21012016

Page 1

Бүкіл қазақ­стан­ дықтарды, қоғамның барлық әлеуметтік топтарын уақыт талап еткен шешімді қолдауға үндеймін. Баршаңызды сайлауға белсене қатысуға, еліміздің болашағы жолындағы тұтастығымыз бен бірлігімізді тағы да танытуға шақырамын.

№12 (28740) 21 ҚАҢТАР БейСенбі 2016 ЖЫЛ

Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Консти­т у­ ция­с ының 44-бабының 2) тармақшасына, 63-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Рес­п убликасы Конституциялық заңының 85-ба­бына сәйкес қаулы етемін: 1. Бесінші шақырылған Қазақстан Рес­пуб­ ликасы Парламентінің Мәжілісі таратылсын. 2. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалсын.

3. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға тағайындалсын. 4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастырсын. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ас­тана және Алматы қалаларының, облыс­ тар­дың әкімдері Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдық, материалдық-тех­ ни­калық және қаржылық қамтамасыз ету жө­ ніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын. 6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бас­ тап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2016 жылғы 20 қаңтар № 181

Күрделі кезең маңызды міндеттер жүктейді Елбасы Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлау­ын өткізу мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Пре­зи­ денттің баспасөз қызметі. Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова, Президент Әкім­ шілігінің Басшысы Н.Нығма­тулин, Конституциялық Кеңес төрағасы И.Рогов, Бас прокурор А.Дауылбаев және басқалар қатысты. Іс-шара барысында Мемлекет басшысы депутаттардың кезектен тыс Мәжіліс сайлауын өткі­ зу және барлық деңгейдегі мәс­ лихаттардың кезекті сайлауын өткізу туралы бастамасына байланысты үндеу жасады. Қазақстан Президенті Пар­ ламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын доғару және жаңа сайлау белгілеу жөніндегі ұсынысын жан-жақты талдап қарағанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа ке­ зеңде шикізатқа төмен баға жағ­ дайында өмір сүруге бейімделіп, индустрияландыруды, шағын және орта бизнесті дамытуды белсенді жалғастыру керектігін атап өтті.

– Осы бір күрделі ахуалда біздің бәріміз үшін ең маңыздысы – ысырапсыз өмір сүру, ресурс­ тарды үнемдеу, жұмыс орындарын сақтау екенін түсіну. Үкімет пен Парламентке бұл жағдайда бірлесіп, жинақы жұмыс істеп, жедел шешім қабылдау қажет. Біздің халқымызға бұрынғыша бірігіп, осы күрделі уақытта кез келген ықтимал арандатуларға, қажет болса, заңнамалық тұрғыдан тойтарыс беру керек. Ол жағдайдың нашарлауына кінәлілерді іздеп, саясиландырғысы келетіндерге де қатысты. Бұл – жаһандық үдеріс, оған бірде-бір ел, соның ішінде Қазақстан да ықпал ете алған жоқ. Сондықтан, бәріміз топтасып, бір-бірімізге көмектесуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті біз­дің қо­ғам бүгінде түрлі сын-қатер­ лер­ге дайын екеніне назар аударды. – Біз Тәуелсіздіктің ширек ғасырға жуық абыройлы

жолын жүріп өттік. Біз жасампаз еңбекте шыңдалып, табысты, қалыптасқан және әлемге сыйлы мемлекет құрған біртұтас халыққа айналдық. Мен депутаттардың бастамасын Қазақстан мен қазақстандықтардың тағдырына отаншылдық тұрғыдан қам­ қорлық танытудың көрінісі деп қабылдаймын. Мәжілістің кезектен тыс сайлауы (оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының да депутаттары бар) және өңірлік мәслихаттардың кезекті сайлауы бірге өтуі уақытты да, қаржыны да үнемдейді. Барша депутаттарға мемлекетшіл ұстанымы мен аса жоғары тарихи жауапкершілік танытқаны үшін алғысымды айтамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы ел Конституциясы талаптарына сәйкес, Парламент палата­лары төрағаларымен, Премьер-Ми­ нистрмен және Конституциялық Кеңес төрағасымен консульта­ циялар өткізгенін, соның қоры­т ындысы бойынша де­ путаттардың бастамасын қолдау жөнінде шешім қабылданғанын айтты.

Тағайындау

Мемлекет басшысының Өкімімен Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы өкілеттік мерзімге тағайындалды. *** Мемлекет басшысының Өкімімен Данияр Айтмұхаметұлы Айтмұхаметов Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. *** Мемлекет басшысының Өкімімен Мархат Даниярұлы Арунов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің директоры қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің директоры міндетін уақытша атқарудан босатылды.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы 2016 жылғы 20 қаңтар

№3/82

Астана қаласы

Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Консти­ туция­л ық заңының 12-бабы 14) тармақ­ шасына, 101-бабына сәйкес Қазақстан Рес­­пуб­ликасы Орталық сайлау комиссия­ сы қаулы етеді: 1. 2016 жылғы 20 наурызға Қазақ­стан Республикасы мәслихаттары депу­т ат­ тарының кезекті сайлауы тағайындалсын. 2. Қоса беріліп отырған 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу

мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін. 3. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін. 4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құ­ ралдарында жариялансын. Төраға Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ Хатшы Б.МЕЛДЕШОВ –––––––––––––––––––––– (Күнтізбелік жоспарды 6-беттен оқи аласыздар).

– Билік саласы өкілдері құрамының жаңартылуы еліміз бен халқымыздың мүддесіне сай келетіндігіне сенімім кәміл. Саяси партиялар күн тәрті­біндегі міндеттерді түсіне білетін сауат­ ты, іскер және ел мүд­д есіне адал кандидаттарды ұсынуға тиіс. Бүгін мен Бесінші шақы­ры­ лымдағы Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойдым. Мәжілістің кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға белгіленді, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл қазақстандықтарды, қоғамның барлық әлеуметтік топтарын уақыт талабы тудырған шешімді қолдауға шақырды. – Баршаңызды сайлауға белсене қатысуға, еліміздің болашағы жолындағы тұтастығымыз бен бірлігімізді тағы да танытуға шақырамын. Конституцияның кепілі ретінде Орталық сайлау комиссиясына және барлық өкілетті мемлекеттік органдарға алдағы сайлауда заңдылықты, ашықтықты және әділеттілікті қамтамасыз етуді тапсырамын. Дауыс беру науқаны және сайлау күрделі кезеңде ұлтты ұйыстырып, біздің Қазақстанымызды жаңа белестерге алып шығуға көмектеседі деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы 2016 жылғы 20 қаңтар

№3/83

Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 181 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. Мыналар: 1) 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (1-қосымша); 2) 2016 жылғы 21 наурызға тағайындалған, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (2-қосымша) бекітілсін. 2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін. 3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Төраға Қ. ТҰРҒАНҚҰЛОВ Хатшы Б. МЕЛДЕШОВ –––––––––––––––––––––– (Қаулының 1-2 қосымшасын 6-беттен оқи аласыздар).

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 5-ші шақырылымдағы Парламент Мәжілісін тарату туралы Жарлыққа қол қоюына, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындауға байланысты ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІ Мен Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және жаңа сайлау тағайындау туралы ұсынысын талдап қарадым. Бұл күндері менің атыма бастамаға қолдау көрсеткен көптеген хаттар мен жеделхаттар келіп түсті. Кезектен тыс сайлау өткізу қажеттігі туралы пікірді сая­с и партиялар мен кәсіп­ одақтар, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпорындардың, мекемелер мен оқу орындарының еңбек ұжымдары құптады. Сондай-ақ, оған ардагерлер мен жастардың ұйымдары, бизнестің, ғылыми және шығармашылық зия­л ы қауымның өкілдері, көптеген жеке азаматтар қолдау білдірді. Менің атыма келіп түскен бұл үндеулерде келтірілген барлық дәлел- дәй ек т ем елер м ағ ан түсінікті. Оларда елге деген қамқорлық, саяси науқанды тездетіп аяқтауға және қойылған міндеттерді іс жүзіне асыруға кірісуге деген қажетсіну бар. Бүгінде біздің ел күрделі жаһандық саяси және эконо­ ми­калық үдерістерге тартылып отыр. Энергия қуатын бере­ тін өнімдер бағасының құлды­ рауы нәтижесінде көптеген ел­ дерді жайлаған экономикалық дағдарыс бүкіл әлемдік эконо­ микаға және оның ажырамас бөлі­гі ретінде біздің елімізге де елеулі ықпал етуде. Осы бір қиын уақыт ел алдына өте күрделі мін­ деттер мен сын-қатерлерді тосып отыр. Халықаралық ахуал да күр­ делілене түсті. Жетекші мемлекеттер арасындағы қайшылықтар ұлғайып, олардың санкциялық теке­тіресі күшейе түсуде. Са­ рап­шы­лардың көпшілігі әлем­дік державалар арасындағы келі­с­ пеушілік «қырғиқабақ соғыс» аяқталғаннан бері дәл қазір­гі­ дей ушығуға жетпеген еді деген пікірде. Осындай жағдай­ да өңірлік жанжалдардың жаңа ошақ­тары пайда болуда. Тер­р орлық қатер де ұлғайып келеді. Босқындардың жаһан­ дық толқыны планетаның жаңа өңір­л ерін бірінен соң бірін басып қалуда. Әлемдік сауда көле­м і төмендеп, қор нарық­ тары құлдырауда. Іс жүзінде әлем­н ің барлық валюталары девальвацияға ұшырады. Осы­ ның бәрі өңірлік және ұлттық экономикаларға теріс ықпалын тигізеді. Әлемнің жаңа бет-бейнесі қалыптасып келеді, ол жөнін­ де мен халыққа таяудағы Жол­ дауымда айттым. Бұл дегеніміз индустрияландыруды, шағын және орта бизнесті дамытуды белсенді жалғастыра отырып, шикізат бағасы төмен жағдайда өмір сүруге бейімделуді білді­ реді. Осы бір күрделі ахуалда біздің бәріміз үшін ең маңыз­дысы – ысырапсыз өмір сүру, ресурс­ тарды үнемдеу, жұмыс орындарын сақтау екенін түсіну. Үкімет пен Парламентке бұл жағдайда бірлесіп, жинақы жұмыс істеп, жедел шешім қабыл­дау қажет. Біздің халқымызға бұрынғыша бірігіп, осы күрделі уақытта кез келген ықтимал аран­да­ту­ ларға, қажет болса, заңна­м а­ лық тұрғыдан тойтарыс беру керек. Ол жағдайдың нашар­ лауына кінәлілерді іздеп, сая­ силандырғысы келетіндерге де қатысты. Бұл – жаһандық үдеріс, оған бірде-бір ел, соның ішінде Қазақстан да ықпал ете алған жоқ. Сондықтан бәріміз топтасып, бірбірімізге көмектесуіміз керек. Қазір елдің әрбір азаматының патриоттығы сынға түсуде.

Бізде тағдырға мойынсұнып, әйтеуір бір уақыттары бәрі ор­ нына келетініне, мұнай баға­сы көтеріліп, жағдайдың жақса­ра­ тынына үміттеніп отыруға уақыт жоқ. Бүгінде кез келген жаһандық сын-қатерге үнемі жүйелі әрі алдын ала жауап беру және тиісті шаралар қабылдау маңызды. Бізге «Қазақстан-2050» Стра­ тегиясының бағытын жалғас­ тырып, дағдарысқа қарсы бағ­ дар­л аманы іске асыру, Ұлт Жос­п арын орындау керек. Мыңдаған азаматтарымызға жұмыс бере отырып, «Нұрлы Жол» бағ­дар­ламасын белсенді жүзеге асыру қажет. Үкімет, министрлер мен барлық дең­ гейдегі әкімдер бұрынғы дағ­ дарыс тәжірибесі мен инфра­ құ­рылымдық құрылыс мүмкін­ діктерін пайдалана отырып, жұмыс орындарын ұсыну ар­ қылы шығындарды қысқарту, аппаратты оңтайландыру үшін резервтер іздестіруі тиіс. Халыққа Жолдауда мем­ лекетті, экономика мен қоғамды терең жаңғырту, бюджет саясатын үнемдеу, ұсынықтылық және қайтарымдылық қағидаттары негізінде оңтайландыру жөнінде ауқымды міндеттер қойылды. Парламенттің қазіргі құрамы Ұлт Жоспарына сәйкес, өнімді және ауқымды заң шығару жұмысын атқарды. Ендігі жұмыс Үкімет пен елдің барлық атқарушы органдарына, сондай-ақ, биз­ нес-қоғамдастыққа тиесілі. Дағ­ дарысқа қарсы шаралар мен Ұлт Жоспарын дер кезінде және сауат­ты жүзеге асыру солардың тиімді жұмысына байланыс­ ты болады. Бұл біздің елімізді әлемдік қоғамдастық алдында тағы да биіктетіп, инвестиция тартады, елімізге деген сенімді нығайтады. Біз мұны жасауға тиіспіз. Қазір біздің қоғамымыз 1991 жылы мүлдем бейтаныс ахуал­ ға тап болған кездегідей абды­ раған адамдар тобы емес. Біз Тәуелсіздіктің ширек ғасыр­ғ а жуық абыройлы жолын жүріп өттік. Біз жасампаз еңбек­т е шыңдалып, табысты, қалып­тас­ қан және әлемге сыйлы мемлекет құрған біртұтас халыққа айналдық. Мен депутаттардың бастамасын Қазақстан мен қазақстандықтардың тағдырына отаншылдық тұрғыдан қам­ қор­л ық танытудың көрі­н ісі деп қабылдаймын. Мәжі­ліс­тің кезектен тыс сайлауы (оның ішінде Қазақстан хал­қы Ас­сам­ блеясының да депу­таттары бар) және өңірлік мәслихаттардың

ке­зекті сайлауы бірге өтуі уа­­ қытты да, қаржыны да үнем­ дейді. Бар­ша депутаттарға мем­ ле­к етшіл ұстанымы мен аса жо­ғары тарихи жауапкершілік таныт­қ аны үшін алғысымды айтамын. Ел Конституциясының талаптарына сәйкес, мен Парламент Палаталары төрағаларымен, Премьер-Министрмен және Конс­титуциялық Кеңес төраға­ сымен кеңестім. Ақылдаса келіп депутаттардың бастамасын қолдау туралы шешім қабыл­ данды. Билік саласы өкілдері құрамының жаңартылуы еліміз бен халқымыздың мүддесіне сай келетіндігіне сенімім кәміл. Саяси партиялар күн тәрті­біндегі міндеттерді түсіне білетін сауатты, іскер және ел мүдде­сіне адал кандидаттарды ұсынуға тиіс. Бүгін мен Бесінші шақыры­ лымдағы Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойдым. Мәжілістің кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға белгіленді. Бүкіл қазақстандықтарды, қоғамның барлық әлеуметтік топтарын уақыт талап еткен ше­ш імді қолдауға үндеймін. Баршаңызды сайлауға белсене қатысуға, еліміздің болашағы жолындағы тұтастығымыз бен бірлігімізді тағы да танытуға шақырамын. Конституцияның кепілі ретінде Орталық сайлау комиссиясына және барлық өкі­ летті мемлекеттік органдарға ал­дағы сайлауда заңдылықты, ашықтықты және әділеттілікті қам­тамасыз етуді тапсырамын. Дауыс беру науқаны және сай­ лау күрделі кезеңде ұлтты ұйыс­ тырып, біздің Қазақстанымызды жаңа белестерге алып шығуға көмектеседі деп сенемін. Баршамыздың бір ғана мақсатымыз бар, ол мақсат – халық пен елдің игілігі! Бәріміз Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп, бар күшжігерімізді жұмсаймыз. Біз бірлесе отырып, бүгінгі заман алдымызға тосып отырған барша қиындықтар мен сын-қатерлерді міндетті түрде еңсеретін боламыз. Мен барша қазақстандықтарды, барлық саяси партияларды біздің ортақ шаңырағымыздың тағдырына жауапты қарауға және Отаншылдығымызды нығайта түсуге шақырамын. Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейлі белесін мызғымас бірлікпен қарсы алайық! Астана, Ақорда, 2016 жылғы 20 қаңтар


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.