21022014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№36 (28260) 21 АҚПАН ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

Ґзара мїдделестік танытылєан кездесу

● Мəселенің мəнісі

Жалєан аќпарат таратќандар аныќталды Александр ТАСБОЛАТОВ,

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Израильдің экс-Премьер-министрі Эхуд Баракпен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы қарым-қатынастар үнемі жоғары дең гейде келе жатқанын жəне Қазақстан экономиканы, саясатты, инвестицияны қамтитын түрлі салалардағы өзара ықпалдастықты нығайтуға əрдайым мүдделілік танытқанын айтты. Өз кезегінде Эхуд Барак денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, индустриялық-инновациялық даму салаларындағы ынтымақтастық үшін перспективалар барын атап өтіп, оның аясын бұдан əрі кеңейтуге үлес қосуға дайын екенін жеткізді.

«Егемен Қазақстан».

Кеше Бас прокуратурада брифинг өткізіліп, онда бұдан бұрын хабарланғандай, құқық қорғау органдары Центр Кредит Банк, Каспий Банк жəне Альянс Банктің банкрот алдындағы жағдайы жөнінде жалған ақпарат таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестірудің кешенді шаралары жүргізіліп жатқандығы туралы ресми өкіл Нұрдəулет Сүйіндіков айтып берді. Мұндай жалған ақпараттың аталған қаржы ұйымдарына айтарлықтай зиян келтіріп, қоғамда əлеуметтік шиеленістің өршуіне əкеп соққаны белгілі, деді ресми өкіл. Бүгінгі күнге дейін банктердің қаржылық ахуалы жөнінде жалған ақпараттың алғаш таратылуына қатысы бар бірнеше адам анықталып, ұсталды. Олар кінəларын

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Жемісті ќызметке алєыс

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Орталық Азиядағы аймақтық өкілі Сабер Азамды оның өтініші бойынша қабылдады. Миссиясын аяқтап жатқан С.Азам өзінің Орталық Азиядағы қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті жəне босқындар туралы Қазақстан заңнамасын одан əрі жетілдіру туралы ойларын ортаға салды. Сенат Төрағасы жемісті қызметі үшін С.Азамға алғыс айтып, Қазақстан мен БҰҰ БЖКБ арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Əѕгіме ґзегі – маѕызды басымдыќтар Сенат Төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы Қазақстан Парламенті делегациясының басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев Француз Республикасы Парламенті Ұлттық Ассамблеясының депутаты, ЕҚЫҰ ПА-ның Орталық Азия бойынша Арнаулы өкілі Тьерри Марианиді қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Т.Мариани 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы табысты төрағалық еткенін атап өтті жəне Парламенттік Ассамблеяның Орталық Азиямен жан-жақты ынтымақтастығын одан əрі нығайтуға мүдделі екенін білдірді. Мейманның өтініші бойынша Қ.Тоқаев аймақтағы ахуал, сондайақ, қазіргі замандағы Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы, Парламенттің заң шығару қызметіндегі басымдықтар туралы айтып берді. Жаһандық нарықтың бөлігі болып табылатын ел ұлттық экономиканы əртараптандыру жəне азаматтардың өмір сүру стандарттарын арттырудағы ұзақмерзімді кешенді шаралар қабылдап келеді, деп атап өтті ол. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың таяу уақытта зейнетақыны, жəрдем ақыны, шəкіртақыны, сондай-ақ, əлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысын ұлғайту, кəсіпкерлікті қолдау, елдегі инвестициялық ахуалды одан əрі жақсарту жөніндегі тапсырмалары туралы айтып берді Төраға. Қазақстан-француз қатынастарына қатысты Сенат Төрағасы екіжақты əріптестіктің стратегиялық сипатын, сондай-ақ, Еуропалық Одақпен қатынастар тұрғысында жемісті ынтымақтастықты атап өтті.

Барлыќ іс-ќимыл еліміз ертеѕін еѕселендіру їшін ќажет Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен палатаның кезекті жалпы отырысы болды. Оны палата Төрағасы сөз сөйлеп ашты. Ол əуелі өткен аптада Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен биылғы Жолдауға қатысты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктегендігін ерекше атады. Осыған орай Парламенттің алдында жаңа заңдарды қабылдау міндеті тұрғанын қаперге салды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

– Жаһандық экономика мен ішкі ахуалға сындарлы талдау жасалып, қоғамды толғандырып отырған барлық мəселелерге жан-жақты тоқталды, – деді палата Төрағасы сөзін сабақтай түсіп. – Ең бастысы, Президент əлеуметтік-экономикалық өрлеу дің жə н е ұ з а қ ме р з і мд і міндеттердің тиянақты орындалуын көздейтін кешенді шараларды белгілеп берген. Сондықтан да, депутаттар алдында халықтың əл-ауқатын жақсартуға, кəсіпкерлікті дамытуды ынталандыруға, қаржы секторының тұрақтылығын арттыруға, инвестициялық ахуалды оңтайландыруға бағытталған шаралардың заңнамалық негізін жетілдіру міндеті тұр. Сенат Төрағасы келесі кезекте Елбасы əлеуметтік міндеттемелер толық көлемінде сақталатынын мəлімдегенін, ағымдағы жылдың сəуірінен

əлеуметтік төлемдер, зейнетақы мен студенттер стипендияларының көлемі ұлғайтылатынын атап көрсетті. Еңбекақы төлеудің жаңа моделін жасау шеңберінде білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, спорт, мəдениет жəне əлеуметтік қорғау салалары қызметкерлерінің жалақыларына 10 пайыз көлемінде ай сайынғы қосымша төлемді қарастыру талабы қойылып отыр, деді Қ.Тоқаев. Мемлекет басшысы кəсіпкерлікті кеңінен қолдау мақсатында рұқсат беру жүйесін түбегейлі қайта қарап, барлық құқықтық-нормативтік актілерді ревизиялау жəне мемле кеттің экономикаға араласуын төмендету жөнінде тапсырма бергендігі де атап айтылды. Бизнестің өңдеу өнеркəсібін дамыту мен индустрияландыру жобаларын қаржыландыруға Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінетін болады. Осы орайда, Елбасы бюджет қаражатын орынды

жұмсауды қатаң бақылау жəне аса қатаң қаржылық тəртіп орнату қажеттігін атап көрсетті, деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Енді инвестициялық тартымдылық деңгейі мен шетелдік инвесторлар сенімі атқарушы билік қызметін бағалаудың басты көрсеткішінің бірі болады. Олай болса, палата инвестициялық ахуалдың жақсаруын қамтамасыз ету үшін жаңа құқықтық негіз қалауы тиіс. Бұл ретте, палата Төрағасы отандық агроөнеркəсіп кешенін одан əрі дамытуды, саланың бəсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейтін «Ауылшаруашылық кооперациясы туралы» заң жобасының əзірленуі қажеттігін тілге тиек етті. Жəне де бірқатар заңдар бойынша атқарылатын жұмыстардың нақты мерзімі белгіленгенін, ағымдағы жылғы республикалық бюджет туралы заңның қайта қаралып, уақыт талабына сай тиісті түзетулер енгізілетінін алға тартты. Бұл күрделі міндеттерді қысқа мерзім ішінде, ал кейбір мəселелерді шұғыл түрде орындау қажет болады. Мемлекет басшысы айқындаған маңызды міндеттердің мінсіз орындалуы қабылданатын заңдардың сапасына да байланысты, деді Қ.Тоқаев. (Соңы 4-бетте).

Мəжіліс Тґраєасы – Бакуде Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Əзербайжан Республикасының астанасы Баку қаласына келді. Спикер екі күндік жұмыс сапары барысында Əзербайжан

Милли Меджилисінің Төрағасы Октай Асадовпен кездесіп, алдағы өзара іс-қимыл бағыттарын талқыламақ. Кездесу қорытындысында Қазақстан Парламенті Мəжілісі мен Əзербайжан Милли Меджилисінің арасында Ынтымақтастық туралы

ке лісімге қол қою жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Нұрлан Нығмату линнің Баку мемлекеттік университеті оқытушыларымен жəне студенттерімен кездесуі межеленген. «Егемен-ақпарат».

Кəсіпкерлікті дамыту жайы сґз болды Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Кəсіпкерлердің ұлттық палатасымен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесуге орталық атқарушы органдардың, ұлттық ко мпаниялардың, салалық қауымдастықтардың басшылары қатысты. Кеңес барысында ұлттық валюта бағамына түзетулер енгізуге байланысты, кəсіпкерлік саланы дамытудың көкейкесті

мəселелері талқыланды. Кеңесте ҰКП комитеттері мен салалық қауымдастықтар басшылары сөйледі. Кездесу барысында тараптар экономиканың басым салаларында одан əрі макроэкономикалық жəне əлеуметтік тұрақтылықты сақтау бойынша пікір алмасты.

Студент пен депутат їшін сессиядан ќиын сынаќ жоќ 3-бет Ўлтымыз маќтанарлыќ ўлы мўра 5-бет Елорданыѕ ертеѕгі биігі – ЭКСПО-2017 6-бет Кґмбеніѕ тґбесі кґрініп ќалды 14-бет

Кездесуді қорытындылай келе, Премьер-Министр кеңесте көтерілген мəселе лердің өте маңызды екенін жəне Үкіметтің барлық ұсы ныс тар ды мұқият қарайтынын атап көрсетті. «Барлық мəселелер жүйелі түрде шешілетін болады, оның көпшілігі бойынша біз Кəсіпкерлердің ұлттық палатасымен кеңесетін боламыз», деді С.Ахметов.

мойындап, тиісті түрде жауап беруде жəне мұндай əрекеттерге баруларының жай-жапсарын егжей-тегжейлі баяндап берді. Ұсталғандардың арасында алматылық заң компаниялары бірінің қызметкері жəне банк заңгері бар. Олардың жауаптары басқа анықталған жəне ұсталған адамдардың түсініктемелері сияқты мұқият тексерілуде. Жалпы алғанда, құқық қорғау органдары анықтаған көрінеу жалған ақпаратты дайындау жəне таратуға кінəлі барлық адамдарды əшкерелеу жəне жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдауда. Істің нақты мəн-жайларына қарай əкімшілік жəне қылмыстық жауапкершілік туралы мəселе шешілетін болады. Зардап шеккен банктер материалдық зиянды өтеу туралы талап-арыздар беруді бастады. Сонымен қатар, біз Парламентке елеулі зиян жəне

ауыр салдарларға əкелуі мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде ұсыныстар енгіздік. Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарға, БАҚ өкілдеріне шындыққа сəйкес келмейтін ақпаратты таратудан бас тарта отырып, осы мəселелерге неғұрлым жауапкершілікпен қарау туралы өтініш жасайды. Жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы мен нəтижелері туралы қосымша хабарланатын болады, деді Бас прокуратураның ресми өкілі.

Банктегі жаєдай бірќалыпты «Альянс Банк» АҚ басқарма төрағасы Тимур ИСАТАЕВҚА банктегі ағымдағы ахуалға қатысты бірнеше сұрақтарға жауап беруін өтінген едік. – Тимур Ризабекұлы, қазіргі жағдайда банктегі ахуал туралы айтқанда оның тұрақтылығы алдыңғы кезекте тұрады емес пе. Сіздердегі осы тұрақтылықтың негіздері неде деп білесіз? − Альянс Банк тұрақтылы ғының негіздерін оның Қазақстанның қаржы нарығындағы стратегиялық тұрғыдан қатысуының жиырма жылға жуық тарихы жəне мықты да əлеуетті басқару тобы құрайды. Банк Бас кеңсежай құрылымын қайта қарады. Бұл арқылы біз бизнес-үдерісті жылдамдату жəне оның филиалдар үшін, сайып келгенде, Банк клиенттері үшін қолжетімділігін арттыру мақсатын көздеп отырмыз. Келешекте өз жұмысының тиімділігін одан əрі арттыру жəне жаңа сапалық деңгейге көтерілу үшін Альянс Банкте барлық алғышарттар мен мүмкіндіктер бар деп айта аламыз. – Алыпқашпа сөздер тудырған СМС хабарламалар жайында не айтасыз? − Соңғы күндерде Қазақстанның, əсіресе, Алматы мен Астананың тұрғындары неше түрлі күдікті СМС хабарламалар мен WhatsApp Messenger

хабарламаларын алуда. Əрине, оларды ниеті дұрыс, адал адамдар жібермегені белгілі. Дəлірек айтқанда, бұл хабарламаларда үш банктің: ЦентрКредит Банктің, Каспий Банктің жəне Альянс Банктің таяуда тақыр ға отыратындығы туралы айтылғаны қазір ешкімге құпия емес. Міне, осыған байланыс ты аталмыш үш банктің жəне Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығы ның басшылары мен акционерлері бұл ақпараттың арандатушылық сипатын айыптай отырып атап көрсетеді. Əлдебіреулер Қазақстанның қаржы жүйесінде дүрбелең туғызу мақсатын көздегені байқалады. Осындай жағдайда біз, əлбетте, қол қусырып қарап отыра алмаймыз. Жоғарыдағы үш банк бірігіп ақпараттық шабуылды тойтаруға кірісті, сонымен бірге, құқық қорғау органдарына шағымданды. – Банктің бұдан былайғы ісəрекеті, клиенттерге қатысты саясаты жайлы айта кетсеңіз? Өз міндеттемелеріңізді бұрынғысынша орындай бересіздер ме? − Соңғы күндерде клиенттер тарапынан Банк қызметтеріне сұранымның өсуіне байланысты бөлімшелеріміздің жұмыс кестесі

айтарлықтай ұзартылғанын айтуға тиіспін. Өйткені, қызмет көрсетудің жоғары сапасымен əрдайым клиенттердің көңілінен шығу біздің Банк үшін басты басымдық болып қала бермек. Альянс Банк штаттық тəр тіпте жұмыс істеуін одан əрі жалғастыратынын атап көр сетуім қажет. Сондай-ақ, қазақ стандықтардың − біздің клиенттеріміздің салымдары бойын ша да, ағымдағы есепшоттар бойынша да барлық міндеттемелеріміз толықтай орындалмақ. Тағы бір айта кетерлік жай, клиенттеріміздің салымдарын мемлекет, яғни Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры қорғайды. Себебі, акциялардың 67 пайызына ие болып отырған мемлекет, бұрынғысынша, Альянс Банктің басты акционері болып қала береді. Бұл жай да Банк тұрақтылығын, жағдайдың байыптылығын сақтау орайындағы аса маңызды фактор екендігі күмəнсіз. Əңгімелескен Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Нина ЖҮСІПОВА, «Қазкоммерцбанк» басқарма төрайымы:

«Отандыќ банк жїйесінде жаќсы саќтандырылєан механизм жўмыс істеп тўр» Еліміздің банк жүйесі талай қиын кезеңді басынан өткерген. Атап айтсақ, əлемдік нарықтағы тұрақсыздықтар, ғаламдық экономикалық дағдарыс, сондай-ақ, валюта бағамының ойнақылығы секілді жағдайлар. Енді осындай қилы кезеңді басынан өткеріп, осы күнге дейін табысты жұмыс істеп тұрған банктер бір-ақ күнде банкрот болып, өз жұмысын тоқтатады дегенге қалай сенесіз?! Ел ішінде нендей алыпқашты əңгіме жүрмесін, мейлі мүдделі топтар түрлі əрекеттерге барса да Қазкоммерцбанк бұрынғыша, дағдылы жұмыс режімімен халыққа қызметін көрсетіп отыр. Бізде несиемен жұмыс істеу, жеке тұлғалардың салымы, төлем карталары мен банкоматтық жүйеде еш кедергі жоқ жəне шұбатылған кезекті де көрмейсіз. Осы ретте мен жеке салымшыларға əуелі өз есепшотыңыздағы жинақталған қаржыны біржолата

қай тарып алмас бұрын, банк қызметкерлерімен немесе бөлім ше басшыларымен сөй лесіп, ақылдасыңыздар дегім келеді. Бұл тек біздің банктің клиенттеріне ғана айтылған сөз емес, отандық барлық банк салым шыларына бағытталған кеңес. Олай дейтінім, негізсіз алыпқашты əңгімеге сеніп салымшылар бірнеше рет шығынға ұшырағанын өздері де байқамай жатады. Барша отандастарымыз ескерер бір мəселе бар, ол – бізде, Қазақстанда салымшылардың қаражатын қорғау ниетімен жасалған мызғымас механизмнің жұмыс істеп тұрғанын ұмытпайық. Біздегі барлық банктер міндетті ұжымдастырылған сақтандыру жүйесінің мүше лері жəне жергілікті салым шы лардың қаржысы толық қам сыздан дырылған. Бұл дегеніңіз, банк ке салған ұлттық валюта

да, шетелдік валюта да өз құнын толық сақтап тұрады деген сөз. Біздің елімізде отыздан аса əр деңгейдегі банктер жұмыс істейді. Олардың ішінде кейбір жекелегендері ұзақ уақыттан бері ел сеніміне жақсы орныққандар. Міне, біз үнемі өз клиенттерімізге егер қаржы мəселесінде күманданар болсаңыз, бірнеше банктен өз есепшотыңызды ашып, əртүрлі валюта түрінде сақтап көріңіз деп айтамыз. Қазкоммерцбанк елдегі өзге банктер сияқты үнемі ұлттық валютаны өз деңгейінде ұстап тұруға күш салады. Жəне де теңге бағамына қатысты мəселелерде салым шылардың есебі түгел болуына мүдделі екендігімізді ескерткім келеді. Жазып алған Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.