21032015

Page 1

ƏЗ НАУРЫЗ ЌЎТ-БЕРЕКЕ ƏКЕЛСІН! №54 (28532) 21 НАУРЫЗ СЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Ґзара ынтымаќтастыќтыѕ маѕызды ќырлары талќыланды

Кеше Астанада Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттері басшыларының үшжақты кездесуі болып өтті. Осы басқосу қарсаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көліктік ынтымақтастықтың басымдығы бар салаларын қарастырды. Қазақстан мен Ресей президенттері, сондайақ, халықаралық жəне өңірлік күн тəртібіндегі өзекті мəселелерге тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев өзара іс-қимылдың қазіргі ахуалы мен екіжақты қарымқатынастардың одан əрі даму жайын талқылау үшін бұл кездесудің маңыздылығын атап өтті. – Алда алуан түрлі оқиғалар тұр, соның ең бастысы – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы. Сонымен қатар, біздің еліміз ТМДға төрағалық етеді, соған байланысты Астанада Достастық мемлекеттері басшыларының кездесуі өтетін болады. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумын өткізу жоспарланған. Жалпы, екіжақты іс-қимылдың көптеген мəселелері тиісінше шешілуде, – деді Қазақстан мемлекетінің басшысы. Қазақстан Президенті үш мемлекет басшысының кездесуі өңірде жəне əлемде болып жатқан оқиғалар жөнінде пікір алмасуға, сондай-ақ, жаһандық экономикадағы дағдарыс көріністеріне қарсы тұру шараларын пысықтауға мүмкіндік беретінін айтып өтті. Владимир Путин үшжақты кездесу өткізу

туралы бастамасы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді. – Біз үшін жақын серіктес жəне одақтастың бірі болып саналатын Қазақстанға əрдайым зор ықыласпен келемін. Əлемдік экономикадағы ахуал оңай болып тұрған жоқ. Қазақстанда жəне бүкіл посткеңестік кеңістікте, соның ішінде, Сіздің тікелей қатысуыңызбен құрылып жатқан экономика мен əлеуметтік сала жұмысының негіздері қиындықтарды еңсеруге септігін тигізеді деп сенемін. Əрине, біз мұны бұдан бұрынғы жылдардағыдай бірлесіп атқарсақ, бүгінгі қалыптасқан қиын жағдайдан оңай шыға аламыз, – деді Ресей Президенті. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың бірқатар мəселелері талқыланды. Сондай-ақ, əлемдік экономикалық дағдарыс тудырған қиындықтарды еңсеру мəселелері туралы да сөз болды. Бізге белгілі болғанындай, Қазақстан мен Ресейдің сыртқы экспортының өзегін құрайтын мұнай мен газ бағаларының əлемдік рынокта құлдырауы елдер экономикасына кері əсерін тигізуде. Осының ықпалында екі елдің арасындағы өзара сауда көлемінің төмендегендігі байқалады. Жалпы, бұл құбылыс барлық елдер арасындағы экономикалық қатынастарға тəн проблема болып отыр. Кездесу барысында қазіргі кезеңнің осындай күрделі де тосын проблемаларын бірлесе отырып еңсеру мəселелері басты əңгіме арқауына айналды.

Кїн тəртібі наќтыланды

Кеше палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тəртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Депутаттар назарына «Бітімгершілік қызмет туралы» заң жобасын ілеспелі түзетулермен бірінші оқылымда, ал, «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы жəне өтемақы шаралары туралы» заң жобасын ілеспелі түзетулермен екінші оқылымда қарау ұсынылады. Сондай-ақ, Мəжіліс жалпы отырыста екі

ратификациялық құжат бойынша, атап айтсақ, Қырғыз Республикасымен Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісімді жəне Шекара өкілдерінің қызметі туралы қазақстандыққырғызстандық үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты заң жобалары бойынша қорытынды əзірлеу мерзімін тағайындайды.

Əйелдер їлесі артады

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықованың төрағалық етуімен Президент жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті. «Егемен Қазақстан».

Басқосуда Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын іске асыру аясында еліміз экономикасының индустриялықинновациялық дамуына əйелдердің қатысуын арттыру мəселелері қаралды. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде алдымызға бірқатар міндеттер жүктеген болатын. Атап айтқанда, бес институттық реформаны алға тарта отырып, экономикалық

бағдарламаларды сапалы жүзеге асыруды жəне мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы, кəсіби жəне автономиялы мемлекеттік аппаратты қалыптастыруды, экономикалық өсім үшін негіз болатын заңның үстемдігін қамтамасыз етуді, сонымен қатар, индустрияландыру жəне əртараптандыруға негізделген экономикалық өсімге қол жеткізуді, болашағы біртұтас ұлт пен транспарентті жəне есеп беруші мемлекет құру туралы айтқан болатын. (Соңы 2-бетте).

Ғарифолла ЕСІМ, академик.

Экономикалыќ даєдарыс ќўбылыстары бірлесіп еѕсерілмек Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың жəне Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің кездесуі болып өтті. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Елбасы осы кездесу үшін Астанаға келген Александр Лукашенко жəне Владимир Путинмен осының алдында екіжақты кездесулер өткізіп, онда екіжақты қатынастардың мəселелерін талқылаған болатын. Бұл жөніндегі хабарлар газетімізде жеке берілген соң бұған тоқталып жатпаймыз. Ал үшжақты кездесу барысында мемлекеттер басшылары өзара сауданы жəне үш елдің экономикалық өзара ықпалдастығын арттыру мəселелерін қарастырды. Бұдан бөлек, президенттер əлемдік экономикадағы үрдістердің дамуын, сондай-ақ, Украинадағы қазіргі орын

алып отырған жағдайды талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев дағдарыс көріністері тұрғысынан əлемдегі қазіргі ахуалды талқылау үшін бұл кездесудің маңыздылығын атап өтті. – 2007-2009 жылдардағы дағдарыс жаһандық сипатта болған еді, ал қазіргісі өңірлік бағыт алып отыр жəне энергия ресурстары мен біз өндіріп жатқан тауарлар бағасының төмендеуінен туындады. Біз мұндай қатердің боларын болжадық, ендігі міндетіміз – бірлескен шаралар əзірлеп, осы кезеңнен сəтімен өтіп шығу, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, өзге елдерге де əсерін тигізіп отырған Украина дағдарысына қатысты пікір алмасу қажеттігіне тоқталды.

Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасы мен Халыќаралыќ Ќайта Ќўру жəне Даму Банкі (энергия тиімділігін арттыру жəне жастар бірлестіктерін дамыту баєдарламасы їшін бір донордыѕ Траст ќоры əкімшісі ретінде əрекет етуші) арасындаєы Грант туралы келісімді (Энергия тиімділігін арттыру жобасы) ратификациялау туралы

● Оймақтай ой Бүгінгіде болашақтың белгісі бар.

Қазақстан Президенті бағыт-бағдарды өзара үйлестіріп, перспективалы мəселелерді талқылап отыру үшін жиі жəне тұрақты кездесулер өткізудің маңыздылығына назар аударды. Беларусь жəне Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаевқа Астанаға шақырып, көзделген мəселелерді талқылауға мүмкіндік жасағаны үшін алғыстарын жеткізді. Мұнан кейін Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы жəне Ресей Федерациясы президенттері кездесуінің қорытындысына арналған бірлескен брифинг өткізілді. Алдымен сөз бастаған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үш ел экономикасының биылғы дамуы бұдан арғы ықпалдастықтың мəселелерін егжей-тегжейлі қарастыруды жəне туындайтын проблемалар мен мəселелерді шешуді қажет ететінін атап өтті. (Соңы 2-бетте).

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 19 наурыз. №296-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы Халыќаралыќ əуе тасымалдарыныѕ кейбір ќаєидаларын біріздендіруге арналєан конвенцияны ратификациялау туралы 1999 жылғы 28 мамырда Монреальда жасалған Халықаралық əуе тасымалдарының кейбір қағидаларын біріздендіруге арналған конвенция ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 19 наурыз. №297-V ҚРЗ

(Соңы 5-бетте).

Бүгінгі нөмірде:

НЫЄМЕТ

айы

Жан Анри ФАБР.

2014 жылғы 18 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкі (энергия тиімділігін арттыру жəне жастар бірлестіктерін дамыту бағдарламасы үшін бір донордың Траст қоры əкімшісі ретінде əрекет етуші) арасындағы Грант туралы келісім (Энергия тиімділігін арттыру жобасы) ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Наурыз мейрамы – күн мен түннің теңесуі. Бұл адамдар теңдігінің табиғи негізі. Адам теңдігі – адамзаттың асыл мұраты. Адам теңдігі туралы толып жатқан ілімдер, теориялар, концепциялар, діндер дүниеге келді. Бұл, Наурыз мейрамы – адам теңдігінің ғарыштық үндес тігі. Адам табиғаттан, ғарыш тан тыс болмақ емес. Күн мен түннің теңесуі – адам бойындағы асыл қасиеттердің таразылануы, реттелуі, айқындалуы. Сондықтан, бұл мейрамның теңдесі жоқ. Адамның табиғатпен үндестігі, оның əлеуметтік жағдайының ғарышпен үндестігі – аса биік ұғым. Сондықтан, бұл мейрамды кезінде əлем халықтары атап, тойлап отырған. Бірақ əртүрлі оқиғаларға, дүниетанымдық ұстанымдарға, саяси ынталарға байланысты бұл мейрам планетарлық мағынасынан айырылып, бізге жетті. Ендігі ақпараттық қоғамда, жаңаша ойлау заманында адамдардың табиғатқа, ғарышқа тəуелділігін ғылыми негізде мойындаған заманда Наурыз мейрамы қайтадан, əлемдік деңгейге көтерілетіні анық. Себебі, тағы да қайталап айтамын, бұл мейрам адам мен ғарыштың табиғи тұтастығы, үндестігі туралы. Наурыз мейрамына жаңаша көзқарас мынадай бірнеше мəселелерге назар салуды қажет етеді. Біріншіден, Наурыз – Жыл басы. Осы ұғым өз мағынасында қалыптасуы керек. Наурыз Жаңа жыл емес, оны Жыл басы деп қабылдау – табиғатты мойындау. Наурыз айы туғанда Күннің нұрымен Айдың сəулесімен, Жердің қызуымен тіршілік ғұмыры басталады. Табиғат оянады, өсіп-өну өріс алады. Сезімдердің сыр шертуіне мүмкіндік туады. Ертеде Наурыз айында бозбалалар көңілі қалаған бойжеткендерге айна, тарақ, иіссу сыйласа, олар кестелі орамал сыйлаған.

6-бет

Саздыѕ саналуан сыры СОЄЫСЌА «СОЦИАЛИСТІК ЌАЗАЌСТАННАН» АТТАНЄАН 7-бет

МОЙЫНҚҰМ 9-бет

8-бет

ÀØÀÐØÛËÛÊ

-

Эльмира МƏТІБАЕВА,

Адам мен табиєат їндестігі

ÀÍÀÒÎÌÈßÑÛ

13-бет

Ќаратаудан ўзатылєан ќызєалдаќ 14-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
21032015 by Egemen - Issuu