20052014

Page 1

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары басталды.

№97 (28321) 20 МАМЫР СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Ќазаќстан-Ќытай:

● Сырт көз – сыншы

АЙМАЌТАЄЫ СЕНІМДІ СЕРІКТЕС ЕЛДЕР Елбасы Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ Ќытай Халыќ Республикасына мемлекеттік сапары барысында бірќатар екіжаќты маѕызды ќўжаттарєа ќол ќойылды Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан» – Шанхайдан (Қытай).

Іргелес көршіміз əрі сыртқы саудада айрықша басымдыққа ие стра тегиялық əріптесіміз Қытай Халық Республикасы басшылығы қазақстандық делегацияны əдеттегідей жылы шыраймен қарсы алды. Дəстүр бойынша екі елдің əнұраны орындалып, сəн-салтанат жоралғысы жасалды. Одан соң Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездесіп, келіссөз жүргізді. Елдер басшылары сауда-экономика, қаржы-инвестиция, көлік транзиті жəне ауыл ша руа шылығы салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ау қымды мəселелерін талқылады. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин халықаралық жəне өңірлік ұйымдар аясындағы өзара ісқимылдың басымдығы бар аспектілерін атап өтті, халықара лық күн тəртібіндегі негізгі тақы рыптар бойынша пікір алмасты. Қазақстан Президенті өз сөзінде Қы тайға бүгінгі сапарының АӨСШК ІV Саммитінің өтуімен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті. – Біз Азиядағы өзара ісқимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңеске сіздің елдің төрағалық етуінен үлкен үміт күтеміз жəне Кеңестің ықпалды халықаралық ұйымға айналатынына сенім білдіреміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай өзара іс-қимылының негізі экономикалық ынтымақтастық екеніне назар аударды. Елбасы 2016 жылға қарай өзара тауар айналымының

ЕЛБАСЫТАНУ – ЕЛТАНУ «Нўрсўлтан Назарбаев. Ґмірбаян» кітабы араб тілінде жарыќ кґрді Сауытбек АБДРАХМАНОВ.

Біріккен Араб Əмірліктері қазіргі таңда əлемдегі ең əлеуетті елдердің біріне айналғаны баршаға белгілі. Ел астанасы Əбу Дабиде не көп көрме көп, не көп фестиваль көп, не көп жарыс көп. Бəрі де халықаралық көрмелер, халықаралық фестивальдер, халықаралық жарыстар. Тек мəдениетке, спортқа қатыс тыларын айтқанның өзінде көркем фотография көрмесі, триатлон жарысы, өнер фестивалі, су спорты фестивалі, аңшылық пен ат спорты көрмесі, Гранд-при Формула-1 раллиі, түйелер фестивалі, Əбу Даби Арт бүгінгі өнер көрмесі, гольф чемпионаты деген сияқты бірінен бірі қызықты іс-шаралар жыл бойы жалғасады да жатады. Олардың бəріне бірдей министрдің өзі қатыса қоюы қиын. Оның үстіне Мəдениет, жас тар ісі жəне қоғам дамуы ми нистрі қызметіндегі шейх Нахаян бен Мубарак Аль Нахаян ел Президенті шейх Халифа бен Заид Аль Нахаянның туған бауыры болса, министр қатысатын іс-шараның бəсін өзіңіз бағалай беріңіз. Мəдениет, жастар ісі

деңгейін 40 миллиард долларға жеткізу жоспарын еске салды. – Сіз Астанада 2013 жылғы қыр күйекте Жібек жолының экономикалық белдеуін қалыптастыру бастамасын көтердіңіз. Қа зақстан экономика, сауда, көлік, инвестиция, қаржы жəне мəдениет сияқты салаларды қамтитын бұл ауқымды жобаны жүзеге асыру жолдарын қарастыруға белсене атсалысуға əзір. Осы бастаманың жүзеге асырылуы бүкіл өңіріміздің дамуында

маңызды рөл атқарады, – деді Қазақстан Президенті. Өз кезегінде Си Цзиньпин екіжақты ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтіп, бұдан əрі қарқынды дамитынына сенім білдірді. Сонымен қатар, бейбітшілікті жақтаушы ұйымдар мен жекелеген тұлғалар тарапынан Нұрсұлтан Назарбаевқа Жібек жолы рухын биіктеткені, өзара сенімді, достықты, ынтымақтастықты нығайтқаны, əлем

елдерімен бірге өсіп-өркендеуге, татулыққа жəне ортақ дамуға ықпал еткені үшін «Жібек жолы əлемі» сыйлығы тапсырылды. Келіссөздер нəтижесінде 5 екіжақты құжатқа қол қойылды. Атап айтсақ, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Қытай Халық Республикасының Төра ғасы Си Цзиньпинмен келіссөздерінің қорытындысы бой ынша екі ел арасындағы Стра те гиялық əріптестіктің барлық сала ларын қамтитын

2003 жылғы 28 қазанда Мəскеуде жасалған Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тəртібі туралы келісімнің күші жойылсын.

Бақыт қонған ерлердің əрбір ісі оң болар. Асанқайғы.

VII Астана экономикалық форумы қарсаңында

Əлеуметтік жауапкершілік жолында

«Егемен Қазақстан».

Панельді сессия жұмысына Премьер-Ми нистрдің орынбасары Г.Əбді халықова, Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары қатысады. Сонымен бірге, бұл шараға бірқатар халықаралық ұйым дардың өкілдері шақырылған. Атап айтқанда, олардың ішінде Əлеуметтік қамсыздандырудың халықаралық қоғамдастығының бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевски, Шығыс Еуропа жəне Орталық Азия елдері үшін лайықты еңбек мəселелері бойынша техникалық қолдау топтарының

жəне ХЕҰ бюросының директоры Димитрина Димитрова, «Ортақ игілік үшін – жаhандану бастамасы» ҮЕҰ негізін қалаушы, доктор Камран Мофид, Ресей-Сингапур іскерлік форумының атқарушы директоры Майкл Тэй, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері үшін ХЕҰ бюросының жəне лайықты еңбек мəселелері жөніндегі техникалық қолдау тобының халықаралық еңбек нормалары жөніндегі бас маманы Алан Пельсе, Женева, Еуропа мен Орталық Азия елдері үшін ХЕҰ Бюросының бас кеңесшісі Франс Ауэр, Ресей Федерациясы Еңбек жəне əлеуметтік қорғау министрлігі халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Михаил Кирсанов жəне басқалар бар.

Білім кеѕістігініѕ биік ґлшемі 4-бет

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 16 мамыр. №204-V ҚРЗ

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

(Соңы 2-бетте).

 Оймақтай ой

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі 2014 жылғы 21 мамырда VII Астана экономикалық форумы аясында «Əлеуметтік əріптестік. Нəтижелі жұмыспен қамтуды жəне лайықты еңбекті кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілікті бөлу» атты панельді сессиясын өткізеді.

жəне тараптардың келешектегі перспек тивалық бағыттарын айқын дайтын Бірлескен декларацияға қол қойылды. Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ пен «CITIC» корпорациясы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бұл құжат мұнай-газ жəне тау-кен секторында өзара іс-қимылды дамытуды қарастырады.

Бїгінгі нґмірде:

Қазақстан Республикасының Заңы

Еуразия экономикалыќ ќоєамдастыєына мїше мемлекеттердіѕ экспорттыќ баќылауыныѕ бірыѕєай тəртібі туралы келісімніѕ кїшін жою туралы

пікірлері келтірілген. Бұл жолы да солай етпекпіз. «Сырт көз – сыншы» дейді халқымыз. «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» аталатын кітап қолға алғаш тиген кезде сол сапарлардың біріндегі оқиға еске түскен. Елбасы жайында жазылған кітаптың түрік тіліндегі басылымының тұсаукесерінде, сонау Ыстамбұлда айтыл ған əңгіме еді ол. Түрік бауырларымыздың бірі Қазақстан Президенті туралы еңбектің – Махмұт Қасымбеков кітабының соншалықты толымдылығына сүйсініс білдіре келіп, өткен ғасырдың сексенінші жылдарында өз елінің экономикалық реформаларын жаңа жағдайда, жаңа сипатта табысты бастап берген аса көрнекті тұлға – Тұрғыт Озал қызметінің кезінде дұрыстап хатқа түспей қалғанын, содан да көптеген құнды қырлары əлі күнге ашылмай жатқанын өкінішпен айтқан. Сол азамат: «Мұның бір себебі бізде ол кезде Махмұт Қасымбеков сияқты адамның болмағандығы» деген еді. Қазақстан Республикасы сынды жас мемлекеттің қазірше қысқа ғана тəуелсіздік шежіресінің өзінде ел көшбас-

Панельді сессия күн тəртібінде мына негізгі тақырыптарды: - нəтижелі жұмыспен қамтуға жəне лайықты еңбекке қол жеткізу мақсатында əлеуметтік əріптестердің бірігуі Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық қарқынды дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты; - дағдарыс кезеңіндегі жастар жұмыссыздығы проблемалары; - ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыру; - еңбек тəжірибесі жəне кадрларды даярлау саласында бизнестің əлеуметтік жауапкершілігін арттыру; - жаhандану жағдайында əлеуметтік қамсыздандыру жəне əлеуметтік сақтандыру мəселелерін қарау жоспарланған. Сессия барысында əлеуметтік əріптестік (Үкімет, қызметкерлер мен жұмыс берушілер бірлестіктері) шеңберінде тараптардың жауапкершілігіне қарай экономикалық өсуге ықпал ететін шараларды қабылдау жəне еңбекті қорғау саласындағы іргелес құқық қағидаттарын сақтау жағдайында нəтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнінде бірқатар ұсынымдар беріледі деп күтілуде.

Ґнімдері ґтімді кəсіпорын 5-бет

Ґмір жыры – Саєи сыры 7-бет

Талайды тамсандырєан туынды 30-бет

жəне қоғам дамуы министрі шейх Нахаян бен Мубарак Аль Нахаян Əбу Даби халықаралық кітап жəрмеңкесінің ашылу рəсіміне өзі келді. Сөрелеріне 600 мыңнан астам кітап өнімдері қойылған Ұлттық көрме орталығында дəл сол күні Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны туралы жазылған Махмұт Қасымбековтің «Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өмірбаяны» деген атпен (түпнұсқадағы атауы – «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмір баян») арабша басылған кітабының тұсаукесері өткізілді. Біз Президент Кеңсесінің бастығы, саяси ғылымдар докторы Махмұт Қасымбековтің Елбасымыз Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы жазылған кітаптарының шетелдердегі тұсаукесерлеріне мұнан бұрын да қатысқанбыз. 2012 жылы Ыстамбұлдан, 2013 жылы Бейжіңнен жолданған материалдарда негізінен сол ел азаматтарының Қазақстан туралы, Елбасымыз туралы, Президент жайында жазылған кітап туралы

шы сының қадір-қасиетін білу, Елбасының əр қадамы, əр сөзі жаңа тарихтың парақтары екенін парасаттылықпен пайымдау анық байқалатынына разылықтан шыққан сөз сол кездесуде қатысқан бізді де бір марқайтып тастаған. Сондай мақтаныш сезімін Бейжіңде де бастан кешкенбіз. Біріккен Араб Əмірліктерінде де дəл солай болды. Сөз басында бұл кітаптың араб тілінде жарық көруіне осыдан біраз бұрын Біріккен Араб Əмірліктерінде Қазақстан елшісі болған, бүгінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметіндегі ардақты азаматымыз Асқар Мусиновтің еткен еңбегін ерекше айтып алғымыз келеді. Асқар Ахметұлы елші кезінде кітапты арабшаға аударту жұмысын бастап, ұйымдастыру шаруаларының бірқатарын шешіп кеткен екен, қалған істің бəрін қазіргі елшіміз Қайрат Лама Шəріп жақсылап жеріне жеткізіпті. (Соңы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.