Бүгінгі нөмірде:
№257 (28196) 20 ҚАРАША СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Өңір өмірі
677 техника ќар тазалауєа əзір Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
«Қыс – қатал сыншы» деп халқымыз бекерге айтпаса керек. 2012 жылдың соңы мен биылғы қаңтар-ақпанда Кенді Алтайдың күре жолдары қалың қар мен ақтүтек боранның салдарынан 78 күн бойы жабық болып, жолаушылардың жол азабын тартқанын қалай ұмытайық. Тіпті техникаға бой бермей, тазаланған қардың күре жолды айналасы бес, он минутта басып қалғанына куə болдық. Үстіміздегі жылдың ақпанында Зайсан ауданына сапарға шыққан біздер Қалбатаудан аса алмай, барарда жəне қайтарда екі күн бойы жолда түнеп, ақыры Шар арқылы поезбен жеткеніміз есте қалыпты. Ал биыл қалай болмақ? Сенбі күні Өскемендегі Республика алаңында 2013-2014 жылғы қыс маусымында қар тазалайтын техникалардың əзірлігі жайында тексеріс болып, өңір басшысы Б.Сапарбаев арнайы мекеме, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке қарасты бөлімдердің, облыстық жолаушылар тасымалдау жəне автомобиль жолдары басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұржан Жұмаділовтің есебін тыңдады. Қаз-қатар тұрған жүзден астам қуатты техникалар көздің жауын алады. Тіпті, ауа райы күрт бұзылып, қар астында қалып қойған жағдайда адамдарды іздейтін иттер де сапта тұр. – Биыл қар тазалайтын 677 техника толық дайын. Оның 30ын жаңадан сатып алдық. Аса қауіпті жерлерге қар тоқтататын қорғаныштар қойылып, жол белгілері мен жылынатын баспаналар əзірленді. Жанармай қоры жеткілікті. Жолдар жиі жабылып қалатын жерлерде ескерту белгілері қойылды, егер боран тоқтамайтын болса кешкі 17.00де жолдарды жауып, таңертең
тазаланып болғанша көліктерді тоқтатып қоятын болдық, – деп Нұржан Жұмаділов хабардар етті. – Өткен жылы жолда қалып қойған жолаушыларды құтқарып қалғандарыңызды білемін. Облыстық əкімдік жанармайға, бірнеше техника сатып алуға қаржы бөлді. Əсіресе, мынадай қарды лақтыратын шнегі бар техникалар ауадай қажет. Биыл қар қалың жауып, қыс қатты болады дегенді айтып жатыр ауа райын зерттеуші мамандар. Демек, қатал қысқа əзір болуымыз керек, – деп өңір басшысы Бердібек Мəшбекұлы ескерту жасады. Жалпы алғанда облыстағы мекемелердің қысқа əзірлігіне облыс əкімі ризашылығын білдірді. Өткен жылы қатты аязда жолда қалып, адамдарды үсік шалу оқиғасы орын алған жоқ.
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 3 Дəліз жолын реконструкциялау жобасы [«Шымкент – Ташкент» жол учаскесі] [«Батыс Еуропа – Батыс Қытай Халық Республикасы» халықаралық транзит дəлізіне кіреберіс]) ратификациялау туралы
2013 жылғы 28 мамырда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 3 Дəліз жолын реконструкциялау жобасы [«Шымкент – Ташкент» жол учаскесі] [«Батыс Еуропа – Батыс Қытай Халық Республикасы» халықаралық транзит дəлізіне кіреберіс]) ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 15 қараша. №139-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Заңы
2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік əкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тəртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2012 жылғы 24 тамызда Мəскеуде жасалған 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік əкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тəртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 18 қараша. №140-V ҚРЗ
Чех парламентшілері – Сенатта
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Чех Республикасы Сенаты Төрағасының орынбасары, палатаның бұрынғы төрағасы Пршемысл Соботка бастаған чехиялық парламентшілер делегациясымен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Чех делегациясы парламентаралық байланыстарды ілгерілету, заң шығару қызметі бойынша тəжірибе алмасу, сондай-ақ өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы жəне көлік салаларында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Қазақстанға сапармен келген болатын. Кездесу барысын да Қазақ стан мен Чехияның өзара
тиімді іс-қимылының ауқымды мəселелері бойынша пікір алмасылды. Қ.Тоқаев екіжақты түрде де, Еуропалық Одақпен стратегиялық əріптестік аясында да Чехиямен ынтымақтастықты дамыту Қазақ стан үшін маңызды екенін атап өтті. (Соңы 2-бетте).
Дастан КЕНЖАЛИН,
Їкімет жер телімдерін игеру мен «Аќ бўлаќ» баєдарламасыныѕ орындалу барысын ќарады Премьер-Министр Серік Ахметов төрағалық еткен Үкіметтің кешегі селекторлық режімдегі отырысында өзекті екі мəселе – пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару шарасы мен «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды. бұл жұмыс одан əрі өрістеді. Жүргізілген тексерулердің нəтижесінде пайдаланылмай жатқан жер учаскелерінің иелері анықталып, əкімшілік жазаға тартылды. Жалпы сомасы 4 170,8 мың теңгенің айыппұлы салынды», деді министр. Сонымен, 2013 жылы қосымша түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нəтижесінде 8,8 мың пайдаланылмаған жер телімдері анықталған. Жоспар бойынша барлық жұмыс кешенін толық аяқтауға 53 əкімшілік аудан мен 6 қала жəне 80
«Егемен Қазақстан».
ауылдық округ қамтылған. Жыл соңына дейін түгендеу шарасы қорытындыланып, заңмен белгіленген тəртіпте тиісті шаралар келесі жылы қабылданбақ. Тапсырмасын лайықты орындамағаны үшін жер инспекцияларының лауазымды тұлғалары тəртіптік жауапкершілікке тартылған. Министрдің айтып өткеніндей, жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер телімдерін түгендеу жұмыстары жалғасып жатыр. Мұнда жер телімдерін пайдаланбағаны үшін 1235 жеке тұлға жалпы сомасы 81,6 млн. теңге айыппұл төлеген. Қазіргі таңда жерді тиімді пайдалануға қатысты кешенді жоспар дайындалуда. Сондайақ, салаға қатысты заңға түзетулер мен толықтырулар енгізілетін көрінеді. Онда міндетті түрде, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекеттің жер қорына қайтару қағидалары нақты көрсетілмек. (Соңы 2-бетте).
Бүгін Астанада Қазақстан судьяларының VІ съезі ашылады
Сот жїйесі мен судьялар мəртебесін жетілдіре тїскен жґн
Қазақстан тəуелсіздік алғаннан бері 5 рет судьялар съезін өткізді. Əрбір өткізілген съездердің тарихи орны, маңызы ерекше. Енді ел судьяларының VI съезі өтетін мезгіл де келіп жетті. Елімізде сот жүйесінің жандануына судьялар съездерінің ықпалы ерекше. Əр съездің сот жүйесінің дамуына, азаматтардың сот əділдігіне деген сенімін арттыратынына үлес қосатынына күмəн жоқ. Əрбір съезде көптеген маңызды мəселелер қаралып, өз түйінін заңдылық тұрғыда шешіп келеді. Елімізде халықтың сотқа деген сенімі жылма-жыл артып келеді. Оның айғағы азаматтардың өздерінің заңды құқықтары мен бостандықтарын қорғап сотқа шағым беру санының көбеюі, осыған орай республика бойынша сот əділдігін жүзеге асыратын
құрайтын 2730 шағын несие берілген. Сонымен қатар, А.Мырзахметов өңірде тоқыма фабрикаларының жұмыс істеуі мəселелерінің шешілгені туралы баяндайды. Мысалы, «Oxy Textile» ЖШС мен мақта өңдеу зауыты «Sarmat trading» ЖШС арасында жыл бойы толық жұмыс істеу үшін жеткілікті 6000 тонна мақта талшығын өңдеу жөнінде келісім жасалған. Бүгінде зауытты іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, индустрияландыру картасына енбеген «Меланж» тоқыма фабрикасы биылғы қыркүйек айынан бастап жұмыс істей бастады. Ұлттық компаниялармен жылына құны 50 млн. долларға тауар сатып алатын ұзақ мерзімді (5 жыл) келісімдер жасалған. Оңтүстік Қазақстан облысы əкімі тоқыма фабрикаларын шикізатпен тұрақты қамтамасыз ететін бірыңғай жүйе қалыптастыру үшін мемлекеттік тұрақтандыру қорын құру жөнінде Үкіметке ұсыныс енгізіліп, бұл бағытта жұмыстар жүргізілгенін мəлім етеді. А.Мырзахметов есебінің соңында кеңейтілген отырыс барысында алға қойылған басқа да міндеттер бойынша облыста арнайы іс-шаралар жоспары қабылданып, соған сəйкес тиісті жұмыстар атқарылып жатқаны туралы хабарлаған.
Кеше «Қазмедиа орталығында» Қазақстанның Орталық коммуникациялық қызметінің ұйымдастыруымен елімізде жүргізіліп жатқан əкімшілік реформаларға байланысты брифинг өтті.
Барды ўќсатудыѕ басты мəселелері
Бірінші мəселе бойынша Өңірлік даму министрі Болат Жəмішев баяндама жасады. «Елімізде түгендеуге жатқызылған 90,0 млн. гектар ауыл шаруашылығы алқаптарының 30,6 млн. гектарына түгендеу шарасы жүргізілді. Былтыр 7004 шаруашылық субъектілерінде 3100,6 мың гектар пайдаланылмаған жер анықталып, оның 400 мың гектары егістік екені нақтыланса, биыл
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Абылай Мырзахметовтен хат келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік ќызметші: ел сенімін аќтау парыз
Суреттерде: Республика алаңында техникаларымен сапқа тұрған маманданған қызмет өкілдері қыс қиындығына əзір. Суреттерді түсірген автор.
«Егемен Қазақстан».
Атап айтар істер бар
Президент тапсырмасы қалай орындалуда?
Шығыс Қазақстан облысы. --------------------------------
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
Президент поштасынан
Өз есебінде А.Мырзахметов Үкіметтің 2013 жылғы 11 қазандағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысынан хабардар еткен. Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі кəсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жалпы құны 90 млн. теңге көлемінде грант жəне шағын несие бөлу қарастырылғанын мəлімдейді. Жыл басынан бері 17 кəсіпкер 71 млн. теңге көлемінде грант алып, қазірдің өзінде өз жобаларын жүзеге асыруда, ал тағы 5 грант бойынша байқау комиссиясының шешімі шығарылып, тиісті құжаттар əзірленуде. Кестеге сəйкес, қаражат жыл соңына дейін толығымен игерілетін болады. Бұған қоса, Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында құны 12 млн. теңге болатын 6 грант бөлініпті. Облыс əкімінің есебі бойынша, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жыл басынан бері құны 2,5 млрд. теңге болатын 1076 шағын несие берілген. Бұдан бөлек, «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы құны 2,4 млрд. теңге болатын 1654 шағын несие қосымша бөлініпті. Осылайша, бүгінде облыста жалпы құны 4,9 млрд. теңгені
Тікұшақпен жүздеген көлік иелері тиісті жеріне жеткізілді. Алайда, сақтанбаса болмайды. «Жолға шыққанда жылы киім, пима алып, арнайы ыдыстарға жанармай құйып алған жөн» деп тиісті мекеме басшылары кеңес береді. Тіпті, қарапайым ғана майшам көліктің жанармайы таусылғанда бірнеше сағат бойы жылу ұстап тұрады екен. Иə, «жолаушы мұраты жету» деген. Бірақ қауіпсіздік шараларын сақтағанда ғана адам өмірін сақтап қалатынымызды ұмытпағанымыз жөн.
Айбынымыз – бірлік, айдынымыз – тірлік 2-бет Ақталуды қойып, жұмыс істеу керек 3-бет «Әншілік тағдырыма ризамын» 5-бет Аманатқа адалдық 6-бет
судьялар штатының жылмажыл ұлғая түсуі болып отыр. Республикамыздың азаматтары соттарды өздерінің заңсыз бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіретін, əділетті қорғаушы мемлекеттік орган өкілі деп санайды. Кейбір реттерде
баспасөз беттерінде жарық көрген жарияланымдарда соттар халық алдында əлі беделге толық ие бола алмай отыр деген жаңсақ пікірлер көрініс береді. Бұл олай емес. Қазақстан Республикасының Сот жүйесін дамыту тұжырымдамасында да елімізде жүзеге асырылған сот жүйесінің даму кезеңдері, қазіргі сот жүйесінің жайкүйі, сот құрылысын одан əрі жетілдіру қажеттілігі, сотта іс жүргізу, олардың қызметін үйлестіру, ұйымдастыру, заңдарды түсіндірудегі Жоғарғы Соттың атқаратын қызметі мен маңызы туралы мəселелермен қатар, болашақта осы салада іске асырылуы қажет проблемаларға да ерекше мəн берілген. (Соңы 4-бетте).
Оған Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Ғабидолла Əбдірахимов пен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Əлихан Байменов қатысып, «Əкімшілік реформалар жəне жергілікті өзін өзі басқару реформасы – 2013. Алдын ала қорытындылар» атты тақырыпта баяндама жасады. Брифингте осы мəселе бойынша алдымен Ғ.Əбдірахимов сөз алып, биылғы əкімшілік реформалардың жұмысына өз
бағасын берді. Онда ол биыл Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен əкімшілік реформаларды сапалы жəне тиісті деңгейде жүргізу мақсатында көптеген іс-шаралардың атқарылғанын, соның ішіндегі ең маңыздысы «А» корпусына мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу мен ауыл əкімдерін сайлаудың болғанын атап өтті. Сонымен бірге, ол жергілікті басқару органдарын жетілдіру мақсатында істелген жұмыстардың маңыздылығын да атады. (Соңы 3-бетте).
АҚПАРАТТАР аєыны Астананың айналасындағы елді мекендер көрікті болуға тиіс. Үкімет басшысы Серік Ахметов кеше бұл талаптың 30 шақырымдық аумақ белдеуіндегі ауылдардың проблемаларымен қатар, оларға үлкен мүмкіндіктер əлеуетін беретінін мəлімдеді. Биыл «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 216 ауыл сумен қамтамасыз етіледі. Осы бағытта жерасты суларын іздестіру-барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал келер жылғы осындай жұмыстар үшін 9,2 млрд. теңге бөлінген. Шығыс Қазақстанда Тұңғыш Президент күніне арналған тақырыптық онкүндік басталды. Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев бастамашы болып отырған онкүндік аясында 600-ге жуық іс-шара атқарылады. Бүгін Шемонаиха қаласында қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Бір Отан, бір тіл – бір ел» форумы өтеді. Маңғыстау облысында жыл соңына дейін екі өндіріс орнының жобасы аяқталады. Облыс əкімі Алик Айдарбаев «Каспий битум» жəне «Каспий цемент» зауыттары деп аталатын бұл құрылымдардың 600 тұрақты жұмыс орнын тауып беретінін жеткізді. Атырауда жерасты қазына сын ашқан ғалым Билал
Хахаевтың 80 жылдығы аталып өтті. Республикада қызмет еткен жылдарында мұнай-газ, геология, барлау, өндіру салаларына қатысты бірнеше кəсіпорынды біріктіріп, қуатты ұжымға айналдырған тұлғаны облыс əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қабылдап, лайықты құрмет көрсетті. Той салтанаты Құрманғазы атындағы мəдениет сарайында жалғасты. Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма ауылында 10 жас маманға жаңа пəтер кілттері табыс етілді. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша жүзеге асқан шараның соңында қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев бұл елді мекенде биыл бюджет есебінен мұнда 735 метр жолдың орташа жөндеуден өткенін де мəлімдеді. Ақмола облысында ауылды таңдаған əрбір жасқа жағдай жасалады. Кеше Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде оқу орнын алдағы жылы бітіретін студенттермен кездескен облыс əкімі Қосман Айтмұхаметов осыны айтты. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Nur.kz, Bnews. kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.