19122013

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Табысы тасыєан Тобыл-Торєай ґѕірі 4-5-беттер Ўлттыѕ ўлы ќазынасы 6-бет Дін жəне ўлттыќ мїдде 9-бет Алашорда арыстарына арналды 12-бет

№277 (28216) 19 ЖЕЛТОҚСАН БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

 Мемлекет мерейі

Кґреген саясат кґкжиегі

Стратегиялық басқару, бағалау жəне есеп халықаралық лигасының президенті Робин МЭТЬЮЗ (Ұлы британия) – əлемдегі 100 ел Интегралды қуатының жаһандық рейтингін құруға тартылған сарапшылардың бірі. Ғалым Астанаға алғаш рет рейтинг аясында Қазақстан бойынша зерттеу деректері негіз болған «К новым высотам» кітабын ұсыну үшін келген болатын. – Мэтьюз мырза, рейтинг нəтижелері бойынша Қазақстан өте жоғары 34-орында тұр. Бұл сарапшылар үшін күтпеген жағдай болды ма? – Іс жүзінде олай емес жəне бұл күтпеген жағдай да болған жоқ. Сарапшылар Қазақстанды жəне оның даму үдерістерін соңғы ондаған жылдар бойы бақылап келеді. Сондықтан мен осы кезеңдер ішінде Қазақстан іс жүзінде барлық салаларда адам таңғаларлық табыстарға жетіп, сенімді түрде дамыды деп айта аламын. Осы себепті біз аталған нəтиже өте заңды деп есептейміз жəне Қазақстанда аса таяу уақытта рейтингте тағы жоғары көтерілуге айтарлықтай əлеует бар екеніне сенімдіміз. – Бұл орайда «Қазақстан-2050» Стратегиясы қандай рөл атқарды жəне атқарады? – Стратегияның мəні сол, ол болашақты айқын көре білуімен ерекшеленеді, онда Қазақстанның қандай ел болуға ұмтылатыны, осы бағытта қандай жұмыстар атқаруы қажеттігі нақты мазмұндалған. Бұдан бөлек, «Қазақстан-2050»

Стратегиясы – жақын онжылдықтарға арналған нақты бағдарламалық іс-қимыл жоспары. Аталған құжатта, сондай-ақ, қуатты жұмылдырушы күш бар, яғни онда мазмұндалған идеялар қазақстандықтарды қойылған міндеттерді шешу жолында топтастыруға қабілетті. Бұл біздің Қазақстанның қазіргі рейтингтегі жоғары орнын айқындауда айтарлықтай фактор болды. Ал бұл жайт болашақ табыстардың негізі ретінде аса маңызды. Қазақстан – болашаққа ұмтылған мемлекет. Мұны ел мен оның Президенті тек мəлімдеп қана қоймай, ісімен де дəлелдеп келеді. Осыдан екі онжылдық бұрын Қазақстан əлемдік экономика көшінің соңында жүрсе, бүгінде əлемдік аренада лайықты орынға ие жəне əлемде жүріп жатқан үдерістердің толыққанды қатысушысы, жаһандық дамуға бағытталған көптеген көкейкесті идеялардың бастамашысы. Қазақстан үшін мұндай сценарий көп жағдайда болашақты айнақатесіз көре білудің арқасында мүмкін болды. Бірінші кезекте бұл мерзімінен бұрын орындалған

«Егемен Қазақстан».

«Қазақстан-2030» Стратегиясы болса, енді «Қазақстан-2050» Стратегиясы болып отыр. Елдің осындай экономикалық жəне саяси табыстарында оның Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі орасан екені сөзсіз. – 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған даму стратегиясының шешуші міндеті – елдің əлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі. Біздің еліміздің осы бағыттағы перспективалары қаншалықты? – Бұл рейтингте елдің алдына осындай жоғары мақсат қоюы мықтап ескерілген. Өйткені,

--------------------------------------------------Мақалалар дестесінің алғашқысын – көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, публицист Қуаныш СҰЛТАНОВТЫҢ біздің бірінші қазынамыз – Мəңгілік Ел туралы толғанысын газеттің 3-бетінен оқисыздар.

Бүгінде өңір мекемелері мен ұйымдарының басшылары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз мəслихатын өткізуді жиілетіп жүр. Бұл кездесулерде əдеттегідей жетістіктер жайлы баса айтылып, əңгіме содан аспай жатуы баяғы қалпы. Ондайда қанша айтқанмен, кəсіптік тұрғыдағы пайымтүсінігіміз, ой-топшылауымыз бар, болған жерлерде естіпкөруіміз бар, біраз кемшіліктер жайын да білуге оқталмай қала алмайсың. Амал не, мəселе мəнісі мəймөңкеленіп белгісіз күйде қалады. Тағы тақақтай түссең, ресми түрде хат жазылу керектігі ескертіліп сытылу жағы жəне қолма-қол. Хат жолданған күннің өзінде жауаптың ұзақ жолдан, онымен қоса күзеліп-түзеліп өтетінін білетіндіктен, құлқың қалай соқсың бұған. Сондықтан академик Əлкей Марғұлан бір ғалым өзінің докторлық еңбегін қорғап жатқанда екі-үш рет шығып сөйлегенде «Əлеке, бүгін көп сөйлеп кеттіңіз ғой» деген

біреуге «Кісі не нəрсе туралы бірдеңе білген соң сөйлейді ғой, білмесе несін сөйлесін» дегендей білетіндеріміз кейбіріне айналып соқпасқа болмай отырғаны рас. «Ертеңі көбейген істе береке болмайды» дейді халық. Бұл сөз ойға неге оралып отыр десеңіз, мəселен, аймақта бұдан екі-үш жыл бұрын дүбірлетіліп, ірі жобалардың қатарына жатқызылған Жезқазған қаласының іргесіндегі Кеңгір кентінде пайда болуға тиісті құс етін өндіретін фабрика туралы бүгінде ешқандай хабар-ошар естілмеуге айналды. Əлі салынып жатыр ма, əлде құрылысы мүлдем тоқырады ма беймəлім болып қалған-ды. Жалпы құны 2 млрд. 866 миллион теңгеге жобаланып, жылына 9,4 мың тонна жеңіл етті тұтынушыларға жөнелтпек жаңа кəсіпорын іске кірісуінің межеленген мерзімі де өткендей еді. Мəссаған, демегенде не дерсіз, енді ғана білініп отырғандай мұндағы жұмыстар əлі күнге дейін қолға алынбапты. Мыс өндіру көлемі төмендеп, жұмысшылар қысқартылған қала өміріне жаңа тыныс береді деген кəсіпорынның ашылуын

Астана. Парламент Мәжілісі

Ќазаќстан Республикасы Парламенті палаталарыныѕ бірлескен отырысын шаќыру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2013 жылғы 20 желтоқсанда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын.

Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында балаларды қорғау, астық нарығы, халықаралық шарттар, мектеп, мемлекеттік сатып алуға қатысты құжаттар қаралды.

 Толғандырар тақырып

Айқын НЕСІПБАЙ,

№105

Балаларды ќорєау заѕдыќ негізде жїргізіледі

қанды ауыз қақпанды, майланғыш ауды, өткір кездікті жеті қазынаға балаған қазақтың дəстүрлі дүниетанымын одан əрі кеңейтіп, бұл ұғымды байыта түсті, оған жаңаша, биік сипаттар қосты. Ел газеті «Егемен Қазақстан» мереке күндерінде халқымызға танымал бір топ тұлғаларға Елбасы айтқан, бізге Тəуелсіздік сыйлаған жеті қазынаның қадір-қасиетін айшықты ашып беру жөнінде ұсыныс жасаған еді. Ол мақалалардың алды кеше қолымызға да тиді. Бас басылым жаңа жылға дейін Тəуелсіз Қазақстанның Жеті қазынасы жөнінде жеті мақала жарияламақ ойда.

Бастайды да тастайды, кен ќазудан аспайды

2013 жылғы 18 желтоқсан.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Н.НЫҒМАТУЛИН.

ТƏУЕЛСІЗ ЌАЗАЌСТАННЫЅ ЖЕТІ ЌАЗЫНАСЫ «Халқымыз үшін қа шанда жеті санының орны бөлек. Жеті ырыс, жеті қабат көк, жеті қазына: айта берсек жеті санына байланысты қасиетті ұғымдар өте көп. Еліміздің жаңа ғасырдағы басты бағдары – «Қазақстан – 2050» Стратегиясы да жеті басымдықтан тұрады. Тəуелсіздіктің тартуы ретінде халқымыз құн жетпес Жеті қазынаға ие болды». Тəуелсіздігіміздің 22 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Сөйтті де, сол жеті қазынаны санамалап өтті, олардың əрқайсысын шымыр сөзбен, жұмыр оймен түйіндеп берді – бір заманда жүйрік атты, қыран бүркітті, құмай тазыны, берен мылтықты,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі Төрағасының Өкімі

күткен жергілікті тұрғындардың үміті қашан орындаларын ешкім тап басып айта алмайтын күйге күрмеліпті қазір. Сол секілді осыдан біраз уақыт бұрын ғана Жаңаарқа ауданында да құс еті мен жұмыртқа өндіретін тағы бір фабрика салу белгіленген болатын. Белгіленуі не керек, Кеңгірдегі сияқты мұның да аты бүгінде ауызға алынудан қалып барады. Сөйтсек, құрылысы кейінге шегерілген екен. Неге бұлай? Аяқ астынан өзгертіле салынуы қалай? Мұның себептерін жасырмай айту орнына, жақ ашпай қалуымызда қандай гəптар бар? Жаңаарқа демекші, осы жақта, дəлірек айтқанда Ералиев ауылдық округі аумағында ашық əдіспен көмірді қотарып, артып жан-жаққа жөнелтуші «Жалын» кенішінің жұмысы да тоқырауға айналуға шақ тұр. Себебін білсек, отынға сұраныс азайған деседі. Екіншіден, өндірілген өнімді сақтайтын қойма салынбаған. Ашық далада үйілген тау-тау көмір тозаңы бұрын малға жайлы жайылымға бұрқырап-шөгіп , айналасындағы табиғаттың көркін кетірген. Осылай боларын білген жергілікті жұрттың қарсылығына қарамастан, ашылған кеніш ақыры Арқаның ең бір шүйгін жерін шаруаға жарамсыз етіп тастады. (Соңы 10-бетте).

жаһандық рейтингті беделді халықаралық ұйымдар түзгені белгілі. Онда объективті экономикалық мəліметтермен қатар, оған қатысатын мемлекеттердің əлемдік мəртебесі де қаперге алынған. Бұл жерде «Қазақстан-2050» Стратегиясы аса зор рөл атқарады. Ал 2050 жылға қарай əлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына ену туралы ауқымды міндетке қатысты айтатын болсам, оған қол жеткізуге мүмкіндік мол. Тіпті, бұл мақсатқа белгіленген мерзімнен де тезірек жетуге болады. Осы арада мен

Қазақстанның болашақ табыстарын айқындайтын үш шешуші факторды атай алар едім. Біріншіден, бұл – мемлекеттің экономикалық саясаты. Оның ішінде табиғи ресурстарды сатудан түсетін кірістерді бөлуде өте салиқалы саясат жүргізіліп келе жатқанын атап көрсеткен жөн. Атап айтқанда, мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің инновациялық дамуында өзіндік рөл атқаратын Венчурлық инновациялық қор құру туралы тамаша бастамасын меңзеп тұрмын. (Соңы 2-бетте).

Ќатаѕ жаза тəртіпті кїшейтеді

Соңғы үш жыл бойы кем-кетігі бүтінделіп, артық тұсы алынып, қоғамда қызу талқыға салынып жүрген заң жобаларының бірі – Қазақстан Республикасының Қылмыстық жəне Қылмыстық іс жүргізу кодекстері. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енеді деп жоспарланған жаңа редакциядағы кодекс жобаларында неге басымдық беріліп отыр? Қандай қылмыстарға жаза қатаңдамақ? Алдын ала тергеу, тергеу процестеріне енгізілген басты ерекшеліктер қандай? «Тергеу судьясы» дегеніміз кім? Түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың санын азайту үшін жаңа редакциядағы заңдарда не көзделген? Тек БАҚ өкілдерінің ғана емес, көптің көкейінде жүрген осы сұрақтарға Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мəс лихатында Қазақ стан Республи ка сы Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель жауап берді. Еске сала кетейік, «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы құзырлы органдардың алдына құқық қорғау жүйесіне реформа жүргізу, сондай-ақ, Қылмыстық

кодекстің жаңа редакциясының, Қыл мыстық іс жүргізу кодексі мен Қылмыстық-атқару кодекстерінің жаңа редакциясының жобаларын əзірлеу туралы тапсырма берген болатын. Осыған дейін сан мəрте талқыға түсіп, сүзгіден өткен қос кодексті жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен тоқталған И.Меркель заң жобаларын дайындауда ведомствоаралық жұмыс тобы белсенді жұмыс атқарғанын атап өтті. (Соңы 2-бетте).

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Күн тəртібінде қызу талқыға түскен «Балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мəселелері туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Мəжіліс депутаты Алдан Смайылдың жетекшілігімен жұмыс тобында əзірленген заң жобасында балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, əртүрлі жас топтарындағы балаларға арналған ақпараттық өнімнің (баспа, аудио-бейне өнімдердің, БАҚ жəне тағы басқалар) мазмұнына қойылатын арнайы талаптарды бекіту көзделеді. Ақпараттық өнімнің «6–», «6+», «12+», «16+» жəне «18+» секілді жас санаты белгісі беріліп, əрбір жас санаты бойынша соларға тəн критерийлер айқындалады. Əкімшілік құқық бұзушылық кодексіне ақпараттық өнімді дайындауға жəне таратуға тартқаны, кино жəне бейнетуындыларды көпшілікке көрсету қағидаларын бұзғаны, бұқаралық ақпарат құралдарында балалардың денсаулығына жəне дамуына зардабын тигізетін материалдарды жариялауға рұқсат бергені үшін жауаптылық көзделген.

 Жеделхат

Орталық жəне жергілікті атқарушы органдарды балалардың денсаулығына жəне дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі құзыретпен қамтамасыз ету жайы да назардан тыс қалмапты. Сондай-ақ, балалардың денсаулығына жəне дамуына зардабын тигізетін, олардың өміріне ықтимал қауіп төндіретін ақпараттық өнімді насихаттау үшін жарнаманы пайдалануға, кəмелетке толмағандар пайдаланатын білім беру жəне тəрбиелеу, оқу-əдістемелік пəндер мен керекжарақтарында, оқулықтарда, дəптерлер мен күнделіктерде жарнама орналастыруға тыйым салуды белгілеу қарастырылады. А.Смайылдың сөзіне қарағанда, балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау жөніндегі заңдық актілер алғаш рет Ұлыбритания мен АҚШ-та қабылданыпты. Мəселен, Англияда 1990 жылы бейнежазу туралы арнайы заң қабылданып, балаларды эротикалық жəне өзге де жағымсыз ақпараттардан қорғау қолға алынған. (Соңы 2-бетте).

 Жазылым – 2014

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті С.Абдрахмановқа Айыртау – Үкілі Ыбырай, Ақан сері секілді дүлдүл əншілер, Кəкімбек Салықов сияқты көрнекті қаламгер туған киелі мекен. Биылғы жылды айыртаулықтар табысты қорытындылады. Елбасы тапсырмалары ойдағыдай орындалды. Астықты аймақ елімізді мол астықпен қуантты. Біздің ауданның тұрғындары үшін Отанымыздың бас газеті – «Егемен Қазақстанның» орны бөлек. Жыл өткен сайын оның жазылушылары көбейіп келеді. Келер жыл үшін қатарымыз 700-ге тарта тұрақты оқырманмен толықты.

Солтүстік Қазақстан облысы.

Ағзам ТАСТЕМІРОВ, Айыртау ауданының əкімі.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.