Бїгінгі нґмірде: Ґмір сїрудіѕ еѕ басты ќаєидасы – Ўят 6-бет Комбаттыѕ оралуы 8-бет Əлем экономикасыныѕ ґлшемі – мўнай 10-бет 23 мемлекет ґкілдері ќатысќан тоєызќўмалаќ ойыны 18-бет
№72 (28550) 21 СƏУІР СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Нўрсўлтан НАЗАРБАЕВ:
Алматы – мəѕгілік кґктем ќаласы Сенбі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы мемлекет үшін де, оңтүстік шаһар үшін де аса маңызды нысандарды аралап көрді. Президент алдымен мегаполистегі соңғы салынған ең заманауи сауда-ойын-сауық орталығын аралап, осыдан кейін жолаушыларын тасуға дайын тұрған «Сайран» жəне «Мəскеу» метро стансаларын ашып беріп, сапарын бір кездері «Алматының ауылдары» атанған Алатау ауданында жалғастырды. Елбасы кешке қарай оңтүстік астана жастары дүркіреткен думан – «Алматы көктемі» фестиваліне қатысты.
Бїгінде тек жўмыс істеу керек – деді Елбасы Алматы облысыныѕ Ќарасай ауданында ґткен «Ауылым – алтын бесігім» атты форумда
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кіндік қаны тамған Қарасай ауданында болды. Күллі жетісулықтың тілегін арқалаған 10 мың жамиғат Алматының іргесіндегі Қасқелеңге жиналды. Себебі, Мемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапары аясында «Ауылым – алтын бесiгiм» атты Қасқелең қаласында өткен салтанатты шараға қатысып, сөз сөйлеген еді.
«Dostyk Plaza» – заманауи орталыќ
Қазіргі таңда Алматыға көкейкесті мəселенің бірі – қара базарларды біртіндеп жауып, жабайы сауда түрін жойып, оларды жайлы, жылы əрі қаланың көркін арттыратын көркем ғимараттарға көшіру екені аян. Осынау ауқымды іс оңайлықпен жүзеге асып отырған жоқ. Деген мен, қала билігі бұл мақсатты біртіндеп еңсеруде. Сəн-салтанаты келіскен гипер, супермаркеттер мен моллдар бой көтеруде. Соның бірі сенбі күні Елбасы арнайы атбасын бұрған «Dostyk Plaza» сауда-ойын-сауық орталығы. Мемлекет
басшысы бірінші кезекте қай жағынан алсаң да заманауи келбетке ие орталықтағы «Made in Kazakhstan» брэндімен өндірілген өнімдермен танысып, қазақстандық тауарларды сатып алды. Қазақстан Президентіне қала базарлары мен көлік инфрақұрылымын қайта жөндеу барысы жəне жаңа
сəулеткерлік жобалар туралы баяндалды. Достық даңғылы бойындағы ең алып дүкен – «Dostyk Plaza» орталығы 2014 жылы ашылған. Үш қабатты кешен ғимаратында 174 дүкен, 18 дəмхана жəне мейрамхана, сондай-ақ, 10 залдан тұратын кинотеатр бар. (Соңы 2-бетте).
Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
«Жер жəннаты Жетісудың түкпір-түкпірінен ат терлетіп, жиналып отырған отандастарым, қазақта «Ауылым – алтын бесігім» деген киелі сөз бар. Əркімге өзінің туған жері жерұйық. Біз, қазақтар, дүниежүзінің түкпір-түкпірін аралап, сəні мен салтанаты артқан əсем
Заѕ жобалары бґліп берілді
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының бюро отырысын өткізді, онда Мəжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Малайзия Премьерімен кездесті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Разакпен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында саудаэкономикалық, инвестициялық, индустриялық, сондай-ақ, мəденигуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастыққа
қатысты мəселелер талқыланды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Наджиб Тун Разак халықаралық күн тəртібіндегі өзекті жайттар туралы да сөз қозғады.
Əлеуметтік-мəдени даму жəне ғылым комитеті «Ең төмен əлеуметтік стандарттар жəне олардың кепілдіктері туралы» жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ең төмен əлеуметтік стандарттар жəне олардың кепілдіктері мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша бас комитет болып белгіленді. Аграрлық мəселелер, табиғатты пайдалану жəне ауылдық аумақтарды дамыту комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау жəне су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кредиттеу жəне субсидиялау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болды. «Қазақстан Рес пуб ли касының бітімгершілік қызметі туралы» жəне «Қазақстан
Рес публикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі мəселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитеті бас комитет болып белгіленді. Қ.Тоқаев заңнама жəне регламент ережелерін бұлжытпай орындау арқылы Сенат жұмысының сапасын арттыруға бюро мүшелерінің назарын аударды. Төраға жоғарғы палатаның жұмысында мəн-мағынасыз асығыстыққа жол бермей, мемлекеттің саяси жүйесіндегі Сенаттың жоғары мəртебесін білікті шешімдермен ақтау қажет, деп санайды. Бюро мүшелеріне алдағы Қазақстан халқы Ассамблея сының 20 жылдығы мен Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу шараларына орай тапсырмалар берілді.
қалаларын көрсек те, дүниеде ешкімге де, ешнəрсеге де айырбастамайтын, теңестірмейтін еліміз, жеріміз бар, ол – қазақтың елі мен жері. Біздің жалғыз Отанымыз – Қазақстан. Бүгін қазақ баласының табаны тимеген жер жоқ. Басты ұстанымымыз – мем лекеттік саясатқа сай бейбітшілікті сақ тай білгендіктен, қазақ халқы үшін төрткүл дүниенің есігі ашылды. Əркімнің Отанға
деген сүйіспеншілігі отбасыңнан, кіндік қаның тамған жерден, ұшқан ұяңнан басталады. Менің де ұшқан ұям дəл осы өлке. Алатаудың баурайында бұрала аққан Қаскелең өзенін бойлай орналасқан Үшқоңырдың табиғаты ғаламат қой шіркін. Бүгінде Қазақстанда Шамалған секілді 7 мыңға жуық ауыл бар. Кең-байтақ жерімізде өмір сүріп жүрген халқымыз небəрі 23 жылда керемет жетістіктерге жетті. Оған бүгінгі бақуатты өміріміз нақты дəлел болады. Тарих үшін қасқағым уақыттың ішінде Қазақстанның тəуелсіздігін орнықтырып, дүниежүзіне танытып қана қоймай, құрметті, сыйлы ел жасадық. (Соңы 2-бетте).
Мəскеуден жолданып, «Егемен Қазақстан» газетінің биылғы 18 сəуірдегі санында «Қазақстан жолы» – тұрақтылық кепілі» тақырыбымен жарық көрген шағын хабарымызда жазылғандай, М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университеті, Ресей Ғылым академиясы Экономика институты, Ресей Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясы, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясы жəне Ресейлік тауар өндірушілер одағы бірлесіп, «Қазақстан жолы»: тұрақтылық пен орнықты даму факторы» атты ғылыми-тəжірибелік конференция өткізді. Енді осы алқалы жиында қозғалған мəселелерге кеңінен тоқталайық.
«Ќазаќстан жолы» – табыстыѕ басты факторы Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».
Қазақстанның əлем алдындағы абырой-беделін лайықты бағалап, елдегі тұрақтылық пен ұдайы дамудың негізгі алғышарттарын атап көрсетіп жүрген шетелдік са рап шылар өте көп. Олардың бұл бағыттағы пікірлері,
ой-тұжырымдары біз үшін маңызды. Өйткені, мемлекетіміз туралы өзгелердің не ойлайтынын біліп жүру мына құбылмалы заманда өте қажет. Жалпы, елімізге қатысты өзіндік көзқарасы қалыптасқан шетелдіктердің арасында тұшымды ой, салмақты пікір айта білетін ресейлік саясаткерлер мен
зерт теушілердің орны ерекше. Осы арада, Ресей мамандарының Қазақстанды жете тануына тарихтың өзі мол мүмкіндіктер бергенін, дəлірегі, кезінде екі елдің бір тудың астында болғаны, одан кейін де ынтымағын ажыратпай, барыс-келісті азайтпай, бірлікте келе жатқаны тікелей əсер етіп отырғанын ескеруіміз керек. Бұл жағдай, əрине, еліміздің бүгіні мен ертеңіне байланысты ресейлік зерттеушілер пікірлерінің салмақты шығуына жол ашпай қоймайды. (Соңы 7-бетте).
● Тəуелсіздік талаптары
Ілгері ўмтылдырушы кїш
● Əлем жəне Қазақстан
Еуропаны елеѕ еткізген ќобыз їні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова 15-17 сəуір күндері Француз Республикасына жасаған сапары аясында ЮНЕСКО, Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы (ЭЫДҰ) халықаралық ұйымдар басшыларымен, «Кампус Франс» білім беру агенттігі, «Париж Сорбонна Сите» университеттер қауымдастығының өкілдерімен кездесулер өткізіп, «Қорқыт мұрасы жəне түркі əлемі» атты халықаралық конференцияға қатысып, сөз сөйледі. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова Парижге келген бойында ЮНЕСКО-ның штабпəтерінде болып, Ұйымның Бас директоры Ирина Боковамен
екеуара кездесіп, сұхбат құрды. Қазақстан бұл биік мəртебелі халықаралық ұйымға 1992 жылы мүшелікке кірген. Арада өт кен 23 жыл ішінде еліміз
ЮНЕСКО-ның тұрақты сессияларына белсене қатысып, 1997 жылы ұйымның Атқарушы кеңесінің мүшелігіне, екі жылдан кейін Атқа рушы кеңесі Төрағасының орынбасарлығына сай ланды. Бұл Қазақстанның əлем дік деңгейдегі абыройлы ұйымның алдыңғы қатарлы мүшесі ғана емес, биік мінберден пəрменді сөз, па расат ты пікір қозғай алатын қау қар лы қадамын да көрсетіп берген еді. Бүгінгі таңда республикамызда беделді ұйыммен арадағы өзара қарым-қатынастың басым
бағыттарын айқындауға серпін беретін Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы тұрақты жұмыс істеуде. Баянды байланыстардың тұрлаулы нəтижелері баршылық. Атап айтсақ, 2014 жылғы қарашада тұңғыш рет адамзаттың материалдық емес мəдени мұрасының таныстырымдылық тізіміне: домбырада күй орындау өнері жəне қазақ, қырғыз киіз үйлерін дайындау шеберлігі енгізілді. (Соңы 4-бетте).
«2050» Стратегиясында еліміздің құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерін жаңғырту мəселелеріне баса назар аударылды. Жаңашылдық, жылдамдық, алдыңғы қатарлы қару-жарақпен жəне техникалармен жабдықталу, сондайақ, жоғары əскери дайындықты
қамтамасыз ету – кəсібиліктің жəне ел қауіпсіздігінің кепілі. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі осындай уақтылы əрі болашақты көздей отырып қабылданған шешімдердің бірі – Мемлекет басшысының 2014 жылғы 21 сəуірдегі Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі туралы Жарлығы болды. Тəуелсіз Қазақстан тарихында ол тұңғыш рет Президенттің күзет қызметі мен Республикалық ұланның бірігуі негізінде құрылды. (Соңы 5-бетте).