Бүгінгі нөмірде: Қала күні қызықты өтпек
3-бет
«Қазпошта» қызметі қалыпқа түседі
4-бет
№152 (28091) 20 МАУСЫМ БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Астананың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі
Хас шебер Қазақы тəрбие қасиеті
Сарабдалдыќ салтымен Сауытбек АБДРАХМАНОВ,
Бекзат ґнер ордасы «Егемен Қазақстан».
Астана Арқа төсіне ауысқаннан кейінгі жылдары қасиетті мекенді қайтсек білім мен ғылымның, өнердің мекеніне айналдырамыз деп ұмтылдық.Тіпті, бұл шенеуніктер қаласы болып бара ма деген сөз де естілген. Қазір осы байламдарға байыпты дəлел-дəйек айтатын дəрежеге жеттік. Данышпан Абай бір замандары: «Адам өзі тапқан өнерлерін күнде тексерсе, күнде өседі», деген екен. Елорда шаңырақ көтергеннен кейінгі жерде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, тікелей қолдауымен келешекте Астанадағы қазақ өнерінің алтын арқауы болуға тиіс
деген ізгі ниетімен Күлəш Байсейітова атындағы ұлттық опера жəне балет театры шаңырақ көтерген еді. Енді, міне, сол жағалаудан оң қадаммен ашылғалы отырған «Астана опера» театры ел мерейін асырғалы тұр. Бұл əлемдік деңгейде қызмет көрсететін төрт құбыласы түгел өнер ордасы деуге болады. Алдыңғы күнгі Үкімет отырысында оны Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед жан-жақты баяндады. Ширек ғасырға таяу уақыттың ішінде Астана салып, бір ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, өнер бастауына айналдырып, одан кейін дүние жүзінде санаулы, ТМД-да да теңдесі жоқ осындай опера театрын тұрғызу Қазақ елінің қарышты дамып жатқанын көрсетсе керек.
От пен судан ќўтќару жайы пысыќталды Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режімде өткен Үкімет отырысында жұртшылық демалатын өзен-көлдерде, сондай-ақ өрт жағдайлары мен жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелері талқыланды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Ағымдағы ахуал жəне өзен-көлдердегі, сол сияқты өрт қауіпсіздігі жөнінде қабылданған шаралар туралы Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мəлімдеді. Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың бес айында 57 адам суға кеткен, олардың 13-і балалар. Барлығы 171 адам, оның ішінде 36 бала өзен-көлдерде апаттық жағдайларға душар болған. Олардың 114-ін, оның 23-і балалар, судан құтқару қызметінің құтқарушылары құтқарып алған. Үстіміздегі жылы Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында суға кету оқиғаларының көп орын алғандығы тіркелді, деді В.Божко. Сондай-ақ, ол биыл жəне өткен жылы судан құтқару қызметтері жауапкершілігіндегі аймақтарда адамдардың қаза табуына жол берілмегендігін атап өтті. Министр 2013 жылғы суға түсу мау сымына дайындық пен оны өткізу мəселелері бойынша өзен-көлдердегі қауіпсіздік шараларына қатысты төтенше жағдайлар жөніндегі облыс тық жəне қалалық комиссиялар оты рыс тарының өткізілгенін айтты. Қалалық, аудандық жəне ауылдық
АҚПАРАТТАР аєыны
2012 жылы Кеден одағы елдеріне Қазақстанның дайын өнімінің экспорты артты. Жыл ішіндегі сыртқы сауда айналымы 24,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстан əуе тасымалдаушысы Орталық Азияның ең үздігі танылды. Ле-Буржедегі Париж авиашоуының аясында өткен Skytrax 2013 World Airline Awards сыйлығы барысында «Орталық Азиядағы жəне Үнді елі бойынша ең үздік авиакомпания» ретінде «Эйр Астана» аталды. Астана қаласының тарихына қатысты 200-ден астам бiрегей құжаттар көрмеге қойылды. Олардың iшiнен Жоғары Кеңестің республика
əкімдіктер өкілдері қатарынан өзенкөлдердегі, демалыс аймақтары мен балалар лагерьлеріндегі адамдар өмірінің қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар белгіленген. Министрліктің аумақтық органдары «2013 жылғы суға түсу маусымы кезеңінде өзен-көлдерде қаза болу жағдайын қысқарту (жол бермеу) жөнінде бірлескен іс-шаралар жоспарын» əзірлеп, ол жергілікті атқару органдарының, ішкі істер департаменттерінің, білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру жəне спорт басқармаларының келісімінен өтті. Министрліктің аумақтық органдармен өткізген селекторлық кеңесі де құтқару бөлімшелерін ағымдағы суға түсу маусымы кезінде сулардағы төтенше жағдайларға қарсы əрекет етуге дайындығы мəселесіне арналды. Оның сыртында суға түсу маусымы алдында судан құтқару қызметтері 4 мыңнан астам өзен-көлдерге инвентаризация жүргізді, суға түсуге жарамды 535 демалыс аймағы белгіленді, Өзен-көлдер түбін қауіпті заттардан аршу жұмыстары жүзеге асырылды. Өзен-көлдер маңайындағы 200 балалар астанасын ауыстыру жөнiндегi шешiмiн, Президенттің «Астана туралы» жəне Ақмола қаласының атауын Астана қаласына өзгерту жөнiндегi жарлықтарын көруге болады. Биыл 7 мыңнан астам əскери қызметші тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл шара аталмыш құрылыс, тұрғын үй сатып алу жəне тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу арқылы жүргізіледі. Жыл сайын осылайша барлығы 800-ден 2000-ға дейін қызметкерге жай беріледі. Павлодар облысында шегірткеге қарсы дəрілеу жұмыстары жүріп жатыр. Биылғы жылы аймақта шегірткенің итальянның прус атты түріне қарсы 22,2 мың гектар алқап дəріленеді. Қызылорда қаласында «Достық үйі» ғимараты салынады. Оған ұлттық мəдени орталықтар орналасады. Мұнда
6-бет
Əлем жəне Қазақстан
«Егемен Қазақстан» – Мəскеуден.
Сүлеймен МƏМЕТ,
5-бет
Жаңа опера елорданың 15 жылдығы қарсаңында ұлттық музыка өнерінің тұлғалы өкілі Мұқан Төлебаевтың «БіржанСара» операсымен ашылады. Бүкілəлемдік премьерасы қазан айына жоспарланыпты. Онда Джузеппе Вердидің «Аттила» операсы жұртшылыққа ұсынылады. Осындай ұлы дүниені сахнаға шығару екінің бірінің қолынан келмесі анық. Бұл қазақ жұртының талантқа кем де, кенде де емес, қағып алар қағілездігін, алымы мен алғырлығын көрсетсе керек. Осы сөзімізге қазақ операсының жарық жұлдызы Күлəш Байсейітовадан бастап, бүгінгі талантты опера əншісі Азамат Жылтыркөзовке дейінгі аралықтағы таланттар шоғыры дəйек болса керек.
лагерьлері айрықша бақылауға алынды. В.Божко атап өткендей, судан құтқару қызметтері еңбекке орналастыру орталықтары есебінен жергілікті тұрғындар арасынан 160 қоғамдық құтқарушыларды дайындады, қосымша 25 қоғамдық құтқару бекеттері құрылды. Сондай-ақ, ол профилактикалық жəне түсінік жұмыстары туралы да баяндады. Олардың қатарында «Азаматтардың өзен-көлдердегі қауіпсіздік ережелерін» насихаттау, балаларды судан құтқару стансаларына жақын жағажайларда жүзуге үйрету жұмыстары бар. Ормандар мен даладағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесіне қатысты В.Божко осы жылғы өрт қаупі бар маусымның басынан бері 75 табиғат өртінің тіркелгенін, олардың алаңы 2245 гектарды, келтірілген шығынның 8 млн. 675 мың теңгені құрағанын атап көрсетті. Министрдің нақтылауынша, олардың ішінде 68 өрт 1405 гектарды құрайтын орман алқаптарында орын алған. Оның айтуынша, былтырғы жылға қарағанда, биыл өрт саны (278) 4 есеге, алаңы 3,3 есеге азайған, келтірілген шығын сомасы 6,6 есе төмен. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында объектілерге өрт техникалық зерттеулер жүргізіліп, орман иелерінің өрт қаупі бар маусымға дайындықтары анықталған. Үкімет Орман жəне дала өрттерінің алдын алу жəне жою жөніндегі ісшаралар жоспары мен Өңіраралық сипаттағы орман-дала өрттерін жою жоспарын бекітті. (Соңы 2-бетте). одан бөлек, 1000 орындық концерт залы, музыка колледжі, оқушылар сарайы қанат жаяды. Шардара ауданында болашақ кəсіпкерлерге арналған семинаркеңес өткізілді. Екі күнге созылған шарада Оңтүстік Қазақстан өңірінде іс бастағысы келетін талапкерлерге бизнестің экономикалық, заңнамалық қыр-сыры, мемлекеттік қолдау түрлері кеңінен түсіндірілді. Атырауда кеденшілер мумие салынған 8 қол жүгін тəркіледі. Емдомға қолданылатын дəрілік зат қазақстандық-ресейлік шекарада анықталды. Олар Қырғызстаннан тасымалданған. «ҚазАқпарат», Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.
Сала-сала тау бұлағынан өзен құралатындай, əн өнерімен сөз жауһарын бір арнада тоғыстыратын «Астана опера» театры жылдар өте келе ұлт руханиятының алтын діңгегіне айналары хақ. Құдіретті өнеріміздің құндылығын əлемге танытатын теңдессіз өнер ордасы Астананың ажарын ашып қана қоймайды, бекзат өнердің бедері саналатын опера жанрын қазақ топырағында мəуелі бəйтеректей көркейтетін болады.
–––––––––––––––––––––––––
Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.
(Астананың 15 жылдығына арналған арнаулы бет материалдарын 3-беттен оқисыздар)
Мемлекеттік мəселеге жаѕаша кґзќарас Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
«Қазақстандықтардың уақыттың сын-қатеріне лайықты жауап бере алатын жаңа ұрпағын тəрбиелеуде моральдық жəне материалдық көтермелеу ісі маңызды рөл атқарады. Наградалар адам бойындағы еңбекқорлық, табандылық қасиеттерін тұтастай айқындауы тиіс, сондай-ақ, экономика, мəдениет, ғылым жəне өнер сияқты салаларды нығайту мен дамытуға қосқан жеке үлес салмағының жан-жақты көрсеткіші болуы керек». Мемлекеттік хатшы Марат Тəжин өзі төрағалық еткен Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган – Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның отырысында осылай деді. Бір атап өтерлігі, комиссияның бұған дейінгі отырыстарында 14 мемлекеттік органның ведомстволық награда жөніндегі 28 ұсынысы қаралып, тиісті шешімдер қабылданыпты. (Соңы 2-бетте).
Газеттің кешегі нөміріне Қазақстан Республикасы Парламенті Се натының Төрағасы Қайрат Мə мидің Ресей Федерациясына рес ми сапары туралы репортаж жолдай отырып, Төрағаның сейсенбі күні Ресей Сыртқы істер министрлігінің Қабылдау үйін де «Ұлы Отан соғысы: тарих тағылымы, ортақ жады мен халықтар бауырластығы» деген атпен ұйымдастырылған халықаралық конференцияда сөйлеген сөзіне қысқаша ғана тоқталған болатынбыз. Майданға бір миллион екі жүз мыңнан астам адам аттандырып, соның 640 мыңынан айырылған Қазақстанның, əрбір екінші солдаты соғыстан қайтпай қалған Қазақстанның, Отанның қуатты тылы болып, мыстың үштен бірін, марганец рудасының үштен екі бөлігін, қорғасынның тоқсан пайызын бір өзі беріп тұрған Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесі айшықты да анық айтылған сол сөз жиналғандарға қалай əсер еткенін де жазғанбыз. Конференциядан шыға сала, қонақүйге жетер жолда жаңағы жерден таяқ тастам тұстағы бір көшенің атына көзіміз түсе кеткені. Малая Бронная. Ойымызға осыдан дəл қырық жыл бұрынғы бір кездесу орала қалды. Ав тобуста жанымызда отырған «Хабардың» Мəскеудегі тілшісі Руслан Оспанға əңгімелеп те жатырмыз. 1973 жылы еді. Алматыда композиторлардың бүкілодақтық жиыны өтті. Журфактың үшінші курс студентіміз. «Лениншіл жастан» тапсырма алдық: Андрей Эшпаймен сұхбат жасау керек. Сонда композитор өзінің атақты бір əнінің шығу тарихын əңгімелеп берген. Мəскеуде мектеп бітіре сала майданға аттанған екі достың, екі боздақтың тағдыры туралы əннің соңында «И помнит мир спасенный, И помнит мир живой. Сережу с Малой Бронной, И Витьку с Моховой!» деген сөздер бар еді. Сергей атанып та үлгермеген сол Сережа бозбала болып өскен көше осы екен. Мұны неге айтып отырмыз? Дəл екі күннен кейін, 22 маусымда фашистік Германия Отанымыздың шебіне опасыздықпен басып кіргеніне жетпіс екі жыл. Иə, Отанымыздың шебіне. Сол сұрапыл соғыста біз ортақ Отанымызды қорғадық. Орыстарға немістер соғыс ашыпты, осыларға болысайық деп аттанған жоқ қан майданға аталарымыз бен əкелеріміз. Ел шетіне жау тиді деп аттанды олар. Бір миллион екі жүз мың ада мы мыз Отан үшін от кешті, 640 мың боздағымыз Отан үшін
қанын төкті, тылдағы жұрт Отан үшін жанын сөкті. Бізде де кешегі сұрапыл соғыстағы жеңістің мəнмаңызын төмендетуге тырысатындар тіпті кəсіби тарихшылар арасынан да табылып қалатыны, ондайлардың біз ол соғысқа сол елдің құрамына күштеп қосылған ел ретінде амалсыз араластық, сондықтан Отан соғысы демей-ақ қояйық, Екінші дүниежүзілік соғыс деумен тоқталайық деп жататыны бар. Жеңістің жетпіс жылдығы қарсаңында қазақ халқының, қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі отаншылдық отын қоздата, ұлттық мақтанышты маздата түсетін жай ретінде қаралатынына сеніміміз кəміл. Сенат Төрағасының Мəскеудегі сөзі ойымызға осы тұжырымды орнықтыра түскендей болды. Еліміз абыройын асыратын игі істердің тағы бірі – дінаралық татулық. Егемендігіміздің елеңалаңында аяқ алысымыздың аңысын аңдыған талайлардың Қазақстанды іштен ірітетін осал тұстарының бірі оның көпдінділігі деп жамандық шақырып баққанын біз ұмыта қойған жоқпыз. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ол мə селенің де шешімін тапты. Елдің өз ішінде шешіп қана қоймады ол мəселені, осыдан он жыл бұрын Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезін шақырып, оны дəстүрге айналдырып, Қазақстанды дүние дидарындағы дінаралық татулық мекені ретінде танытты, əртүрлі діндердің бір елде келісімге келіп, жарасымды дами алатынын нақты дəлелдеп берді, сан қилы себептермен бір-бірінің қолын алудан қалған дінбасылардың басын бір жерге қосып, бір үстелдің басына отырғызып, бір құжатты мақұлдауына қол жеткізіп, осы арқылы бүкіл əлемдегі дінаралық шиеленісті бəсеңдетуге, яғни бейбітшілікті нығайтуға үлкен үлес қосты. РИА Новости агентті гін де Əлемдік жəне дəс түрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдығына арналып өт кізілген дөңгелек үстелде Сенат Төрағасының орынбасары Александр Судьин осы жаһандық жиынның маңызы жайында айтты. Дін тақырыбындағы əңгіме Қайрат Мəмидің Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы, Ресейдің Еуро па бөлігіндегі мұсылмандар ді ни басқармасының төрағасы Р.Ғайнутдинмен кездесуінде де жарасымды жалғасты. Кездесуде дінаралық үнқатысуды ілгерілету мəселелері жəне Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезінің келешегі туралы сөз болды. (Соңы 2-бетте).
Жол ќозєалысы жауапкершілікті ќалайды Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында депутаттар жол қозғалысына, азаматтық қорғаныс, адам саудасына қарсы ісқимыл əрекеттері жəне Ұлттық кəсіпкерлер палатасы мəселелеріне қатысты заңдық құжаттарды қарады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Депутаттар күн тəртібіндегі бірінші мəселе Қазақстан мен Ресей үкімет тері арасындағы екі мемлекеттің ше кара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тəртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтыруларды қарастыратын хаттаманы ратификациялауға қатысты заң жобасына қорытынды əзірлеу мерзімін белгілеп алды. Өзгерістерге сəйкес шекарада жаңадан 7 өткізу орны ашылатын болады. Қазақстан жағынан – Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы Көктерек, Солтүстік Қазақстан облысының Уəлиханов ауданында – Үлкен Қараой
жəне Жамбыл ауданында – Айымжан, Павлодар облысының Ертіс ауданында – Ертіс, Ақтөбе облысының Əйтеке би ауданында – Əйтеке би жəне Қобда ауданында – Жиренқопа жəне Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданында – Казталовка пункттері. Сондайақ алты өткізу орны жабылады деп күтілуде. Қазақстан тарапынан – Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданындағы «Қызыл Шемонайха», Бородулиха ауданындағы «Буркотово» мен «Коростели», Павлодар облысының Галицкое-Успенский ауданындағы «Екатеринославка», Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданындағы «Суворовка» пункттері. Қазақстан-Корея үкіметтері арасындағы Балқаш жылу электр стансасын дамыту, қаржыландыру,
жобалау, салу, пайдалану жəне оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімге қатысты ратификациялық түзетулер де жұмысқа алынды. Аталған заңдық құжат қуаты 1320 МВт болатын Балқаш ЖЭС-і алғашқы модулінің құрылысын бастауды қарастырады. Палатаның кешегі отырысында депутаттар «Жол жүрісі туралы» заң жобасын ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда мақұлдады. Оның басты мақсаты жол қозғалысы қауіпсіздігінің аудитін, жол құнының ұлттық жүйесін жəне жаңа көлік құралдарын енгізуді көздейді. Бұдан басқа ілеспе заң жобасында əкімшілік айыппұл төлеуді заманға лайық ынталандыру нормалары енгізілген. Сондай-ақ, құрылыс салынып жатқан елді мекеннің аймағына (тұрғын аудандар, тұрғын кешендер, т.б.) қойылатын талаптардың міндеттері нақтыланып отыр. Депутаттар, əсіресе, автокөлік иелерінің сенімхат беруі қажеттігін алып тастауды ұсынды. (Соңы 2-бетте).