Бүгінгі нөмірде: Алғашқы съезд тағылымы Бүгінгі бала – ел болашағы №216 (28155) 20 ҚЫРКҮЙЕК ЖҰМА 2013 ЖЫЛ
Жїзім ґндіруді жаќсартуєа жаєдай жеткілікті
Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов Францияға жұмыс сапары барысында Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
«Егемен Қазақстан».
Бүгінде зауытқа қарасты жер телімдеріне жүзімнің жоғары сапалы «Ркацители», «Саперави» жəне француздық «Каберне Фран», «Каберне Совиньон», «Совиньон Бланш» жəне тағы басқа сорттары егілген. Жалпы, Сарыағаш ауданында дəл қазір 2205 гектар жүзім алқабы бар, оның 1388-і өнім беруде. Ал қалғаны əлі жас, енді жайқалып өсіп келеді. Биыл аудан соның əр гектарынан 72,4 центнерден жүзім жинап, барлығы 10 054 тонна өнім алуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Сарыағашта 4 шарап зауыты жұмыс істейді. Олар жылына 33,0 мың тонна шарап өнімдерін шығарады. Бүгінгі күннің талабы – бұрынғыдай жинап алған өнімді бірден базарға апарып сатудан бұрын оны сапалы өңдеу болып отыр. Себебі, ала жаздай төккен тердің ақысын нарықтағы арзан бағаға телігенше, аталған өнімді өңдеу арқылы мол пайдаға кенелуді ойластыру керек. Соңғы жылдары облыста жүзімдік егіс алқаптарының көлемін арттыруда, өнімді өңдеуде тиянақты
Таќырыптыќ жоспар ќабылданды
Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тəжин Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауын іске асыру аясында тақырыптық зерттеулер ұйымдастыру жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының екінші отырысын өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын 2013 жылғы сəуір айында өткен отырыстан кейінгі кезеңде бірқатар іс-шаралар іске асырылды. Біріншіден, ғылыми жəне консалтингтік зерттеулерге арналған мемлекеттік тапсырыс негізге алынған Президент Əкім шілігінің Тақырыптық жоспары қабылданды. Екіншіден, Үкімет зерттеу жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, оның ішінде мемлекеттік емес талдамалық құрылымдарды тарту шараларын қабылдады. Үшіншіден, сарапшыларды қолдау жұмыстары кеңейтілді. БАҚ-пен жұмыс жасау үшін
сарапшылар тобы құрылды. Өңірлерде зерттеу жəне диссертациялық жоспарларды түзету үшін өңірлік семинарлар жоспарланды. Осылайша, кеңесте «Қазақстан-2050» Стратегиясының 100 жаңа термині» атты жаңа саяси терминология сөздігінің жобасы талқыланды. Сөздікте «Қазақстан-2050» Стратегиясында келтірілген терминдер мен ұғымдарға толық түсініктеме беріледі. Бұл соңғы 15 жылдағы алғашқы ірі терминологиялық басылым болмақ. Кеңес аясында құрамына елорданың жетекші ғалымдары кіретін Астана клубын құру мəселесі де талқыланды.
Адам ќўќын ќорєауды жетілдіру – заман талабы Кеше Сыртқы істер министрлігінде Елбасы Н.Назарбаевқа жəне халықаралық сарапшыларға таныстырылып, оң бағасын алған Адам құқықтары жөніндегі комиссияның 2012 жылғы Қазақстан Республикасындағы адам жəне мигранттар құқықтарының ахуалы туралы екі баяндаманың халықаралық тұсаукесері болды. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Тұсаукесер рəсімін Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Мəжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов ашып, жүргізіп отырды. Құттықтау сөз айтқандардың арасында Мемлекеттік хатшы Марат Тəжин, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Кэролин Браун, Халықаралық көші-қон ұйымының Орталық Азиядағы миссиясының басшысы Деян Кесерович, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының басшысы Наталья Зарудна болды. «Бұлар жыл сайын дəстүрлі түрде жасалатын баяндамалар. Онда адам құқы бойынша барлық бағыттар қамтылған. Адам құқы дегеннің өзі – адамның өмірі деген сөз. Онда адамның барлық мүдделері, талаптары жəне олардың өсу, өзгеру жолдары қамтылады. Біз баяндамамызда адам құқықтары бойынша түскен барлық арыз, шағымдарды қорытып, сараптадық. Бір жылда
комиссияға 2 мыңнан артық арызшағым түсті. Соның 35 пайызы, өкінішке қарай, құқық қорғау органдарының, соттардың үстінен түскен шағымдар болып отыр. Осының өзі құқық қорғау органдары жұмыстарын жетілдіруді қажет ететінін көрсетеді», деді Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов журналистермен кездесуінде. Біршама толымды көрінген бұл құжаттар Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығы мен Халықаралық көші-қон ұйымы Қазақстандағы өкілдігінің техникалық жəрдемімен қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде жасалған екен. Оларды жиналғандарға Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері Т.Əбішев, В.Воронов, Е.Нұрғалиева, Е.Оңғарбаев жəне басқалар таныстырып шықты. Əр баяндамада тақырыптар бойынша нақты ұсынымдар да жасалған. Мəселен, «Адам құқықтарының ахуалы туралы» баяндаманың «Өмір сүру құқы» бөлімінде адамның құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерін жетілдіру
мақсатымен заңнамалық деңгейде өлім жазасын толықтай жою үшін 1989 жылғы 15 желтоқсанда қабылданған халықаралық пактіге қол қойылсын. Өлім жазасының орнына өмір бойы бас бостандығынан айыру институты заңнамалық түрде енгізілсін делінген. «Адамның жеке өмірін жəне дербес мəліметтерін қорғау құқығы» бөлімі бойынша құқық қорғау практикасы Қазақстан Конституциясы мен халықаралық стандарттарға сəйкес жетілдірілсін, деген ұсыным жасалған. Тұсаукесер рəсімінде Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдар басшылары, соның ішінде Əділет министрі Берік Имашев, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалау алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов, Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель жəне т.б болды. Сондай-ақ, биліктің заң шығару, атқарушы жəне сот тармақтарының, құқық қорғау органдарының өкілдері, құқықтанушы ғалымдар, дипломатиялық өкілдіктер басшылары мен т.б. қатысты. Шарада сөйлеген сарапшылар Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның баяндамаларына жоғары баға беріп, олардың ұсынымдарын Үкімет пен Парламенттің іске асыра бастағанын атап өтті.
4-бет «Ұлттық намыс қалғып кеткендей көрінеді» 7-бет Ғасырды тербеген ғажайып ойын 9-бет
Ќазаќстанныѕ дайындыєы жоєары баєаланды
Оралхан ДƏУІТ,
Сарыағаш – Оңтүстік Қазақстан облысының ең ірі өндірістік-аграрлық аймағы. Бүгінде мұнда нарықтық инфрақұрылымның негізі қаланған. Сарыағаш емдік минералды суларға бай. Жері де өте құнарлы, астық, мақта, бау-бақша өсіруге өте қолайлы. Аймақ көкөніс жəне жүзім өндіруде алда келеді. Басқа аймақтарға қарағанда Сарыағашта шарап, мақта-мата өнімдерін өндіруге жəне туристік кластерлерді өркендетуге мүмкіндіктер мол. Республикада шарап кластерін дамытуға Оңтүстіктің климаттық жағдайы өте қолайлы. Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сарыағаштағы жүзім алқабында болып, осындағы «Caspian Food» ЖШС жаңа кəсіпорнының жұмысымен танысты. Бұл зауыт соңғы үш жылда 222 гектар жерге жүзімнің жаңа сорттарын отырғызып, биыл соның 123 гектарынан өнім жинап жатыр. Қазірге дейін 570 тонна өнім жиналды. «Францияға жасаған сапарлардың бірінде ірі шарап өндірушілермен кездесіп, елімізде сапалы шарап өндіру жайын талқылағаным бар. Ондағы мамандар елімізге келіп, жоғары сапалы шарап дайындау үшін жаңа жүзім сорттарын отырғызып, заманауи технологиямен жұмыс жасайтын құралдар керек деген еді. Осыны іске асыру үшін жергілікті билік 600 гектар жер бөлді. Мұнда жоғары сұрыпты жүзім егіліп, заманауи зауыт бой көтереді. Бұл шарап болашақта Қазақстанның атын шығаратын брендке айналады», деді шарап зауытының басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Н.Назарбаев.
2-бет
жұмыстар атқарылып келеді. Биыл жемісжидек пен жүзім екпелерінің көлемі ұлғайып, 27,0 мың гектарды құрады. Кеңес дəуірі кезінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінен ең жоғары өнімділік 1990 жылы алынып, 137,0 мың тоннаны құраған екен. Биыл 26,0 мың тоннаға артып, 163,0 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Енді осы өнімді ұтымды өңдеу жағын ойластыру қажет. Оңтүстік Қазақстан облысы.
Кездесудің басты тақырыбы Қазақстан мен ХКБ арасындағы өзара байланыстар, сол сияқты Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық барысы мəселелері болды. Халықаралық көрмелер бюросымен қызметтестіктің стратегия лық сипатына назар аудара отырып, Үкімет басшысы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығын атап өтті. Қазақстан тарапынан көрмеге дайындықты сапалы жүргізу үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда, деді С.Ахметов. Премьер-Министр В.Лоссерталеске ХКБ-ға үстіміздегі жылдың желтоқсанында ұсынылуға тиіс Тіркеу құжаттарының дайындық са тысында екендігін, сонымен бірге, көрменің архитектуралық эскизіне байқау өткізілгенін хабарлады. Халықаралық конкурсқа əлемнің түрлі елдерінен 50-ден астам маман қатысты. Байқау қорытындысы бойынша ЭКСПО көрме кешенінің негізіне айналатын эскиз-идея анықталатын
болады, деп атап көрсетті С.Ахметов. В.Лоссерталес Астанада ЭКСПО көрмесін өткізуге дайындықтың жоғары деңгейде жүріп жатқанына назар аударып, осы орайдағы Мемлекет басшысының рөлін ерекше атап көрсетті. Мен таяуда Астанада Қазақстан Президентімен кездестім. Сол жолы Нұрсұлтан Назарбаев көрмеге дайындық барысының өзінің жеке бақылауында болатындығын атап өтті, деді В.Лоссерталес. Сондай-ақ, ХКБ Бас хатшысы өзінің осы бағытта 20 жылдан астам уақыт қызмет істеп, талай көрмелер өткізгенін, бірақ осы ұйым жұмысындағы өз тарихында бір де бір елдің дəл осылай тез, шұғыл жəне тиімді жұмыс істегендігін көрмегенін жеткізді. Кездесу қорытындысында, В.Лоссерталес Қазақстан тарапына мамандандырылған көрмені өткізуде табыстар тіледі. Сол сияқты сапар барысында Қазақстан Үкіметінің басшысы С.Ахметов Францияның іскер топтарының өкілдерімен кездесетін болады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары – ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рəпіл Жошыбаевтың Гонконг жəне Макао арнайы əкімшілік аймақтарына (АƏА) сапары болып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
КҐРМЕ
Жўмыс бабындаєы сапардан кґп нəрсе кґѕілге тоќылды Сапар барысында Гонконгтың экономикалық даму жəне сауда бойынша хатшысы (министрі) Грегори Сомен келіссөздер жүргізілді. Р.Жошы баев қабылдаушы тарапты Қазақстанның халықаралық бастамаларымен таныстырды. Тараптар Қазақстан–Гонконг ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегі бойынша пікір алмасты. Инвестициялық қарым-қатынас басым бағыттар қатарында атап өтілді. Сонымен қатар, Гонконг АƏА-ға сапар аясында іскер топтардың қатысуымен Гонконгтың Сауданы дамыту бойынша кеңесінің дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Тараптар Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру бойынша жобаларды жүзеге асыруға
Гонконг компанияларының қатысу мүмкіндігін қарастырды. Р.Жошыбаев бастаған Қазақстан делегациясы Туризм бойынша «Макао-2013» əлемдік экономикалық форум жұмысына да қатысты. Іс-шара тақырыбы «Экономиканы жандандыру: саяхат пен туризм салаларына инвестиция» деп аталды. Форум саяхат пен туризм салаларына келетін инвестиция, сондай-ақ əлемдік экономиканың қазіргі жағдайын, экономикалық дамуына қолдау көрсетудің өзекті мəселелерін талқылауды көздейді. Форумға ҚХР-дың белгілі саяси қайраткерлері мен ғалымдары, мүше елдердің туризм саласындағы мемлекеттік органдарының, халықаралық туристік компаниялар мен ұйымдарының басшылары,
АҚПАРАТТАР аєыны Павлодар облысында егін орағы енді қызды. Əзірге бидайдың əр гектарынан кемінде 15 центнер, кей алқаптарда 27 центнерге дейін өнім алынып жатыр. Орақты жылдамдату үшін қырмандарға қосымша жұмыс топтары шығарылмақ. Атырау мұнай өңдеу зауыты АИ-98 жанармайын шығаруға дайын. Бұл туралы хабарлаған кəсіпорынның бас директоры Қайрат Оразбаев жыл соңына дейін мұнда 1,5 млн. тоннадан астам мұнай өңделетінін айтты. Балқашта көмір қалдығын өңдейтін өндіріс ошағы ашылады. Мамандардың айтуынша, аталған станса еліміздің энергия тапшылығын азайтып, əсіресе, оңтүстік
оның ішінде Дүниежүзілік туристік ұйымының бас хатшысы (UNWTO) Талеб Рифай, Азия жəне Тынық мұхит елдері Туристік ассоциациясының төрағасы (PATA) Жоао Антунес, Əлемдік саяхат пен туризм кеңесінің төрағасы (WTTC) Майкл Френзель жəне басқалар қатысты. Форум аясында Р.Жошыбаевтың Макао АƏА-ның басшысы Чуй Сай Онмен кездесуі өтті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, Қазақстан мен Макао арасында тікелей əуе қатынасын ашу мəселелері талқыланды. Сонымен қатар, Камбоджа, Индонезия, Португалия жəне Вьетнам елдерінің туризм министрлерімен келіссөздер өтті. Р.Жошыбаев əңгімелесуші
аймақтарды электр қуатымен қамтамасыз етеді. Ол жылына 9 млрд. кВт/сағатқа дейін қосымша электр энергиясын өндіре алады. 2015 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу алынып тасталады. Бұл туралы Білім жəне ғылым вице-министрі Мұрат Əбенов хабарлады. Оның орнына түлектер екі емтихан тапсырады. Біріншісі, мектеп бітіргенде, екіншісі жоғары оқу орнына түсерде жүргізіледі. Air Astana əуе компаниясы Астана– Лондон рейсін ашады. Биылғы 29 қазанда бағыт түзейтін бұл қатынас жолы тікелей сипатта жүргізіледі. Астанада «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауы өтіп жатыр. Оған 15 топ қатысуда. Бұл шоғырдан ең үздік 7 ұжым ақтық сынға іріктеп алынды. Жарыс соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етіледі.
тараптарды сауда-экономикалық жəне туристік салаларда өзара тиімді, тығыз ынтымақтастық орнату мақсатында Қазақстанға шақырды. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен 2017 жыл Қытай туризмінің Қазақстандағы жылы болып жарияланған болатын. Осыған орай, қазақстандық тараптың бастамасымен Қазақстанның туристік мүмкіндіктерімен таныстыру жəне ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбын ілгерілету мақсатында келесі жылы əлемдік форумның беделді алаңын пайдалану мəселелерін пысықтауға қол жеткізілді. ---------------------------------ЭКСПО көрмесіне қатысты материалды 3-беттен оқисыздар.
Шығыс Қазақстандағы Шемонайха жастары Үбе өзені жағасын тазалауға кірісті. Аймақтағы «ЭкоГрин» жастар қоғамдық бірлестігі, жастар орталығы, шығармашылық үйі секілді ұйымдардың бастамасымен қолға алынған бұл шараға облыс əкімі Бердібек Сапарбаев үлкен қолдау көрсетіп отыр. «Қазақстан алюминийі» экологиялық бұзушылықтар үшін 10 млн. теңге айыппұл төледі. Қостанай облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл тəртіп бұзушылықтар Лисаков қаласы прокуратурасының 2013 жылғы мамырдағы жүргізген тексеруі барысында анықталған. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.