20/04/2013

Page 1

ЖАҢА... ...дипломатиялыќ миссия ашылады Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов елімізге сапармен келген Аргентина Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Эдуарда Суаинмен кездесіп, екіжақты дипломатиялық қарым-қатынас мəселелерін талқылады. Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары қазақстандық-аргентиналық саяси жəне экономикалық ынты мақ тастықты, энергетика жəне ауылшаруашылық салаларында өзара іс-қимылдарды дамытудың болашағын талқылады. Сонымен бірге, кездесу барысында Аргентинаның Қазақстандағы Дипломатиялық миссиясын ашу мүмкіндігі талқыланды.

№111 (28050) 20 СƏУІР СЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Айбын

Əлем жəне Қазақстан

Əскеріміздіѕ əлеуеті жауынгерлік парадта танылады

Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми өзінің Токиоға ресми сапарының екінші күні бірқатар екіжақты келіссөздер жүргізді. Бұл келіссөздердің өзегі – мемлекеттер арасындағы байланысты жаңаша тұрғыда жандандыруға негізделгендіктен, тараптар екі жаққа да тиімді мəселелер бойынша жан-жақты пікір алмасты.

Серіктестікке серпін ќосќан сапар

АСТАНА.

...кəсіпорындар салынады

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, Егемен Қазақстан – Токиодан.

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ҚАРАҒАНДЫ.

...психологиялыќ кґмек орталыєы Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Шалқар қаласындағы №2 мектеп-гимназияда ашылған «Жан нұры» психологиялық қолдау көрсету бөлмесі осы бағытта оқушылардың жəне олардың отбасыларының игілігіне қызмет ететін болады. Аудандық білім, дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің бастығы Нағима Тілембаеваның айтуынша, оқушылар бастауыш сыныптардан бастап мектеп бітіргенге дейін түрлі сынақтардан өтеді. Соның ішінде балалардың болашағына бағыт-бағдар болатын ұлттық бірыңғай тестілеудің орны ерекше. Сол себепті ұлттық бірыңғай тестілеуге байланысты жүргізілетін психологиялық дайындық жұмыстары баланың сол кездегі қобалжуын төмендетуі тиіс. Осы орталықтың ашылуына демеушілік көрсеткен кə сіп кер Талғат Меңдіғарин жерлестерінің шынайы алғысына бөленді. Осы заманғы жабдықтармен жарақтандырылған орталықта ерікті түрде 14 маман жұмыс істейді. Ақтөбе облысы.

Қазақстан мен Жапония барлық салалар бойынша өзара тиімді əлеуетке ие. Сенат Төрағасы Қайрат Мəмидің Жапония астанасы – Токиоға ресми сапары аясындағы келіссөздері мен кездесулері кезінде, міне, осы жайтқа айрықша назар аударылды.

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Бүгінде Қарағандының төңірегіндегі 30-ға тарта үйіндіге төгілген 900 мың текше метр тұрмыстық заттар қалдықтары, басқа да қоқыстар көлемі күннен-күнге ұлғайып барады. Қаланың тазалығына зиянды бұл қалдықтарды қайта өңдеп, қажетке жаратылатын өнімдер өндіру жобасын ұсынушы Германия компаниясы өзі инвестиция салу арқылы осындай зауыт құрылысын бастауға ниет танытып отыр. Сонымен бірге, «Сарыарқа» əлеуметтік кəсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-та осынау істі қолға алуды ойластыруда. Аймақтағы өндіріс орындары айналасында осы уақытқа дейін ашық аспан астында жинаусыз жатқан, қоршаған ортаны ластаушы 8 млрд. тонна өнеркəсіптік қалдықтар бар. Аталған корпорация оны қайта өңдейтін кəсіпорынның алдағы екі жылда жұмысқа кірісуіне жол ашпақ. Кезінде игеріліп тасталып кеткен кеніштердегі, елді мекендерден алыс емес жерлерге үсті-үстіне үйілудегі қалдық заттарды кəдеге жарату өңір экологиялық жағдайын жақсартумен қатар, экономикасына да пайдасын тигізеді.

7 мамырда өткізілетін жауынгерлік парад қарсаңында біз Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық əскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұрат МАЙКЕЕВПЕН əңгімелескен болатынбыз. – Мұрат Жəлелұлы, осы жылдың 7 мамыры – Отан қорғаушылар күні елімізде тұңғыш рет Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік парады өтеді. Парадты өткізудегі мақсат қандай? – Бəрінен бұрын, біздің елімізде Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мереке ретінде алғаш рет аталып өтетіндігін айта кету керек. Біздің күнтізбемізде 7 мамырды мерекелік күн ретінде тану, ол ел Президентінің жəне Қазақстан

халқының тəуелсіз елімізді қорғауда жəне мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қарулы Күштердің сіңірген еңбегін бағалауы болып табылады. 1992 жылдың 7 мамырында Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Содан бері Қазақстан Қарулы Күштерінің ел қорғаны болып келе жатқанына 21 жыл болды. Осыған байланысты Жамбыл облысының Гвардейск гарнизонында орналасқан

«Мəтібұлақ» полигонында жауынгерлік парад өтеді. Осы парадта тəуелсіздік жылдарында Қазақстан Қарулы Күштерінің қандай жетістіктерге жеткені жанжақты көрсетіледі. Оның өзіндік мақсаты бар. Өткен екі он жылдықта қазақстандық əскери қызметшілердің жаңа келбеті қалыптасты жəне жасақталды. Мемлекет басшысы, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің басшылығы жауынгерлердің кəсібилігіне ерекше көңіл бөліп келеді. Жылданжылға жауынгерлік дайындықтың қарқыны арта түсуде. Армияны толығымен қайта қаруландыру жоғары деңгейде жүргізілуде. Қазақстан Қарулы Күштері

Кїн тəртібі ќалыптастырылды Кеше Мəжілісте палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен бюро отырысында алда болатын жалпы отырыстың күн тəртібінің жобасы қалыптастырылды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Депутаттардың қарауына бірқатар халықаралық актілерге байланысты құжаттар топтамасы ұсынылатын болады. Топтамалар құрамында «Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» жəне «Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы

шартты ратификациялау туралы» заң жобалары да бар. Жалпы отырыстың күн тəртібіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан əрі қылмыстық сипаттан арылту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымға шығару жөнінде мəселе қосылды. Сонымен қатар, палатаға «Қазақстан Республи касының кейбір конституциялық заңдарына конституциялық мерзімдерді есептеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасына қорытынды əзірлеу мерзімін нақтылау ұсынылды.

Жўмыс тобыныѕ алєашќы отырысы Кеше Ақордада «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары бойынша талдамалық жəне зерттеу қызметін үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Үкімет мүшелері, Президент Əкімшілігінің өкілдері, еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, республиканың белді ғалымдары, жетекші сарапшылары қатысқан отырыста Мемлекеттік хатшы М.Тəжин,

АҚПАРАТТАР аєыны

Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қазақстан мен ТМД қалаларына тегін ұша алады. Бұл жеңілдікті «Эйр Астана» жəне «SCAT» авиакомпаниясы» акционерлік қоғамдары ұсынып отыр. «ҚазАгро» Астананың азық-түлік белдеуі аумағында бес өндірісті іске қосады. Ол Ақмола облысының 17 ауданын жəне Қарағанды облысының 4 ауданын қамтиды. Шығыс Қазақстан облысында SCAT авиа

Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Келімбетов, Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Сұлтанов, Білім жəне ғылым министрі Б.Жұмағұлов, Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаев, «Тұран» университетінің ректоры Р.Алшанов сөз сөйледі.

Еліміздің зерттеушілер қауымы алдында тұрған нақты міндеттер, қоғамдық-гуманитарлық пəндер бойынша мамандар даярлау сапасы, сондай-ақ, ғылыми құрылымдар жұмысының орташа мерзімді кезеңге арналған зерттеу басымдықтары талқыланған отырыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға Қазақстандағы кəсіби зерттеулердің бəсекелестік нарығын дамыту жəне мемлекеттік жаңа ғылыми тапсырыс қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

қару-жарақтың жəне əскери техниканың жаңа үлгілерімен жабдықталуда. Қолда бар жауынгерлік техникалар қазіргі заманғы жағдайда қолдануға жетілдіріліп жатыр. Бір сөзбен айтқанда, отандастарымызға көрсететін іс-шаралар жетерлік. Жауынгерлік парад Қарулы Күштер үшін қазақстандықтардың бойында мақтаныш сезімін тудырып, қоғамда əскери қызметтің жəне Отанды қорғаудың түсіндіру жұмыстарын көтеруге кезекті қадам жасалатындығына, сондай-ақ өсіп келе жатқан ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыруға жаңа серпін беретініне сенімдімін. (Соңы 8-бетте).

сату мен өткізудің алдын алуға бағыттылған. Қостанайда бүгін ірі ауылшаруашылық жəрмеңкесі қанат жаяды. Мұнда сауда сөрелеріне үстеме бағасыз жергілікті өндірушілердің өнімдері қойылады. Жалпы, жəрмеңкеде 85 тонна өнім саудаланады деп күтілуде. Қызылорда облысында ақбөкендерді санау қолға алынды. Қазірдің өзінде аймақты 100 мыңнан астам жезкиіктердің қыстап шыққаны белгілі болып тұр. «ҚазАқпарат», Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.

(Соңы 2-бетте).

Астана экономикалық форумы қарсаңында

Ќўндылыќтар ќўлдырауы əлеуметтік тўраќсыздыќќа соќтыратын сын-ќатер Əділ АХМЕТОВ,

сенатор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

2008 жылы басталған қаржыэкономикалық дағдарыс бүкіл əлемді шарпып, оның соңы жаһандық рецессияға ұласқаны белгілі. Түптеп келгенде, бұл жойқын дүрбелеңге түрткі – АҚШ-та басталған ипотекалық шиеленіс. Оның алғашқы белгілері əлгі елде 2006 жылдың өзінде-ақ сыр берген-ді. Бірте-бірте оның зардабы бүкіл əлемге жайылып, үлкенді-кішілі экономикалардың құлдырағаны соншама, бүгінгі таңда əлемдегі жұмыссыздардың саны 200 миллионнан асып жығылады. Аталмыш дағдарыс пен рецессия тек қана АҚШ емес,

Еуропа елдерінің экономикасын да ойсыратып кеткендіктен Грекия, Испания сынды мемлекеттерде жұмыссыздардың саны 26 пайыздан асып, оның тең жартысынан астамын жоғары оқу орнын бітірген өрімдей жастар құрап отыр. Дағдарыстың салқыны Ирландия мен Италияға да тиіп, енді міне, Кипрге де келіп жетті. Бүгінгі таңда жаһандық дағдарыс пен қаржы-экономикалық рецессияның себептерін Давостан бастап əлемнің əр түкпірінде, оның ішінде, біздің елде де жыл сайын өтіп жүрген экономикалық форумдар іздестіруде. Мұның сыртында кешенді зерттеулермен əлемнің айтулы ғалымдары да айналысып, өз ойларын ортаға салуда. (Соңы 2-бетте).

Президент поштасынан

Саланы дамытудаєы саясаты їшін алєыс Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына «Үміт» бүйрек ауыстыру жөніндегі мүгедектер қоғамы» рес пуб ликалық қоғамдық бірлестігінің президенті М.Өскенбаевтан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Автор өз хатында 2013 жылғы наурыздың басында Оңтүстік Қазақстан облысында донорлардан реципиенттерге бүйрек ауыстырып салу үшін алғаш рет бірден төрт ота жасалғанын хабарлайды. Отандық дəрігерлерге осы мақсатта Оңтүстік Қазақстан облысына дəрігер Пак Кван Тэнің басшылығымен Оңтүстік Кореядан арнайы келген əріптестері көмектескен. М.Өскенбаев транспланта ция лау ды жүзеге асыру да

ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өткен. Шымкенттегі жедел медициналық көмек көрсететін қалалық ауруханада ота сəтті өту үшін қажетті база жасалған. Атап айтқанда, қажетті дəрі-дəрмектер мен медициналық жабдықтар сатып алынған, жергілікті мамандар Оңтүстік Корея мен Беларусьте дайындықтан өткен, науқастар ота жасалғаннан кейін сауығып кеткенше жататын арнайы бөлмелер бөлінген.

Сонымен қатар, хат иесі бүгінде созылмалы бүйрек сырқа тына шалдыққан 237 оңтүстікқазақстандыққа бағдарламалық диализ тəсілі арқылы көмек көрсетіліп жатқанын атап өткен. Қазіргі кезде таяу жəне алыс шетелде бүйрек трансплантациясы бойынша ота жасатып келген 35 емделуші есепте тұр. «Оңтүстік Қазақстан облысында трансплантация қыз меті құрылғаннан бері емде лу шілердің он мыңдаған АҚШ долларын шығындап, шетелдік мамандарға жүгінуі азайды» делінген хатта. Хат соңында автор Оңтүстік Қазақстан облысында созылмалы бүйрек сырқатына шалдыққан мүгедектер атынан Мемлекет басшысына отандық денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінде жүргізіп отырған саясаты үшін алғыс білдірген.

Көкейкесті

«Латифундистер»

Батыс Ќазаќстан облысында жер ресурстарын пайдалануда заѕсыздыќтар орын алып отыр Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

компаниясы тағы төрт бағытта əуе қатынасын ашады. Енді өңір тұрғындары Өскемен-Мəскеу, Өскемен-Көкшетау, Өскемен-Алматы жəне ҮржарАлматы бағыттарындағы қосымша рейстерді пайдалана алады. Шымкенттегі 75 мектептің 11 сыныбында оқитын 2260 оқушысы əскери өмірдің ерекшеліктерімен танысып жатыр. Олардың он күндік əскери-дала жиынына қатысулары үшін жергілікті бюджеттен 13 млн. теңге қаржы қарастырылды. Атырауда «Бекіре-2013» жедел алдын алу шарасы өтуде. Ол балық жəне балық өнімдерін заңсыз шығарудың, тасымалдаудың, сатып алудың,

Негізінен, Жапонияның заң шығарушы органының құзыреті айрықша. Конституция бойынша бұл елдегі заң шығарушы органдар Өкілдер жəне Кеңесшілер деп аталатын екі палатадан тұрады. Заң жобаларының тəртібіне байланысты Жапония парламентінде Өкілдер палатасы – төменгі палата, Кеңесшілер палатасы – жоғарғы палата болып саналады.

Қасиетті жер əрі оны пайдалану мен иемдену жөніндегі мəселелер қай заманда да дау-дамайдың өзегіне айналып, үнемі шиыршық атумен келген. Бүгінгі күні де жерге қатысты оң шешімін таппаған мəселелер мен түйіндер жетерлік. Бұған Батыс Қазақстан облысынан да бірқатар мысалдар келтіре кетуге болады. Иə, егемен ел болғаннан кейін біз ең алдымен жер жөніндегі заңдылықтарды қабылдап, орнықтыруға баса көңіл бөлген болатынбыз. Мұндай көзқарас барша қазақстандықтарға жер жөніндегі түйіндер мен түйткілдерді тиісті заң шеңберінде шешуге алғышарт қалады. (Соңы 9-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.