21/03/2013

Page 1

СІЗ не дейсіз? Адам ґмірі – басты ќўндылыќ Қазіргі таңда адамдарды алаңдатып отырған басты проблеманың бірі – жол қауіпсіздігін сақтау, күн сайын қаптаған автокөліктердің астына жолаушылардың кенеттен түсіп кетпеуінің алдын алу. Үстіміздегі жылдың екі айында ғана ШҚО ІІД жол полициясы қызметкерлері көлік иелері тарапынан жіберілген 27 239 тəртіп бұзушылықты тіркеген. 14 адам жол апатынан қаза тауып, 176 адам жарақат алған. 2 айға бұл аз емес.

«Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Оңдасын Елубай облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының бастығы Петр Никифоровқа: – Сіз бұған не дейсіз? – Жол-көлік оқиғаларының көбеймесе, азаймай отырғаны ойландырады. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, адам өлімі 6,7 пайызға кемігенімен, жарақат алғандар саны 131-ден 176-ға артып кеткен. Көлік рөліне ішімдік ішіп алып отырған 610 адам, көліктің жылдамдығын арттырған 6174 адам əкімшілік жауапқа тартылды, айыппұл салынды. Алайда, біздің міндетіміз көлік иелерін жазалау емес, тəртіп бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік шараларын сақтау, əсіресе, балалардың жол жүру ережесін қатаң ұстануларын қадағалау болып табылады. Мəселен, балалардың жолкөлік жарақаттарының алдын алу мақсатында үстіміздегі жылдың 11-16 наурызы аралығын да жер гілікті атқарушы органдармен, аумақтық білім беру мекемелерімен, «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты қоғамдық бірлестіктері филиалдарымен, облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен, басқа да азаматтық қоғам институттарымен, БАҚ-тармен бірлесіп, «Біз жол дағы қауіпсіздік үшін!» атты кең көлемді автожорық ұйым дастырдық. Бұл шара нəтижесін берді. Балалармен жарық қайтару элементтерін, қауіпсіздік белдіктерін жəне тасымалдау кезінде арнайы ұстау құралдарын пайдалану қажеттігіне ересектердің назарын аудардық. Иə, ата-аналар ең бірінші балаларының ертеңіне алаңдаушылық білдіріп, қауіпсіздік шаралары жайлы күн сайын құлақтарына құйып отырса, нұр үстіне нұр болмақ. «Өзара түсіністік күні», «Жол қауіпсіздігі апталығы», «Жолдос көмекке асығады» атты шараларға қала тұрғындары белсене араласып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу жайлы кинофильмдерді тамашалады, парақшалар, кітапшалар, 2150 дана тиражбен шыққан 20 түрлі жадынамалармен танысты. Көрнекі үгіт-насихат материалдары «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясы мен облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қолдауымен əзірленді. Наурыз мерекесі күндері жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша семинаркеңес ұйымдастырылып, онда балалардың назары жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау мəселелеріне аударылды. Қалай дегенде де, біздің басқарма қызметкерлері өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, жолкөлік оқиғаларының алдын алу, адам өмірін сақтау бағытында ізденіспен еңбек ете бермек. ӨСКЕМЕН.

№91 (28030) 21 НАУРЫЗ БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Наурыз нўры Астана. 20 наурыз. 22.45. Лазерлі шоу

Облыс төңірегіндегі су тасқыны күздей, қыстай жауған жаңбыр мен қарға жəне Торғай, Қараторғай, Сарыторғай, Тобыл, Əйет, Желқуар жəне Тоғызақ өзендерінің толуына байланысты. «Гидромет» аймақтық мемлекеттік кəсіпорны облыстық филиалының мəліметінше, күзден бері түскен қардың мөлшері көп жылғы орташа көрсеткіштен асып кетті. Ұзынкөл ауданында қардың биіктігі 44 сантиметрге, Қостанай қаласында 31 сантиметрге жетті. Соған орай, облыстағы ірі су қоймаларына келетін судың мөлшері де күткен

Атап айтқанда, жеделхат Əзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиевке, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ха мид Карзайға, Иран Ислам Рес публикасының Президенті Махмұд Ахмадинежадқа, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа, Тəжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонға, Түркіменстан Пре зиденті Гурбангулы Бердімұхамедовке, Өзбекстан

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Міне, жыл құсындай сағынтып, əз Наурыз тағы тарих табалдырығын аттады. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Астана жасара түлеп, көздің жауын алардай құлпыра түсті. Қала көшелері мен саябақтары ұлттық нақыштағы мүсіндерге, гүлзарлар сан бояулы түске толды. Елорда шеберлерінің қиялынан туған бұл туындылар қала тұрғындары мен қонақтарының көз қуанышына айналып, мерекелік көңіл-күй мерейін асқақтата түсті. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Астана Наурыз мейрамына жан-жақты дайындықпен келді.

Бұл мерекеде қала тұрғындары мен қонақтарына көрсетілетін мерекелік жəне мəдени-бұқаралық шаралар ауқымы да кең. Биыл мереке күндері қаламызда 40-тан

астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Мерекелік шаралар шоғыры Астанада алғаш рет өткізілгелі отырған бірегей жарық шашу шоуымен басталды. Бұл айтулы шараны бельгиялық дизайнерлер Астана үшін арнайы əзірлеп əкелген. Бұдан бұрын, АҚШ, Бельгия көрермендерін таң қалдырған бірегей жарық шашу шоуы енді астаналықтардың көзайымына айналып отыр. Осы күні «Жастар» сарайында Наурыз мейрамына арналған

жастар арасында «Би аумағы» би байқауы өтті. Оған Қарағанды, Астана, Қостанай жəне Жезқазған қалаларынан 100-ден астам жас өнерпаздар қатысты. Мерекелік шаралар аясында 21 наурызда сағат 18.00-де Бейбітшілік жəне келісім сарайында театрландырылған көріністер жəне Қазақстанның барлық өңірлерінен келген өнерпаз ұжымдардың концерті өтеді. (Соңы 3-бетте).

Туризмніѕ тїтіні тїзу ўшса, тўрмыс Кґліктегі кеѕ кґлемді ґзгерістер та тїзеледі саланы дамытудыѕ заѕды тетіктерін жасайтын болады Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында депутаттар күн тəртібінде көлік мəселелерін, Қазақстан мен Ресейдің əскери-техникалық ынтымақтастығын талқыға сала отырып, Испаниямен арадағы шартты ратификациялау туралы заң жобаларына қорытынды əзірлеу мерзімін белгіледі.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Көлік мəселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда Көлік жəне коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев баяндап берді. Министрдің айтуынша, заң жобасы отандық көлік саласының бəсекеге қабілеттілігін жəне қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында əзірленген. Автомобиль көлігі саласы бойынша автовокзалдың үштен бірі (35 пайызы), автостансалардың жартысынан астамы

Оралхан ДƏУІТ,

(52 пайызы) талапқа сай келмейді. Автобустарды жөнелтетін кездейсоқ орындар пайда болуда. Такси инфрақұрылымы нашар дамыған. Жағдайды жақсарту мақсатында автовокзалдар мен автостансалар жəне тасымалдаушыларға бірыңғай стандарттар енгізу ұсынылады. Ал жолаушыларға қолайлы болу үшін электронды билет сатуды енгізуді көздейтін норма қарастырылған. Сонымен қатар, автостансалар мен елді мекендерде жолаушыларға қызмет көрсету желісін дамыту жоспарлануда екен.

Əрине, Төлеби ауданының төбесінен төніп тұрған Талас Алатауының етегіндегі демалыс орындарын түріктің таңғажайып шипажайларымен салыстыруға келмес. Бірақ, соңғы жылдары Оңтүстіктің туризм саласына жан бітіп, əсіресе, осы əсем таудың көк жасыл баурайы нағыз демалыс аймағына айналып шыға келді.

(Соңы 2-бетте).

(Соңы 3-бетте).

«Егемен Қазақстан».

23 елді мекенніѕ суда ќалу ќаупі бар «Егемен Қазақстан».

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар мемлекет басшыларына Наурыз мерекесіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Рес пуб ликасының Президенті Ислам Каримовке жолданды. «Көктемнің шуақты Наурыз мерекесі елдерімізге құт-береке, бақыт пен шаттық жəне гүлдену əкелсін» делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшыларын ортақ мейрам – Наурыз мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық, еңбекте жеміс жəне əр бастамаларына табыс, бауырлас халықтарға бейбітшілік пен жасампаздық тіледі.

Алтайдаєы кґктем мерекесі

Сақтансаң – сақтайды

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,

Ќўттыќтау жеделхатын жолдады

көлемнен əлдеқайда көп. Көп жылғы тəжірибеге сүйенген мамандар наурыз айының аяғы мен сəуірдің басында өзендер арнасынан тасиды деп болжап отыр. Көктемгі су тасқыны облыстың барлық аумағында бір мезгілде болмауы заңды құбылыс. Облыстың оңтүстігі саналатын Торғай өңірінде наурыздың 22-25-терінде қар толық еріп, сай-сала қарғын суға толады. Ал солтүстік аудандарда бұдан сəл кешірек, сəуір айының 2-5-тері аралығында қар қарқынмен еріп, ол айдың аяғына дейін ұласады деген болжам бар. Мамандардың айтуынша, Амангелді, Денисов, Науырзым, Таранов, Федоров аудандарындағы жəне Арқалық

қаласы маңайындағы 23 елді мекенді қар суы басып қалуы ықтимал. Бұл елді мекендерде 5 154 адам тұрады. Оның сыртында борандарда қар үріп тастаған тасжолдар да суда қалып, жолаушыларға қиындық тудыруы мүмкін. Тіпті су тасқыны қатты болса, темір жол өтетін жерлердің де суда қалу қаупі жоқ емес. –Тобыл, Əйет, Тоғызақ, Торғай мен Қараторғай өзендерінің арнасы бұрнағы жылдарға қарағанда, толық болады, – дейді Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы Дəуіт Жұмабаев. – Су тасқынына дайындық жұмыстары қыс айынан-ақ басталды. Негізгі жолдарды қардан тазалауға 247 техника тартылды. Ал су тасқыны

болуы ықтимал аудандар мен қалаларға құм, қиыршық тас жəне өзге де керек-жарақтарды 417 техника тасиды. Облыста негізінен бес су қоймасы бар. Соның арасында Жоғары Тобыл жəне Қаратомар су қоймаларына 1 миллиард 402 миллион текше метр су сыяды. Қазір оларға 1 миллиард 21 миллион текше метр су жиналды. Əлі 381 миллион текше метр бос орын бар. –Бізге су негізінен Ресей жақтан келеді. Челябілік мамандардың айтуына қарағанда, нормадағы 53 миллион текше метрдің орнына 81 миллион текше метр су келуі мүмкін. Судың мөлшерінің аз-көптігін уақыт көрсетеді, – дейді «Қостанайсушаруашылығы»

аумақтық кəсіпорнының директоры Жамбылбек Райымқұлов. Қарғын суда қалмау үшін дайындық жұмыстарына қаржы да аз бөлінген жоқ, жаттығу оқулары жүріп жатыр. Дегенмен, Таран, Əулиекөл аудандарында су қаупі өте күшті. Су тасқыны орташа болған күннің өзінде Таран ауданында «аралда» қалатын ауылдар бар. Қар көп жауған жылдары қызылсудан азап шегетін жітіқаралықтардың биыл бұл қиындықтан көзі ашылады. Желқуар су қоймасының сол жағынан жаңа канал салынып, су реттелетін болды. Қостанай облысы.

Алтайда да Наурыз басталып кетті. 20 наурызда облыс əкімі Бердібек Сапарбаев Республика алаңында өңірдің емдеу-профилактикалық мекемелері мен санитарлық автокөлік өкілдеріне қажетті құралдар мен жаб дықтары бар 18 көліктің кілтін салтанатты жағдайда тапсырып, денсаулық саласы қызметкерлерін мерекемен құттықтады. «Жедел жəрдем» көліктері аудан мен қалалардағы денсаулық сақтау мекемелері қызметкерлеріне тапсырылды. Сол күні облыстық телекоммуникация дирекциясы алдында Наурызға арналған «флеш-моб» өтіп, жүзден астам қала тұрғындары мен мекеме қызметкерлері «Қара жорғаны» нақышына келтіріп орындады. «Біздің мақсатымыз – өскемендіктерді Наурызбен құттықтап, ұлттық бидің қадырқасиетін кеңінен түсіндіру», дейді мекеме басшысының орынбасары, техникалық директор Александр Скорнас. Тамаша билегендерге сыйлықтар үлестіріліп, Наурыз көжеден дəм татты. Металлургтер сарайы алдында да балаларға арналған «Наурыз-думан» мəнді де сəнді өтті. Салтанатқа жиналған

балалар үйлері мен мектеп оқушылары ұлттық мереке жайлы кинофильмді тамашалап, наурыз көже ішті, бауырсақтан дəм татты. Театрландырылған көріністі мазмұнды өткізген облыстық мəдениет басқармасы қызметкерлеріне балалар алғысын жаудырды. Өскемен қаласының əкімі Серік Тəукебаев ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінде биылғы Ұлыстың ұлы күні əз Наурыздың өзгеше аталып өтетінін айтқан еді. Сол рас болып шықты. Қазір қала көшелері қардан тазартылып, түрлі шамдар жанып, қала мереке құшағына бөленді. Облыс орталығының 16 шағын ауданында 21-25 наурызда сексенге жуық іс-шаралар өтпек. Бір Өскеменнің өзінде 50-ден астам киіз үйлер тігіліп, қала жұртшылығы Наурыз көжеден дəм татып, алтыбақан тебеді, ұлттық ойындарды тамашалайды. Ол ол ма, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген биікке тартылған арқанмен жүрушілер, сайқымазақтар, балуандар мен жануарларды үйретушілер, отты ауыздарынан шашушылар қала тұрғындарын ерекше əсерге бөлемек. Елімізде теңдесі жоқ палау фестивалі де Наурыздың салтанатын паш етпек. Шығыс Қазақстан облысы.

Ізгілік иірімдері

Молдасейітовтіѕ мырзалыєы Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Мадияр – сабақ үлгерімі жақсы, өмірге құштар жеткіншек. Сыныптас құрдастарымен тату, көпшіл, белсенді. Бесінші сыныпқа дейін балалық шақтың бал күндерін еш уайымсыз өткізді. Алайда, соңғы үш-төрт жыл ол үшін оңай болмады. Жас бала дертке шалдығып, өткен жылы дəрігерлер оған аңқа онкологиясы деген диагноз қойды. Бүгінде жеткіншек өз өмірі үшін арпалысуда. Неміс дəрігерлері Мадиярдың өмір сүруге мүмкіндігі бар екенін айтқан. Ол үшін əлі үш курс химиятерапия емін қабылдауы қажет. Бұл емнің бала денсаулығына оң əсерін тигізетініне сенім мол. Бірақ, шетелдегі емнің арзан болмайтындығы белгілі. Жəне оған отбасының да жағдайы келмейді. Өткен апта соңында оқушылардың бастамасымен Шымкент қаласындағы Балалар жəне жасөспірімдер сарайында № 9 лицейдің оқушысы Мадияр Ақынов тың Германияда ем алуына қажетті қаражат жинау бойынша қайырымдылық акциясы болып өтті. Қайырымдылық шарасында оқушылардың қол еңбектері қойылып, оларды кəсіпкерлер мен қала тұрғындары сатып алып, қаржы арнайы есеп-шотқа аударылды. «Мадиярдың басына түскен ауыртпашылыққа бей-жай

қарамастан, бастама көтеріп, жан жылуын бөлісіп отырған балаларымызға, депутаттарға, басқа да азаматтарға алғысымды білдіремін! Бұл қайырымдылық акциясы Ұлыстың ұлы күні – Наурызға тұспа-тұс келіп отыр. Ата-бабаларымыз наурызды береке – бірлік, қайырым мейрамы ретінде қарап, мұқтаж жандарға көмек көрсетуді ұмытпаған. Тарихымызда дəулетті адамдар «шүлен таратқан» деп ағынан жарылған Шымкент қаласының əкімі Қайрат Молдасейітов жəшікке жарты миллион теңге тастады. Оқушылардың осынау қайырымдылық ісіне, жолдастарына деген адалдығына, жанашырлығына елдің бəрі риза болды. Бұл күні оқушылардың қолынан шыққан дүниелер тез сатылып кетті. Игілікті бастамаға қолдау білдіріп, көмек қолын созуға асыққан кəсіпкер, халық қалаулылары жəне басқа да азаматтардың арқасында бұл күні 2 миллионға жуық теңге жиналды. Сонымен қатар, Шымкент қаласы əкімдігінің бастамасымен осы күні əл-Фараби алаңында тұрмыс жағдайы төмен, көмекке мұқтаж 1000 отбасыға бір қап ұн мен бір арнайы құтыдағы өсімдік майы таратылды. Қала кəсіпкерлерінің есебінен жиналған азық-түлік түріндегі көмек мұқтаж жандардың үйлеріне жеткізіліп берілді. Оңтүстік Қазақстан облысы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.