19122014

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №247 (28470) 19 ЖЕЛТОҚСАН ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

● Ел тынысы: мың бір мысал

Ќайта тїлеген кешен Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Жыл ќорытындысы баяндалєан ќабылдау Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Е.Ыдырысов Мемлекет басшысына халықаралық істерге қатысты жыл қорытындысын баяндады. Қазақстан Президенті 2014 жылдың халықаралық шаралар кестесі тығыз болғанына тоқталды. – Кездесулер мен іс-шаралардың кө п б о л у ы н ы ң н ə т и ж ес ін де өзге елдердің Қазақстанға деген қызығушылықтары артып, олармен өзара тиімді ынтымақтастық дамып келеді. Біз қабылдап жатқан іс-қимылдарды əлемдік қоғамдастық қолдайды. Қазіргідей жағдайда халықаралық ахуалды Ресей мен Батыс елдері арасындағы қарым-қатынастардың өрбуі мен жаһандық экономикадағы трендтер аясында үнемі саралап отыру қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Сыртқы істер министрі Қазақстан Президентінің бастамаларына шетелдер тарапынан қолдау көрсетіліп отырғанына тоқталды. – Сіз жариялаған «Нұрлы Жол» саясаты əлемде жоғары бағаланып отыр. Ол қазіргідей күрделі жағдайда Қазақстанның тұрақты əрі орнықты дамуын қамтамасыз ететін жақсы бағдарлама ретінде қабылдануда. Біздің міндетіміз соны елдің сыртқы саясатының өзге де басым бағыттарымен бірге нақтылы жүзеге асыру болып табылады, – деді Е.Ыдырысов. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Еуразиялыќ экономикалыќ одаќ

ќўру шартына Армения Республикасыныѕ ќосылуы туралы шартты ратификациялауєа ќатысты заѕ жобасы маќўлданды Кеше Парламент Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақы повтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Халық қалаулылары «2014 жылғы 29 мамырдағы Еура зия лық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Бұл шарт 2014 жылғы 10 қазанда Минскіде жасалған. Шарт күшіне енген күннен бастап Армения Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ тың мүшесі болады, сондай-ақ, аталған Одақ құқығына кіретін Кеден одағының жəне Біртұтас экономикалық кеңістіктің шарттыққұқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған басқа халықаралық шарттарда көзделген міндеттемелерді алады. Осы Шарт ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге өз халықтарының өмір сүру деңгейін арттыру, өткізу нарығын кеңейту, сондай-ақ, Еуразиялық интеграциялық бірлестіктің имиджін арттыру мүддесінде экономикалардың тұрақты дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, осы күні мəжілісмендер тарапынан Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы заң жобасы да оң бағасын алды. Жалпы отырыста Қазақстан Республикасы Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс пен арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мəселелеріне қатысты заң жобалары жұмысқа қабылданды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

Кґѕіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пəкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хусейнге Пешавар қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Жеделхатта басым көпшілігі мектеп жасындағы балалар болған, көптеген жазықсыз жандардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды Мемлекет басшысы терең күйзеліспен қабылдағаны айтылған. «Қазақстан барша əлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікке үлкен қауіп төндіріп отырған халықаралық экстремизм мен терроризмнің ісəрекеттерін үзілді-кесілді айыптайды. Пешавардағы жантүршігерлік оқиға радикалды топтарға өркениетті қоғамда орын жоқ екенін тағы да растады», – делінген жеделхатта. Қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондайақ, бүкіл Пəкістан халқына Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан көңіл айтқан Нұрсұлтан Назарбаев террорлық əрекеттен жапа шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Жосалыдан Байқоңырға қарай шыға бергенде алыстан мұнартып Қорқыт ата мемориалдық кешені алдымен көзге ілінеді. Тұтас түркіге баба атанған Қорқыттың атына мұндай кешенді орнатудың да өзіндік қиындықтары болған кезінде. «Біз сендерді адам қылдық» деп төбеңнен төніп тұрғандар өткеніңді белінен бір-ақ сызып тастады емес пе?! Сондықтан оларға елдің рухын көтеретін, ежелден ел екендерін білдіретін мұндай мұралар тіпті керек емес еді. Сол себепті, Қорқыт ата кешенін салғандарды бюроға салып, соңына шам алып түсіп, біраз қиыншылық та көрсеткен. Дегенмен, дүние бір орнында тұрмайды. Бүгінде бодандық қамытында жүріп сондай іске барған азаматтардың есімін ел жиі еске алады. Облысқа əкім болып келгеннен кейін Қырымбек Көшербаев Қорқыт ата мемориалдық кешенін қайта жаңғыртуды қолға алды. Ол үшін кешен авторы Бек Ыбыраевпен ақылдасып, кеңейткен жағдайда қандай тұрпатта болатынын ақылдасты. Сонымен қатар, 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға келетін туристер тоқтайтын бір нысанның қатарына енгізді. Əлемнің əр түкпірінен келетін қонақтар Қорқыт ата кешенінен қоңырайып қайтпауы керек қой. Осылайша, кешеннің басында қызу жұмыс басталып кетті. Қорқыт ата мемориалдық кешенін қайта жаңғырту

жұмыстарымен «СМП-Қызылорда» ЖШС айналысты. Жаңа мемориалдың бұрынғыдан өзгешелігі 2,5 метр биіктікте орналасқаны еді. Сондай-ақ стеласы 12 метрге ұзартылды. Ал құрылысқа соңғы үлгідегі материалдар пайдаланылды. Мұражайы кеңейтіліп, айналасы абаттандырылды. Қысқасы, кешен толықтай жаңартылды. Заман талабына сай жасақталды. Бұрнағы күні облыс əкімі

«ПАРЫЗ-2014» байќауы ќорытындыланады

Келесі аптаның ортасында Индустрияландыру күні аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтеді. Іс-шара барысында бірінші бесжылдық нəтижелері таныстырылады, сондай-ақ, «Алтын сапа» жəне «ПАРЫЗ-2014» сыйлықтары мен Елбасының арнайы сыйлықтарының лауреаттарын марапаттау рəсімі өтеді. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

«Парыз» конкурсына қатысуға берілген өтінім саны бойынша Қостанай облысы көш бастап тұр, мұнда 69 кəсіпорын конкурсқа қатысу ниетін білдірген. Шығыс Қазақстан облысынан 56 қатысушы жəне Павлодар облысынан 50 үміткер бар. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды. – Елбасының 2008 жылғы 23 қаңтардағы Жарлығымен «Парыз» бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі конкурсы жарияланғандығын барлығымыз білеміз. Ағымдағы жылы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі Ұлттық кəсіпкерлер палатасымен, сондай-ақ, Энергетика министрлігі жəне Кəсіподақтар федерациясымен бірлесіп байқауды жетінші рет өткізіп отыр. Биылғы жылы республикамыздың барлық өңірлерінен конкурсқа қатысуға 584 кəсіпорын өтінім берген. Конкурс өткізіле бастағаннан бері 2,5 мың шағын, орта жəне ірі бизнес кəсіпорындары қатысқан. Субъектілердің басым саны «Үздік əлеуметтік жауапты кəсіпорын» номинациясы бойынша болып отыр. Осы номинацияға 261 кəсіпорын өтінім берген. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кəсіпорын» жаңа номинациясына 98 кəсіпорын қатысуда. «Үздік ұжымдық шарт» номинациясына 114 кəсіпорын өтінім берсе, «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша 111 өтінім келіп түскен. Конкурстың Гран-при ең жоғары жүлдесі өз жұмысында жəне корпоративтік əлеуметтік жəне экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нəтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі, – деді ЕХƏҚМ Бақылау жəне əлеуметтік қорғау жөніндегі комитет төрағасы Ахмади Сарбасов. Осы орайда, 2008-2014 жылдардан бері аталған байқауға қатысқан мекемелер саны 3304 болғандығын нақтылаған ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Əлтаев биылғы жылғы көрсеткіштің жоғары екендігін атап өтті. «Салыстырып қарасақ, өткен жылы – 534; 2012 жылы – 525; 2011 жылы – 509; 2010 жылы – 434; 2009 жылы – 321; 2008 жылы 296 өтінім түскен еді. Биылғы жылғы көрсеткіштің жоғары екендігі көрініп-ақ тұр. Өткізіліп отырған байқауға қатысушылар санының өсуі қазақстандық компаниялардың бизнестің əлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстанатындарын дəлелдеп отыр», – деді ол өз сөзінде.

Қырымбек Көшербаев Қорқыт ата кешенін жаңғырту жұмыстарын жүргізуге қатысқан құры лысшылармен кездесті. Бүкіл түркі əлемінің абызы атанған Қорқыт ата мемориалдық кешені аз ғана уақыт ішінде қайта жаңғыртылып, бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталды. Осы берекелі іске бел шеше араласып, істің басықа сында болған азаматтарға алғысын білдірді.

– Бұл – халқымыз қастер тұтатын қасиетті орын, көненің көзін кие тұтар туристердің атбасын тірер жəдігер болары сөзсіз, – деген аймақ басшысы Қорқыт ата мемориалдық кешені құрылысын жүргізу барысында ерекше еңбек сіңірген азаматтарды Құрмет грамотасымен жəне облыс əкімінің Алғыс хатымен марапаттады. ҚЫЗЫЛОРДА.

Достық дəнекері Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Марат Тəжин Қазақстанның Тəуелсіздік күні мерекесі мен 2015 жылдың 1 қаңтарынан ЕАЭО-ның күшіне енуіне байланысты қазақстандық жəне ресейлік журналистермен кездесті.

Интеграцияныѕ тереѕдеуінде БАЌ-тардыѕ ыќпалы зор Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан» – Мəскеуден (Ресей).

Кездесу барысында елші екі елдің арасындағы қарым-қатынаста, өзара ықпалдастығында БАҚ-тың рөлі аса зор екенін атап өтті. Біз ақпараттық кеңістіктегі үдерістерді мұқият қарап отырамыз. Сондықтан, 2014 жылы екі елдің қарымқатынасындағы жарқын беттерді қалың жұртшылыққа жеткізуде екі елдің де БАҚтары жақсы қызмет етті деп айта аламыз. Əрине, өтіп бара жатқан жылдың басында кейбір, өз сөздеріне жауапсыздықпен қарайтын саясаткерлердің арандатушы мəлімдемелері де болды. Олар «жасыл телпекті» адамдар Қазақстанның солтүстік облыстарына ене бастады деген ешқандай шындыққа жанаспайтын қаңқу сөз таратып, Қазақстан халқының алаңдаушылығын туғызды. Əрине, мұндай қаңқуларға мəн бермеуге болушы еді, алайда, халықтың толқуына, көптің дүрлігуіне қайтіп назар аудармассың? Оның үстіне оны таратушылардың арасында Думада лауазымды қызмет атқаратын да адам болды. Сондықтан мен ресми түрде Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінен түсінік сұрауыма тура келді. Сыртқы істер министрлігінің жауабында Ресей Федерациясының сыртқы

саясатындағы ұстанымдарын тек қана Президент анықтайтындығы айтылып, жауапсыз мəлімдемелердің шындыққа жанаспайтындығы айтылды. Өкінішке қарай, халықтың дүрбелеңін тудырып, отқа май тамызғандай арандатушы мəлімдемелерге ешқашан жол бермеуіміз керек. Олар екі ел арасындағы өзара сенім мен достыққа сызат түсірері сөзсіз, деді Марат Тəжин. Көңіл аударатын екінші мəселе интеграциялық үдерістерге байланысты. ЕАЭОның экономикалық одақ екендігін бəріміз де білеміз. Басқа елдердің арасындағы эконо микалық интеграциялардың тарихы мен тəжірибесін көріп отырмыз. Олардың бəрінде де интеграциялық үдерістерге қатысқан елдер өздерінің саяси бостандығынан айырылған емес. Ал біздің экономикалық одаққа байланысты кейбіреулердің орынсыз интерпретациялары естіліп қалады. Онда, емеурінмен айтылса да, Қазақстанды біз қайтадан қатарымызға қосып алдық деген секілді ойлардың ұшығы шығып қалады. Мұндай сөздер де біздің елдеріміздің экономикалық тұрғыдан өзара тығыз ықпалдасып, еркін дамуына жасалатын кедергілер. Өйткені, мұндайды естіген соң қазақстандықтар экономикалық одаққа секеммен қарары сөзсіз. (Соңы 6-бетте).

● «Бəйтерек» акционерлік қоғамы 2015 жылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 92 млрд. теңге бөледі. Мұны мəлімдеген қоғам басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев жалпы жалдамалы тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру үшін қорға 180 млрд. теңге бөлініп отырғанын айтты. Енді қоғам бағдарлама аясында тек қана тұрғын үйлерді салып қана қоймай, нарықта сатылатын дайын тұрғын үйлерді сатып алу мүмкіндігіне де ие болады. ● «Даму» қоры осы кезге дейін 83 млрд. теңгенің 5 мыңнан аса жобасына субсидия таратты. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жөнге келтірілген бұл жұмыстар кəсіпкерлердің екінші деңгейлі банктерден алған пайыздық мөлшерлемені төмендетулеріне жол ашты. Ал картаның 395 жобасы Астана қаласында жүзеге асырылған болып шықты. ● Мемлекеттік сыйлық – Оңтүстік Қазақстан облысын қолдаудың тағы бір айғағы. Таяуда Шымкент қаласындағы Тəуелсіздіктің 20 жылдығына арналып салынған тарихимонументалдық кешен үшін авторлар құрамында марапатқа ие болған облыс əкімі Асқар Мырзахметов кеше бұл шешім өркендеудің өскелең жолында келе жатқан өңірді қолдаудың бір шарасы болғанын тілге тиек етіп, осыған байланысты Елбасына алғыс сезімін жеткізді. Ол өз сөзінде, сондайақ, «Мəңгілік Ел» мұратындағы «Нұр лы Жолдан» туындап отырған мақсаттар мен міндеттерді орындауға облыс еңбеккерлерінің зор ынта-жігермен жұмылып отырғанын да атап өтті. ● Алматыда жаңа қосалқы электр стансасы пайдалануға берілді. Кеше оңтүстік мегаполисте қатарға қосылған «Алтай» стансасы қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан нысандарды қосымша электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ететін болады. Оның ашылу салтанатына қатысқан шаһар бас шысы Ахметжан Есімов жаңа құрылымның Түркісіб ауданын дамытуға серпін беретінін жеткізді. «Соңғы 6 жылда осымен 31-ші қосалқы станса іске қосылып отыр. Бұл осыған қатысты бағдарламаның аяқталғанын білдіреді», – деді ол. ● Петропавлда жабық хоккей корты ашылды. Жобалық құны 15 млн. теңге тұратын жаңа спорт кешенін ашу рəсімінде сөйлеген облыс əкімі Ерік Сұлтанов шара барысында мектептер арасындағы хоккей лигасының 4 командасына спорттық киімдер табыс етті. Осы күні мұнда «Алтын шайба» облыстық турнирі басталды. ● Астана циркі мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік бағдарлама сыйлады. Мерекелік бағдарламаның шымылдығын əуе гимнасшыла ры ашты, əртістер цирк күмбезінің астында акробаттық элементтерді орындады. Сондайақ, көрермендер көгершіндер мен үйретілген жануарлардың қатысуымен қойылған қойылымдарды тамашалады. ● Ақтөбе облысында 10 адам «Жыл адамы» атанды. Марапаттау рəсімі кезінде аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов өңірдің ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосып жатқанын айтып өтті. Салтанат барысында бұдан бөлек тағы 20 азаматқа облыс əкімінің сыйақысы тапсырылды. Ал «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағы жедел жəрдем ауруханасы бас дəрігерінің орынбасары Владимир Авраменко мен Ұлы Отан соғысының ардагері Мұса Алданиязовқа берілді. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.