Бїгінгі нґмірде:
№53 (28531) 20 НАУРЫЗ ЖҰМА 2015 ЖЫЛ
Азаматтыќ парызєа адалдыќ танытайыќ 2-бет Кґпті кґрген Кїрішбек 5-бет Дəуір драмасы 6-бет Бозшакґл – єасыр ќўрылысы 7-бет
Ынтымаќтастыќ мəселелері талќыланды
Қазақстан Президенті елімізге жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция, өнеркəсіп жəне ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты қамтитын Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасының негізгі мəселелерін талқылады. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко
халық аралық күн тəртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті екіжақты ынтымақтастық аясында елдеріміз қол жеткізген барлық уағдаластықтар табысты орындалып жатқанын атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы екі елдің көптеген бірлескен
Қазақстан Республикасының Заңы Еуразиялыќ экономикалыќ комиссияныѕ бəсекелестіктіѕ бірыѕєай ќаєидаларыныѕ саќталуын баќылау жґніндегі ґкілеттіктерді жїзеге асыруы кезінде ќўпия аќпаратты ќорєау тəртібі жəне оны жария еткені їшін жауаптылыќ туралы келісімді ратификациялау туралы 2014 жылғы 12 қарашада Мəскеуде жасалған Еуразиялық экономикалық комиссияның бəсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тəртібі жəне оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 18 наурыз. №295-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Ќазаќстан халќы Ассамблеясыныѕ жиырма екінші сессиясын шаќыру туралы 1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма екінші сессиясы 2015 жылғы 23 сəуір күні Астана қаласында «Мəңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» күн тəртібімен шақырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма екінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 19 наурыз. № 352
● Сырт көз – сыншы
«Демократия – бəрінен бўрын жауапкершілік» Бұл сөздер Қырғызстанның белгілі қаламгерлерінің бірі, шығармаларын тəжік, қырғыз тілдерінде қатар жазатын Мирзохалим Каримовтың «Егемен Қазақстанға» жолдаған хатынан алынып отыр. Ел басы абыройы – ел абыройы екенін ескеріп, хатты газет оқырмандарының назарына ұсынуды орынды көрдік. Бауырласымыздың «демократия жалаң ызы-чуу не митинг эмес, баарынан мурда жоопкерчилик экенин элдерге түшүндүрө алдыңыз» деген сөздерінің астары да ойлы адамға түсінікті деп білеміз. Президентке арналған хатта былай делінген:
кəсіпорындары жұмыс жүргізіп жат қанына назар аудара келіп, бұл істің алдағы уақытта да жалғасатынын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Беларусь Президентінің Украина дағдарысын реттеу ісіндегі үлесіне тоқталып өтті. – Орын алып отырған тайталастың ешкімге пайда бермейтіні жөніндегі біздің ұстанымдарымыз толығымен үндеседі, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті үш мемлекет басшысының алдағы кездесуі ынтымақтастықтың қазіргі кездегі өзекті жəне перспективалық мəселе лерін талқылауға мүмкіндік беретінін айтты. А.Лукашенко өз кезегінде екіжақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылды бұдан əрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Беларусь Президенті Қазақстандағы алда тұрған Президент сайлауының жайына тоқталды. – Қазақстан халқы Сізге зор ілтипатпен жəне ерекше жылылықпен қарайтынын білемін. Біздің де Сізге деген көзқарасымызды білесіз. Біз Сізге тілекшіміз жəне жеңіс тілейміз, – деді А.Лукашенко.
Құрметті Нұрсұл тан Əбішұлы! Сіздің жетекшілік данышпан дығыңыз, əлемдік аренадағы жұлдыздай жанған биік абыройыңыз, саяси ақылмандығыңыз туысқан қазақ халқының ғана емес, қала берді Орталық Азияның барлық халықтарының да мақтанышы. Нұрсұлтан десе – қазақ, қазақ десе – Нұрсұлтан деп білетін ақиқат шындық Қазақстанның тарих парақтарына мəңгілік өшпес алтын əріптермен əлдеқашан жазылып та қалды. Президенттік қызмет тізгінін қолыңызға алғаннан бері еліңізді əлемдегі дамыған елу мемлекеттің қатарына қостыңыз, көпұлтты еліңіздің достық-ынтымағын шыңдадыңыз, демократия тек қана
Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Елбасы Тунис Республикасының Президенті Беджи Каид Ас-Себсиге «Бардо» ұлттық мұражайында болған террорлық əрекетке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Жеделхатта террорлық əрекет салдарынан Тунистің жəне шетелдің біраз азаматының қаза болғаны туралы суыт хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. «Қазақстан барша əлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікке елеулі қауіп төндіріп отырған халықаралық экстремизм мен терроризм əрекеттерін үзілді-кесілді айыптайды. Біз дүниежүзілік қауымдастықтың осы қатерлерге қарсы күрестегі күш-жігері мен қадамдарын толығымен қолдаймыз», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Тунис Республикасы халқына Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан шын ниетпен көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
айқай-шу не митинг емес, бəрінен бұрын жауапкершілік екендігін елге түсіндіре алдыңыз. Мемлекетті тура басқару арқылы елжұртыңыздың тұрмыс-тіршілігін жақсартқаныңызбен, жетекшілік қырағылығыңызбен, қара қылды қақ жарған əділдігіңізбен Орталық Азияның жəне басқа өлкелердің президенттеріне ең үздік үлгі болып келе жатырсыз. Керек болса, мен Сізді бүкіл Ор талық Азия халықтарының бақытына жаралған тарихи тұлға деп санаймын. Əлемде əртүрлі қауіпті оқиғалар бола бастаған қиын заманда Орталық Азиядағы қуатты елдің жетекшілік тізгіні Сіздің қолыңызда тұрғаны Қазақстан үшін ғана емес, басқа көрші мемлекеттер үшін де үлкен күш-қуат. Сізге денсаулық, игілік қалаймын! Мирзохалим КАРИМОВ, қырғыз-тəжік жазушысы.
Бішкек шаһары.
Таєайындау
Мемлекет басшысының Өкімімен Күзембек Станбайұлы Əденов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Оймақтай ой Арлы адам – ардақты, ар – ардақтың анасы. Бауыржан МОМЫШҰЛЫ.
Ќоєамдыќ штаб жўмысымен танысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысының кандидатурасын қолдау үшін құрылған Республикалық қоғамдық штабтың жұмысымен танысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Штабқа келген Нұрсұлтан Назарбаев Үгіт жəне сенімді өкілдермен жұмыс жөніндегі орталықтың жəне Ахуалдық орталықтың қызметімен танысты. Өңірлік қоғамдық штабтар басшыларымен жəне мүшелерімен бейне-мəслихат режімінде ұйымдастырылған кеңесті ашқан Мемлекет басшысы алда ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын айтты. – Сенімді өкілдердің, қоғамдық штаб мүшелерінің 60 пайызға жуығы өткен сайлауға қатысып, жақсы тəжірибе жинақтаған. Сонымен қатар, мұнда жаңа сенімді өкілдер де бар. Бұл бізде ұрпақ сабақтастығы бар екенін көрсетеді. Мен сайлауалды науқанына бірінші рет қаты сып отырғандардың бəріне ілти патымды білдіремін. Бүгінде республикалық желілік кесте жасалды, өңірлік штабтардың нақты іс-қимыл жоспарлары бар, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы барлық облыстық қоғамдық штабтардың үгіт науқанына дайындығы туралы есептерін тыңдады. Нұрсұлтан Назарбаев республиканы əрі қарай дамыту жолдары «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқындалғанына, он да əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсаты қойылғанына назар аударды. Жаһандық экономикадағы дағдарыс құбылыстарын еңсеру үшін
«Нұрлы Жол» бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылып жатыр. Осыған байланысты Қазақстан Президенті ел халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру үшін басымдығы бар мемле кеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде белгіленген бес халықтық реформаны іске асыру айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Бұлар кəсіби жəне автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға, заң үстемдігін əртараптандыруға негізделген индустриялық жəне экономикалық өсімді қамтамасыз етуге, болашағы біртұтас ұлтты, сондай-ақ, транспарентті жəне есеп беруші мемлекетті орнықтыруға бағытталған. Мемлекет басшысы аталған шаралардың бəрін қоғамда тұтастық, бірлік жəне өзара сенім болған жағдайда ғана жүзеге асыру мүмкін екенін атап көрсетті. Қоғамдық штаб басшысы М.Құл-Мұхаммед кеңес барысын да Мемлекет басшысына элек тораттық науқан міндеттерін жүзеге асыру үшін елді республикалық, облыстық, қалалық жəне аудандық деңгейде түгел қамтитын штабтар жүйесі құрылғанын баяндады. Орталық штаб құрамына 161 адам кіреді.
Олардың қатарында халықтың түрлі топтарына өкілдік ететін елге сыйлы əрі беделді адамдар қамтылған. Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді өкілдері тізімінде барлығы 29 мың адам бар. Сонымен қатар, 50 мыңнан астам белсенді азамат қолдау көрсетуге тілек білдірді. Іс-шара барысында Таукен өндіру жəне тау-кен металлургиялық кəсіпорындары респуб ликалық қауымдас тығы» заңды тұлғалар бірлестігі нің атқарушы директоры Н.Радостовец, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е.Сыдықов, Парламент Мəжілісінің депутаты, «Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы С.Романовская,
ЌАПШЫЌ
Атырауда айына оныѕ 1 миллион данасын шыєаруєа болады Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».
Кезінде бұл өңірде ең ірі химия зауыты жұмыс жасады. Ерекшелігі сол, зауытта жаңашыл ғалымдар ойлап тапқан жаңа өнімдер өндіріске енгізіліп жататын. Тіпті, Атыраудағы бұрынғы химия
зауыты сол кездегі жаңа технологияларды сынақтан өткізетін үлкен зертхана секілді еді. Алайда, Одақтың ыдырауымен бірге аталған зауыттың да басынан бағы тайды. Алып кəсіпорынның иелері бірінен кейін бірі ауысты. Бірнеше рет жүргізілген тарату шаралары аясында кəсіпорынның өндірістік желілері бөлшектенді. Басқару тетігі қолдан қолға
«Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы А.Мырзахметов сөз сөйледі. *** Қоғамдық штабтар электоралды кезең қарсаңында кандидатты қолдау үшін қол жинау жұмысын табысты аяқтады. Елдің барлық өңірінен 560 мыңнан астам қол жиналды. Үгіт жұмыстары барлық облыс орталықтарында, 87 қалада, 176 ауданда, 6841 ауыл мен кентте жүргізіледі. Республикалық қоғамдық штаб өкілдері халықпен кездесу үшін елдің барлық өңірін аралап шығады. Бұл ретте, еңбек ұжымдарымен жұмыс жүргізуге айрықша ден қойылатын болады. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
өтіп, əртүрлі тапсырыстарды орындағанмен, жалақысыз жүрсе де жұмысшылардың алдағы күнге сенімі жоғалған жоқ. – Біз бұрынғы химия зауытының полипропиленнен шпагат пен қапшық шығаратын цехын сақтап қала алдық. Бірақ, 2009 жылы бұл цех жұмысын тоқтатты. Өйткені, қондырғылар жаңғыртылмады. Жалақысыз қалған жұмысшылар кете бастады, – дейді ұзақ жыл осы салада еңбек етіп, жаңа инвесторлар сенімімен «Қазхим» серіктестігінің басқару тізгінін қолға алған Александр Перкин. – Біздің кəсіпорынның еңсе тіктеуіне елімізде іске асырыла бастаған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының шарапаты тиді. «Қазхим» серіктестігін құрған инвесторлар 2011 жылы цехқа жаңғырту жұмыстарын жүргізу арқылы оны зауытқа айналдырды. Алдымен 1,3 гектар аумағы бар нысан қалыпқа келтіріліп, ескі қондырғылар бұзылды. 2012 жылы «Даму» қорынан несиеге алынған 400 миллион теңгеге австриялық жаңа технологияның желісі алынды. Желінің жүрегі – экструдер. Бұл түйіршектелген полипропиленді ерітіп, қондырғы желісінде бірнеше метрлік жаймаға айналдырады. Осыдан соң қапшыққа қажетті мөлшерлермен кесіліп, жан-жағы тігіледі. Қажеттілігіне қарай полиэтиленнен астар салынады. Дайын қапшықтар сыртына қажетті деректер жазылып, тапсырыс берушіге жөнелтіледі. – Қазір шикізатты Ресейден сатып алып отырмыз. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында шикізат тасымалдаудың еш қиындығы жоқ. Бұрынғыдай кедендік кедергілер мен қағазбастылықтан арылдық, – дейді өндіріс басшысы Этивар Мамедов. – Енді Атыраудағы мұнай-химия кешенінің іске қосылуын асыға тосып жүрміз. Өйткені, біздің өндірісіміз қанат жайып келеді. Қазірдің өзінде айына 120 тонна полипропилен сатып алуға дайынбыз. (Соңы 3-бетте).