20/03/2013

Page 1

ДЕРЕК пен дəйек 3 600 000 000

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша таяу жылдарда жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысына осыншама теңге бөлінбек

№90 (28029) 20 НАУРЫЗ СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Өткен жылдан бастап жүзеге асырыла бастаған бағдарламаға бастапқы кезеңде 586 миллион теңге бөлінеді делінген. Алайда өңірде тұрғын үй алу кезегінде 15 мың адамның тұрғаны ескеріліп, қаржы мөлшері алты есеге жуық өсті. Бүгінге дейін «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 10 көп қабатты тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Шемонаиха, Глубокое аудандарында жаңа пəтерлер кезекке тұрғандардың үлесіне тиді. Енді облыстың Семей жəне Өскемен қалаларында үй салу комбинат тары бой көтермек. Демек, құрылыс материалдарын жергілікті жерде əзірлеу үй бағасының қымбаттамауына оң ықпал етпек. Сонымен бірге, өңірдің қалалары мен аудан орталықтарында да қолжетімді баспаналар салынып, ол бірінші кезекте жас мамандар мен көп балалы аналарға бөлінеді деп күтілуде. ӨСКЕМЕН.

256 000

Биыл облыс диқандары осынша гектар жерге майлы дақылдар егуді жоспарлап отыр Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

Диқандар майлы дақылдың аумағын жыл сайын көбейтіп келеді. Биыл да өткен жылға қарағанда, біршама гектар қосылды. Майлы дақылдар көлемін көбейтіп қана қоймай, оны ұқсату жағы да облыста жақсы ойластырылған. Май сығу зауыты мен шағын цехтардың қатары да өсті. Қыс айларының өзінде облыста тағы бір май сығу зауыты іске қосылды. Олардың барлығының қатары бес-алтыға жетіп қалды. Ал осы көктемде 4 миллион 304 мың гектар жерге дəнді дақылдар себіледі. Картоп та жылдағыдан 160 гектар көп егілмек. Ғалымселекционер Андрей Удовицкий облыста азықтың осы түрінің сорттарын шығарумен айналысады. Қазір ол картоптың 14 сортының авторы болып табылады. Ол жақында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге түйнектің іші де, сырты да күлгін қара сортын көрсетті. Оның дəмділігімен қатар, емдік қасиеті де бар көрінеді. Қостанай облысы.

21 461

Облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген жер телімдерін түгендеу жұмыстары аяқталды. Түгендеу тексерісі осынша жер телімін қамтыды Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Бұл шара Елбасының тапсырмасы бойынша, жер ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. Аудандар мен қалаларда құрылған жұмыс топтары 21461 жер телімінің 9249-ы пайдаланылмай жатқанын анықтады. Түгендеу қорытындысымен 1130 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ, 2014 жер телімінің құжаттары өңіраралық жер инспекциясына жіберілсе, 6105 телімнің құжаттары заң талаптарына қайшы келгендіктен, иесіз деп табылып, əділет органдарында есепке қойылды. Жалпы, облыстық жер қатынастары басқармасының ақпаратында мұндай учаскелердің 43 пайызы пайдаланылмайтыны айтылады. Ендігі жерде мемлекет иелігіне заңды түрде қайтарылған жер телімдері кезекте тұрған азаматтарға кезек есебі бойынша беріледі. Осындай түгендеу былтыр ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты жүргізілген болатын. Ақмола облысы.

Бəрекелді!

Экранда – Ер Тґстік!

Ќазаќтыѕ тўѕєыш толыќ метражды анимациялыќ фильмі жарыќќа шыќты Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Сүйінші, ағайын! Қазақ мультипликациясы тарихында толық метражды тұңғыш анимациялық фильм жарыққа шықты. Туынды «Ер Төстік пен Айдаһар» деп аталады. Халық ертегісі – «Ер Төстіктің» желісімен жасалған фильм наурыздың 21-нен бастап, еліміздің барлық кинотеатрларында 3D жанрында көрсетіле бастайды. Қалай десек те, қазіргі қазақ анимациясы алға сенімді адымдап келеді. Оның айшықты дəлелі – соңғы екі-үш жыл көлемінде «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Аңшы», «Балақайлар мен бөжекейлер», «Ақ қаз», «Ынсапсыздың ақыры», «Байқоңыр», «Айгүл», «Қозы, ешкі һəм торы», «Қошқар мен теке», «Момын мен қарақшылар», «Айка», «Зəйтүнқарлығаш пен құйыршық» атты анимациялық фильмдер. Компьютердің түбінде, ақпараттық технологияларды уыстап туылған бүгінгінің сұңғыла баласын сапасыз туындылармен, сенімсіз оқиғалармен теледидар немесе экран алдында ұстап тұра алмасымыз аян. Оларға да заманына сай дүниелер керек. Осы тұрғыдан алғанда, «Қазақфильмнің» көптен көздеген осы ірі жобасының мəреге жетуі ұлттық мультипликацияны жаңа белеске көтеріп берді деп айтуға əбден құқылымыз. Енді міне, еліміздің кинотеатрларынан көрсетіле бастайтын «Ер Төстік жəне Айдаһар» атты тұңғыш анимациялық толықметражды фильм – Наурыз мерекесі қарсаңында балаларға ең үлкен базарлық болмақ! Анимациялық туынды мектеп жасына дейінгі жəне мектеп жасындағы балаларға арналған. Еліміздің ең басты ертегісінің ізімен жасалған мультфильм, заманауи технологиялардың мүмкіншілігін пайдалана отырып, 3D пішінінде түсірілген. Мұндай үш

Ұрының түрі көп. Пəтер тонаушылар, қалтаға түсушілер, мал ұрлаушылар... Солардың бірін Шымкент қаласының полиция қызметкерлері ұстады. Жастары жалындаған 25-ке енді жеткен бұл екі жігіт көлік тонауды кəсіп етіпті. Соңғы екі жылдың ішінде 50-ден астам көлікті тонаған. Екеуі де бұрын ұрлық жасағандары үшін сотты болған. Осы уақытқа дейін қолға түспей жүргендеріне қарағанда, бұл екі қу «жорыққа» өте тыңғылықты дайындалып, нақты жоспармен кірісетін сияқты. Олар, алдымен автотұрақтарда немесе жолдың бойында иесі жоқ қараусыз тұрған қымбат шетелдік көліктерді аңдып жүріп, терезесін сындырып, ішіндегі құнды заттар

Мерекелік шараның өт кізілуіне көңілі толған Жаңыл анамыз бен Бегалы ағамыз алғыс білдірсе, ауыл ақсақалы Жаулы атамыз жиналғандарға ақ батасын берді. Жəния ӨМІРБАЙҚЫЗЫ. Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Бостан ауылы.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми Жапонияның біздің еліміздегі елшісі Юдзо Хараданы қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

өлшемді анимация көлемді объектілердің суретін қолмен салуды қажет ететінін еске алсақ, түсіру жұмыстарының күрделілігін,

нағыз майталман маманның ғана қолынан келер іс екенін айта кеткен жөн.

Ќор болєан «жиырма бес»... «Егемен Қазақстан».

Басқа өңірлерге қарағанда Наурыз Маңғыстауға ерте келеді. Осылай Ұлыстың ұлы күні Қарақұдық ауылында сары ала таңнан басталып та кетті. Ауыл əкімінің қолдауымен Қарақұдық орта мектебінде ауыл тұрғындарына арналып наурыз көже пісірілді, мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Мереке бағдарламасы аясында 8-10 сыныптар арасында «Ал, қане, қыздар» сайысы өткізілді. Сайысқа қатысушылар өз топтарын көпшілікке таныстырып, ана, қыз, наурыз тақырыптарына арналған əндерден попурри орындады, қағаздан текемет оюын қиды, шілтерлі бұйым тоқы ды, кесте тігіп көрсетті. Нəтижесінде 10-сынып қыздары 1-орын, 9-сынып оқушылары 2-орын, ал 8-сынып қыздары 3-орынмен марапатталды. Мерекеге қатысушы ауыл тұрғындары «Пай, пай, келіндерай!» сайысын да қызыға тамашалады.

Ынтымаќтастыќ əлеуеті зор

Ұрлық түбі – қорлық

Оралхан ДƏУІТ,

Нўр себеле, Ўлыстыѕ ўлы кїні!

мен ақшаны алып кетіп отырған. Ал ұрланған заттарды қаладағы базарларға сатып, өз қажеттеріне жаратқан. Сол сияқты, өткен аптада шымкенттік тəртіп сақшыларының қолына түскен 25 жастағы тағы бір ұры тек аккумулятор ұрлауға машықтаныпты. Иə, көлікті от алдыратын капот ішіндегі кəдімгі аккумулятор. Үстіміздегі жылдың 9 ақпанында, полиция бөліміне 28 жастағы тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз біреудің есігінің алдында тұрған «ВАЗ2107» автокөлігінің капотын ашу арқылы, аккумуляторын ұрлап кеткені туралы жазған. Осыдан бір тəулік өткен кезде, осы тектес арызбен қаланың тағы бір тұрғыны арызданған. Арызда «ВАЗ-2101» маркалы автокөлігін азық-түлік дүкенінің жанына қойып кеткенде, белгісіз азамат оның да аккумуляторын

ұрлап кетіп, қылмыс орнынан ізін суытқанын айтқан. Жедел іздестіру іс-шарасы кезінде, Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Ал келесі бір қарақшылық топ жанармай бекеттері мен пəтер тонауды қолай көріпті. Күдікті ретінде ұсталған Қызылорда облысының екі жап-жас тұрғыны аз ғана уақыттың ішінде 4 қарақшылық, оның біреуі жанаржағармай бекеті жұмысшысын өлтірумен аяқталған, сонымен қатар, тонау жəне 8 пəтер ұрлығын жасап үлгеріпті. Бұл екі күдіктінің де жас шамасы сол 25те. Мұндайда «от болатын, шоқ болатын, бар болатын, жоқ болатын, жын да, пері жиырма бес» жастың осылайша темір тордың ар жағында қор болғаны-ай демеске лажың жоқ. Оңтүстік Қазақстан облысы.

Сақтансаң – сақтайды

Аќжайыќта тасќын бола ма? Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Тақырыпқа шығарып отырған бұл сауалға дəл бүгінгі күні айқын, нақты, ке сімді жауап берілмей отыр. Кəне, осы мəселенің астарына көз жүгіртіп көрейікші. Ресей аумағына кіретін Жайық өзенінің жоғары бөлігінде өткен қыста қар қалыпты мөлшерден көбірек түскен. Ал Орынбор өңіріндегі Жайыққа келіп құятын Сақмар өзенінде ұзақ жылдардан бері тұңғыш рет қар мен мұздың үлкен мөлшері тіркелген. Осы деректерге иек артсақ тасқын су қаупін жоққа шығаруға болмайды. Алайда өткен күзде қар түскен кезге дейін Орал өңірінде ылғал мөлшері мүлдем жеткіліксіз болғанын ескерсек, дəл бүгінгі күні мол деп есептеліп отырған қар суы тез суалып жерге сіңіп кетуі де əбден мүмкін. Сондай-ақ, қардың қалай ерігеніне де көп нəрсе байланысты. Егер

күн күрт жылынып, қар күрт ерісе əрине, жағдай күрделене түседі. Алайда, ауа райын болжаушылардың мəлімдеуіне қарағанда, алдағы күндерде салқын жəне жылы күндер алмасып отырмақ. Мұндай жағдайда қалың қар өзінен өзі мүжіліп кете беретіні белгілі. Сақтансаң сақтармын дегендей, қамсыз отыруға еш болмайды. Егер көктем кезінде арнасы кезеріп, тартылып жатқан Жайыққа мол су келсе, бұл құттың басы деп есептей беріңіз. Бұл арадағы бүгінгі басты мақсат – тегін ырыс пен ылғал көзін зая кетірмей, оны ел игілігіне пайдаланып қалу болмақ. Айталық, осыдан 2 жыл бұрын аяқ астынан су тасыған кезде осынау мол ырыс көзін тиімді пайдалану тұтқалары табылмай қалғанын да ашық айтуға тиіспіз. Соның салдарынан мамыр айынан бастап Жайық, Шаған өзендерінің күрт тартылып кету үрдісі байқалды. (Соңы 3-бетте).

(Соңы 8-бетте).

Жүздесушілер ҚазақстанЖапония ынтымақтастығының жағдайы жəне оның келешегі туралы пікір алмасты. Əңгіме барысында парламент аралық байланыстарды ны ғайту, сауда-экономикалық

Алда атќарылар жўмыстар ауќымды

Осыдан біраз жыл бұрын елді елең еткізген жаңалық – «Электронды үкімет» құрылатындығы. Бұл уақыт аралығында халқымыз Үкімет жұмысынан электронды құралдар арқылы хабардар болуға қол жеткізіп үлгерді. Дегенмен, алда атқарылар шаруа да қыруар. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында екі мəселе қаралды. Біріншісі – «Электронды үкімет» пен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс нəтижелері, даму перспективалары, екіншісі «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының өткен жылғы қорытындылары туралы болды. «Электронды үкімет» пен халыққа қызмет көрсету орталықтарының 2012 жылғы жұмы сының қорытындылары мен ағымдағы жылға арналған даму бағыттары жайында Көлік жəне коммуникациялар министрі Асқар Жұ мағалиев баяндады. Ол

«Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Электронды үкіметтің» қарқынды дамып келе жатқанын айтып өтті. Министрдің хабарлауынша, «е-үкімет» инфрақұрылымы аясында «Электронды үкімет» порталында бүгінде халыққа 90 электронды қызмет көрсетіледі, онда 21 түрлі мемлекеттік алым, 17 түрлі мемлекеттік баж салығы, 4 түрлі салық төлемдері, 3 түрлі коммуналдық қызмет, сондай-ақ жол қозғалысы тəртібін бұзғандығы үшін айыппұл төлемдері жүзеге асырылады. 2012 жылы «Электронды үкімет» порталы арқылы 10,7 миллионнан астам электронды анықтама беріліп, тіркелген, пайдаланушылар саны 230 мың адамға жетіпті. Сондай-ақ, «Электронды үкімет»

жəне инвестициялық өзара ісқимылды дамыту мəселелеріне баса назар аударылды. Қ.Мəми, əсіресе, ЭКСПО- 2017 арнаулы халықаралық көрмесіне əзірлік тұрғысында ынтымақтастық əлеуетінің зор екенін атап өтті.

порталына күніне 30 мыңға жуық адам кіреді екен. Бүгінгі күнге əлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру бойынша барлық іс-шаралардың жоспарлары дайындалып, бекітілді. Оларды электронды пішінге көшіргеннен кейін 40 миллионнан астам қағаз құжатты айналымнан алып тастау болжанып отыр, дейді А.Жұмағалиев. Жалпы, «Ақпараттық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуы жайында Білім жəне ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қосымша сөз алып, бұл бағытта өз министрліктеріне тиесілі міндеттердің орындалу барысын баяндады. Министрлердің баяндамасынан соң С.Ахметов бұл мəселеге орай өкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді. Премьер-Министр үстіміздегі жылдың соңына дейін əлеуметтік маңызды қызметтерді 100% электронды пішінге көшіру, сондай-ақ рұқсаттамалық құжаттарды автоматтандыру бойынша жұмыстарды жандандыру жəне «е-Iearning» электронды оқу жобасын жалғастыруды тапсырды. (Соңы 2-бетте).

Жағымды жаңалық

Жол табаны Ќоскґлге жетті Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Былтырғы жаз айында тартыла бастаған Жезқазған – Сексеуіл бағытындағы темір жол табанын дайындау жұмыстары бұл күнде Ұлытау ауданы аумағындағы Қоскөл ауылы маңына таяп, қызу жүргізіліп жатыр. Əзірге ел-жұрт сиректеу осы тұста болашақ ірі стансаның іргетасын қалау басталды. Ең алдымен

Бїгінгі нґмірде: Жол азабын жїрген білер 3-бет

қуаттылығы 110 квт электр тарату орны салынып жатыр. Одан кейін іле салынатын 55 тұрғын үй мен 190 орындық балабақшаға құрылыс материалдары алдын ала жеткізілуде. Мердігер ұйымдар бұл темір жол тармағымен қатар, əлеуметтік-тұрмыстық нысандарды салуды вахталық əдіспен жүргізуде. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы.

Сыбайластар айылын жияр емес 4-бет

«СЛУЖАК» 5-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.