АҚПАРАТТАР аєыны №115 (28593) 20 МАУСЫМ СЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Кїн тəртібі наќтыланды Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтіп, онда жалпы отырыстың күн тəртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Халық қалаулылары назарына зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты толықтырулар мен «Атом энергиясын пайдалану туралы» заң жобасын ілеспелі түзетулерімен бірінші оқылымда қарау жəне дайындығы мен жұмылдыру мəселелері бойынша түзетулерге байланысты заң жобасын талқылау ұсынылды. Сондай-ақ, осы күні
мəжілісмендер бірқатар ратификациялық құжаттарды қарастырады. Олар: Литвамен, Ресеймен реадмиссия туралы үкіметаралық келісімді жəне Ресеймен реадмиссия туралы келісімді іске асыру тəртібі туралы атқару хаттамасын, сонымен қатар, Қазақстан мен Жапония арасындағы Инвестицияларды көтермелеу жəне қорғау туралы келісімді
ратификациялауға қатысты болмақ. Депутаттар Иран Ислам Республикасымен жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы үкіметаралық келісімді, Қылмыстық істер бойынша өзара көмек туралы америкааралық конвенцияны, 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы бейінді комитеттерге қорытынды əзірлеу мерзімін тағайындайды. Сонымен бірге, екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету жəне қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметі мəселелері бойынша түзетулерді жұмысқа қабылдайды. Сондай-ақ, ілеспелі түзетулерімен қайырымдылық, демеушілік жəне меценаттық қызмет туралы заң жобалары бойынша жұмысты жалғастыру қаралған.
Журналистер еѕбегіне – лайыќты баєа Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықованың төрайымдығымен Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 2015 жылғы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру жəне Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның отырысы өтті. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Қолына қалам ұстаған, өздері нің ой қуаты мен тіл шеберлігін өміріне серік еткен журналистер қауымы жыл сайын бір рет аталып өтетін кəсіби мереке – БАҚ күнін асыға күтеді. Отанға, елге, туған халқына жасаған еңбектері еленіп, марапат алып жатса, марқайған көңілмен бұрынғыдан да құлшына еңбектенетіні хақ.
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова отырыста сөйлеген сөзінде бұқаралық ақпарат құрал дарының Қазақстан мем лекеттілігін нығайтудағы маңызды рөліне тоқталып өтті. БАҚ өкілдерін келе жатқан кəсіби мерекелері – Байланыс жəне ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтап, бұқаралық ақпарат құралдарының өз қызметтері арқылы халықты жұмылдырып, патриотизмді нығайту мен қоғамды ұйыстыра түсудегі рөлі ерекше екеніне
Жемќорлыќќа ќарсы жоспар пысыќталды
Кеше «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменовтің, Алматы қалалық партия филиалының төрағасы, Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімовтің, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өңірлік кеңестердің жетекшілерінің қатысуымен «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру бойынша өңірлік кеңестердің міндеттері туралы» республикалық семинаркеңес өтті. Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
«Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Н.Ə.Назарбаев елімізді əрі қарай жаңғырту үшін «5 институттық реформа» ұсынғаны мəлім. Оны іске асыру үшін «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» қабылданды, оны орындау Қазақстанның əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, аталған реформаларды іске асыру мемлекеттік аппараттағы жəне əлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алусыз мүмкін емес. Осы орайда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа атымен төзбеушілікті жəне жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыруға ғана емес, сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуді көздейтін «Нұр Отан» партиясының 2015-2025
жылдарға арналған бағдарламасы ерекше маңызға ие бола түседі. Семинар-кеңеске қатысушылардың алдында сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек құрылған кезден бастап «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсаты айқын тұрақты жұмыс жүргізіп келе жатқанын, ал Мемлекет басшысының қатысуымен өткен партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында қабылданған 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік стратегияның идеологиялық өзегіне айналғанын атап өтті. «5 реформаны іске асыру Қазақстан мемлекеттілігін нығайту, либералдық қоғамды дамыту, «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындау, сондайақ, жемқорлыққа жол бермеу мен мемлекеттік аппараттың ашықтығын арттыру үшін шынайы жағдайлар туғызады. (Соңы 2-бетте).
мəн берді. Елбасы жыл сайын журналистермен жүздесіп, БАҚ қызме тіне маңыз беріп отырады, елі мізде арнайы орталық – Қазмедиа орталығы пайдалануға берілді, ал журналистер болса, билік пен халық арасындағы көпір тəрізді үлкен жұмыстарды а т қ а р у д а , д е й к е л і п : « Ел д е жүргізіліп жатқан қоғамдықсаяси реформалар мен Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында жəне «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында ұсынған ауқымды экономикалық жоспарларды жүзеге асыру аясында бұл айрықша маңызды», – деп атап көрсетті. (Соңы 2-бетте).
Таєайындау
Мемлекет басшысының Өкімімен Дархан Айтқалиұлы Ділманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры қызметіне тағай ындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры міндетін уақытша атқарудан босатылды.
21 маусым – Медицина қызметкері күні
Адам жаныныѕ арашашысы
Аурудың жеңілі жоқ дегендей, адамзатқа аманат ретінде берілетін денсаулықтың қадірін науқастанғанда білеміз. Əсіресе, жұртшылық санасында «жазылмас дерт» аталып кеткен обыр ауруының уақыт артып емі де, білікті дəрігерлері де көбеюде. Бұл тұрғыда жанға арашашы, көңілге дем болатын маманға жолықсақ – осы қиындықтан мүдірмей өтуге мүмкіндік туады. Басқа түскен ауыртпалықты қасқайып, қара нардай көтеруге өзінің кəсібилігі, біліктілігі жəне рухани қолдауымен көмектесіп жүрген медицина ғылымдарының докторы, профессор Абай Мақышев жайында сөз қозғамақпыз. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».
Көкше өңірінің Қарлыкөл ауылында туып, нағыз қазақы топырақта өскен Абай Қайырғожаұлы көпшілік аса құмарта бермейтін онкология саласына баруды азаматтық борышым деп санапты. Жастайынан
білім жолына талпынып, адам жанының арашашысы болуды мақсат тұтқан оқушы Абай Целиноград мемлекеттік медицина институтына құжаттарын тапсырады. Оқуды үздік аяқтап, одан кейінгі өмірі науқастарға ем жасап, ауыр дертпен келгендерге пана болумен жалғасады. Бірінші кезде дəрігер-хирург, одан
Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясынан (ҚХА) сайланған Парламент Мəжілісі депутаттарының ҚХА жəне этномəдени бірлестіктер мүшелерімен кездесуі өтті. Аталған іс-шараға Мəжіліс депутаттары Жұматай Əлиев, Егор Каппель, Роман Ким, Ахмед Мұрадов, Надежда Нестерова, Юрий Тимощенко, ҚХА Кеңесінің мүшелері, республикалық этномəдени бірлестіктердің жетекшілері, қоғам қайраткерлері қатысты. Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Кездесу барысында де путаттардың атқарған жұмыстары бойынша жеке-жеке есептері тыңдалып, ҚХА жылы арал ығында атқарған іс-шараларының қорытындысы жария етілді. Сондай-ақ, ҚХА жылын
ұйымдастыру жəне өткізу бойынша өткен мемлекеттік комиссия отырысында жүктелген тапсырмалар қарастырылды. – Біздің Алматыға атбасын бұрудағы мақсатымыз – Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар өздерінің 3,5 жылда атқарған жұмыстары туралы баяндап беру, – деді
Тґменгі Тайынтыда тыныєады «Егемен Қазақстан».
Шығыс өңірінде «Үміт» балалар үйінің тəрбиеленушілеріне арналған жазғы лагерь ашылды. Төменгі Тайынтыда орналасқан «Патшалар жазығы» лагері жуырда күрделі жөндеуден өткен болатын. Сондықтан демалыс орны маусымның əр кезеңінде 150 баладан қабылдай алады. Жаздың
(Соңы 7-бетте).
Ассамблеялыќ депутаттар есеп берді
Еркін елдің ертеңі
Думан АНАШ,
кейін онко-хирург болып қызмет атқарады. Ал білімін жетілдіру үшін 1988 жылы сол кездегі Денсаулық сақтау министрлігінің жолдамасымен Мəскеу қаласындағы Бүкілодақтық онкологиялық ғылыми орталықтың онкология жөніндегі клиникалық ординатурасына түседі. Онда 1991 жылы КСРО Медицина ғылымы академиясының Бүкілодақтық онкологиялық ғылыми орталығында асқазан ісігіне байланысты кандидаттық диссертациясын қорғап, 1994 жылы Ресей Медицина ғылымы академиясының Н.Н.Блохин атындағы Онкологиялық ғылыми орталығының торакалды онкология бөлімшесіндегі докторантураға түседі. Арада үш жыл өткен соң «Кардиоэзофагелді обырдың рецидивтерін хирургиялық емдеу» деген тақырыпта докторлық диссертацияны ойдағыдай қорғап шығады.
алғашқы маусымында мұнда сондай-ақ, Алматы қаласының №2 «Алтын ұя» балалар үйінің 20 тəрбиеленушісі де демалуда. Жазғы лагерь барлық оқушылардың сапқа тұрғызылып, мемлекеттік Тудың көкке көтерілуімен салтанатты түрде ашылды. – Сіздер, биыл жазғы маусым ды өңіріміздегі ең көркем жерде өткізіп қана қоймай, жаңа достар табасыздар,
ден сау лық тарыңызды ны ғайта сыздар. Об лыс басшылығы сіздердің жақсылап тынығып, жаңа оқу жы лына үлкен күшқуатпен ке лулеріңізге барлық жағ дайды жасап отыр, – деді лагерьдің ашылуымен құттықтаған облыс əкімінің орынбасары Жақсылық Омар. Жаңа маусымның тұсау кесеріне орай ұйымдастырылған концертте «Үміт» балалар үйінің жас таланттары мен «Х-Фактор» шоуының жеңімпазы, «Үміт» балалар үйінің түлегі Евгений Выблов өнер көрсетті. Алматылық «Алтын ұя» балалары жаңа достарына өз қолдарынан шыққан ерекше картиналар мен панно сыйлады. Кешкілік балалар ойын ойнап, алау жағып, əн айтты. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласының əкімдіктері арасында қабылданған меморандум аясында «Патшалар жазығы» балалар лагерінде жаз бойы алматылық «Алтын ұя» балалар үйінің 90 тəрбиеленушісі демалады. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы.
депутаттық топтың жетекшісі Жұматай Əлиев. – Биыл ҚХАға 20 жыл толды. ҚХА – Елбасының ноу-хауы. Ассамблея – еліміздегі этносаралық жəне кон фессияаралық келісімнің бірегей моделі. Мұнда ұлты мен дініне қарамастан əрбір азамат Конституция кепілдік ете тін азаматтық құқық пен бос тандықты толығымен пайдаланады. Ал Парламент өздеріңіз білесіздер, заң шығарушы орган. Ендеше, осы аса жауапты істе ҚХА-дан сайланған тоғыз депутат қандай үлес қосты дегенге келсек, олардың барлығы əр бейіндегі комитеттерде жұмыс істейді. (Соңы 2-бетте).
Бїгінгі нґмірде: Берен мылтық 3-бет
Мыңнан бір мүмкіндік 5-бет
● «ҚазАгро» ұлттық холдингі несие өтінімдерін қараудың автоматтандырылған жүйесін енгізді. Кеше өткен арнайы жиында холдингтің басқарушы директоры Айгүл Мұхамадиева осылай деді. Енді шаруалар өз жұмыс бөлмелерінде отырыпақ «ҚазАгро»-ның несиелеуші ұйымдарына қаржыландыру бойынша өтінімдерін бере алады. ● Air Astana компаниясы 2019 жылға дейін 7 Airbus ұшағын сатып алады. Отандық компания Парижде өткен Ле Бурже авиакөрмесінде осындай аталған ұшақтарды лизингке сатып алуға келісті. Алғашқысы келер жылдың көктемінде жеткізіледі. Бүгінгі таңда əуе компаниясының еншісінде Boeing, Airbus жəне Embraer маркаларының 30 ұшағы бар. ● Астанада 2016 жылдың жазында жаңа жағажай пайдалануға беріледі. Қалалық табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мəліметі бойынша, 2 250 адамға арналған демалыс орны елорда маңындағы Күйгенжар ауылында салынады. Бірнеше аумақтан тұратын жағажайда құтқарушылар бекеті, медпункт жəне əртүрлі ойын-сауық орындары болады. ● Келесі жылдан бастап Алматының бірқатар көшелері қазақ хандарының есімдерімен аталады. Бұл туралы кеше Алматы қала лық тілдерді дамыту басқар масының бөлім басшысы Өтепберген Қалыбай мəлімдеді. Ономастика мамандарының тексеруі нəтижесінде қаладағы 90 көшенің аты мүлдем жоқ екені анықталған. Одан бөлек, 50 даңғылдың есімі ескірсе, 165 көшенің аты қайталанады. ● Биыл Оңтүстік Қазақстанда 500 мың шаршы метр баспана халық игілігіне беріледі. Облыстық құрылыс бас қармасының басшысы Күмісбек Орашевтің айтуынша, осы мақсатта жыл соңына дейін 37 көп қабатты тұрғын үй салынады. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында 9 дəрігерлік амбулатория мен 7 аурухананың құрылысы аяқталады. ● Қызылорда облысының кəсіпкерлер палатасы жыл басынан бері «Бизнескеңесші» жобасы арқылы 620 кəсіпкерді оқытты. Бұдан бөлек, аталған палатаның бастамасымен «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы құны 83,5 млн. теңге болатын 14 жоба қаржыландырылып, 52 жаңа жұмыс орны ашылды. ● Жамбыл облысының шаруалары күздік егінді оруды бастап кетті. Жалпы, биыл өңірде 557 мың гектар жерге дəнді дақылдар егілген. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Тұңғыш Жанұзақовтың сөзіне қарағанда, жергілікті шаруалар əр гектардан 20-21 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр. ● Кеше Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында заманауи сүт фермасы іске қосылды. Облыс əкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен жүзеге асқан жобаның жалпы құны 117 млн. теңге. Оның 66 млн.-ы кəсіпкердің өз қаражаты болса, 51 млн. теңге мемлекеттік бағдарлама бойынша игерілген. Ферма күніне 1 200 литр таза сүт өндіреді. ● Солтүстік Қазақстанда биыл «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыруға 9,5 млн. теңге жұмсалады. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жанат Сəдуақасовтың мəлімдеуінше, бағдарлама шеңберінде 400-ден астам студент жұмыспен қамтылады. Олар өңірдегі 9 ауданның 12 орман мекемесінде еңбек етеді. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.
Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу үшін, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.