20022014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Атќарар міндет – єылым мен білімді ґндіріспен їйлестіру 2-бет Депутаттыќ корпус 4-бет Біздіѕ бірегей брендіміз 5-бет Керуен кїнге бет алды 8-бет

№35 (28259) 20 АҚПАН БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Кəсіподаќтар – əлеуметтік їнќатысудыѕ маѕызды саласы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Кəсіподақтары федерациясының төрағасы Əбілғазы Құсайыновты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ə.Құсайынов Мемлекет басшысын кəсіподақтардың қазіргі қызметі, жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары жəне кəсіподақ қозғалысын дамыту перспективалары туралы хабардар етті. Қазақстан Президенті өңірлерде кəсіподақтардың белсенді жұмыс жүргізу қажеттігіне жəне олардың əлеуметтік серіктестік аясында барлық мүдделі тараптармен өзара ықпалдастығының маңыздылығына назар аударды. – Кəсіподақтардың негізгі міндеті – еңбеккер мен жұмыс берушілер арасында туындайтын мəселелерді дер кезінде шешу, ал ол үшін кəсіпорындардың кəсіподақ ұйымдары барлық тараптармен тығыз ынтымақтастықта болуға тиіс. Бұл ретте жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған əлеуметтік үнқатысудың жаңа түрлерін дамыту маңызды, – деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев. Федерация төрағасы жұмысшылардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін əлеуметтік серіктестіктегі кəсіподақтар қозғалысының рөлін арттыру, сондайақ, əлеуметтік-еңбек дауларының алдын алу мақсатын көздейтін кəсіподақтар туралы жаңа заңды əзірлеу барысы туралы да айтты.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

● Мəселенің мəнісі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат КЕЛІМБЕТОВ:

«Ќазаќстандыќ банктердіѕ барлыєында ўлттыќ жəне шетелдік валюта ќоры жеткілікті» Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов аталмыш банктің Алматы қаласындағы бас ғима ратында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Соңғы аз ғана уақыт ішінде журналистер қауымымен төртінші мəрте жүздесіп отырғандығын жəне бұл жағдай елдегі қаржы мəселесін күрделендіргісі келетін

мүдделіліктің салдарынан екенін жеткізген бас банкир қазақ қоғамында отандық банктерге қатысты болып жатқан оқиғаларға түсінік берді. «Кеше Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президен тінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ғимаратында БАҚ өкілдеріне шұғыл мəлімдеме жасауға мəжбүр болдық. Себебі, 18 ақпан күні бірқатар ғаламтор парақшалары мен отандастарымыздың жеке қалта

«Жалєан аќпараттарєа тыйым салынады» Кеше еліміздің Бас прокуратурасы қайсыбір банктердің банкрот алдындағы жағдайы туралы жалған ақпараттың ешбір негізі болмағандығы жəне болуы мүмкін еместігі туралы мəлімдеме жасады. Соңғы күндері əртүрлі комму никация құралдары арқылы (əлеуметтік желілерді қоса алғанда интернет-хабарламалар, СМС) «Центр Кредит» банкі, «Каспи Банкі» жəне «Альянс банкінің»

банкрот болу мүмкіндігі туралы ақпарат тарала бастағаны мəлім болды. Осы хабарламалар аталған банкілердің салымшыларын дүрліктіріп, оларды банктік шоттардағы қаражаттарын жаппай алуға итермелеуде. Нəтижесінде, бұл əрекеттер жүйе құраушы банктерге айтарлықтай зиянын тигізді, қоғамдағы əлеуметтік шиеленістің өсуіне əкеліп соқты, сондай-ақ елде гі қаржы институттарына

Əкімшілік жауаптылыќ ізгілендіріліп отыр Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі кезекті жалпы отырысында əкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық қорғау, сыртқы барлау мəселелеріне қатысты заң жобалары қаралды. Сондайақ, күн тəртібінде халықаралық құжаттарды ратификациядан өткізуге арналған заң жобалары заңнамалық айналымға алынды.

– «АТФБанк» АҚ теңге бағамына түзету енгізілгеннен кейін де тұрақты жұмысын жалғастырып келеді. Банкте өз салымшылары арасындағы депозиттердің қайтып алынуы тіркелмеді жəне өтімділіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етілуде. «АТФБанк» АҚ дамуының жаңартылған стратегиясы тұрақтылықты аса маңызды басымдық дəрежесіне

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Жалпы отырыста депутаттар Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық кодексінің жобасын жəне оған

ілеспе əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мəселелеріне қатысты заңдық құжатты бірінші оқылымда мақұлдады. Кодекс жобасы 900 баптан тұрады. Əділет министрі Берік Имашевтің айтуынша, қолданыстағы

● Межелер мен міндеттер «Адамның өскені əрбір өткен жылымен, шаһардың өскені халықтың сынымен бағаланады», деген екен бұрынғылар. Бұл қаласына қарап, қоғамның ырысын, баласына қарап əлеуметтің тынысын анықтайтын осы заманның ақиқаты. Өйткені, бүгінде шаһар өмірі – ең алдымен тынымсыз тіршілік пен ауызбірліктің көзі, береке мен баяндылықтың өзі. Сондықтан да жыл сайын халық болып мəжіліс құру – біз үшін Елбасы белгілеген тəртіптің қалпына да, ел дəстүрінің салтына да сай дағдыға айналды», – деп бастады сөзін Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетов кеше КонгрессХолл сарайында өткен елорда жұртшылығымен болған есепті кездесуде.

Ел сенімі ерен істерге бастайды Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Жалпы алғанда, қаламыздың өткен жылғы дамуы жаман болған жоқ, деп жалғастырды əкім сөзін одан əрі. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен бір жыл ішінде бірқатар оң өзгерістерге қол жеткізілді. Өнеркəсіп, жер, жол жəне көлік қатынасы, энергетика мен экология, əлеуметтік саясат жəне тұрғындардың тұрмыс деңгейін жоғарылату сияқты аса маңызды салаларда айтарлықтай нəтижелер орын алды. 2013 жылы қала бойынша өңірлік өнім 2 триллион 700 миллиард теңгені құрап, макроэкономикалық өсім 6,5 пайызға жетті. Өнеркəсіп өнімі 263 миллиард теңгені құрады. Мемлекеттік бюджетке қала есебінен 600 миллиард теңге қаржы аударылды. Шағын жəне орта кəсіпкерлікті қолдаудың нəтижесінде өткен жылы бұлардың саны 55 мыңға жетіп, 1 триллион 200 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Бүгінде бұл сала 190 мыңнан астам астаналықтарды жұмыспен қамтып отыр. Бұдан бөлек, елордада 2013

жылы 8 балабақша, 4 мектеп, 2 емхана 1 миллион 100 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Астана – үшінші мың жылдықтың ең жас қаласы. Елорда шежіресіне 15 жыл болса, оның тұрғындарының орташа жасы 30дан аспайды. Күн сайын Астанада 45-50 нəресте дүниеге келеді. Қаланың жыл сайынғы табиғи өсімі 20 мың бүлдіршінді құрайды. Бүгінде елорданың отбасылары мектеп жасына дейінгі 110 мыңнан астам бүлдіршіндерді тəрбиелеп отырса, 95 мың бала мектепте оқиды. Астанада 85 мың студент, 140 мыңнан астам жасы əлі 29-ға толмаған жастар еңбек етеді. Сөйтіп, қазірдің өзінде 14 пен 29 жас аралығындағы жастар астаналық тұрғындардың 30 пайызын құрайды. Елордада экономикалық жəне əлеуметтік əлеуетті арттыру мақсатында кешенді шаралар жүргізілуде. 2013 жылы елорданың өнеркəсіптік əлеуеті «Индустриялық парк» аумағында бой көтерген жаңа 8 ірі өндіріс ошағымен толықты. (Соңы 3-бетте).

қолдану аясы кеңейтіліп отырғандығын көлденең тартты. Бұдан басқа, əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уəкілеттік берілген органдардың құзыреті қайта қаралатыны да белгілі болып отыр. Атап айтқанда, санкцияларында айыппұл түріндегі əкімшілік жаза көзделген 90-бап жəне баптардың 52 бөліктері соттың қарауынан уəкілетті мемлекеттік органдарға берілген. (Соңы 2-бетте).

● Бəрекелді!

«Ерекше жыл оќиєасы болары сґзсіз»

Жақында мемлекеттің мəдени өмірінде орасан мəнді оқиға болды – қазақ фольклорының 100 томдығын жарыққа шығару аяқталды. Осыған орай Парламент Мəжілісінің депутаты Алдан Смайыл бастаған бір топ халық қалаулылары Үкімет басшысы Серік Ахметовтің атына депутаттық сауал жолдаған еді. «Мұндай басылым əлем мəдениетінің тарихында бұрынсоңды болған емес. Дүние дидарында фольклоры жүз томды құрайтын басқа ұлт бар болса, бар да шығар, бірақ фольклорын жүз томға жинап, бастырып шығарған əлемдегі жалғыз ұлт – қазақ екені анық. Бұл – əлемдік мəні бар оқиға, ұлт ретінде мақтаныш ететін рухани жетістігіміз», деп жазған депутаттар осы оқиғаға тиісінше мəн берілуі, Үкімет деңгейінде көңіл бөлінуі, елдің ішінде де, сыртында да лайықты насихатталуы қажет деп санайтынын жеткізген. Жақында ол сауалға жауап қайтарылды. «Халқымыздың сан ғасырлық ауыз əдебиеті жинағының тұсаукесерін халықаралық деңгейде

өткізу қазақстандық жəне шетелдік ғалымдар мен əдебиеттанушылар үшін ерекше жыл оқи ғасы болары сөзсіз», деген Серік Нығметұлы шараның маңыздылығын ескере отырып, «Бабалар сөзі» жинағының тұсаукесерін Майндағы Франкфурт қаласында 2014 жылдың қазан айында өтетін жыл сай ынғы халықаралық кітап жəрмеңкесінде өткізуді тиісті мемлекеттік органдарға тапсырғанын айтады, сонымен қатар, Білім жəне ғылым министрлігі «Мəдени мұра» бағдарламасы бағытында əлемдік деңгейдегі басылымдарда ғылыми мақалаларды жариялау жұмыстарын жүргізуде жəне осы 100 томдық жинақ жөнінде де материалдарды жарыққа шығаруды жоспарлауда деп хабарлайды. Қысқасы, Үкімет басшысының «Егемен Қазақстан» га зетінің бетінде 16 қаңтарда жарияланған депутаттық сауалға жауабы мəдениетке нақты қамқорлықтың келісті көрінісі деуге, «Бəрекелді!» деп қуана құптауға лайықты.

АҚПАРАТТАР аєыны  Алматы қаласында ТМД халықтары мəдениетінің фестивалі басталды. Шара аясында ұлттардың төл мəдени мұрасы туралы дерек айтылып, қолөнер бұйымдарына арналған көрме өткізіледі.  Шығыс Қазақстан облысында «Риддер – Өскемен» жəне «Өскемен – Риддер» бағытындағы туристік

«Егемен-ақпарат».

(Соңы 6-бетте).

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мəлімдемесі:

«АТФБанк» АҚ басқарма төрағасы Энтони ЭСПИНА:

Кодекстің 966 бабының 760ы на түзету енгізілген. Соның нəтижесінде шағын кəсіпкерлік субъектілері үшін айыппұлдар мөлшері орта есеппен екі есеге азайтылған. Министр бұл ретте шағын кəсіпкерлік субъектілері активтерінің құны орташа кəсіпкерлік субъек ті леріне қарағанда, бес есе аз екенін, ал қолданыстағы Кодексте айыппұл санкциялары бірдей болып отырғандығын атап өтті. Сондай-ақ, əкімшілік жазаның түрі ретінде ескертуді

телефондарына «Қазақстандық бірнеше банктің банкроттық жариялау туралы шешім қабылдағаны» жөнінде ақпараттар таратылған.

деген тұрғындардың сеніміне нұқсан келтірді. (Соңы 6-бетте).

«Банк жўмысында тўраќтылыќ бар» көтермек. Акционерлер ауысқан кезден бастап өткен жылдың өне бойында банктің менеджерлер тобы бизнесті нығайту жəне қаржылық көрсеткіштер өсімін қамтамасыз ету жолында тер төкті. Біз нарықтағы ағымдық ахуалды мұқият бақылаудамыз. Болған жайлардың бəрін айқын əрі ақиқат сипатында түсінудеміз.

Жинақталған тəжірибеміз бен білім-білігіміз бізге осылай істеуге мүмкіндік беруде. (Соңы 6-бетте).

«Банк ЦентрКредиттің» басқарма төрағасы Владислав ЛИ:

«Баєам ґзгерсе де ўлттыќ валюта ел экономикасына ќызмет ете береді» Халықпен тығыз қарымқатынас жасап отырған отандық банктер үшін теңге бағамы пəлендей қауіп тудырмайтындығын еске салғым келеді. Ұлттық валюта бағамына өзгеріс енгізу қай мемлекет үшін де оңай жасала салатын тəуекел емес. Алайда, бұл қадам ел экономикасы үшін өзіндік пайдасы бар, адам организмін «қан алдыру»

арқылы қалай сауықтырар болсақ, ұлттық валюта бағамына өзгеріс енгізу арқылы отандық экономиканы бір мəрте жандандырып алатынымызды айтқым келеді. Апта басында болған оқиғалар, əсіресе, ғаламтор мен ұялы байланыс арқылы таралған жалған ақпараттың салқыны бізге тікелей тигені рас. Десек те, біз өзіміздің

қаржылық қорымыз бен дұрыс жолға қойылған банктік жүйенің арқасында өз салымшыларымызды да, қаржы əлеміндегі əлеуетімізді де сақтап қала аламыз. (Соңы 6-бетте).

● Дерек пен дəйек

Əлемдік тəжірибе не дейді? Шетелдік сарапшылардың пікірінше, ұлттық валюта бағамына түзету енгізу кең тараған халықаралық тəжірибе болып табылады. Тəжірибе көрсеткендей, бұл шара елдің валюта рыногындағы жағдайды тұрақтандыруға жағдай жасайды. Экономика саласындағы мамандар атап өткендей, өткен жылы Ресей рублі мен Беларусь рублінің америкалық долларға қатысты тиісінше 7,5% жəне 11,1% арзандағаны байқалды. Бұл үдеріс үстіміздегі жылдың басында да жалғасты. Сөз жоқ, мұндай үрдістер ірі тауар айналымымен өзара байланысты барлық елдердің, атап

теміржол маршруты іске қосылды. Соның негізінде жергілікті өңірге келетін саяхатшылар қатары артты.  Биыл Шымкент қаласында 36 кəсіпорын пайдалануға беріліп, 3257 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал алдағы мерзімде «Оңтүстік» индустриялық аймағында құны 45,0 млрд.теңгені құрайтын 59 жобаны іске қосу жоспарланған.  Тараз қаласында 2 мыңнан аса адам қатысқан патриоттық форум өтті. Онда «Мəңгілік Ел» идеясының маңызы сөз етілді.

айтқанда, Кеден одағына қатысушы елдердің валюта рыноктарына ықпал етеді. Шикізат ресурстарына əлемдік бағалар өзгерісінің баяулығын да тағы бір ықпалды факторға қосуға болады. Сондықтан көптеген шетелдік сарапшылар қазақстандық теңге бағамына долларға қатысты түзету енгізуді заңды жəне ел экономикасының дамуына оң əсер етеді деп бағалайды. Атап айтқанда, италиялық UniCredit жəне даниялық Saxo Bank сияқты Еуропаның ірі банктерінің сарапшылары мұндай шара мемлекет тұрғысынан неғұрлым тиімді жəне қисынды деп атап көрсетеді. Ол, ең алдымен, отандық

 Ақтау қаласында Түрікменстан консулдығы ашылды. Осы арқылы маңызды мəселелерді бірлесіп шешуге негіз қаланып отыр.  Қостанай облысында биылғы жылдың көктем айында «Toyota» көлігі шығарылады. Бұл істі өз міндетіне алған «СарыарқаАвтоПром» ЖШС қазірден бастап əзірлікті бастап кетті.  Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында ауыл əкімдері мемлекеттік бағдарламалар бойынша

тауар өндірушілердің жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Сарапшылардың пікірінше, ұлттық валюта бағамына түзету енгізу бірінші кезекте ауыл шаруашылығы саласына, сондай-ақ, акциялары халықаралық биржаларға шығарылған қазақстандық компанияларға оң əсер етеді. Бүтіндей алғанда, ол ішкі сұранысты ұлғайтуға жағдай жасайды, ал, ол экономиканың одан əрі қарқынды дамуы үшін аса маңызды, өйткені, бүгін де экспортқа бағдарланған экономикалық модельдің əлсіздігі мен тұрақсыздығын шетелдік тəжірибе көрсетіп отыр. «Егемен-ақпарат».

сынақ тапсырды. Олардың арасында 14 əкімнің білім деңгейі жоғары бағаланды.  Маңғыстау облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы игілікті бастаманы қолға алды. Ондағы қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тапсырыс берген құжаттарын үйлеріне апарып беруде. Egemen.kz хабарлары мен облыстық əкімдіктер сайттарының материалдары бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.