Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хемен кездесті.
№120 (28344) 20 МАУСЫМ ЖҰМА 2014 ЖЫЛ
Ќазаќстан – Корея:
СТРАТЕГИЯЛЫЌ ƏРІПТЕСТІКТІЅ ЖАЅА КЕЗЕЅІ Қазақстан басшысының шақыруына орай жасалған бұл сапар жоғары деңгейдегі байланыстарды нығайтуға, сауда-экономикалық жəне инвестициялық-технологиялық ынтымақтастық аясын кеңейтуге, сондай-ақ, Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның стратегиялық серіктестігін дамытуға бағытталған. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Корея басшысын қарсы алудың барлық ресми шаралары атқарылған соң Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хе шағын құрамда кездесіп, байланыстарды жоғары деңгейде нығайтудың, сауда-экономикалық жəне инвести циялық-технологиялық ынтымақтастықтың, сондай-ақ, Қа зақстан мен Оңтүстік Корея стратегиялық серіктестігінің негізгі бағыттарын талқылады. Тараптар халықаралық күн тəртібіндегі өзекті тақырыптар жөнінде де пікір алмасып, халықаралық жəне өңірлік ұйымдар аясындағы екіжақты ісқимылдың негізгі мəселелері бойынша ұстанымдарын салыстырды. Мемлекет басшысы Оңтүстік Корея Президентінің сапары Қазақстан үшін елеулі оқиға екенін атап өтті. Біз Сіздің елде жүр гізілген реформаларды тəуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап-ақ зерделеп келеміз. Мен Ро Дэ У-дан бастап, Оңтүстік Кореяның барлық президенттерімен кездестім. Сол жылдары басталған біздің қарымқатынасымыз қазір өте жақсы деңгейде. Сіздің сапарыңыз бұдан
да жоғары ынтымақтастыққа жол ашады деп үміттенемін. Біз Сіздің елмен саяси жəне экономикалық тығыз қарым-қатынас орнатуға мүдделіміз, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Корея Республикасының Президенті Қазақстан Президентімен өткен жылғы қыркүйекте СанктПетербургте өткен G20 саммиті аясындағы кездесуін ерекше жылы сезіммен еске алатынын айтты. Бізде шынында да ынтымақтастық үшін ауқымды кеңістік пен экономикалық ықпалдастықтың зор əлеуеті бар. Мен бүгін жоғары экономикалық өсім деңгейін көрсетіп отырған, қарқынды дамып келе жатқан Астананы өз көзіммен көрдім, деді Пак Кын Хе. Сонымен қатар, ол ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясы табысты жүзеге асырылатынына сенімді екенін мəлімдеді. Мемлекет басшыларының шағын құрамдағы кездесуі аяқталған соң, Қазақстан мен Оңтүстік Корея президенттерінің қатысуымен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтті. Алғашқы болып сөз алған Қазақстан Президенті мейманның бұл алғашқы мемлекеттік сапары қазақ-корей стратегиялық серіктестігі тарихында жаңа кезеңнің басы болатындығына сенім білдірді. Корея басшысына
Елбасыныѕ апталыќ кестесі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгін біздің елімізге жұмыс сапарымен келетін Иордания Королі Абдалла ІІ-мен екіжақты кездесу өткізуі жоспарлануда, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Кеше палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы өтіп, онда сенаторлар бірқатар халықаралық құжаттарды ратификациялады. «Егемен Қазақстан».
Кеше Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің делегациясы қауіпсіздік мəселесіне жетекшілік ететін жоғарғы өкілдердің V халықаралық кездесуіне қатысты. жаһан дық есірткі қатеріне қарсы əрекет, заңсыз көші-қонды ұйымдасқан қыл мыстық топтар дың пайдалануы бойынша ха лықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды дамыту мəселелері қамтылған.
денсаулық сақтау, сондай-ақ, білім беру мен ғылым саласындағы өзара ықпалдастық қарқынды дамып келеді, деді Қазақстан Президенті. Ал жалпы тауар айналымымыз 1,5 миллиард долларға жетті. Осы сапардың нəтижесінде біз ынтымақтастығымызды экономикада да, саясатта да жаңа деңгейге көтеруге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Сондай-ақ, Елбасы Оңтүстік Корея Республикасының
Корей түбегін денуклеаризациялау жөніндегі саясатын Қазақстанның қолдайтынын білдірді. Корея Республикасының Президенті Қазақстанға сапармен келуге шақырғаны үшін ризашылығын білдірді. Біз барлық сала бойынша ынтымақтастық мəселелерін талқылаған кездесуге мен ерекше мəн беріп отырмын. Елдеріміз арасында берік достық қарымқатынас қалыптасқан. Біздің
жəне Қазақстан Республикасының ормандарын қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға жəне Өндіруші қондырғылардың электр қуатын əзір күйде ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу шартына қол қойылды. Құжаттарға қол қою рəсімінен кейін екі елдің басшылары бірлескен мəлімдеме жасады. Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасы Президентінің сапары түрлі бағыттар бойынша жақсы дамып келе жатқан екіжақ ты іс-қимылдар қарқынын күшейтетіндігіне сенім білдірді. Оңтүс тіккореялық серіктестермен шикізаттық емес саладағы ынтымақтастық жүйелі түрде кеңейіп келеді. Қазірдің өзінде 300-ден аса бірлескен кəсіпорын құрылды. Оның ішінде жеңіл автомобильдер мен жүк жəне жолаушы тасымалы көліктерін құрастыру кəсіпорындары бар. Балқаш ЖЭС-інің, Атырау облысындағы газ-химия кешенінің құрылысы, «Жамбыл» кенішін игеру секілді ірі жобалар табысты ілгерілеуде. Сондай-ақ, келіссөздер барысында біз Пак ханыммен бірге корейлік бизнестің Қазақстанның Үдемелі ин дустриялық-инновациялық да му бағдарламасына қатысуы жайын да талқыладық. Тараптар «тех нологияларды ресурсқа алмас тыру» формуласы бойынша ын тымақтасуға мүдделі екендігін қуаттады, деді Қазақстан басшысы. (Соңы 2-бетте).
Мїлікті жария етуге раќымшылыќ жасалады Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
Жоєарєы ґкілдердіѕ халыќаралыќ кездесуі Осы іс-шара Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесінің бастамасы бойынша Татарстанның астанасы – Қазан қаласында 60-тан астам мем лекет өкілдерінің, сондайақ, ресейлік басшылықтың ресми тұл ға ларының қатысуымен өткізілді. Кездесудің күн тəртібіне
«Сэвол» кемесінің апатына байланысты Қазақстан халқы атынан көңіл айта келіп, Оңтүстік Корея тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде аграрлық елден əлемдегі экономикасы ең озық жиырма мемлекеттің біріне айналып, «экономикалық кереметті» жүзеге асырғанын атап өтті. Елдеріміз арасында энергетика, автомобиль құрастыру, машина жасау, құрылыс, тау-кен өнеркəсібі,
халықаралық жағдайға байланысты мəселелерді, соның ішінде Солтүстік Кореяның ядролық проблемасын талқылағанымызды мен құптаймын, деді Оңтүстік Корея басшысы. Пак Кын Хе Қазақстанның Корея Республикасы үшін негізгі серіктес ел болып саналатынын да атап өтті. Сондай-ақ, ол халықаралық маңызды бастама ларға, оның ішінде АӨСШК аясындағы өзара сенімге құрылған қарым-қатынасты нығайтуға, Корей түбегінде бейбітшілік пен сенім орнатуға жəне «Еуразиялық бастамаға» көрсетілген қолдауы үшін алғысын айтты. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға – Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Корея Республикасы Үкіметінің арасындағы өзара визалық талаптарды жою туралы келісімге; Қазақстан Республикасының Əді лет министрлігі мен Корея Республикасының Мемле кеттік заңнама министрлігі арасындағы өзара түсіністік жəне ынтымақтастық туралы меморандумға; Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі мен Корея Республикасы Ғылым, ақпараттықкоммуникациялық технологиялар жəне болашақ жоспарлау министрлігінің арасындағы ғылым жəне ғылыми-техникалық қызмет саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға; Қазақстан Республикасының Қоршаған орта жəне су ресурстары министрлігі мен Корея Республикасының Орман шаруашылығы қызметі арасында орман шаруашылығы
Палата отырысының күн тəртібіне қойылған алғашқы мəселе Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру жəне Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Сот төрелігі секторын институттық нығайту жобасы) ратификациялауға арналған заң жобасы болды. Баяндамашы Əділет министрі Берік Имашев келісімнің мақсаты сот төрелігі секторындағы негізгі ұйымдардың институттық мүмкіндіктері мен операциялық тиімділігін арттыру болып табылатынын назарға салды. Жоба аясында құқықтық жəне институттық базаның негізгі бөліктерін іске асыруды нығайту, Қазақстан Республикасы
Əділет министрлігі көрсететін қызметтердің сапасын жəне жеделдігін арттыру, судьялардың тиімділігі мен кəсібилігін жоғарылату жүзеге асырылады, деген министр сөзінен кейін сенатор Қожахмет Баймаханов орынды сауал тастаған. Алынайын деп отырған 36 млн. доллардың əр долларын 200 теңге деп есептегеннің өзінде 8 млрд. теңге шамасын құрайтынын айтқан ол: «Біздің бюджетімізге қарағанда ол көп ақша емес. Осыдан барып, несиені алудың қандай қажеттігі бар, деген сауал туындайды. Егер болашақта болуы ықтимал девальвацияны қаперге алсақ, ол тіптен де тиімді емес. Комитеттің отырысында сауал қойып, мардымды жауап ала алмадым», деді. Оған Халықаралық Қайта құру жəне
Даму банкінен қарыз алуды тек Қазақстан емес, бізден бұрын Ресей, Əзербайжан, Румыния, Хорватия секілді мемлекеттер бастап, сол арқылы олар біраз тəжірибе жинақтады. Сондықтан, оның материалдық тұрғыдан гөрі, тəжірибелік тұсы басымырақ, деген жауап берілді. Қалай дегенмен де, сенаторлар Конституцияның 61-бабының 4-тармағына сəйкес заңды бірауыздан ратификациялады. Сенаторлар, сондай-ақ, Қазақ стан мен Ресей үкіметтері арасындағы мұнай жəне мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы қарады. Баяндамашы Мұнай жəне газ министрі Ұзақбай Қарабалин елімізде бензиннің қоры жеткілікті екенін, қолда бар сұйық отын көлемі 200 мың тоннадан асатынын айтып, бү гінде екінші жарты жылдыққа бел гі ленетін
баға көлемінің талқы ланып жатқанын ортаға салды. Қалай болғанда да, салада күрделі бір жағдай қалыптасты деп айтуға негіз жоқ. Жаңа келісім бойынша осыған дейін Ресейден алған мұнай өнімдеріне кері төлем ретінде мұнайымызды беріп келген болсақ, енді бұдан былай ол төлем алынып тасталады, деді. Сонымен бірге, министр өзіміздің ашық түсті өнімдерімізге, мысалы, бензин, дизель отыны сынды жанармайларды экспортқа шығаруға тыйым салынатынын жеткізді. Сенаторлар министрдің жəне бас комитеттің ұсыныстарын дауысқа салып, заңды ратификациялады. Палатада бұл екі заңды ратификациялаудан өзге «Қылмыстық əрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою жəне тəркілеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңға өзгеріс енгізу туралы» заң жобасы қабылданды жəне «Есірткі, психотроптық заттар мен олардың
прекурсорларын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тəртібі туралы» келісім де сенаторлар мақұлдауына ие болып, ратификацияланды. Сондай-ақ, құжат жеке тұлғаларға Тарап тар заңнамасында белгілен ген мөлшерде, растайтын медициналық құжаттар болған жағдайда медициналық көрсетімдер бойынша жеке өзінің қолдануы үшін дəрілік препараттар түріндегі осы заттардың шектеулі санын өткізуді жəне тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін айтқан жөн. Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау жəне салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура лы Қазақстан мен Сингапур арасындағы хаттама да ратификацияланды. (Соңы 9-бетте).