АРМЫСЫЅ, ƏЗ НАУРЫЗ!
24 саєат
№55 (28279) 21 НАУРЫЗ ЖҰМА 2014 ЖЫЛ
Ўлыстыѕ ўлы кїні
Əлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуды мақсат еткен елімізде ерекше құрметпен, ұлттық нышанмен аталып өтетін мерекелердің бірі – Наурыз мерекесі. Өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғында Наурыздың алғашқы рет тойлануы тек қазақтардың ғана емес, елімізде қоныстанған басқа да түбі бір түркі, шығыс халықтары еңсесін көтеріп, бір түлетті. Халық көзіне жас алып, «өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды» деп ерекше бір толқыды. Халықтың Наурызды зарыға күткені соншалық, сол жылы Наурыз мерекесі қыркүйек айының ортасына дейін тойланды. Бұрын-соңды елімізде мұндай ауқымды той болмаған деседі. Содан бері Наурыз мерекесі халқымыздың жылдан-жылға асыға күтетін ұлттық ұлық мерекесіне айналды.
Елбасы ќабылдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Серік Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында С.Ахметов еліміздің қазіргі əлеуметтікэкономикалық дамуы, негізгі мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы жəне Үкіметтің
кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады. Сонымен қатар, одан арғы экономикалық өсімді қамтамасыз
Алдаєы отырыстыѕ кїн тəртібі ќаралды
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Палата Төрағасы Қ.Тоқаев бірқатар сенаторларға ТМД Парламентаралық Ассамблеясының наградаларын табыс етті. Атап айтқанда, ТМД ПАА Кеңесінің шешімімен Елеусін Сағындықов «Достастық» орденімен, Хусаин Валиев пен Орынбай Рахманбердиев «Парламенттік
ын тымақтастықты нығайтқаны үшін» медалімен марапатталды. Бюро мүшелері палатаның 27 наурызда болатын отырысының күн тəртібін қарады. Отырыста 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану
Жалаќыда бґле-жару болмауєа тиіс
Сенаторлар осындай талап ќойып отыр Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев палатаның кешегі кезекті жалпы отырысында əріптестерін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады. «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Сіздерге табыс тілеймін, аманшылық болсын!», деді Қ.Тоқаев өз сөзінде. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Жалпы, Сенат кеше алты мəселені қарап, талқыға салды. Күн тəртібінде бірінші тұрған Қазақстан мен Вьетнам арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялауға құрылған заң жобасы бойынша баяндаманы Əділет министрі Берік Имашев жасады. Баяндамашының сөзіне қарағанда, Келісім құқықтық көмек көрсетудің шарттары мен тəртібін, сондай-ақ, оны ұсыну мүмкіндігін болдырмайтын мəн-жайларды реттейді. Өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініш оны алған күннен бастап тоқсан күн ішінде орындалады. Сонымен қатар, Келісімде өтінішті орындауды кейінге қалдыру да қарастырылған жəне де қарсы жақты хабардар ету үшін отыз күн беріледі. Осындай келісімдер Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Корея, Пəкстан, Грузия, Үндістан, БАƏ, Түрікменстан, Моңғолия, Əзербайжан, Литва жəне Түркия сияқты 13 елмен жасалған. Заң
жобасы бойынша пікір білдірген сенатор Орынбай Рахманбердиев халықаралық заңдық құжаттың ағылшын, орыс жəне вьетнам тілдерінде əзірленгендігін, келешекте мемлекеттік тілде жазылуы тиістігін орынды атап кетті. Мұндай уəжбен Сенат Төрағасы да келісті. Сөйтіп, заңдық құжат қабылданды. Бұдан кейін қаралған «Ең төменгі жалақыны белгілеу рəсімін жасау туралы конвенцияны (26-конвенция) ратификациялау туралы» заң жобасы да депутаттар тарапынан қолдау тапты. Халықаралық еңбек ұйымы БҰҰның Еңбек қатынастарын реттеумен айналысатын мамандандырылған мекемесі болып табылады. Ұйымға мүше елдер ХЕҰ конвенцияларын орындауға міндеттеме қабылдай отырып, тиісті жағдайлардың жасалуына орай ратификациялайды. Қазіргі кезде бұл ұйымға 185 ел мүше болып кірген. Еліміз бұл ұйымға 1993 жылы кіріп, оның 21 конвенциясын ратификациядан өткізіпті. (Соңы 4-бетте).
етудің жəне азаматтардың əлауқатын арттырудың негізгі мəселелері қаралды. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
туралы хаттаманы ратификациялау туралы, заңнамаға əлеуметтік қамсыздандыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым), «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014-2016 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңға өзгеріс енгізу туралы, «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын қарау жоспарланды. Бюрода Мəжілісте мақұлданған заң жобаларына Сенаттың бас комитеттері белгіленді.
Оймақтай ой Тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп. Күлтегін.
Балтабай МЕКЕЖАНОВ,
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқармасының жетекшісі.
Наурыз мерекесін тойлау дəстүрі дүниежүзінің көптеген халықтарының тұрмыс-салтында ерте замандардан бері бар екені белгілі. Содан болу керек, Наурыз жайынан сөз қозғағандардың кейбірі оны басқа халықтардың еншісіне байлап, парсы тіліндегі «жаңа күн» деген сөзімен байланыстырады. Ал, қазіргі білеріміз, Наурызды қазақ халқының ықылым заманнан тойлап, «Ұлыстың ұлы күні» деп ерекше атағаны. Яғни, оны халқымыз
Ұлыстың – мемлекеттің басты, қадірлі де қасиетті күндерінің бірі деп білген. Содан да болар, Наурыз мерекесімен алғаш қауышқан кезеңде заман дастарымыздың оны мереке, той деп қана емес, өздерінің ел санатына кіргендігінің белгісі деп əріден ойлап, алты айдай тойлағаны. Наурыз мерекесі жайын əріде Шығыстың ұлы классиктері Əбу Райхан əл-Бируни, Ибн Балха, Омар Хайям, Қожа Хафиз еңбектерінен оқып білсек, беріде халқымыздың кемеңгер ұлдары ұлы Абай, Шəкəрім өлеңдерінен таба аламыз. Мəшһүр-Жүсіп Көпеев, Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мұхтар Əуезов, Сəбит
Ќўрметті ќазаќстандыќтар! Ќымбатты отандастар! Баршаѕызды Ўлыстыѕ ўлы кїні – Наурыз мерекесімен шын жїректен ќўттыќтаймыз! Жаѕару мен жарасымды ынтымаќтыѕ, еѕсесі биік елдіктіѕ, іргесі сґгілмес бірліктіѕ, ырыс пен молшылыќтыѕ арќауы болєан əз Наурыз əр шаѕыраќќа шаттыќ пен ќуаныш əкелсін! Наурыз – сонау кґне заманнан тамырын тартќан, тарихи мазмўны тереѕ, əлеуметтік-рухани мəні мен маѕызы зор мейрам. Осы ќасиетті мерекеніѕ əр сəтінен ўлтымыздыѕ
болмысын, салт-дəстїріміздіѕ айќын наќышын кґреміз. Жаќсылыќтыѕ жаршысындай болєан атаулы кїнді халќымыз аќ тілеудіѕ, пəк пейілдіѕ нышаны ретінде ќабылдайды. «Ќазаќстан-2050» Стратегиясыныѕ негізгі мəні – барша отандастарымыздыѕ əл-ауќатыныѕ жыл сайын ўдайы артуы деп Елбасы Нўрсўлтан Əбішўлы Назарбаев айтќандай, келіп жеткен жаѕа жыл айтулы нəтиже мен ауќымды жетістіктерге толсын!
Ўлыстыѕ ўлы кїні елімізге, жерімізге ќўт-береке əкеліп, ізгілікті істер мен асќаралы армандарєа бастасын! Тəуелсіздігіміз тўєырлы, егемендігіміз еѕселі болсын! «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі.
Дөнентаевтар да оған көңіл қойып, кейінгілер үшін жазба деректер қалдырды. Дегенмен, Наурызды тойлаудың елімізде əлі де жүйеленбегені, тіпті, əдеттегі Жаңа жыл мерекесін тойлаудың дəрежесіне жете қоймағандығы көпшіліктің аузында. Содан да болса керек, біз Наурызды сөз еткенде əріден есіп, шет халықтарының əдет-ғұрпынан, салт-дəстүрінен, аңыз-ертегісінен жауаптар іздеуге икемделе береміз. Ол көрші, туыстас халықтардың тұрмыстіршілігінде орын алған болса, оған да табиғи, тарихи негіздер, шаруа-кəсіптің ортақтығы əсерін тигізуі əбден ықтимал. (Соңы 2-бетте).
Венесуэладағы билікке қарсы наразылық акциялары жалғасып жатыр. Кеше сондай шараға қатысушылардың бірі, студент жігіт қаза тапты. Жалпы, елдегі əлеуметтікэкономикалық жағдайға көңілі толмайтындардың наразылықтары басталған екі айға таяу уақыт ішінде елде 30 адамның қазаға ұшырағаны белгілі болып отыр. Малайзияның Қытайға ұшып шығып, жолай жоғалып кеткен Боинг-777-200 жолаушылар ұшағы екі аптаға жуық уақыттан бері 29 елдің қатысуымен іздестіріліп жатыр. Соңғы мəліметке сүйенсек, Үнді мұхитының оңтүстігінен бірнеше бөліктен тұратын, ең үлкені 24 метр ді құрайтын ұшаққа ұқсас объектілер байқалған. Бірақ оларды нақты ұшақ сынықтары деуге əлі ертерек сияқты. Таиланд полициясы екі ресейлік азамат – Яна Стрижеус пен Алексей Сла бинскийді ұрлап кетті деп күдік келтірілген екі адамға іздеу жариялады. Ресейліктер Пхукетке Владивостоктан келген көрі неді. Ұрланғаннан кейін Я.Стрижеус туысқандарына хабарласып, кепілге алғандар 100 мың доллар төлем талап етіп отырғандарын жеткізген. Содан бері ұрланғандардан хабар-ошар жоқ екен. Канадада жергілікті үндістер Онтарио про винциясындағы теміржолды жауып тастаған. Бұл желі провинцияны ел астанасы Оттавамен жəне басқа да ірі қалалармен жалғастырады. Наразылық акциясы 10 сағатқа созылған. Кейін пойыздар қозғалысы қайта жал ғасқан. Теміржол жабық кезде билік басындағылар қосымша автобус маршруттарын ашқан. Ал наразылық білдірушілер биліктен үндіс əйелдерін өлтіру ісі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуді талап еткен. Канадада 34 млн. халық тұрса, оның 732 мыңы үндістер болып табылады. Жапонияның атақты «Тойота» компаниясы АҚШ тарапының талап етуімен 1,2 млрд. доллар айып төлейтін болды. Бұған Америкаға сатылған автокөліктердің басқару жүйесіндегі ақау себеп екен. Көптеген шағымдарға қарамастан, компания осы күнге дейін көліктерде ақау жоқ деп жалтарып келсе керек. Бірақ ақырында компания көліктердегі ақауды мойындауға мəжбүр болып, айып төлеуге келіскен жəне бұл «Тойотаның» рекордты айыбы болып табылады. Грекия əскери-теңіз күштері жақында үш Туре 214 сүңгуір қайықтарымен толықпақ. Бұл туралы осы елдің қорғаныс министрі Деметриос Аврамопулос жария етті. Аталған сүңгуір қайықтарды Грекия флотының құрамына алу 2015 жылға жоспарланыпты. Корабльдерді Грекия қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жаңғыртуға 75,5 млн. еуро жұмсалмақ көрінеді. Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде əзірленді.
Ќымбатты отандастар! Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді жылдың басы – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтайды! Наурыз барша жұрт асыға күтетін жалпыхалықтық мереке, елдік дəстүр. Халқымыз үшін бұл күн қашанда ырыс пен ынтымақтың, татулықтың, жаңарудың мерекесі. Ұлыстың ұлы күні елдің бірлігі бекіп, елдік мұраттар сабақталады. Ағайын өткеннен қалған өкпе-назын ұмытып, төс қағысып сəлемдесіп, бір дастарқаннан дəм татады. Бұл күні табиғат ұйқысынан оянып, күн сəулесі шуағын шашады, құстар əн салып, дала жасыл желекке оранады. Əз Наурыз келгенде жер дүние жаңарып, табиғат түлеп, төрт түлік төлдеп, дастарқан аққа толады, елдің мерейі үстем болып, жер үстінде шаттық тойы, береке тойы басталады. Халқымыздың сүйікті мерекесі бүгінгі өмірімізге еніп, ата салтымыздың жаңғыруының, дəстүрлер сабақтастығының жарқын белгісіне айналды. Өткенімізден қуат алып, келешегімізге шуақ шашатын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің біздің басты қазыналарымыз – елдік жарасым мен қоғамдық келісімді, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуда маңызы ерекше. Осындай құндылықтарымызды сақтай отырып, біз ұлы мұратымыз «Мəңгілік Ел» болу жолында еліміздің Тəуелсіздігін нығайтып, бірлігін бекем ұстаймыз. Құрметті отандастар! Наурыз, ынтымағы жарасқан елімізді молшылыққа, ал əр шаңырақты бақыт пен шаттыққа толтырсын деп тілейміз. Əрбір адамға бақ-береке тілейміз! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын! Қазақстан халқы Ассамблеясы.