Бїгінгі нґмірде:
№54 (28278) 20 НАУРЫЗ БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Халыќтар бірлігін ныєайта тїседі Андрей БЕГЕНЕЕВ,
Парламент Мəжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.
Білімге талап ќашанда жоєары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚазҰУ-дің ректоры Ғалым Мұтановты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында еліміздің жоғары білім беру жүйесін дамыту жəне оның бəсекеге қабілеттілігін арттыру мəселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы ҚазҰУ республиканың ірі жоғары оқу орындарының бірі болып саналатынын, ал оның түлектері экономиканың барлық секторында жұмыс істейтінін атап өтті. – Бүгінде жоғары оқу орындарының студенттеріне қойылатын талап өте жоғары. Биыл құрылғанына 80 жыл
толатын университет өзінің бəсекеге қабілеттілігін ұдайы арттыра отырып, жоғары білікті кадрлар даярлауда үлгі болуға тиіс. Тек осы жағдайда ғана оқу орнының мəртебесі арта түсетін болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ғ.Мұтанов жоғары оқу орнының қазіргі қызметі жəне əлемдегі ең үздік 200 университеттің қатарына
қосылу жөніндегі негізгі міндеттер туралы айтты. Ректор ҚазҰУ-дің алдында білімге негізделген инновациялық экономика субъектісіне айналу міндеті тұрғанына тоқталды. Бұл орайда университет ғылымитехнологиялық міндеттерді шешуде, білім беру сапасын жəне еліміздің оқу орындарының бəсекеге қабілеттілігін арттыруда үлгі болуды көздеп отыр.
----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Халыќаралыќ парламент ґкілдері бейбітшілік пен тўраќтылыќты ќолдайды Женевада əлем елдерінің парламент өкілдерінің қатысуымен Парламентаралық Одақтың 130-Ассамблеясы өтіп, халықаралық деңгейдегі өзекті мəселелер талқыланды. 150 мемлекеттен келген 1500 делегаттың алдында ядролық қауіпсіздік, тұрақты даму тəуекелдері, парламент құқын қорғауда парламент өкілдерінің рөлі сынды өзекті тақырыптар сөз етілді. Қазақстандық делегацияны Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастап барды. ПАО 1889 жылы демократия
мен бейбітшілікті нығайту ісіне ықпал ету мақсатында құрылды. Бүгінгі күні құрамында 160 елдің парламенті бар. Біздің мемлекетіміз
1993 жылы мүшелікке енді. ПАО жиыны əлемдік деңгейдегі мəселелерді талқылап, тəжірибе алмасу мақсатында жылына екі рет тұрақты түрде өтеді. Бұл жолғы форумның ерекшелігі – осы жылы ПАО қызметіне 125 жыл толды. Ассамблеяға қатысушылар өткенге қорытынды жасап, болашаққа жоспар құрды. (Соңы 2-бетте).
Наурыз – түркі халықтары үшін ежелгі, күн мен түннің теңелетін, ұзақ та қатал қыстан кейін тіршілікке жан бітіретін мей рам. Маған ұнайтыны – бұл мейрамның біздің елімізде бар ша қазақстандықтардың ба сын бір шаңырақтың астына біріктіретіні! Бүгінгі таңда тəуелсіз мемлекетіміз, Президентіміз Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, шын мəнінде ғажайып бірегей «аралға» айналып отыр. Бұл – барлық
қазақстандықтардың ортақ жетістігі. Бейбітшілік пен бірлік – еліміздің одан əрі қарай дамуы мен өркендеуінің негізі, белгіленген жос пар ларды табысты іске асырудың кепілі! Бұл мерекеде халықтар достығын жəне ұлттардың бірбіріне деген құрметін көреміз. Наурыз – тіршілік атаулының бəрі қысқы «ұзақ ұйқыдан» кейін оянатын, бір-бірімен жүздесіп, қуанышқа бөленетін кезі. Адамдар да қуана амандасып, бір-бірін құттықтап, бір-біріне қонаққа барып, жақсы тілектерін айтады. Жəне бір жақсы дəстүр – ауылда да, қалада да халық далаға не көшеге шығып, қыстан қалған қоқыстарды жинап, өзі тұратын
Белгіленген межелер бюджеттен кґрініс тапты
Мəжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында он мəселе күн тəртібінде қаралды. Бұл жолы депутаттар назарына əлеуметтік қамсыздандыру, үшжылдық бюджет жобасы, жол жүрісі, қылмыстық жолмен алынған кірістерге қарсы іс-қимыл жəне өзге де мəселелер ұсынылды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Əлеуметтік қамсыздандыру мəселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заң жобасы екі оқылымда қаралып, мақұлданды. Заң жобасымен əлеуметтік сипаттағы төлемдердің мөлшерін 2014 жылғы 1 сəуірден бастап 12 пайызға жəне мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақылардың мөлшерін 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 25 пайызға арттыру көзделеді. Ал бала асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем 75 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде енгізіледі. Бұдан кейін депутаттар Ұлттық қордан 2014-2016 жылдарға
ар налған кепілдендірілген транс ферттің АҚШ доллары бағамының 185 теңгеге дейін түзетілуіне байланысты өзгеріс енгізуге қатысты заң жобасын қарады. Мұнда Ұлттық қордан 2014 жылға бекітілген кепілдендірілген трансферт мөлшері 100 миллиард теңгеге ұлғайып, 1 480 миллиард теңгені құрағандығы белгілі болды. Сондай-ақ, кеше 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы да жан-жақты талқыдан өтті. Негізінен биыл əлемдік экономиканың 3,7 пайыз деңгейіндегі неғұрлым жоғары өсімі болады деп күтілуде. (Соңы 2-бетте).
● Біз – қазақстандықтармыз!
Достыќ їйі – ынтымаќ ўясы
жұ мыстары қызу жүріп жатады. Бұл да адамның табиғатпен үйлесім табатын бір шағы екені анық. Ал мен үшін бұл мейрам – Теміртау қаласына арнайы барып, жақын-жуықтарыммен, туыстарыммен кездесетін қуанышты сəт. Қызықты əңгімелер айтылып, дастарқанға тəтті тағамдар қойылатын күн. (Соңы 7-бетте).
Кеше Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дəстүрлі брифингте Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін ҚХА-ның ХХІ сессиясында көтерілетін мəселелерді ортаға салды.
Басты ќаєидат – ќоєамдыќ келісім Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
«Ассамблея сессияға үлкен дайындықпен келе жатыр. Өткен жылдың аяғында нақты іс-шараларға байланысты тұжырымдама жасаған болатынбыз жəне осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылды. Сессияда көтерілетін «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бейбітшілік, руханият жəне келісім мəдениеті» тақырыбы өте өзекті болып табылады. Қоғамдық келісім – біздің конституциялық қағидатымыз, ол Ата Заңымыздың екінші бабында арнайы көрсетілген. Бейбітшілік мəдениетіне Тəуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Мемлекет басшысы айрықша
назар аударды. Бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан да ҚХА-ның ХХІ сессиясы осы мəселені арқау етпек», деді Ералы Тоғжанов. Сонымен қатар, ол сессия отырысында алдағы жылы аталып өтетін Ассамблеяның жиырма жылдығына қатысты дайындық шаралары талқыланатынын да алға тартты. Осы атаулы датаға орай Ассамблеяны дамыту тұжырымдамасы бойынша шаралардың бірыңғай жоспары əзірленетін көрінеді. Брифингке қатысушы Парламент депутаттары кезегімен сөз алды. (Соңы 2-бетте).
● Жағымды жаңалық Сəрсенбі – жармалықтар үшін сəтті күн болды. Облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Туған жерге – тағзым» акциясы шеңберінде Қалбатау ауылында əйгілі балуан Дəулет Тұрлыханов жерлестеріне халықаралық талаптарға сай əйдік спорт кешенін тарту етті.
Ќалбатауєа Карелин келген кїн
Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит ТҰРСЫНБАЙДЫҢ жетекшілігімен Талдықорғандағы Достық үйінде дөңгелек үстел өтті.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Бұл – Жарма жеріне Олимпиада чемпиондары жиналған күн еді. Аталған шараға Олим пиаданың үш, əлемнің тоғыз, Еуропаның он екі дүркін чемпионы, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты Александр Карелин бастаған новосібірлік делегация арнайы келді. Сонымен бірге, қазақтың рухын жаныған Олимпиада чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров пен Бақтияр Артаев жəне салтанатты шараның иесі, əйгілі балуан Дəулет Тұрлыханов
Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Татулықтың тірегіне һəм ынтымақтың ұйытқысына айналған Талдықорғандағы Достық үйіне ұлттық киімдерін малынта киіп, жадырай, əдемі қалжыңдарын жарастыра жиналған этностардың бүгінгі талқылайтын тақырыбы – Елбасының дəстүрлі Жолдауы болды. Дөңгелек үстел əңгімесін Алматы облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай ашып, «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-сессиясын «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп атауымыздың астарында үлкен мəн бар. Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанмен, теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен, жаны бір, арманы ортақ біртұтас
жер дің төңірегін тазартады. Жылы жақтан келген құстар да бір-бірімен табысып, ағаштарға ұя салады. Тал-шыбықтар егу
«Ќазаќстан – 2050» Стратегиясы – ел ертеѕін еѕселендірер ерен жоба 4-5-беттер Еуразияшылыќ идеясы – теѕќўќыќтылыќ ќўралы 6-бет Наурыз – баршаєа ортаќ мереке 12-бет
халыққа айналды», деген еді. Биылғы Жолдаудың тақырыбы да осымен үндесіп, «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталуы бекер емес. Мем лекетіміздің жүйелі
түрде сабақтасып дамып, сатылап жоғарылап келе жатқаны ның белгісі. Бұл – біртұтас халқымыздың ертеңіне нық қадам басуға бағытталған, барлық саланы қамтитын, үздіксіз өсуді
қамтамасыз ететін, жаңғыру жолының жаңа белестері. Сол белестерден елдігіміз бен бірлігімізді, ынтымағымыз бен татулығымызды сақтай отырып өтетін болсақ, біздің Мəңгілік Ел
болатынымыз, егер Мəңгілік Ел болсақ, тіліміз де мəңгілік болатыны ақиқат», деп дөңгелек үстел əңгімесінің бағытын нақтылады. (Соңы 3-бетте).
бастаған мəртебелі меймандар қатысты. – Жарма топырағына осыған дейін даңқты балуан Александр Карелин бастаған төрт бірдей Олимпиада жеңімпазының табан тіреуі сияқты оқиға болған жоқ, – деді Бердібек Сапарбаев. Бұл ізгі шараның адам өмірінің кейінгі ұрпаққа айта жүрер маңызды, айтулы оқиға болып есте қалатынын жеткізген өңір басшысы ресейлік атақты мейманның осы іс-шараға арнайы келуі екі ел арасындағы достық пейілдің жарқын көрінісі екенін атап өтті. (Соңы 7-бетте).