20052015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: ЕЅСЕРУ

№92 (28570) 20 МАМЫР СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

8-бет Батырларымызды баєалай білейік 9-бет Орта бизнестен озып шыќќандар 10-бет «Орда орманы оталып жатыр» 12-бет

ЎЛТ ЖОСПАРЫ – 100 ЌАДАМ БАРШАЄА АРНАЛЄАН ЌАЗІРГІ ЗАМАНЄЫ МЕМЛЕКЕТ Бүгін біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамды жариялап отырмыз 2-5-беттер.

Елбасыныѕ апталыќ кестесі Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы туралы хабарлады.

Қазақстан Президенті 21 мамырда Литваның Премьер-министрі Альгирдас Буткявичюсті, сондай-ақ, Люксембургтің Премьер-министрі Ксавье Беттельді қабылдайды. Ал 22 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев VIII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысады. Форум «Инфрақұрылым: экономиканың орнықты өсімінің драйвері» тақырыбына арналмақ. Ісшараға 90 елден 3000-ға жуық саяси, сарапшылық жəне іскерлік топ өкілдерінің қатысуы жоспарланған. Сонымен қатар, форум аясында Мемлекет басшысының бірқатар кездесулер өткізуі көзделіп отыр.

Ўсынымдар ќабылдау жалєасады

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі Мемлекет басшысының 2015 жылғы БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттарын алу, сондай-ақ, Алғысын жариялау үшін ұсынымдар қабылдауды жалғастырады. Ақшалай сыйлықтардың көлемі – 2 миллион 200 мың теңге, грант көлемі – 1 миллион 764 мың теңге. Ұсыным ережесімен Ақорда сайтынан танысуға болады.

Ынтымаќтастыќќа ґріс кеѕ Кеше Астанада Қазақстан-Литва кəсіпкерлерінің бизнес-форумы болып өтті. Форумның ашылуына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кəрім Мəсімов пен Литва Республикасының Премьер-министрі Альгирдас Буткявичюс қатысты. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Инвестициялар жəне даму министрлігі мен «KAZNEX INVEST» АҚ ұйымдастырды. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Екі елдің арасындағы инвестициялық-өнеркəсіптік ынты мақтастық бағдарламасын талқылау жөніндегі келіс сөздердің кезекті кезеңінде өтіп отырған бұл бизнес-форум ға Қазақстан мен Литваның мемлекеттік басқару органдарының, кəсіпорындары мен ұйымдарының, даму институттары мен бизнес құрылымдарының

Жасампаздық жемісі

ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ Ќызылордада шыны кəсіпорныныѕ ќўрылысы басталды

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Қызылордада шыны шығаратын зауыт салынады дегелі біраз уақыт болған еді. Тұтас аймақ үшін ғана емес, республикаға зор пайда əкелетін жобаның құрылысын тағатсыздана

күткендер көп. Дегенмен, əртүрлі жағдайларға байланысты осы бір алып құрылыстың басталуы кейінге шегеріле берді. «Сабақты ине сəтімен» дейді ғой дана халқымыз. Сол айтқандай, шыны зауытының құрылысы биыл басталды. (Соңы 7-бетте).

200-ден астам өкілдері қатысты. Форумның ашылуына орай сөйлеген сөзінде Қазақ стан Үкі метінің басшысы Кə рім Мəсімов біздің еліміздің Еуропалық одаққа шығар жолындағы Литваның көліктік инфрақұрылымдарын пайдалануға мүдделі екендігін жеткізді. Көлік дəлізі ретіндегі оның бізге беретін мүмкіндіктерін атап көрсетті. (Соңы 7-бетте).

Тґраєа Премьерминистрмен кездесті

Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов пен Литва Премьер-министрі Альгирдас Буткявичус Қазақстан-Литва, соның ішінде, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мəселелерін талқылады, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Тараптардың пікірінше, Қазақстан Литва үшін Орталық Азиядағы маңызды саяси жəне экономикалық əріптес болып табылады. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2014 жылы 430 млн. АҚШ долларын құраған. Мəжіліс Спикерінің сөзінше, Қазақстан Президентінің «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты, ҮИИДБ, сондай-ақ, қолайлы инвестициялық климат өзара іс-қимылды күшейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Литва Премьер-министрі Альгирдас Буткявичус Қазақстан халқын Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституцияның жəне Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы сынды айтулы даталармен құттықтай келіп, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне назар аударып, Литваның көрме тақырыбына қатысты қызығушылығын білдірді. Ал парламентаралық қарым-қатынас жайын сөз еткенде Қабиболла Жақыпов пен Альгирдас Буткявичус Мəжіліс пен Сейм арасындағы ынтымақтастық жөніндегі топтар жұмысына тоқталды. Кездесу иелерінің айтуынша, парламентаралық өзара іс-қимыл – екі ел əріптестігінің маңызды құрамдас бөлігі.

АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ 21-22 МАМЫР 2015

Екі ел əріптестігініѕ болашаєы зор Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Ресей Федерациясының Қаржылық мониторинг жөніндегі федералды қызметінің басшысы Ю. Чиханчинді қабылдады, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Қ.Жақыпов Ресей Қазақстанның стратегиялық əріптесі екенін сөз ете келіп, екі ел басшылары келісімдерінің арқасында ынтымақтастықтың жыл сайын қарқын алып келе жатқанын атап өтті. Өз кезегінде Ю.Чиханчин екі ел əріптестігінің болашағы зор еке нін, Қазақстан Президенті ұсынған 5 институттық реформаның біздің еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы нақты қадам-

дар дың бірі екенін атап өтті. Қ.Жақыпов пен Ю.Чиханчин қос мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелеріне айрықша көңіл бөліп, осы саладағы нормативтікқұқықтық базаны одан əрі жетілдірудің маңыздылығына тоқталды. Мəжіліс Төрағасының атап өткеніндей, Қазақстанда 2009 жылдан «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді

қыржыландыруға қарсы ісқимыл туралы» Заң қолданысқа енгізілген. Қазіргі уақытта Мəжілісте осы заңға түзетулер енгізуді көздейтін, сондай-ақ, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауға қатысты заң жобаларымен жұмыс жалғасуда. Сондықтан, тараптар өзара тəжірибе алмасып, осы бағытта сапалы заң жобаларын дайындауға ерекше назар аударатын болады. Кездесуге, сондай-ақ, Мəжіліс Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева, Қаржы жəне бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова қатысты.

Арнаулы баяндамаєа жоєары баєа Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы адам құқықтарын қорғаудың өзекті проблемалары» атты арнаулы баяндамасының халықаралық таныстырылымы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Т а н ы с т ы р ы л ы м б а р ы - іс-қимылын жетілдіруге, сондайсында Мемлекеттік хатшы Гүл- ақ, трафик құрбандарына арнайы шара Əбдіқалықова Комис сия əлеу меттік қызмет көрсетуге баяндамасының бірегей лігін бағытталған ұсынымдарға назар атап өтті жəне құқық қорғау аударды. органдарының үкімет тік емес Баяндаманың таныстырыұйымдармен адам сау дасына лымына орталық мемлекеттік қарсы күрес саласындағы өзара органдардың басшылары, заң

шығарушы, атқарушы жəне сот билігі органдарының, құқық қорғау органдарының өкілдері, құқықтанушы-ғалымдар, Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, адвокатура, нотариат, білім жəне ғылым, денсаулық сақтау, мəдениет, бизнес жəне бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. (Соңы 7-бетте).

ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕН КІТАП

Елбасы беделі – ел беделі. Осы тұрғыдан қарағанда, бұл күндерде біз ел беделін биіктететін тағы бір мерейлі оқиғаға куə болғалы тұрмыз. Мəскеудің «Международные отношения» баспасынан ресейлік белгілі жазушы Сергей Плехановтың Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріне арналған «Жібектей есілмеген жол» («Не щелковый путь») атты кітабы жарық көрді. Кітаптың аннотациясында былай делінген: «Тəуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қалыптасуы Кеңес Одағының өркендеуімен жəне құлдырауымен, жаңа тəуелсіз мемлекеттердің туындауымен қоса жүрген оқиғалармен байланыстыра берілген. Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолы көп жағдайда бұрынғы саяси жүйені жаңғыртуды қолдаған кеңес басшылығының сол кездегі топтарына тəн. Бірақ қайта құру кезеңіндегі көптеген реформаторларға қарағанда Назарбаев о бастан күйретуге емес, жасампаздыққа бағыт ұстанды. Елде орнықты татулық пен тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, ол қазіргі заманғы табысты мемлекетті құрды. КСРО-ның бұрынғы республикаларымен тығыз байланыстарды

сақтай отырып, Қазақстан Шығыстың жəне Батыстың шешуші елдерімен өзара тиімді əріптестік қарым-қатынастар орната білді. Семей ядролық полигонының жабылуы жəне халықаралық бейбітшілік жолындағы бастамалардағы Назарбаевтың рөлі оны қазіргі заманның белгілі жəне беделді саяси қайраткеріне айналдырды. Орыс жазушысы Сергей Плехановтың Нұрсұлтан Назарбаев туралы – адам жəне саясаткер туралы – кітабымен «Международные отношения» баспасы «Мировые лидеры» сериясын ашып отыр». Бүгін Мəскеуде аталған кітаптың тұсаукесері өтеді. Соған орай «Егемен Қазақстан» газеті С.Плехановтың «Жібектей есілмеген жол» атты 480 беттік кітабынан алынған кейбір үзін ділерді газеттің 6-бетінде оқырмандар назарына ұсынып отыр. Кітап тұсаукесерінің қалай өткені, Елбасымыз жайындағы жаңа еңбектің Ресейдің зиялы қауымына қалай əсер еткені туралы Мəскеуге арнайы жіберілген тілшіміздің таяу күндерде жарияланатын мақаласынан оқи аласыздар.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.