20082015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №158 (28636) 20 ТАМЫЗ БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Аєаш ќалдыєынан – биоотын ґнімі

еліміздегі бірегей кəсіпорын экологиялыќ жаєынан да, баєаныѕ ќолжетімділігімен де ерекшеленеді

Экономикалыќ саясаттыѕ жїйелі шаралары ќаралды Елбасы экономикалық саясаттың жүйелі шаралары жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кеңес барысында əлемдік нарықтардағы ахуалдың нашарлауы жағдайында Қазақстан экономикасының өсімін қамтамасыз ету бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы келешекте ұзақ уақыт бойы Қазақстан экономикасына ықпал етуі мүмкін бірқатар теріс факторларды атады. Біріншіден, сарапшылар пікірінше, мұнай мен металл бағасының төмендігі 5 жыл бойы сақталуы мүмкін. Екіншіден, дамушы елдердің инвестиция мен капиталға қолжетімділігі

едəуір шектеледі. Үшіншіден, біздің негізгі серіктестеріміз, ең алдымен Ресей мен Қытай тарапынан сұраныстың азаюынан Қазақстанның өнімдерін өткізу нарығының аясы тарыла түседі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті қалыптасқан жағдайда мемлекеттен теңгерімді бюджеттік жəне монетарлық саясатты қамтамасыз ету, сондай-ақ, экономикалық өсімді қолдау мақсатында жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұру тұрғысынан тиімді сақтану ша ра ла рын жүргізу талап етілетінін айтты.

Мемлекет басшысы жаңа экономикалық жағдайды ескере отырып, мұнай баррелінің 3040 доллар деңгейіндегі бағасына бейімделу қажеттігін атап өтті. Бұған дейін біз көптеген құрылыстар салдық, штатты жəне еңбекақы деңгейін ұлғайттық. Бірақ қазір қаражат жетіспеушілігі байқалады, соған орай жаңа жобаларға арналған шығыстар табыс базасын кеңейту мүмкіндігіне байланысты қатаң шектелетін болады. Сондықтан түрлі бастамаларға 2018 жылға дейін мораторий қойған жөн. Бұл – бүгінгі нақты жағдайға байланысты туындаған мəжбүрлі шара, – деді Қазақстан Президенті. (Соңы 2-бетте).

Педагогикалыќ ўжымдардаєы ґзекті мəселелер талќыланды Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова 2015-2016 жаңа оқу жылының қарсаңында еліміздің білім беру жүйесінің бір топ үздік қызметкерлерімен кездесті. Олардың арасында ауыл мұғалімдері, жаңашыл педагогтар, педагогикалық жəне ғылыми мекемелер жетекшілері бар. Кездесуге Білім жəне ғылым министрі А.Сəрінжіпов қатысты. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Өзінің кіріспе сөзінде Гүлшара Əбдіқалықова Елбасы Н.Назарбаевтың: «Бəсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», деген сөзін

қатысушылардың назарына салды. Одан əрі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясындағы білім жүйесін жаңғыртудың бүгінгі кезеңдегі басты айырмашылығы – Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы елдерінің стандарттары негізінде адами капиталдың сапасын көтеруге

маңыз беру екенін атап өтті. Биылғы жылы білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бірінші кезеңінің іске асырылуы аяқталады. Осы уақыт ішінде бастауыш білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты қабылданды, мектепке дейінгі жалпы орта білім беру стандарттарының жобалары əзірленді, педагогикалық кадр лардың біліктілігін арттырудың түбегейлі жаңа жүйесі құрылды. (Соңы 2-бетте).

«Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша «Парыз-2014» бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі байқауының бас жүлдесін жеңіп алған «Ахмуддинов» ЖК-нің жетекшісі Сермұхамбет Оралұлын жұртшылық жаңалыққа жаны құмар басшы ретінде жақсы біледі. Ол жиырма жылға жуық жеке кəсіпкерлікпен айналысып жүр. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Күрмеуі қиын саладағы алғашқы қадамын орман пайдаланушыдан бастап, содан бері бар күш-жігерін табиғат байлығын ұқыптылықпен пайдалануға арнап келеді. Оның қоршаған ортаға деген мемлекетшіл көзқарасы мен ұстанымы өзгелерге үлгі етуге тұрарлық. Жеке бас қамы үшін «жұмыртқадан жүн қырқатын» кейбіреулер құсап «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүру – оған жат қасиет. Бүгінде оның иелігіндегі шаруашылық сансалалы, инновациялық кластердің озық əдістерін игеруге ұмтылысы құптарлық. Мəселен, Қызылжар ауданы орталығындағы ағаш өңдеу цехында жергілікті ақ қайыңнан, теректен ауылдықтар үшін қолайлы баспана салуға арналған құрылыс материалдары мен үйішілік жиһаздар дайындалып, өнімнің 50-ге жуық түрі Астана, Қарағанды, Шымкент,

 Еркін елдің ертеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова велосипед спортынан – велотректен жасөспірімдер арасындағы UCI əлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Əлем чемпионатыныѕ ашылу салтанатына ќатысты Кіріспе сөзінде Гүлшара Əбдіқалықова Мемлекет басшысының жан-жақты қолдауы арқасында бүгінгі таңда елімізде халықаралық талаптарға сай спорттық нысандар бой көтеріп, əлемдік деңгейдегі спорттық шаралар ойдағыдай өткізіліп жатқанын атап өтті. Велосипед спорты елімізде кең таралған спорт түріне жатады, 10 мыңнан аса қазақстандық велоспортпен жүйелі шұғылданады. «Астана» кəсіби велоклубы – Қазақстанның əлемдегі ең танымал спорттық брендтерінің бірі. Əлем чемпионаты Азия құрлығының үздік жасөспірім спортшыларын, сонымен қатар, велосипед спорты мамандары мен жанкүйерлерін, əлемдік спорт қауымдастығының өкілдерін жинап отыр. Мұндай деңгейдегі шараны өткізу ел абыройын арттырып, А.Винокуров,

А.Базаев, З.Забирова жəне басқа да əлемдік деңгейдегі қазақстандық саңлақтарды үлгі тұтқан жастар арасында велоспортты насихаттаудың пəрменді құралына айналмақ. Əлемдік біріншілікке дүние жүзінің 31 елінен 200 спортшы қатысып, жалпы саны 19 медаль сарапқа салынатын болады. Еліміз 2011 жылы велотректен Əлем кубогын, 2014 жылы тас жолдағы велоспорт жəне велотректен Азия чемпионатын табысты өткізді. Жарыстардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы, əлемдік стандартқа сай қолайлы жағдай, сондай-ақ сарапшылардың оң пікірі UCI халықаралық велосипедшілер одағының 2015 жылғы жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатын Астана қаласында өткізу жөнінде шешім қабылдауына ықпал етті.

«Мектепке жол» акциясы: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 26 МЫЅНАН АСТАМ БАЛА БІРІНШІ СЫНЫПЌА БАРАДЫ

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Енді санаулы күндерден соң алтын күз басталып, білім ұялары есіктерін айқара ашатын болады. Жамбыл облысындағы барлығы 449 мектеп дəл қазір 197 мыңнан астам оқушыны қабылдауға сақадай-сай əзір. Ағымдағы жылы 26071 бүлдір шін бірінші сынып тың табалдырығын аттамақ. Əлеуметтік əлеуеті əрқилы

деңгейдегі отбасыларынан шыққан балалардың мектепке бірдей дайындықпен келуін қамтамасыз ету үшін тамыз айының басынан бастап, облыс қалалары мен елді мекендерінде республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған жəне көп балалы отбасыларына жергілікті бюджет жəне демеушілер есебінен қолдау көрсетіліп келеді. (Соңы 3-бетте).

Алматы қалаларына жөнелтіледі. Олардың арасында айыр, күрек, балға, балта саптары, қоршау қадалары, есік-терезелер, тағы басқалары үлкен сұранымға ие. Жылына 25 мың шаршы метр алқаптың жартысына жуығы осы мақсатқа жұмсалып, қалғаны отын түрінде əзірленеді. Ағаш кесілген жерлерге 300-350 гектар жас өскіндер отырғызылады. Мекке-Мəдинаға барып, қажылық парызын өтеп келген, бойына имандылық қасиеттер ұйыған азамат халал тағамдар шығаруға да ден қойып жүр. Жұмысшылар асханада тегін тамақтанады. Оларға 7 тұрғын үй арнап салынды. Екі қабатты кеңсе үйі тұрғызылып, Боголюбово ауылында жаңа өндіріс орны ашылды. Сөйтіп, жеке кəсіпорын 40-қа жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті. Бірде оған «Қазақстан-2050» Стратегиясында негізгі желі болып тартылған «жасыл» экономика, инновациялық кластер

бағдарламалар жайлы талаптар үлкен ой салды. Ал, осы идеяның жүзеге асуына «Орман пайдаланушылар жəне ағаш өңдеушілер» бірлестігінің төрағасы, аудандық мəслихаттың депутаты ретінде қатысқан алқалы жиын түрткі болды. Бір басшының аузынан орман алаңқайларында жылына 40 мың текше метрге жуық ағаш қалдықтарының өртелетінін естіп, еріксіз бас шайқады. Ағаш тілу, өңдеу цехтарында қаншама шикізат қоры ысырап болып жатыр десеңші, деген ішкі таңданысын жасыра алмады. Содан бастап кесілген ағаштардың бұтақ, жаңқа, үгінді сияқты қалдықтарын тереңдетіп өңдеу арқылы биоотын шығару жолдарын тынбай қарастырып, ресейлік кəсіпкерлермен əріптестік ынтымақтастық орнатуды жөн көрді. Нижний Новгород қаласына арнайы барып, «ALB GROUP» компаниясының шикізатты қалдықсыз өңдейтін озық технологиясын көңіліне тоқып қайтты. Оның Елбасы т а л а бы н а о р а й л а с т ы р ы л ы п жүзеге асыруды ниет еткен озық инновациялық ұсынысы аймақ басшылығынан қолдау тауып, Индустрияландыру картасына енгізілді. (Соңы 9-бетте).

 Елімізде биыл педагогикалық мамандықтар бойынша жаңа білім стандарттары енгізіледі. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің проректоры Ғабит Кенжебаевтың пікірінше, бұл бағдарламалар қазіргі уақыт талабына сай мамандарды сапалы дайындауға мүмкіндік береді.  Астанадағы бос жұмыс орындар жəрмеңкесінде 300-ге жуық қызмет түрі ұсынылады. Онда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша кеңестер беріліп, жастар тəжірибесінен өту, əлеуметтік бос жұмыс орындар мен еңбекақысы төленетін қоғамдық жұмыстар туралы баяндалады.  Алматыда Қазақстан мен Оңтүстік Корея іскерлік топтарының бизнес-миссиясы өтті. Шара барысында технологияны трансферттеу бойынша біріккен кəсіпорындар құру мəселесі талқыланып, Оңтүстік Кореяның 7 компаниясы қазақстандық кəсіпкерлерді сауда-саттық саласындағы өз өнімдерімен таныстырды.  Шығыс Қазақстан облысында республика бойынша төртінші никель зауыты салынады. Жоба 600-ден астам адамды жұмыспен қамтиды деп күтілуде. Қазіргі таңда құрылысты қаржыландыруға керекті қаражат көзі қарастырылу үстінде.  Қытай инвесторлары Қостанай аумағында табиғи газды сұйылту зауытын салуды жоспарлап отыр. Жоба құны 15 млрд. теңгеге бағалануда. Облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов пен «Синьцзян Гуанхуэй Петролеум» ЖШҚ компаниясының өкілдері зауыт құрылысы туралы мəселені талқылады.  Қызылорда облысының Қазалы мен Жаңақорған аудандарында заманауи денешынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды. Əкімдіктен хабар ла ған дай, кешендер қажетті құрыл ғылардың барлығымен жабдықталған. Мұнда бір мезгілде 150-ден аса адамның жаттығуына мүмкіндік бар.  Павлодар облысының 300 оқушысына Тұңғыш Президент қорынан сыйлықтар тапсырылды. Қордың бас маманы Гүлнəр Ершімбаеваның айтуынша, көмекке зəру балалардың мектепке керек-жарақтарын сатып алуға 2 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалған. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

Хроника

Мемлекет басшысының Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ғабидолла Рахметоллаұлы Əбдірахымов Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылды.

 Сараптама

ДЇНИЕНІ ДЕНДЕГЕН ДАЄДАРЫС

Биылғы жыл əлем дегі бірқатар мемлекеттер үшін экономикалық ауыртпалықтар мен сая си дағдарыстардың көрі ніс беруімен бастал ды. Бұл үрдіс саябыр тауып, бəсеңдеудің орнына, керісінше, уақыт өткен сайын үдеп, тіпті, өршіп барады. Оған көпшілік қауым шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы куə болып отыр. Əлемді дағдарыс дендеп барады. Əри не, қорқынышты. Еуропаның бірқатар елі экономикалық дағдарыстан шығуға қан шама қамқарекет жасаса да, жағдайлары қалыпқа түсер емес. Оған осыдан бес-алты жылдай бұрын, экономикасы мығым мемлекеттер қатарында болған Грекияның бүгінгі ахуалын келтіруге болады. Қазіргі кезде Еуропада дағдарыстың салқыны тимеген ел жоқ десек, қателеспейміз. Оның үстіне Таяу Шығыстағы бірқатар мемлекеттердегі саяси тұрақсыздық мигранттардың «жайлы жер» іздеп, өз отандарынан бас сауғалап қашуға əкеліп отыр. Бұл бүгінде өткір проблеманың біріне айналуда. Ал біздің еліміз əлеуметтік-экономикалық қиын жағдайларға душар болып отырған жоқ. Межелеген кешенді жобалар өз ретімен жүзеге асырылуда. Міне, бұл – бекем орныққан саяси тұрақтылық пен ынтымақтастықтың нəтижесі. («Дүниені дендеген дағдарыс» тақырыбындағы топтама материалдарды 6-7-беттерден оқи аласыздар).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.