АҚПАРАТТАР аєыны №227 (28450) 20 ҚАРАША БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Сумен ќамту – аса ґзекті мəселе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы Ислам Əбішевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. И.Əбішев Мемлекет басшысына су шаруашылығын дамытудың негізгі мəселелері мен республиканың су қорын тиімді пайдалану жəне қорғау жұмыстары жөнінде баяндады. Қазақстан Президенті елімізде сумен қамтамасыз ету мəселесі аса өзекті екенін атап өтті. – Елімізде жалпы су тапшылығы мəселесі бар. Жаңа бөгеттер құрылысын салу қажеттілігін анықтап, жерасты суларын пайдалану, жайылымдарды суландыру жөнінде зерттеулер жүргізу керек, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев елімізде су шаруашылығын дамыту үшін үлкен жұмыстар атқарылып жатқанына тоқталды. – Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жөнінде ауқымды шаралар қабылдануда. Мемлекеттен бөлінген қомақты қаражаттың
арқасында Аралдың солтүстік бөлігі Арал қаласына жақындады. Осының бəрі жергілікті халықтың тұрмысын жақсартуға оң ықпалын тигізді, балық аулауға, жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Қызылорда облысының су ресурстарына деген зəрулігін өтеу үшін Көксарай су қоймасы салынды. Ол өңірді жылдағы су басу қаупінен құтқарды. Мақтаарал ауданындағы гидромелиорация жұмыстарына да едəуір қаражат жұмсалды, – деді Қазақстан Президенті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы пайдаланылмаған суармалы жерлерді айналымға енгізу, көрші елдермен трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану тұрғысынан өзара іс-қимыл жасау мəселелеріне де айрықша назар аударды. И.Əбішев сумен қамтамасыз ету мəселелерінің біртіндеп шешілуін ауыл тұрғындары оң
«Аќылды» Астананыѕ алар асуы алда Астана таяуда əлемнің елу ақылды қаласының қатарына қосылуы тиіс. Бұл туралы кеше елордада өткен «Smart Astana 2014» IV конференциясында айтылды. Айтулы шараға еліміздің Премьер-Министрі Кəрім Мəсімов қатысты. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
«Жалпы, əлемде қалалардың даму мəселесі қазіргі уақытта басты назарда болып тұр. Таяуда мынадай бір дерек оқыдым. ХІХ ғасыр бұл – империя ғасыры болды. Ол кезеңде империя бүкіл ғаламшардың даму болашағын айқындады. ХХ ғасыр – бұл ұлттық мемлекет ғасыры. Ол уақытта ұлттық мемлекеттің дамуы маңызды еді. Ал ХХІ ғасыр – бұл қалалар дəуірі», деді Үкімет басшысы конференцияның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде. Премьер-Министрдің атап өтуінше, қазіргі уақытта əлем қалалары бір-бірімен тартысқа түсуде. Олар бір-бірімен капитал, халық тартуда бəсекелес болып отыр. Сондай-ақ, Үкімет басшысы одан əрі Мемлекет басшысының өте қиын кезеңде оңтүстік қала Алматыдан елорданы еліміздің орталығы Ақмола қаласына көшіру туралы шешім қабылдағанын, бұл қаланың алғашқы мэрі қыз метіне Əділбек Жақсыбеков тағайындалғанын, таяуда ғана Елбасы оны тағы да осы қаланың əкімі қызметіне тағайындау туралы шешім қабылдағанын еске салды. «Қалалар жаңа білімдерді, технологияларды қалыптастыратын өсім нүктелері, ғылым, мəдениет, инновацияларды дамытуға арналған орта болып табылады
жəне сайып келгенде, мемлекеттердің экономикалық өсімін ынталандырады», деді Үкімет басшысы. «Əлемнің дамыған 30 елінің біріне айналу үшін алға ұмтыла отырып, елордамыздың дамуына назар аудармау мүмкін емес, ол біздің мемлекеттілігіміздің нышаны болып табылады жəне Қазақстанның барлық қалалары үшін үлгі болуы тиіс», деп баса айтты К.Мəсімов. Премьер-Министрдің пікірінше, қазір Астанада өз дамуында келесі қадам жасауға жəне Президент тапсырмасын – өмір сүру сапасын, капитал тарту, ақпараттық технологияларды дамыту бойынша əлемнің ең үздік қалаларының біріне айналуын орындауға бірегей мүмкіндік бар. Сонымен қатар, ол өз сөзінде қазіргі уақытта Астананың өз дамуындағы келесі маңызды қадамға ілгерілеуіне нақты мүм кіндігі туып отырғанын баса айтты. Премьер-Министрдің құттықтауынан кейін сөз кезегін қала əкімі Əділбек Жақсыбеков жалғастырды. «Мемлекет басшысы Астана қаласын барлық əлемдік стандартқа жауап беретін «ақылды қала» ретінде салып, жетілдіруді тапсырды. Торонто қаласының рейтингте бірінші екендігі айтылды, ал Астана 21-ші орында. (Соңы 6-бетте).
Ќайта кїшіне енді Жезќазєан мыс ќорыту зауыты жґндеуден кейін жўмысќа кірісті Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Қаладағы ғана емес, облыстағы осы ірі кəсіпорынның тынысы кеңейіп, тыңнан серпілуі өндірісті өңірдегі тың өзгерістердегі елеулі оқиғаға айналды. Жүйе құраушы өндіріс ретінде аймақтың экономикалық-əлеуметтік саласында өзіндік орны бөлек байырғы зауыттың күш-қуаты күшейіп, жұмыс ауқымы артуы Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы
жазда Жезқазғанда жұмыс сапарымен болғанда кəсіпорынның жобаланған межеде іске қосылуы жөнінде берген тапсырмасы бойынша жаңғырту мен жөндеу жұмыстары одан сайын қызу жалғастырылып, жедел қалпына келтірілген болатын. Өткен жылы түбегейлі қайта жаңғырту мақсатында жұ мы сы тоқтатылғанда мұның уақыт ша шара екеніне сенбей, алаң даушылық та болмай қалмаған еді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 19 қараша. № 962
Хроника
бағалап отырғанын айтты. Ол, сондай-ақ, қазіргі кезде Су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сəйкес, елдің барлық су көздерін түгендеу жүріп жатқанын атап өтті.
7-бет
8-бет
Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Махаббат Сансызбайқызы Бекбосынова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы қызметінен; Андрей Иванович Лукин Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. *** Мемлекет басшысының Өкімімен Азамат Құрманбекұлы Əбдімомынов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды.
Бюджет баєыты – ел экономикасын ынталандыру Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында депутаттар 20152017 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқыға салды. Жəне де кəсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мен жер қойнауын пайдалану мəселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістерді көздейтін заң жобаларын қарады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Алдымен депутаттар «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015-2017 жылдарға арналған кепілдендірілген транс ферт туралы» заң жобасын мақұлдады. Одан белгілі болғандай, 2015-2017 жылдарда Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт
жыл сайын 1 702 мил лиард теңге көлемінде айқын далған. Бұдан кейін «2015-2017 жылдарға арналған респуб ликалық бюджет туралы» заң жобасы бойынша Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жəне Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов баяндама жасады. Заң жобасы еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық
Сыбайлас жемќорлыќќа ќарсы кїрес – мемлекеттік саясаттыѕ басты баєыттарыныѕ бірі Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықованың төрайымдық етуімен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мəселелері жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Бұл – комиссияның үстіміздегі жылғы қорытынды отырысы. Оны ашардағы кіріспе сөзінде Мемлекеттік хатшы Г.Əбдіқалықова сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екендігін атап өтті. Бұл бағытта көптеген нақты шаралар жүзеге асырылып жатыр. «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған
Оймақтай ой Елдің серті – ердің серті. Жамбыл ЖАБАЕВ.
(Соңы 6-бетте).
Əлемдегі еѕ кїшті адам
Н.Б.Ермекбаевты Ќазаќстан Республикасы Президентініѕ кґмекшісі – Ќауіпсіздік Кеѕесініѕ хатшысы ќызметіне таєайындау туралы Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Корей Халық-Демократиялық Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылсын.
Бїгінгі нґмірде: Ўлт ўраншысы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
«Ауыл кґшіріледі» деу – асыєыстыќ 9-бет
жаңа бағдарлама қабылданды. Елбасының тапсырмасы бойынша таяу мерзімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа стратегиясы қабылданады. Бұл күрестің ықпалын арттыру мақсатында бұрынғы агенттік тамыз айында Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып қайта құрылды. Сондай-ақ, республикалық комиссия жұмысын жандандыру бойынша да бірқатар іс-шаралар қолға алынды, деді Мемлекеттік хатшы. (Соңы 6-бетте).
даму жоспарында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге сəйкес түзілетін Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған əлеуметтікэкономикалық база лық даму сценарийі негізінде Бюд жет кодексіне жəне Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында берген тапсырмаларына сəйкес əзірленген. 2015-2019 жылдарға мұнайдың 1 баррелінің құны 90 доллар деп, ал ІЖӨ-нің нақты өсімі 5,0-6,5 пайыз деңгейінде болжанса, 2015-2017 жылдардағы жылдық инфляция 5-7 пайыз деңгейіне азайтылып, 6-8 пайыз дəлізінде қалдырылып отыр. Сонымен, республикалық бюджет кірістерінің болжамы
(трансферттердің түсімін есепке алмағанда) 2015 жылға – 4 338,4 миллиард теңге, 2016 жылға – 4 753,4 миллиард теңге, ал 2017 жылға 5 147,7 миллиард теңге сомасында айқындалған. Бюджет шығыстарының жалпы көлемі 2015 жылға – 7 306,5 миллиард теңге, 2016 жылға – 7 796,9 миллиард теңге жəне 2017 жылға 8 099,6 миллиард теңге сомасында жоспарланған. Биылғы жылмен салыстырғанда 2015 жылға бюджет шығыстарының 181,7 миллиард теңгеге өсуі Елбасы Жолдауларында көтеріл ген мəселелерді қаржылық жағынан қамтамасыз етумен байланысты. (Соңы 6-бетте).
Айтыс пен IT-технологияныѕ їйлесімі
Мемлекеттік тілді дамыту қоры кеше елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Айтыс» (iTys) атты тұңғыш қазақстандық мессенджердің тұсаукесерін өткізді. Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан».
Ұялы телефон мен компьютердің қыр-сырын жақсы білетін кісілерге «мессенджер» сөзі таңсық емес. Əсілінде, ағылшын тілінен аударғанда хабарлама, жолдау, үндеу, тапсырма сынды түрлі мағыналарды білдіретін «message» интернет əлеміндегі мессенджерге түрленгенде, шұғыл хабар алмасатын бағдарлама немесе вэбқосымша дегенге дөп келеді. Мұндай бағдарламалардың ішінде ең танымалы бүкіл əлем қызығын көріп отырған «Whatsapp» дейтін болсақ, қоғамда ұялы телефон ұстаған жандардың дені телефондағы «Хабарлама» қызметін онша пайдалана бермейтіні шындық. Өйткені, «Хабарлама» арқылы
хат жазып, одан жауап күтіп отыру сағаттарға созылуы мүмкін. Жауап беруі тиіс кісінің телефоны сөндірулі тұрған болса ше? Ал мессенджерде ар жақтағы адамның желіде не желіден тыс екені бірден белгілі. Екіншіден, мессенджер арқылы тек хабарлама емес, фотолар мен видеоларды да оңай жолдауға болады. Үшіншіден, бір ғана емес, бірнеше кісімен бір уақытта сөйлесіп отырудың да мүмкіндігі зор. Осылай санамалай берсе мессенджердің артықшылығы көп, əрине. Мұны ұтымды пайдаланатын тұтынушыларға бүгінде «Whatsapp» сапалы қызмет етіп жатыр десек артық емес. Енді өзіміздің отандық мамандар жасап шығарған «iTys» туралы айтайық. (Соңы 6-бетте).
● «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры 2 382 пəтерді пайдалануға беріп отыр. Қор басшысы Болат Палымбетов бұдан өзге, Астанада, Алматы қалалары мен Алматы облысында жалпы аумағы 1 млн.-ға жуық шаршы метр болатын 20 тұрғын үй кешенін салу нəтижесінде 3 мың үлескердің мəселесі шешілгенін мəлім етті. ● Республикамызда инновациялық гранттар аясында 15,5 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Санжар Ізтілеуовтің сөзіне қарағанда, гранттық қаржыландыру негізінде шамамен 680 млн. теңге салық төленген. Ал өндірілген өнімдердің 50 пайызы экспортталған. ● Отандық кəсіп орындардың инновациялық белсенділігі соңғы 5 жылда 2 есеге өскен. «Бəйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры Қаныш Төлеушиннің айтуынша, инновациялық өнімдер көлемі 7 есеге артқан. Ал шетелдіктерден технологиялық инновацияларға тартылған инвестиция 20 есеге, яғни 40 млрд. теңгеге дейін көбейген. ● Астанада жыл басынан бері 6 824 пəтер ел игілігіне ұсынылды. Қалалық құрылыс басқармасының хабарлауынша, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында елордада жалпы ауданы 130 мың шаршы метрді құрайтын 2 671 пəтерлік 8 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. ● Кентау қаласын көркейтуге көлемді инвестиция тартылды. Қалада өткен инвестициялық форум шеңберінде 210 млн. АҚШ долларын құраған бірнеше келісімге қол қойылды. Бұл қаржы 60 мВт қуат өндіретін жел электр стансасын салуға, құс фабрикасы мен аумағы 3 гектар болатын жылыжайдың құрылысына, сондай-ақ, бұрынғы кен байыту комбинатының 135 млн. тонна қалдығын қайта өңдеуге жұмсалады. ● Ақмола облысында индустрияландыру картасы аясында соңғы 5 жылда 44 жоба іске асырылды. Облыс əкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осының арқасында 4700-ден астам жаңа жұмыс орны ашылған. Ал өңірде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша кəсіпкерлікті қолдау үшін 4 жылда 307 жоба мақұлданып, оған 6,4 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген. ● Ақтөбе облысы Хромтау ауданында 20 полицей қызметтік тұрғын үй алды. Аудан əкімі Аязбай Османғалиев осы мақсатқа облыстық бюджеттен 76 млн. теңге қаралғанын жеткізді. ● Батыс Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында 71,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл – көрсеткіш өткен жылғыдан 4,7 пайызға артық. Тиісті орындардың деректеріне назар аударсақ, биыл өңірдегі шаруашылықтарға «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-тың облыстағы өкілдіктері арқылы 4 млрд. теңге несие берілген. Соның нəтижесінде 1 253,4 млн. теңгеге лизингке 352 дана ауыл шаруашылығы техникасы мен қондырғылары сатып алынған. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.