20102015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Болашаєы біртўтас ел Мыѕнан бір мїмкіндік №200 (28678) 20 ҚАЗАН СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

4-бет

5-бет Єасыр проблемасына айналуы мїмкін мəселе 6-бет Бір мезетте 3 000 алма жеген 10-бет

Нўрсўлтан НАЗАРБАЕВ:

Сыр елі меніѕ ўдайы назарымда Түбі бір түркінің киесі, шанағынан күй саулаған қара қобыздың иесі Қорқыт ата жеріне, даласын дəн, халқын əн тербеген қасиетті Сыр еліне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы сапармен келді.

Елбасы ПремьерМинистрді ќабылдады

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жылдары Қызылорда облысы қарқынды құрылыс алаңына айналды. Өңірде əлеуметтік нысандардан бөлек, тұрғын үйлер де көптеп салынып жатыр. Қызылорда облысында биыл құрылыс көлемі 3,5 есеге өсті. Оның ішінде Қызылорда қаласында аталған көрсеткіш 8 есеге артты. Өткен жылы Қызылорда қала сында 364 пəтер салынса, биыл 2406 пəтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Қызылорда облысы əлеуметтік салаға қаржы бөлуден республикада көш бастап тұр. Биылғы жылдың өзінде 19 мектеп, 4 балабақша бой көтерді. 1 қыркүйек күні 11 білім ошағы пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 20 мектептің құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Ең атап айтарлығы, осы жылы жетім балаларға қамқорлық жасау мақсатында балалар ауылы пайдалануға берілді. «Атамекен» деп аталатын ауылда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға барлық жағдай жасалған. Денсаулық сақтау саласы бойынша 6 нысанның құрылысы жүргізілуде. Мəдениет саласы да құралақан емес. Облыс шеңберінде 7 ауылдық клуб, кітапхана жəне мұражайдың құрылысы басталып, барлығы биыл пайдалануға берілмек. Мұның сыртында Ы.Алтынсарин атындағы кинотеатрды «Достық үйіне» бейімдеп, қайта жаңғырту жұмыстары жасалып жатыр. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында күллі түркі халқының абызы Қорқыт ата ескерткіші жаңғыртылып, зиярат ету орталығының құрылысы аяқталды. Заманауи кешен 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесінің қонақтарын қабылдауға əзір. Спорт саласына келсек, жуырда ғана ипподромның құрылысы аяқ талып, ел игілігіне берілді. Облыстың жаңа келбетін қалыптастыратын өндіріс орындарын салуда да қарқын бар. Атап айтар болсақ, шыны зауытының құрылысына тиісті 33 миллиард теңге бөлініп, жобаның барлық

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кəрім Мəсімовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

мəселесі толығымен шешілді. Елбасы «Арай» шағын ауданында салынып, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Осы жерде қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев құрылыс саласындағы қарқынды тірліктерді баяндады.

– Дəл қазір Қызылорда қаласында 52 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Қала бойынша бүгінде 16 мыңнан астам азамат пəтер кезегінде тұр. Қолға алған жобалардың аясында осы тұрғындардың 17 пайызы жаңа

● Президент поштасынан

Мемлекет басшысы бастамаларына белсене ќатысады

Президенттің баспасөз қызметі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қызылорда облысының аграрлық сала өкілдерінен хат келгенін хабарлады.

Авторлар өз хатында агробизнеске жасалған қолдау шараларының арқасында елдің агроөнеркəсіп кешені қарқынды дамып келе жатқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтқан. Осындай қолдау нəтижесінде күріш өндірісінің көлемі мен мал басы айтарлықтай өскен. Сондай-ақ, соңғы екі жылда ауыл шаруашылығы секторына салынған инвестиция көлемі 7,7 есеге ұлғайған. Аграрлықтар күріш ору нау қаны таяуда аяқталғанын, оның барысында 84 мың гектар алқаптың əр гектарынан 50,5 центнерден өнім алынғанын атап өткен. «Ел қамбасына 423 мың тонна күріш құйылды. Тəуелсіздік тарихындағы осы рекордтық көрсеткішке соңғы үш жыл бойы қол жеткізіліп келеді», – делінген хатта. Соңында авторлар Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру ісіне белсене қатысуға жəне елді одан əрі дамыту үшін бар күш-жігерлерін жұмылдыруға əзір екенін айтқан.

тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады. Жыл басынан бері 420 пəтерді құрайтын 8 тұрғын үйді пайдалануға бердік. Ал бүгін өзіңіздің қатысуыңызбен салтанатты түрде «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі салған 10 тұрғын үйді табыстағалы отыр-

мыз,– деді қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев. – Бүгінде тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл əлемде қар жы лық жағдай қиын болып тұр. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында мемлекет тұрғын

үй құрылысына кең көлемде қаржы бөліп келді. Бірақ алдағы уақытта жағдай басқаша дамуы керек. Мұндай құрылыстарды əлеуетті инвесторларға беріп, тұрғын үй құрылысын солар арқылы жүргізуді қолға алу қажет,– деді Елбасы.

«Бейнеу–Бозой–Шымкент» газ магистралі Қызылорда облысын көлденеңнен қиып өтіп жатыр. Соның арқасында биыл ау дан орталықтарына газ жетті. Атап айтқанда, осыған дейін Жаңақорған жəне Шиелі

Кїн тəртібі белгіленді 22 қазанда болатын Сенаттың отырысында он үш заң жобасын қарау жоспарланды. Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жəне палата бюросының мүшелері қабылдаған қаулыға сəйкес, осындай шешім қабылданды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Депутаттар қарауына ШЫҰ аясындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы үкіметаралық келісімді жəне Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының үлгілерін беру тəртібі туралы келісімді ратификациялау жобасы шығарылады.

Депутаттар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Қайырымдылық туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» жəне заңна маға мемлекеттік қызмет мəселелері бойынша түзетулерді қарады.

аудандарының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көруде. Енді бірер күнде тағы екі аудан отын мен көмірден арылып, газдың пайдасын көреді. Жалпы, 2017 жылға дейін аймақтағы барлық ауылдарға газ жеткізу жоспарланған. Мемлекет басшысы бұған дейін аймақтарға шетелдік инвесторларды көптеп тартуды тапсырған болатын. Елбасы тапсырмасын тұңғыш орындаған Қызылорда облысы десек, артық айтқандық емес. Мысалы, Еуропа Қайта құру жəне даму банкі Қызылорда облысында 9 жобаны қолға алып, оған 100 миллиард теңгенің көлемінде инвестиция салуға келісімін берді. Мұның сыртында Азия даму банкімен де келісімдер жасалды. Осының өзінде Азия даму банкі Сырдарияның сол жағалауынан салынатын жаңа қаланың инфрақұрылымын қаржыландыруды мақұлдап отыр. Ол үшін 172 миллиард теңге қаржы салуға дайын екендерін жеткізген. Жалпы, Сырдарияның сол жағалауы игерілсе, онда Қызылорда қаласының көркіне көрік қосылайын деп тұр. Қазірдің өзінде дарияның екі бетін жалғайтын көпірдің құрылысы жүріп жатыр. (Соңы 2-бетте).

Одан басқа, заңнамаға Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды бірінші оқылымда талқылау жоспарланды. Сондай-ақ, жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау, оңалту жəне банкроттық, бюджет заңнамасын жетiлдiру, қайырымдылық, ақпаратқа қол жеткізу мəселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда қаралады. Бюрода, сондай-ақ, таяуда Мəжілістен түскен төрт заң жобасы Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлінді.

Кездесу барысында К.Мəсімов Мемлекет басшысына елдің əлеуметтік-экономикалық дамуы жəне негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады. Елбасы бүгінде республика экономикасы күрделі режімде жұмыс істеп жатқанына назар аударды. – Энергия тасымалдаушы өнімдер бағасының төмендеуі себепті ел бюджетіне түсетін кі ріс тер 40 пайызға қысқарды. Сонымен қатар, өзге экспорттық тауарлардың негізгі түрлерінің, соның ішінде қара жəне түсті метал дардың, көмірдің бағасы төмендеді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы аздаған өсімді қамтамасыз етіп отыр, ал өнеркəсіптік кəсіпорындар, соның ішінде машина жасау саласындағы кəсіпорындар өндірісті азайтты, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы əлемдік нарықтағы күрделі ахуалға қатысты тұжырымдар Қытайда, АҚШ-та өткен, сондай-ақ, Ресей басшылығымен болған келіссөздердің негізінде жасалып отырғанына назар аударды. – Əлемдегі, соның ішінде Еуропа мен Шығыс Азиядағы экономиканың ахуалын ескере отырып, жағдайдың жуық арада жақсаруын болжау мүмкін емес. Халқымыз қалыптасқан жағдайды білуі тиіс, кəсіпорындарымыздың кірісі азайып, табыстың төмендеуі жəне жұмыс орындарының қысқаруы ықтимал. 2007-2009 жылдардағыдан да күшті, нағыз дағдарыс дендеп келеді. Осыған байланысты Үкіметке талдау

жасауды, дағдарысқа қарсы жұмыстардың жоспарын əзірлеуді, қажетті шараларды белгілеп, оны халыққа жеткізуді тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті мемлекет азаматтардың əлеуметтік көңіл-күйінің төмендеуіне жол бермейтінін тағы да қадап айтты. – «Нұрлы Жол» бағдарламасы еңбекпен қамту бағдарламасын толықтыруға, кəсіптік-техникалық білім арқылы жаңа мамандық алу мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды. Осылайша жұрт қажет болған жағдайда өз кəсіпорнында жаңа мамандық ала алатын болады. Сонымен қатар, бізде халықтың əлеуметтік əлсіз топтарын қолдау бағдарламасы дайын болуы тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы өнеркəсіптік кəсіпорындардың көрсеткішін арттырудың, салынып қойған нысандардың қуатын пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. – Кəсіпорындар мемлекет қаражатпен қамтамасыз етеді деп күтпеуі тиіс. Олай болмайды, Ұлттық қордың ақшасын жаңа нысандар құрылысына, сондай-ақ, нашар жұмыс істейтін кəсіпорындарды қолдауға, субсидиялауға пайдалануға тыйым саламын. Бұл жағдайда қандай өндіріс тиімді, қайсысы тиімсіз жұмыс істейтіні бірден көрінеді. Сондайақ, біз барынша тиімді менеджмент тарту үшін жекешелендіру жүргіземіз, – деді Қазақстан Президенті. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

 Мемлекет мақтанышы

34-ші айќас. 34-ші жеѕіс! Бұрнағы күні таңертең кəсіпқой бокста ел намысын абыроймен қорғап жүрген отандасымыз Геннадий Головкин АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында кезекті жекпе-жегін өткізді. Атақты Madisson Square Garden аренасында болған айқаста ол канадалық Давид Лемьемен кездесіп, 8-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша жерлесіміз орта салмақта WBA (Super), IBO жəне WBC (Interim) тұжырымдары бойынша чемпиондық атағын қорғап қалды. Сондай-ақ, Лемьеге тиесілі болған IBF тұжырымының чемпиондық белдігін иемденіп, төрт нұсқада да əлем чемпионы атанды.

Ассамблеяныѕ алдында зор міндеттер тўр Өткен сенбіде Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Оның жұмысына Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова, Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев жəне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов қатысты. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Отырыс жұмысын Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов ашып, жүргізіп отырды.

Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен белгіленген Ассамблея жылы тарихи маңызды белестерге толы жыл болды. Қазақстандық біртектілігімізді іске асыруға бағытталған ауқымды істер атқарылды. Олар еліміздің барша түкпірлері ғана емес, шетелдерді

де қамтыды, дей келіп, одан əрі ол бүгінгі кеңесте осы атаулы жылдың қорытындылары қаралатынын айтты жəне кеңейтілген отырысқа қатысып отырған шетелдік қонақтарды таныстырды. Олардың арасында Ресей халықтары Ассамблеясы Кеңесінің төрайымы Светлана Смирнова мен Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты, əйгілі əнші Иосиф Кобзон, «Еуропадағы мəдениет арқылы – бейбітшілікке» халықаралық қауымдастығының президенті Вильгельм Аугустат бар еді. (Соңы 3-бетте).

Еламан ҚОҢЫР,

«Егемен Қазақстан».

Жекпе-жек Головкиннің белсен ділігімен басталды. Бірінші раунд болғанына қарамастан, ол бірнеше соққысын діттеген жеріне

дөп тигізіп, ашық ұрысқа дайын екенін аңғартты. Өз кезегінде Лемье де қарсыласының тактикасын əбден зерттегенін байқатып, ұрымтал сəттерді мүлт жібермеуге тырысты. (Соңы 7-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.