19122015

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№242 (28720) 19 ЖЕЛТОҚСАН СЕНБІ 2015 ЖЫЛ

● Елімен етене Елбасы

Даєдарыстан – дамуєа! 5-бет Жосыќсыз нормаларєа жол берілмегені жґн 7-бет Ел газеті «Егемен», жазылмайын неге мен?! 8-бет Ирандыќ кеме теѕізде тўралап тўр 14-бет

● Ел тынысы: мың бір мысал

Елорданы еѕселендіреді

Астана теміржол торабын жаңаша келбетте дамытуды мақсат тұтқан вокзал құрылысы, табиғатының тосын мінезі көп Арқаның ауа райы мың құбылып, ызғарлы қыс табалдырықтан аттауға тақалса да, əлі қызу жүруде. Жаз бойы бір сəт те толастамаған қауырт қимыл тəуліктік үздіксіз үрдісте жалғасып, құрылысшылар жылдың жылы шағын барынша пайдаланып қалуға тырысуда.

ЌЫЗЫЛ АЛМА

Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күніне орай «Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театрында болып өткен салтанатты жиында бір көңіл толқытарлық көрініс болды. Мерекелік концертте сонау бір жылдары Елбасының өзі оқып, білім алған Қарасай атындағы Шамалған орта мектебінің жəне Абай атындағы Қаскелең орта мектеп-гимназиясының оқушылар хоры «Қазақстаным – Ұлы Отаным» атты əнді шалқыта орындап болғаннан кейін балалардың бəрі де сахнадан түсіп, тұлымшағы желбіреген қыз бала Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа бір түйір қызыл алма ұсынды. Елбасының елім деп соққан жан-жүрегінің сол сəттегі бір сəттік толғанысы əркімді тебірентіп, қуанышқа бөледі. Жабал ЕРҒАЛИЕВ,

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парламент Сенатының депутаты.

Сол сəтте...иə сол сəтте осы бір көрініске куə болған əркімнің тұла бойын қуаныш шарпып, əркімнің жүрегіндегі өз елі мен өз Елбасына деген мақтаныштары мен сүйіспеншіліктерінің арта түскендігі ақиқат еді. Тəуелсіздіктің 25 жылдығына қадам басып тұрған сол бір сəтте «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының көшін көк байрақты желбіретіп, Астанаға бастап алып келген Елбасының ерлігі мен елдік істері көз алдымыздан өтіп жатқан-ды. Президент айтқанындай, ел Тəуелсіздігі бізге өзінен өзі келе қалған жоқ жəне де оңай да беріле салмады. Бұл Тəуелсіздік үшін Ұлы Дала төсінде сан ғасырлар бойы ұлы бабаларымыз белін жазбастан ат үстінде ұрыс салды. Бұл Тəуелсіздік үшін «ақтабан шұ бы рындыға» ұшыраған халқымыз талай бір

қасіретті жапа шекті. Бұл Тəуелсіздік үшін талай бір арыстарымыз өз бастарын бəйгеге тігіп, жазықсыз құрбан болды. Бұл Тəуелсіздік үшін сан қатерлі өткелдерден өткен едік. Бұл Тəуелсіздікке жеткен кезімізде жол таба алмай, тығырыққа тірелген сəтімізде «Садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің мүддең жолында бойдағы қуат, ойдағы нəрдің бəрін сарп етуге бейілмін. Мен өз хал қымның жолында басымды бəйгеге тіккен адаммын», – деп тарих сахнасының төріне Нұрсұлтан Назарбаев шығып, сол Тəуелсіздіктің көк байрағын ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарының алдан соққан өкпекті желі мен түрлі оқиғаларының селіне де, қарсы беттен көтерілген дауылына да, өрекпігендердің дауына да, қос бүйірден қысқан небір қиыншылықтар мен елдегі жаппай етек ала бастаған жоқшылықтарға да қарамастан «а, құдайлап» егемендіктің көшін бастаған-ды.

● Президент поштасынан

Ќўттыќтауларда – еѕ ізгі тілектер

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі шетел үкіметтері мен мемлекеттері басшыларының ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күніне байланысты құттықтаулары туралы хабарлады. Ұлттық мерекеге байланысты жəне демократия жолымен жүріп Мемлекет басшысының атына ше- келе жатқан Қазақстанның серіктел үкіметтері мен мемлекеттері тесі болып табылатынын мақтан басшыларынан құттықтаулар тұтады. Біз алдағы жылдарда да Тəуелсіздік күні мерекесін сіздеркеліп түсті. Ресей Федерациясының Пре- мен бірге қуанышпен атап өтетін зиденті В.Путин Қазақстан əрта- боламыз», – делінген хатта. Рим Папасы Франциск Нұрсұлтан раптандырылған қуатты экономикасы бар, демократиялы, Назарбаевқа жəне бүкіл Қазақстан көпэтносты ел ретінде табысты да- халқына бақыт пен игілік тілей мып келе жатқанын, халықаралық отырып, Жаратушыдан елімізге аренада лайықты беделге ие жақсылық сұрайтынын атап өткен. Тəуелсіздік күніне байланысекенін, сондай-ақ, халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелерді ты игі тілектер Ұлыбритания шешу ісіне маңызды үлес қосып патшайы мы II Елизаветадан, Жапония императоры Акихитодан, отырғанын атап өтті. «Қазақстан мен Ресейдің Сауд Арабиясының королі Салман көп ғасырлық дəстүрлі достық бен Əб дел Əзиз Əл Саудтан, пен тату көршілікке негізделген Н и д е р л а н д к о р о л і В и л л е м байланыстарының деңгейі жоғары Александр дан, Швеция королі екенін қанағаттанушылықпен атап Карл XVI Густавтан жəне Бельгия өтемін. Еуразиялық экономикалық королі Филипптен келді. Олар да одақтың қарқын алып келе жатқан өз құттықтауларында Қазақстан қызметі өзара тиімді ынтымақ- халқының одан əрі дамып, өркентастық үшін түрлі салаларда жаңа деуіне тілектестік білдірген. Француз Республикасының перспективаларға жол ашады», – деді В.Путин. Сондай-ақ, Ресей Президенті Ф.Олланд Нұрсұлтан Президенті Қазақстан мен Ресейдің Назарбаевтың биылғы қарашада арасындағы стратегиялық серіктестік Парижге жасаған сапары екіжақты жəне одақтастық қатынастар екі ел қарым-қатынастың, əсіресе, саяси мүддесі үшін Еуразия кеңістігіндегі диалог пен білім беру мекемелері тұрақтылық пен қауіпсіздікті арасындағы ынтымақтастықтың қамтамасыз ету бағытында одан əрі сапасы жоғары екенінің тағы бір айғағы болғанына назар аударнығая беретініне сенім білдірген. АҚШ Президенті Б.Обама өз ды. Франция көшбасшысы страқұттықтауында Қазақстанның те гиялық серіктестікке, эконоЕуразия жүрегіндегі заманауи ел микалық қарым-қатынастарға, бола отырып, жаппай қырып-жою соның ішінде энергетика, аэроқаруын таратпау ісін ілгерілетуден навтика жəне көлік сияқты персб а с т а п , з о р л ы қ - з о м б ы л ы қ пективалы салаларға серпін беру сипатындағы экстремизмге қарсы үшін ынтымақтастықты үдетудің іс-қимыл жасауға дейінгі жаһан- жəне əртараптандырудың маңыздық сын-қатерлерге қарсы тұруда дылығын атап өткен. маңызды рөл атқаратынын айтқан. «Құрама Штаттар өркендеу (Соңы 4-бетте).

(Соңы 4-бетте).

Олай дейтініміз, құрылыс басында күні-түні 1300-ге жуық адам тер төгіп, алып крандар дамылсыз қимылдауда. Қаншама жұмыс орын дары ашылып , əлеуметтік ауыртпалық жүгі жеңілдегендей. Сондай-ақ, жүк көліктері тоқтаусыз ағылып, болашақ заманауи ғимарат қаңқасы алыстан менмұндалайды. Қазақстанда өзіндік сипатта алғаш рет қолға алынған қырсыры мол, күрделі теміржол эстакадасы да ұзынынан созылып жатыр. Қысқа мерзімде ауқымды жоба аясында көптеген жұмыстың басы қайырылғаны байқалады. Жан-жақта қаптаған металл құрылғылар мен бетон негіздер, өзге де маңызды нысан сұлбалары біраз істің ілгері жылжығанын аңғартады. Қазіргі дағдарыстың салқынына қарамастан, халықаралық дүбірлі шара ЭКСПО-2017 көрмесінің бетке ұстар болат жол қақпасына тапсырыс беруші «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан да, бас мердігер белгілі «Сембол» түрік компаниясы жағынан да айрықша көңіл бөлініп, қала билігінің де жауапты қадамға білек сыбана кіріскені сезіледі. Болашақ гүл жайнаған шағын ауданға айналуы тиіс, елордадағы екінші вокзал орналасатын өндірістік

аймақты абаттандыру да бүгіннен жүргізілуде екен. Бəсірелі белесті бағындыру жемісінде төңіректегі инфрақұрылым да өркендеп, жаңарып-жаңғыратыны қуантады. Вокзалдан бастау алған эстакада Қарағандыға апаратын жолға бір-ақ тіремек. «Тұлпар-Тальго» сынды жүрдек пойыздардың қозғалысы үшін желіні электрлендіру ойластырылуда. Қарапайым сөзбен түсіндірсек, вокзал құрылысы жан-жағына жағымды əсерін тигізіп, жақын аумақта болашақта тақтайдай жолдар төселген сəнді көшелері, дүкен дері, тұрғын үй кешендері пай да болатын өздігінше бір елді мекен қалыптаспақ. Кеңес дəуі рінен мүлде түрленбеген маңай дағы асфальт зауы ты, қой малар сығылысқан өнеркə сіптік мекеннің түпкілікті

Ынтымаќтастыќќа ыќылас жоєары

Қытайға ресми сапары барысында Қазақстан Премьер-Министрі Кəрім Мəсімов ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Келіссөздер барысында тараптар сенімнің, тату көршілік пен өзара түсіністіктің жоғары деңгейін атап өте отырып, Қазақстан-Қытай қарымқаты настарының жан-жақты ынтымақтастығын дамыту мəселелерін талқылады. Үкімет басшысы Қытай бас шысына Қазақстан Республи касының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сəлемін жеткізді, сондай-ақ, ҚХР-ға ресми сапармен келуге шақырғаны үшін жəне Қазақстанның Тəуелсіздік күнімен құттықтағаны үшін алғыс сезімін білдірді. Түрлі деңгейлердегі тұрақты кездесулер біздің елдеріміз арасында қол

жеткізілген уағдаластықтарды ырғақты орындауға жағдай жасайды, деп атап көрсетті Кəрім Мəсімов. Сондай-ақ, К.Мəсімов пен С.Цзиньпин мемлекетаралық қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша, соның ішінде сауда-эко номикалық, индустрия лықинновациялық, өнеркəсіптік жəне инвестициялық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдете түсуге мүдделіліктерін білдірді. Оның сыртында К.Мəсімов Учжэньге ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен Бүкілəлемдік интернет-конференцияға келген делегациялар басшыларымен болған ұжымдық кездесуге де қатысты.

жаңғыртылатыны қуантады. Мəселен, сауда үйлері бүгіннің өзінде салына бастауда. Сондайақ, Ақорда жарқыраған əкімшілік орталық, отарбалар сан тараптан ағылатын Қырқыншы стансасымен жалғанбақ. Негізі

эстакаданың сəт сайын өзгеріп, жылдам дамыған қаланың сəулеттік-инфрақұрылымдық дамуына кедергі келтірмейтіні атап өтерлік жайт. (Соңы 6-бетте).

Кїн тəртібі наќтыланды

Кеше Мəжіліс Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тəртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Депутаттар назарына рұқсат беру құжаттарын қысқарту жəне рұқсат беру рəсімдерін оңайлату мəселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылды. Сонымен қатар, осы күні Мəжілісте 2003 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған Қырғызстанмен мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерісті енгізу туралы үкіметаралық хаттаманы жəне білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенцияны ратификациялауға қатысты заң жобалары талқыланатын болады. Жалпы отырыста депутаттар бірқатар ратификациялық құжаттар бойынша бейінді комитеттерге қорытынды əзірлеу мерзімін тағайындамақ. Олар: Ресеймен 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасы

Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Сарышаған сынақ полигонын, сондай-ақ, Қазақстан аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау туралы шарттарға өзгерістер енгізу туралы үкіметаралық хаттамаларды, сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің (объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын пайдалану тəртібі туралы жəне Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру шарттары жəне Приозерск қаласының тіршілік əрекетін қамтамасыз ету туралы келісімдерге түзетулерге қатысты хаттамаларға байланысты болып отыр.

ЎЛЫ ДАЛА ЕЛІНІЅ ЎЛЫЌ МЕРЕКЕСІ АСТАНА Еламан ҚОҢЫР,

«Егемен Қазақстан».

Биыл Қазақ елі ұлтымыз үшін ең ұлық мереке саналатын Тəуелсіздік күнін 24-ші рет атап өтті. Соған орай кең-байтақ еліміздің əр өңірінде арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, еркіндіктің игіліктері дəріптелді. Бұл күні Астана қаласында да халықтың мерекелік көңіл-күйді сезінуіне барлық жағдай жасалды. Елордадағы негізгі шараның бірі «Бəйтерек» монументі алаңында өтті. Онда жиналған халық отандық эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалап, ертегі кейіпкерлерінің сахналық қойылымдарына куə болды. Сондай-ақ, ашық аспан астында өткізілген шара барысында тəуелсіздіктің баға жетпес құндылық, оны қастерлеп, көздің қарашығындай сақтау əр қазақстандықтың басты парызы екені айтылды. Сонымен қатар, «Астана-Опера» театрында «Өнерім саған – Тəуелсіз Қазақстаным» атты мерекелік

концерт өтті. Мəрмəр залдың сахнасында орындалған музыкалық классиканың ең үздік шығармаларын талғамы биік көрермен ыстық ықыласпен қабылдады. Кештің шымылдығы күй атасы – Құрманғазының «Балбырауынымен» түріліп, Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекенімен» жабылды. Осылайша, шығармашылық ұжым егемен еліміздің жетістіктерін əн мен жырға қосып, келешекке деген сенімді нығайтты. Мереке күні бас қалада ұйымдастырылған тағы бір іс-шара астаналық полицейлер өткізген шаңғы жарысы болды. Сайысқа 200-ге жуық тəртіп сақшысымен қатар, олардың қамқорлығындағы 50-ден астам балалар үйінің тəрбиеленушілері қатысты. Осындай жалпыхалықтық ойын-сауық шаралары «Хан Шатыр» сауда орталығы мен «Мұз қалашығында» да өткізілгенін атап өткен жөн. Мереке соңы таңғажайып отшашуларға ұласып, азат елдің аспаны əсем күйге бөленді. ––––––––––

(Осы тақырыптағы топтаманың соңын 2-3-беттерден оқисыздар).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
19122015 by Egemen - Issuu