Бїгінгі нґмірде:
№278 (28217) 20 ЖЕЛТОҚСАН ЖҰМА 2013 ЖЫЛ
Тəуелсіз Ќазаќстанныѕ Жеті ќазынасы: Ел бірлігі 3-бет Єибратты єўмыр 5-бет Саба ортайып ќалєан жоќ па? 6-бет «Əзілге əрќашан орын бар» 9-бет
Елбасы жаѕа кəсіпорындарды аралады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС бірлескен кəсіпорнының электрондық-оптикалық құрылғылар шығаратын қазақ-түрік бірлескен кəсіпорны қызметімен танысты, сондай-ақ, өндірістік корпустарын қарап шықты. Мемлекет басшысы Қазақстанда мұндай жоғары технологиялық өндіріс құрудың маңыздылығын ерекше атап өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Бұған қоса, Астана қаласының əкімі И.Тасмағамбетов кəсіпорынды аралау барысында «Астана – жаңа
қала» индустриялық паркі – арнайы экономикалық аймағы жұмысының аралық нəтижелері туралы баяндады,
онда кəсіпорын өз қызметін жүзеге асырады. Жалпы, парк аумағында жалпы инвестиция көлемі 181 млрд. теңге болатын 49 жоба мəлім болған, оның ішінде 11 жоба табысты жұмыс істеуде, 8-і пайдалануға берілуде, ал қалған 30-ы іске асырылу үстінде. «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС электрондық-оптикалық құрылғылар шығаратын бірлескен
кəсіпорны Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрік Республикасы басшылығымен уағдаластығына сəйкес 2011 жылы құрылған болатын. Бірлескен кəсіпорынға қатысушы – «Аселсан» компаниясымен Трансферт технологиясы туралы шарт аясында түрік тарапы Қазақстанның қорғаныс-өнеркəсіп кешені өнімдерінің компоненттері болып табылатын
электрондық-оптикалық құрылғылар, электрондық платалар мен линза өндірісі үшін технологиялық құжаттар, материалдар мен жабдықтар ұсынып отыр. Бұған қоса, бірлескен кəсіпорын өнімдерін қазақстандық қамтуды бірінші кезеңдегі 30 пайыздан таяу бес жыл ішінде 67 пайызға дейін ұлғайту жоспарланған.
* * * Астанадағы «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытын аралау барысында Мемлекет басшысы өндіріс цехтарын қарап шығып, шығарылатын өнімдер үлгілерімен танысты, сондай-ақ, кəсіпорын ұжымымен əңгімелесті. Зауыт қызметінің басты бағыты – бағалы металдарды электрохимиялық аффинаждау. Ауданы 3,4 гектар болатын кəсіпорын «Астана – жаңа қала» индустриялық паркі – арнайы экономикалық аймағы аумағында орналасқан. Аффинаж зауытының жобалық қуаты жылына 25 тонна аффинаждалған алтын өндірісіне есептелген жəне оның бағалы металдар электролизі бойынша отандық инновациялық технологияны енгізу есебінен 75 тоннаға дейін жеткізілуі мүмкін. Жоба осы саладағы əлемдік озық үлгілерге сəйкес əзірленген. Зауытты алтын жəне күміс сувенирлік бұйымдар (зергерлік өнімдерден басқа) жəне техникалық мақсаттағы өнімдер өндірісін құру арқылы одан əрі дамыту қарастырылуда. Бұл химиялық, медициналық, зергерлік, автомобиль жəне өзге де салаларды, машина жəне аспап жасау кəсіпорындарын бағалы металдардан алынған бұйымдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Ќўттыќтау жеделхатын жолдады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельдің Германия Федералдық канцлері лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Германия арасындағы дəстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты өзара
қарым-қатынастардың жаңа бастамалар арқасында одан əрі белсенді дами беретініне сенімін білдірген. «Елдеріміз арасындағы саяси, сауда-экономикалық жəне мəдени
салалардағы жемісті жəне өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табады деп үміттенемін», – делінген жеделхатта. Соңында Мемлекет басшысы Германияның Федералдық канцлеріне зор денсаулық, ал герман халқына бейбіт өмір мен бақбереке тілеген.
ЌАЗАЌСТАН – ИНТЕГРАЛДЫ ЌУАТТЫЅ ЖАЋАНДЫЌ РЕЙТИНГІНДЕ Бұрнағы күні Астанада Ресей Ғылым академия сы Эко номика лық стратегиялар институты халықаралық сарапшылар тобының «К новым высотам» атты ұжымдық монографиясының тұсаукесері өткені белгілі. Онда шараға қатысқан халықаралық сарапшылар тобының өкілдері ресейлік Александр Агеев пен ұлыбританиялық Робин Мэтьюз монографияны жарыққа шығаруға негіз болған қағидаттар жөнінде айтып берген болатын.
Əлемдегі 100 ел Интегралды қуатының жаһандық рейтингін қалыптастырған сарапшылар Астанада біздің еліміз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойған əлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына 2025 жылы-ақ сенімді түрде жететіндей мүмкіндікке ие екенін атап көрсеткен еді. Ал арнайы бетте басқа да əлемге белгілі саясаткерлер мен сарапшылардың «Қазақстан-2050» Стратегиясына қатысты айтқан тұжырымды ойлары жарияланып отыр. --------------------------------------------------Тақырыпқа қатысты материалдар топтамасын 2-беттен оқисыздар.
Ќаржылыќ пирамидаларєа заѕдыќ тосќауыл ќойылады Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында қаржылық пирамидалар, сəулет, агроөнеркəсіп кешен, атқарушылық іс жүргізу, мемлекеттік органдар қызметі мəселелеріне қатысты заң жобалары қаралды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Жалпы отырыста бірінші кезекте «2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде
өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралып, қабылданды. Келісім хаттамасына 2012 жылғы 5 желтоқсанда Бішкекте қол қойылған. Ол бойынша төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара ісқимыл жасау үшін қолданылатын
құжаттардың үлгі нысандары белгіленеді. Ал осы үлгі нысандар Ұйымға мүше мемлекеттер шекараларын кесіп өту барысын жеңілдетуді көздейді. Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың айтуынша, Хаттама ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтері арасындағы төтенше жағдайларды жою барысындағы өзара іс-қимылдарды нақты жүзеге асыруды қарастырады. Сонымен бірге, отырыста «Қазақстан Республикасының
Баќылаудыѕ жоќтыєы – жемќорлыќтыѕ басы Мемлекеттік хатшы Марат Тəжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мəселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Отырыс барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тəртіптік кеңестері жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға трансферттер түрінде бөлінген бюджеттік
қаражаттарды пайдалану бойынша мəселелер талқыланды. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жемқорлық құқық бұзушылықтардың дер кезінде алдын алу жəне жолын кесу, жалпы алғанда, азаматтық қоғамның
билік органдарына деген сенімін арттыру көп жағдайда тəртіптік кеңестердің жұмыс сапасына байланысты болатыны атап өтілді. Сонымен бірге, комиссия жергілікті атқарушы органдарға трансферттер түрінде бөлінген бюджеттік қаражаттарды пайдалану тиімділігі мəселелерін қарады. Мақсатты трансферттер көлемін сапасыз жоспарлау,
кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қолдау тапты. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай əзірленген заң жобасы Қазақстан аумағында қаржылық пирамидалардың қыз метіне заңнамалық деңгейде тыйым салуды қарас тырады. Қаржылық пирамидаларды құрғаны, қызметін ұйымдастырғаны мен басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделеді. Ал олардың қызметін жарнамалағаны үшін əкімшілік жауапкершілік те қарастырылады. (Соңы 4-бетте). бюджеттік бағдарламалар əкімшілері тарапынан тиісті бақылау дың жоқтығы анықталған бұзушылықтардың негізгі себебі болып табылады. Отырыс барысында Мемле кеттік қызмет істе рі агенттігінің төрағасы Ə.Байменовтің, Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Б.Сұлтановтың, Эко но микалық қылмысқа жəне сы байлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Р.Түсіпбековтің, сондай-ақ, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен Бас прокуратура өкілдерінің есептері тыңдалды.