаратын дəрілер облыстан да тысқары өңірлерге өткізілуде. Бұл Батыс Қазақстанда дəрілік препараттар шығаратын бірденбір кəсіпорын болып табылады.

материал төңірегінде көп ойланды. Ақыры басты. Төрт нөмірге қатарынан. Мен таңғалдым. Цензура заманынан күні кеше шыққан басымыз осынау, тым еркін ойларға ерік берген тым бейресми материалды еліміздің бас ресми газеті қалай басқанына таңғалдым. Сонда көзіміз жетті, азат елдің сөзі де азат болатынына.

Сөйтіп, біздің тым еркін бейресми ойларымыз 200 мың таралыммен Қазақстанды аралап кетті. Республиканың түкпір-түкпіріндегі газет оқырман дарынан қоңыраулар түсе бастады. «Материалды қиып алып қойдық, бала-шағамызбен бірге оқып жатырмыз», деген. Ал Алматы қаласының сол кездегі мəслихат хатшысы Төлеубек Мұқашев (бүгінде сенатор) болса, «Егемен Қазақстанның» сол аталмыш материалын ксероксқа көбейтіп, мəслихат депутаттарына таратып береді. «Оқыңдар!» деп. Мінеки, газет пен біз осындай бір сыннан абыройлы өттік. Ең таралымы көп басылым «Егемен» еліміздің рухани түлеуіне үлкен үлес қосып келеді. Негізінен, жақсылықтың жаршысы. Яғни, Қазақстан кеңістігіне тұрақтылық, татулық, достық, ізгілік, шапағат жарығын таратушы басылым. Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы.

АЛМАТЫ.

үй салынды. Ендігі кезекте аталған бағдарлама бойынша көпшілікке ортақ, əртүрлі санаттағы, жалақысы орта, баспанаға мұқтаж жандардың сұранысын қанағаттандыруға арналған бағытты іске асырмақпыз. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында 15 жоба бойынша баспана салуды қолға алдық. Нəтижесінде, бүгінде Ақтөбе, Тараз қалаларында жəне Алматы облысында жалпы аумағы 150 мың шаршы метрден астам тұрғын үйлер пайдалануға берілді», деді. Тап қазіргі кезде 2150 пəтер бойынша сатып алу құқығы мен жалдау бойынша келісімшарт жасау үшін құжаттар жинау жүргізіліп жатқандығын айтып өтті. Сонымен қатар, ол бағдарлама аясында пəтерлерді жалдау мен сатып алуға онлайн режімінде интернет арқылы өтінімдер қабылданып жатқандығын хабарлады.

Оймақтай ой

Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде əзірленді.

Бүгінгі нөмірде:

Адам жақсыны арман етсе, өмірде бəрі де жақсы болмақ. Максим ГОРЬКИЙ.

8-бет

Маќсат – жаѕа жаєдайдаєы бəсекелестікке дайын болу

Облыста кəсіпкерліктің көк жиегі кеңейіп, өнеркəсіптегі шағын жəне орта бизнестің үлес салмағы жыл өткен сайын артып келеді. Сондай-ақ, кəсіпкерлер біздің өңір үшін тың саланы игеруге талаптанып, жаңа өнімдер өндіруді қолға алуда. Бұдан бірер жыл бұрын «Велес Актобе LTD» ЖШС дəрі өндіретін цех ашып, пайдалануға берген болатын.

 Балтамен жəне пышақпен қаруланған екі палестиналық Иерусалимнің шығыс бөлігіндегі синагогаға келген дерге шабуыл жасап, 5 израильдікті өлтірсе, 9-ын жаралаған. Жараланғандардың 5-уі əл үстінде. Шабуыл даушыларды полиция атып өлтірген. Соңғы кездері ғана палестиналықтар əрекетінен 5 израильдік пен 1 шетел азаматы қаза тапса, өлтірілген палестиналықтардың саны 10-дап саналады.  Прагадағы наразылық акциясына қатысушылар Чехия президенті Милош Земанға Ресейдің сөзін сөйледің деген айыппен жұмыртқа жəне қызанақ лақтырған болатын. Жұмыртқаның бірі Чехия президентінің жанында тұрған неміс əріптесі Йоахим Гаукқа барып тиген. Земан Чехия телевизиясына берген сұх батында Украинадағы оқиға ларды азамат соғысы деп санайтынын айтып, Ресейге санкциялар өз еліне де зардабын тигізіп отырғанын атап көрсеткен болатын. Ал президенттер коммунистік режімнің құлатылуына əкелген «барқыт төңкерісі» оқиғасының 25 жылдығына орай бас қосқан-тын.  Таиландта əуеге көтерілген соң 10 минөт өткенде бортында 9 əскери бар тікұшақ апатқа ұшырады. Əскерилердің бəрі қаза тапқан. Алдын ала нұсқа бойынша, оқиғаға ауа райы ның қолайсыздығы не месе қозғалтқыштың іс тен шығуы себеп болған секілді. Офицерлер Пхаяу провинциясынан əскери базаға қайтып келе жатса керек.  Италия «Ислам мемлекеті» тобымен күрес үшін 4 жойғыш-бомбалаушы ұшақ пен шабуылдаушы ұшақ аттандырмақ ниетінде. Мұны Италия қорғаныс министрлігіндегілер хабарлады. Ұшақтар операциялар аймағына осы айдың соңына дейін жеткізілмек көрінеді. Əскери əуе кемелері Сирия аумағындағы ұрыс аймағына Кувейттегі əскери базадан ұшырылып апарылмақ. Кейбір дерек көздері Италияның қорғаныс министрлігі ұшақтар жіберу туралы шешімге ел парламентін айналып өтіп барған деген пікір білдіріп отыр.  Румыния азаматтары өткен жексенбі күні пре зиденттік сайлаудың екінші турында өз таңдауларын жасады. Елдің жаңа президенті болып, оппозициядан үміткер Клаус Йоханнис сайланды. Премьерминистр жəне бірден-бір үміткер саналып келген Виктор Понта өзінің жеңілгенін мойындады. Бірақ ол үкімет басшысы лауазымынан кетпейтінін мəлімдеп отыр. Жаңа президентпен күш біріктіре жұмыс істемек. Алайда, ел басшысының жаңа премьер-министр тағайындауға да құқы бар.  Қытайда ел компартиясының жоғары лауазымды мүшелерінің бірі Ма Чаоцюньға парақорлықпен айналысты, ұрлық жасады жəне қоғамдық қаржыны заңсыз иеленді деген аса ауыр айыптар тағылды. Тінту кезінде одан 37 килограмм алтын, 68 үйге иелік ететіні туралы құжат жəне 120 миллион қолмақол юань (20 миллион долларға жуық) табылған. Ма Чаоцюнь ҚХР коммунистік партиясындағы аса ықпалды адамдардың бірі көрінеді. Бірақ оның нақты қандай лауазымда болғаны айтылмай отыр.

Аѕыз адам 14-бет

Æàëà 10-бет

регіне н ї «Ж їсірмеге Жўмбаќ əжім т ќытты» а жан б 7-бет жолаушы 15-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
19112014 by Egemen - Issuu