20082013

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

ЕҢСЕРУ

№193 (28132) 20 ТАМЫЗ СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ынтымаќтастыќ райындаєы кездесу

 Президент тапсырмасы қалай орындалуда? «Жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дəс түрлерімізді жаңғыртуымыз қажет».

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің жеке шақыруымен Сочиде болып, жауынгерлік самбодан өткен «Платформа S-70» халықаралық турнирін тамашалады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Бейресми кездесу аясында екі елдің басшылары екіжақты жəне көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мəселелерін тағы да талқылап, қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын қарастырды. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық турнирге қатысушыларға арнаған өз сөзінде Сочиде қысқа

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

уақытта қуатты спорттық база құрылып, қала мен бүкіл Краснодар өңірінің келбетін айтарлықтай өзгерткенін атап өтті. «Платформа S-70» турнирі жеңімпаздары арасында Қазақстанның «Алаш Прайд» жауынгерлік клубының өкілдері Арман Оспанов пен Мурод Хантураев бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Əкімдердің халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы

«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17 жəне 21-баптарына сəйкес жəне қазақстандық қоғамды одан əрi демократияландыру, халықты елде жүргiзiлiп жатқан реформалар туралы хабардар ету, атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершiлiгi мен есептiлiгін арттыру, халықты мемлекеттiк басқару процесiне кеңiнен тарту мақсатында қаулы етемін: 1. Барлық деңгейдегi əкiмдер халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзіп, олардың барысында елде жүргiзiлiп жатқан реформалардың iске асырылуы, тиiстi əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң есепті кезеңдегі əлеуметтiк-экономикалық дамуы, оны одан əрi дамытудың мiндеттерi мен негiзгi бағыттары туралы хабардар етсiн. 2. Халыққа есеп беру кездесулерін өткізудің мынадай мерзімділігі белгіленсін: 1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əкімдері – жыл сайын бiрiншi тоқсан iшiнде; 2) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), қалалардағы аудандардың əкімдері – жартыжылдықта бір рет, бiрiншi жəне үшінші тоқсандар ішiнде; 3) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, сондай-ақ кенттер мен ауылдардың əкімдері тоқсанына бір рет, тоқсанның бірінші айының ішінде. 3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əкiмдерi халыққа есеп беру кездесулерi өткізілген күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей төмен тұрған əкімдер кездесулерінің есепті жылдағы қорытындыларын ескере отырып, Қазақстан

Республикасы Президентiнің Əкiмшiлігін жəне Yкiметiн оның нəтижелерi туралы хабардар етсiн. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана əкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларының қатысуын; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігімен келісім бойынша халыққа есеп беру кездесулерінің қорытындылары бойынша халық көтерген проблемаларды шешу жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əкiмдерi жəне олардың орынбасарлары аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), қалалардағы аудандар əкімдерінің жылдың қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі бірінші тоқсандағы халыққа есеп беру кездесулеріне қатыссын. 6. «Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сəуірдегі № 1546 Жарлығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 154-құжат). 7. Осы Жарлық 2013 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 15 тамыз. № 615.

Ыќпалдастыќтыѕ жаѕа белесі

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Үкімет басшысы екі ел көшбасшыларының екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы тұрақты саяси үнқатысуының рөлін атап көрсете отырып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің алда тұрған Қазақстанға мемлекеттік сапарының айрықша маңыздылығын атап өтті. С.Ахметов тің ай туынша, Қазақстан мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ын ты мақтастық ырғақты дамуда. 2012 жылдың қорытындысы бойынша, тауар айналымы көлемі 25 млрд. доллардан асты, ал 2015 жылға қарай тауар айналымын 40 млрд. долларға дейін жеткізуге мүмкіндік бар.

С.Ахметов мұнай-газ, энергетика, көлік саласы, АӨК-ті жəне транзиттік əлеуетті дамытуды өзара қарым-қатынастардың перспективалы бағыттары ретінде атап өтті. Осыған байланысты ол Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі желісі бойынша байланыстарды нығайту қажеттілігіне тоқталды. С.Ахметов атап өткеніндей, трансшекаралық өзендерді реттеу саласындағы ынтымақтастық та Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық əріптестіктің маңызды аспекті болып табылады. Ол Су бөлінісі туралы мемлекетаралық келісім жобасын талқылауды бастауды ұсынды.

Көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі металлург, Қазақстанның Еңбек Ері Бағдат Шаяхметовтің қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жеделхатта Бағдат Мұхаметұлының Өскемен титан-магний комбинатында жарты ғасырға жуық еңбек етіп, қатардағы жұмысшыдан мекеменің басшысына дейінгі жолдан өткені атап көрсетілген. Бағдат Шаяхметовтің Қазақстанның тəуелсіздігін нығайтудағы жəне еліміздің өндірістік əлеуетін арттырудағы еңбегі жоғары мемлекеттік марапаттармен атап өтілген. «Ол еліміздің экономикасының дамуына жəне өндірісінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Оның жарқын бейнесі əрқашан есте сақталады деп сенемін», – делінген жеделхатта.

3-бет КӨК АТТЫҢ ХИКАЯСЫ 4-бет СӘТТЕР ӨТІП БАРАДЫ-АУ... 5-бет ӘСИМА АПА 6-бет

Біз бұл мəселені лайықты реттеу жолын міндетті түрде табамыз, трансшекаралық өзендер біздің халықтарымызды жалғастыратын дəнекерге айналатын болады, деді қытайлық дипломат өз кезегінде. ҚХР СІМ басшысы С.Ахметовке ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянның сəлемі мен игі тілектерін жеткізді. Қытайдың жаңа басшылығы Қазақстанмен стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға зор маңыз береді, деп атап өтті Ван И. Сондай-ақ, ол ҚХР Төрағасының алдағы сапарының екіжақты қарым-қатынастар деңгейін жаңа биіктікке көтеруге жағдай жасайтынына сенім білдірді.

АҚПАРАТТАР аєыны  Қазақстанда «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы кешенін қолдаудың жаңа тетіктері енгізіледі. Ол 2014-2020 жылдарға арналған сүтті мал шаруашылығын дамыту бойынша шеберлік жоспары арқылы жүзеге асырылады.  Елордада хирургиялық операция барысы трансляция арқылы көрсетіледі. Қазақстанның қан тамырлары хирургтері қоғамының бірінші съезіне қатысушылар жүргізіліп жатқан отаны «Тілеп Қобыз» сарайының залында бақылай алады.  Жамбыл облысында Индустрияландыру картасының аясында 38 инвестициялық жоба қолға алынды. Жалпы құны 546,7 млрд. теңге

(«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан).

Шыѕєыстау жəрмеѕкесі

Ґѕірдегі шаруа ќожалыќтарына 1 млрд. теѕгеніѕ малын сатуєа мїмкіндік берді

Өткен аптаның соңында елімізде тұңғыш рет халықаралық «Шыңғыстау-2013» жəрмеңкесі болды. Бұл – ұлы Абайдың елінде, Шыңғыстаудың жерінде осыдан 165 жыл бұрын Семей губерниясының Қарқаралы уезінде бастау алған əйгілі Қоянды жəрмеңкесінің қайта жаңғыруы, жалғасы іспетті еді. Жəрмеңкеге Ресей Федерациясының Алтай Республикасы, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы жəне еліміздің Алматы қаласы, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының ауыл шаруашылығы басқармаларының жетекші мамандары мен кəсіпкерлері келді. Бар игі жақсысы, өнерпаздары бас қосатын, келелі түйе, үйірлі жылқы, отарлы қой айдалатын жəрмеңке десе қазақтың қаны қызады. Біз де желпініп жеткенде аудан орталығы жанындағы Қарауылтөбе қарақұрым халыққа толы екен. Ақ селеулі далаға ақ шаңқан киіз үйлер қонып, ақ таңнан əн-думанның көрігі, жəрмеңке саудасы қызып сала берді. Шыңғыстау жəрмеңкесі аудан өнерпаздары дайындаған театрландырылған қойылыммен шымылдық түрді. Ұлтымыздың өткен тарихынан шертілген көріністерді Абай ауылы бастады. Сырбаз басқан жүйріктерімен Біржанның сал-серілері əуелей əн салды. Қазақтың салтанатты салқар көші де барлық жөнжосығымен найқала басты.

Кеңгірбай бидің соңынан Мамай, Тоқтамыс сынды жаужүрек баһадүрлер шеруі шықты. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу сынды ғашықтар жұбы, ұлттық киімнің ғажап сəн үлгілерін ұсынған кербез қыз-жігіттер тобы өтті. Биылғы «Қазақстан барысы» Айбек Нұғымаров бастаған Шалқар Жоламанов, Мұхит Тұрсынов сынды шығыс балуандары шыққанда əлеумет үлкен қошемет көрсетті. Қазақ елінің кеңпейілдігі, ынтымағы орыс-славян, тау халықтары мен ортаазиялық ұлыстардың бір шаңырақ астына жиналуы арқылы көрініс тапты. Салтанатты шеру соңында мейманын ақпен қарсы алатын қазақ дəстүрімен қымыз бен шұбат ұсынылды. Осылайша, Шыңғыстау жəрмеңкесі асыл тұқымды мал көрмесі-аукционы салтанатты түрде ашылды. Жəрмеңкенің мақсаты – ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын жақсарту жəне тиімді сату жүйесін ұйымдастыру. Елбасының қолдауымен «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы шығыс өңірінде ауыл

Бірыѕєай киім їлгісіне кґшпек Биылғы оқу жылында елордада 82 мектеп оқушыларға білім нəрін беретін болады. Жаңа оқу жылында осы мектептердің 29ында бірыңғай мектеп формасы енгізілсе, 27 мектеп ақ көйлек, қара шалбарға басымдық беретін классикалық мектеп формаларын сақтап қалады. Əкімдіктің хабарлауынша, əрбір мектеп оқушылары жəне ата-аналардан құралған қоғамдық орталықтың

болатын бұл жұмыстардың тізбегінде «ҚазФосфат» ЖШС жақында күкірт қышқылын өндіруді жобалау цехын іске қосты.  Оңтүстік Қазақстан облысының альпинистері Қырғызстандағы Ленин шыңына аяқ артты. Құрамында Юрий Лукьянов, Марс Садықов, Виктор Груняшин, Николай Деревянко жəне Ресейдің Воркута қаласынан келген Александр Утвенко бар команда бұдан 25 жыл бұрын бағындырылған шыңды алған екінші топ болып отыр.  Қостанай облысында ауыл шаруашылығы мақсатында жалға берілген 342 жер телімі мемлекетке қайтарып алынды. Кеше бұл туралы облыс əкімдігінің жиынында мəлімдеген облыстық жер қатынастарын басқару басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Əбдуов барлығы 297 мың гектар алқаптың қайтарылғанын айтты.

негізінде мектеп формасының үлгісін өздері бекітетін болады. Бұл ретте аз қамтамасыз етілген жəне көпбалалы отбасылардың оқушы балалары үшін мектеп формасын сатып алу мектеп формасын тігумен айналысатын фирмалардың жалпы білім беру қорының қаржысы жəне демеушілер қаржысы есебінен жүзеге асырылады. «Егемен-ақпарат».

 Ақтөбенің үздік мектептері жаңа оқу жылы қарсаңында бірқатар марапаттарға ие болды. Қала əкімі Ерхан Омаров мұғалімдердің тамыз мəслихатында №33 мектепке дейінгі мекемені, №21 мектеп-гимназияны, қалалық Оқушылар сарайын алғыс хатпен марапаттап, 150 мың теңгенің сертификатын табыс етті.  Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарай ауданының жастары кеше Абай ауданына «Киелі мұрамызға тағзым» акциясы аясында сапар шекті. Олар мұнда Жидебайда болып, Бөрілідегі М.Əуезовтің мұражайын, сондай-ақ Абай мен Шəкəрімнің кесенелерін аралап көрді. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

шаруашылығы жыл өткен сайын ілгерілеп келеді. Қазіргі кезде облыс аумағында 260-қа жуық мал фермалары тіркелген. Жыл сайын республикалық бюджеттен облыстың ауыл шаруашылығына 15-16 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Бүгінде өңірде ірілі-ұсақты мал басы 4 миллионнан асады. Асыл тұқымды мал шаруашылығы қатары жүйелі түрде артып келеді. Осы шаруашылықтардан жəрмеңкеге 280 мыңға жуық ірі жəне ұсақ мал əкелінді. Соңғы жылдарда өңірдегі өнім көлемінің күрт өсімі байқалады. Мысалы, облыста екі жыл бұрын əр ауданға шаққанда 4 мың тонна ет өндірілетін болса, биыл бұл көрсеткіш 5 700 тоннаға жетті. Əсіресе, 4 жыл бұрын алғаш рет Шығыс Қазақстанда қолға алынған «Жайлау» бағдарламасы малшыларға тиімді болып тұр. Биылдың өзінде «Ертіс» ƏКК көмегімен 8 мың бас мал алуға пайыздық үстемесі төмен несие

берілді. Сондай-ақ, Үкімет екі жыл бұрын қабылдаған «Сыбаға» бағдарламасы арқылы облысқа əкелінетін мал саны көбеюде. Өткен жылы басқа елдерден 11 мыңға жуық асыл тұқымды мал əкелінген. Шығыс өңірі елімізде ауыл шаруашылығының бірқатар салалары бойынша көшбасшы болып отыр. Мəселен, сүт өндіруде республикада бірінші орынды (жылына 700 мың литр) иеленсе, ет өндіруден екінші орында келеді. Алайда, мал өнімдерін өңдеу жəне сату мəселесі күрделі күйінде қалып отыр. Сондықтан, Елбасының ет-сүт өнімдерін экспортқа шығару туралы тапсырмасына сəйкес өңірде шикізатты өңдеу кəсіпорындарын ашу туралы жобалар қолға алынбақ. Сондайақ, облыстың брендіне айналған марал жəне ара шаруашылығына жылына 60-70 млн. теңгеден субсидия беріледі. (Соңы 8-бетте).

Жаѕа оќу жылына – жаѕа мектеп Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Үстіміздегі жылдың басынан бері Астана қаласында 9500 оқушыға арналған 8 жаңа мектеп ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Олардың ішінде 1200 оқушыға арналған «Бытығай» тұрғын үй кешеніндегі жаңа мектеп алдымыздағы 1 қыркүйекте есігін айқара ашады. Өте жоғары қарқынмен өсіп келе жатқан елордамызда мектеп жəне мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі орын санының жетімсіздігі өткір болып отыр. Қала əкімдігі бұл келелі проблеманы шешу үшін соңғы жылдары кешенді шараларды қолға алды. Биылғы жылдың өзінде Астана қаласында қатарынан 8 жаңа мектеп құрылысы басталған болатын. Атап айтқанда, олардың қатарында №50 жəне Ш.Қалдаяқов атындағы көшелер қиылысындағы мектеп ғимараты, М.Жұмабаев көшесінен шығысқа қарай Сарайшық көшесіндегі мектеп құрылысы, Орынбор, Еңбекшілер көшелерінің жəне Керей, Жəнібек хандар көшесінің

қиылысындағы жаңа мектеп ғимараты, Железнодорожный кентіндегі жəне №41 көше мен Мирзоян көшесінің жалғасындағы, «Бытығай» тұрғын үй кешеніндегі жаңа мектептер бар. 2013 жылғы жаңа оқу жылында осы салынып жатқан мектеп ғимараттарының ішінде «Бытығай» тұрғын үй кешеніндегі 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Ал жылдың аяғына дейін Железнодорожный кентіндегі жəне №41 көше мен Мирзоян көшелері қиылысындағы жаңа мектеп ғимараттары пайдалануға берілмек. Бұл туралы Астана қаласының astana.kz ресми сайтында хабар таратылды. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Балапан»бағдарламасы аясында тек 2013 жылы ғана 2600 бүлдіршінге арналған 6 мемлекеттік, 8 жеке меншік балалар бақшалары жəне 2 шағынорталық пайдалануға берілді. Сонымен бірге, қазіргі кезде 2800 бүлдіршінге арналған 12 балалар бақшасының құрылысы салынуда. №4 балалар бақшасына 60 орындық қосымша құрылыс жұмысы жүргізілуде.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.