20092014

Page 1

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.

№184 (28407) 20 қыркүйек СЕнбі 2014 ЖЫЛ

Нұрсұлтан Назарбаев:

Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі Мемлекет басшысының «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзі

Елбасының арнайы Жар­ лығымен, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылықдемографиялық саясат жөнін­ дегі ұлттық комиссияның ұйым­ дастыруымен еліміздің он төрт облысы мен Астана және Алматы қалаларын қамтыған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы мәреге жетті. Кеше елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында әр облыс пен Астана және Алматы қалалары бойынша жеңімпаз атанған он алты отбасын марапаттау салтанаты өтті. Үлкен жиынды ашып берген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отбасы институтын нығайту, қоғамда отбасы құндылығын дәріптеу, мерейлі де сыйлы отбасыларды үлгі-өнеге ету арқылы өскелең ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу туралы сөзін төмендегіше өрнектеді. Қымбатты отандастар! Баршаңызды елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» байқауымен құттықтаймын. Менің Жар­ лығыммен қыркүйектің екінші жексенбісі был­тыр «Отбасы күні» мере­кесі болып белгіленді. Бақытты балалық шақ пен алаң­ сыз қарттық, әрбір шаңырақтың шаттығы – «Қазақстан-2050» Стратегиясының ең басты мақсаттарының бірі. Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі, ағайынның татулығы – Атамекеннің

тұтастығы. Біз жас ұрпақтың білімді, дені сау болуы, әрбір некенің мызғымас берік болуы, қарттардың зейнетті өмір кешуі үшін барлық жағдайды жасап келеміз. Бұл демографиялық ахуалға оң әсерін тигізуде. Тәуелсіздік кезеңінде елімізде 6 мил­ лионнан астам сәби дүниеге келді. Соң­ ғы жылдары халқымыздың саны 14,8 миллионнан 17 миллионға артты. Тек өткен 1 жылдың өзінде 254 мың адамға көбейдік. Салыстыру үшін айтар болсақ, бұл тұтас Қостанай қаласының халық

санымен пара-пар. Статистика бойынша елімізде әрбір 90 секунд сайын дүние есігін жаңадан ашқан сәбидің іңгәлағаны естіледі. Соңғы 20 жылда елімізде 1000 білім ордасы мен 800 денсаулық сақтау ныса­ ны салынды. Бұрын-соңды Қазақстанда ешқашан жасалмаған күрделі операция­ лар қолға алынды. Соның нәтижесінде ел азаматтарының орташа өмір ұзақтығы 70 жастан асты. Біз әлемдегі ең жас ха­ лық­тардың біріміз. Ел тұрғындарының орта­ша жасы – 26. АҚШ-та бұл көрсет­ кіш – 36, Еуропа Одағында 41 жас. Бар­ лық көрсеткіштер бойынша біз – өсіп, өркендеп келе жатқан жас елміз. Бұл біздің кезінде дұрыс таңдау жасағанымыздың, қазір дұрыс бағытқа бет алғанымыздың айқын көрінісі. Қымбатты қазақстандықтар! Салтанатты рәсімге қатысушылар! Мен сіздерді «Мерейлі отбасы» тұңғыш жалпыұлттық байқауының табыс­ты аяқталуымен құттықтаймын! Бұл барлық 17 миллион қазақстандықтардың ортақ салтанаты. Біздің еліміз – бәріміз бірге біртұтас отбасы ретінде құрып жатқан Бейбітшілік пен Келісімнің үлкен де берік Үйі. Онда біздің балаларымыз, немерелеріміз және барлық келер ұрпақ қауіпсіз, молшылықта және әл-ауқатты өмір сүруі

үшін оны ғасырларға арнап тұрғыздық. Әркімнің басында баспанасы, оқуға, денсаулығын нығайтуға, лайықты жұмыс істеуге, дастарқанында ыстық нан болу мүмкіндігін қаладық. Бұл халықта болуы мүмкін ең қымбат дүниелер. Бүгінгі мерекенің терең мәні бар. Біріншіден, жердегі өркениеттің бүкіл хронологиясы – кез келген қоғамның негізі ретіндегі Адамзат Отбасының Ұлы тарихы. Екіншіден, отбасы – өте ұлы құндылық. Мыңжылдықтар мен ғасырлардан бері отбасы әрбір қоғамның ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан моральдық салттардың, ұлттық дәстүр­ лердің сақтаушысы болып табыла­ ды. Үшіншіден, отбасы – өз халқыңа, оның мәдениеті мен тұрмысына деген сүйіспеншіліктің сарқылмас қайнар көзі. Ол ата-аналар, балалар мен немерелер бақытының призмасы арқылы өтетін патриотизм мен Отанның өркендеуіне деген мәңгілік қамқорлықтың қайнар көзі. Ол ұрпақтардың ғасырлық өзара байланысы. Төртіншіден, ХХІ ғасырда жаһандану дәуірі отбасы мен бақытты неке құндылықтарын прогрестің маңызды шарттары етеді. Оны қазіргі заманғы әлемнің барлық табысты елдерінің тәжірибелері айғақтайды. Қымбатты достар! «2050 Стратегиясында» біз әлемнің

ең дамыған 30 елінің қатарына ену жөнінде орасан зор мақсат қойдық. Бұл тек іс-қимыл жоспары ғана емес. Біз ел болашағының, әрбір отбасы бола­ шағының бағдарын көрсетіп отырмыз. ХХІ ғасырдың ортасында отбасыларының басым көпшілігі тыныштық пен молшылықта өмір сүрген елдер ең дамыған мемлекеттер болып шықпақ. Олар балаларын тәрбиелеп, оларға сапа­ лы білім беріп, аға буынға қамқорлық та­ нытып, саламатты өмір салтын ұстанбақ. Қазақстанды жасампаздандыра және нығайта отырып, қысқа мерзімде ора­ сан зор жұмыстар тындырдық. Біз елді өзгерттік, бүгінде көзқарастары мен болашаққа ұмтылыстары жаңаша мүлде жаңа буын өсіп келеді. Тәуелсіздік жыл­ дары ішінде, қиындықтар мен жаһандық дағдарыстарға қарамастан, қазақ­ стандықтар табысы 16 еседен астамға артты. Мемлекеттің білім беру мен денсаулық сақтауға қаржылай шығын­ дары 10 есеге ұлғайды. Біз қазақстан­ дықтардың сенімді жұмысы және лайықты еңбекақылары болуы үшін ин­ дустрияландыруды жүргізудеміз, жаңа кәсіпорындар салудамыз. Шағын және орта бизнеске қолдау жасау арқылы біз өз істерін жүргізіп жатқан жүздеген мың қазақстандық отбасылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашудамыз.

Бейбітшілік, тұрақтылық, өркендеген ел үшін Елбасына Ерен алғыс айтамыз! «Мерейлі отбасы» ұлттық бай­қауының жеңімпазы БИМА­ ХАНБЕТОВТЕР отбасына ша­ ғын әмбебап автобустың кілтін Елбасы өз қолымен табыс­тады. Мұндай айтулы мемлекеттік ша­ рада отбасының осынша құрметке бөленіп, абыройы асқақтай түскеніне Бимаханбетовтер әулеті дән риза. Әсіресе, осынау жасқа келгенде Елба­ сы қолынан сый алып, қуанышқа кенел­геніне отағасы Елтай ақсақал ай­ рықша шаттанды. «Құрметті, аса қадірлі, мәртебелі Елбасы, айналайын Нұрсұлтан Әбіш­ ұлы! 83 жасқа келгенде осындай жа­ рыс­қа қатысып, Сіздің қолыңыздан сый-сыяпат алу маған – үлкен қуаныш, зор бақыт. Енді алдағы уақытта да елі­міз­дегі әрбір отбасы Отанымызды шын сүйетін ұл мен қыз тәрбиелеп, біз­дің жолымыздың жұғысты болуын тілеймін. Құрметті көпшілік қауым! Әлемдегі мерейлі де әділетті мемлекет біздің ел, ол – Қазақстан. Әділін айтуымыз керек, барлық мемлекеттің Президентін біздің

Елбасымен салыстырғанда айырмасы аспан мен жердей. Бұл – шындық. Сол үшін біз Елбасымен мақтануымыз, қуануымыз керек. Елбасымыздың қамқорлығының арқасында халықтың әл-ауқаты күннен-күнге артуда», деді Елтай Бимаханбетұлы. Одан әрі сөзін жүректен шыққан жыр жолдарымен жалғады. «Артта қалып қиын күндер жырақ тым, Ата болған өмірімді ұнаттым. Немере мен шөберелер болады, Өте шырын, кәусарындай бұлақтың. Елбасымыз құрметтеп жатқанда, Нақ төрінде тұрғандаймын жұмақтың. Рахмет, Нұреке! Еңбегіңіздің ра­ хатын көре беріңіз!», деп ізгі тілегін де жеткізді. Бимаханбетовтер отбасы 8 ұл-қыз тәрбиелеп, олардан 33 немере мен 10нан астам шөбере сүйіп отыр. Отағасы Елтай Бимаханбетұлы – мәдениет сала­ сының ардагері. Түркістан қаласының құрметті азаматы. Тақырыптың жалғасы 3-4-5-беттерде.

Біз тұрғын үй құрылысы бағдар­ ла­м асын жүзеге асырып жатырмыз. Бүгінде Қазақстанда жыл сайын шама­ мен алты миллион шаршы метр тұрғын алаңдар іске қосылады. Бұл өте атап көрсетерліктей цифрлар. Оның үстіне, ХХІ ғасырда әлем бұрынғыдан бетер күр­деленуде. Онда не болып жатқанын өздеріңіз қараңыздар! Көптеген елдердің экономика мен мәдениетке мұршалары да жетпей жатыр! Өйткені, онда ең бастысы – Бейбітшілік, Келісім мен Қауіпсіздік жоқ! БҰҰ-ның бағалауынша, әлемде 100 миллионнан астам үйсіздер бар. 12 мил­ лион бала баспанасыз өмір сүруде. 1,5 миллион адам электр қуаты, су құбыры мен канализациясы жоқ лашықтарда өмір сүруде. Ал бізде соңғы жылдары жүздеген мың отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Осының бәрі біздің тек өз азаматтарымыздың әлауқаты туралы ғана ойлап, дұрыс бағыт таңдағанымыздың және бәрін дұрыс жа­ сап жатқандығымыздың ең бір сенімді дәлелі. Біз бұл жұмыстарды жалғастыра беретін боламыз. Біздің табысты алға басу формуламыз әр отбасының әл-ауқаты – ол бүкіл Қазақстанның өркендеуі мен та­ бысы деп аталатын қарапайым ақиқатқа негізделген. (Соңы 2-бетте).

Тағайындау Мемлекет басшысының Өкімімен Олег Алек­ сандрович Смоляков Қазақстан Республикасы Ұлт­ тық банкі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Татарстан Президентімен кездесті

Кеше Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жо­март Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Мейманмен кездесуде Сенат Төрағасы Р.Минни­ хановқа Татарстанның Ас­танадағы күндерінің табысты өтуіне тілектестігін білдірді. Қ.Тоқаев Ресей Федерациясының алдыңғы қатар­дағы әрі экономикалық дамыған субъекті­лерінің бірі болып табылатын Татарстанмен қарқынды және көптарапты ынтымақтастықты дамытуға Қазақстанның мүдделі екенін атап өтті. Жүздесушілер қазақ пен татар халықтарының байла­ ныстарын нығайту көптеген жағдайларда олардың ортақ тарихи-мәдени мұралары мен рухани құндылықтарының тамырластығымен айқындалатынын айтты. Татарстан Президенті Сенат Төрағасын Қа­зан­ға келіпқайтуға шақырды. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ ту­ралы шартты ратификациялау Қазақстан мен Татар­стан­ның сыртқы экономикалық байланыс­тарын ықпалдастыру үшін күшті серпін беретінін атап көрсетті.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.