21/05/2013

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№130 (28069) 21 МАМЫР СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ақиқаттан өзгенің бәрі адасу 2-бет Мемлекеттік мүдде және ғылыми әлеует 3-бет Қаржылық қадағалау және «қара алтынның» қадірі 4-бет Соңғы кездесу 5-бет

 Өңір өмірі

Аѕыздар мен абыздар елі Аягґз ауданы ґміріндегі ґркенді ґзгерістер Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Театрмен танысу Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада салынып жатқан Классикалық опера жəне балет театрында болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ғимаратты көру барысында Қазақстан Президентіне театр құрылысының аяқталу сатысының не гізгі кезеңдері туралы баяндалды. Бүгінде ғимараттың ішкі

жəне сыртқы инженерлік желілерін орнату жөніндегі негізгі жұмыстар аяқталды. Театр 1500 орынға лайықталған, соның ішінде 1250 орындық көрермендер залы, 250 орынға

Əлеуметтік дамуєа басты назар

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ПремьерМинистрдің орынбасары Ербол Орынбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Е.Орынбаев Қазақстан Пре зидентін «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру, денсаулық сақтау саласын дағы бағдарламалардың, сондай-ақ Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар етті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің əлеуметтік дамуының негізгі бағыттарын іске асыруға бақылауды күшейтудің қажеттілігін атап өтті. – Атап айтқанда, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын

іске асыру барысы, еңбек ресурстарының тиімділігін арттыру, кəсіпкерлікті дамытуға көмектесу тəрізді маңызды мəселелерге көңіл бөлген жөн. Тағы да бір басым сала ауылдық елді мекендерді дамыту болып табылады. Тек ауылдағы медициналық жəне фельдшерлік пункттердің, емдеу амбулаторияларының жəне өзге денсаулық сақтау нысандарының құрылысы үшін мемлекет қомақты қаражат бөледі, – деді Қазақстан Президенті.

арналған камералық музыка залы бар. Нысанды салуға жұмылдырылған жұмысшылар саны 810 адам. Құрылысты биылғы маусым айының соңында аяқтау жоспарланған.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Осы орайда, Мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесіндегі жəне жекеменшік медицина институтын дамытудағы реформаны іске асыруды одан əрі жалғастырудың тиімділігіне талдау жасау қажеттігіне тоқталды. Бұдан басқа, Қазақстан Президенті отандық ғылымды одан əрі дамыту, зерттеу институттарын қалыптастыру, сондай-ақ, тəжірибе жəне жаңа технологиялар алмасу үшін олардың халықаралық ғылыми бірлестіктермен интеграциялануының маңыздылығын атап көрсетті. Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев əлеуметтік саланы одан əрі дамыту жəне оның жай-күйіне мониторинг жүргізу жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 VІ Астана экономикалық форумы қарсаңында

Адал бəсекелестік алєа бастырады

Тəуелсіздік жылдары Мемлекет басшысының ойластырылған сая саты ның арқасында Қазақстанның экономикасы өз дамуында серпіліс жасады. Қазақстандық экономиканың нарыққа өтуі бəсекелестік орта қалыптастыруда мемлекеттің белсенді араласуын талап етті, себебі, Адал бəсекелестікті дамыту үшін қолайлы орта кұру міндетінің басымдығы Елбасының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына

саламатты бəсекелестік орта ғана тиімді экономикалык жүйе құрудың міндетті шарты болып табылады. Бəсекелестік белгілі бір шығыстармен байланысты болса да, сонымен бірге, бағалардың төмендеуін ынталандыра отырып, үлкен экономикалық тиім ділікті, шығарылатын өнімнің сапасы мен ассортиментін арттыруды, ғылыми-техникалық жетістіктер енгізуді жəне т.б. камтамасыз етеді.

Жолдауында да расталады. Онда Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаев Қазақстан азаматының бизнеспен айналысу мүмкіндігі болуы үшін

кəсіпкерлікті жан-жақты қолдау қажеттігін атап көрсетті.

(Соңы 3-бетте).

 Көктемгі егіс

Даладаєы дїбір Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Далада дүбір басталды. Меңдіғара аудан ын дағ ы «Харьков» жауапкершілігі шек теулі серіктестігінің жабық ангарындағы жаратқан жүйріктей ылғи су жаңа техникалар қырға аттанды. Бүгінде диқандар техниканы баяғыдай қысымен қардың астына тастамайды. Жабық ғимаратта сақталатын техниканың сыры да ұшпайды, механизатор отыратын кабинаға шаң кірмейді. Шаруашылық жетекшісі Сайран Бұқанов қазір бұрынғы шаруашылық жүр гізу тəсіліне таңқалады. Сəкең Канададан, Германиядан алдыр ған техникаларды реттеп қойып, қыздың жасауындай күтеді. Бүгінде шаруашылықтың бір техникасы

да сыртта қалмайды. Көктемгі дала жұмыстары кезінде піскен астай дайын тұрады. Биыл шаруашылық 20 мың гектар жерге дəнді дақылдар себеді. Шаруаны дөңгелетпесе Сайран Балкенұлы Еңбек Ері бола ма?!

Бала жасынан ауылда өсіп, ержеткен Сəкеңді қазір даланың профессоры десе болар. Оның ауыл шаруашылығы жақсы дамыған елдердегі сияқты озық технология болмай, мол табыс келмейтініне əбден көзі жеткен. Оның ең басты кепілі – шаруашылықтағы шетелдік қуатты, озық техника. Мұндағы механизаторлардың барлығы дерлік жаңа техниканың тілін біліп алған. Оларды оқытып, қайта даярлауға шаруашылық басшысы қаржыны аяған жоқ. «Алда кетіп бара жатқан жұрттан қалмауды үйренуіміз керек», дегенді ол өз мамандарына да, жұмысшыларға да айтып отырады. Шаруашылық мамандары жерге дəн сіңіру секілді науқандық жұмыстарды өте қысқа мерзімде аяқтауды мақсат етеді. Бұл да осы шаруашылықтағы ілкімді істің бірі. (Соңы 4-бетте).

Аягөз ауданының əкімі Əнуарбек Мұхтарханов – Зайсан ауданы мен Курчатов қаласының əкімі қызметінде ысылған, экономика мен ауыл шаруашылығын жетік білетін тəжірибелі басшы. Біздің шаруамыздың барысымен танысқан соң ауданда атқарылып жатқан істерді баяндады. – Өткен жылы ауданда 17 миллиард 946 миллион теңгенің жалпы өнімі өндірілсе, оның 12 миллиард 600 миллионы ауыл шаруашылығы үлесіне тиесілі. Бұған қарап аңыздар мен абыздар елінде экономика кенжелеп қалды деген ой тумаса керек. Керісінше, Аягөздің ажарын ашатын, тынысын кеңейтетін экономика саласы болмақ. Оған негіз бар, – деп аудан əкімі əрқайсысына жеке-жеке тоқталды. Индустрияландыру жобасына енген Ақтоғай кен-байыту комбинаты ауданның алға басуына кең жол ашпақ. «Қазақмыс» компаниясы құрамында мыстың мол қоры бар Ақтоғай кен-байыту комбинатының құрылысына орасан зор қаржы бөліп отыр. Құны 730 миллион АҚШ доллары тұратын кешеннің құрылысы басталып кеті, ол 2015 жылы іске қосылғанда комбинатта бір жарым, екі мың адам еңбек етеді. Кəсіпорында еңбек ететіндердің дені аудан жұртшылығы болмақ. Түріктің «Алси-Аларко» компаниясы бас мердігер ретінде өз істеріне қауырт кірісіп кетті. Жылына 95 миллиард теңгенің өнімін шығаратын кəсіпорын облыстағы өндірілетін өнімдердің ішінде

Кїн тəртібі белгіленді Кеше Қайрат Мəмидің төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Онда Пар ламент Мəжілісінде мақұлданған заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттері мен аппаратына берілді. Табиғатты пайдалану жəне ауылдық аумақтарды дамыту комитеті мен Экономикалық даму жəне кəсіпкерлік комитеті өздеріне қатысты заң жобалары бойынша бас комитет болып белгіленді. Бюрода биылғы 23 мамырда болатын Сенаттың кезекті жалпы отырысының кү н т əр т ібі де бекіт іл ді. Сонымен қатар, еліміздің кейбір заңнамалық актілері туралы заң жобасы бойынша Парламент Мəжілісі мен Сенат арасындағы келіспеушіліктерді қарау жəне еңсеру үшін келісу комиссиясының құрамына Сенат депутаттарын сайлау туралы мəселе қаралады.

ойып тұрып орын алатын іргелі де берекелі алып кəсіпорынға айналмақ. Сөйтіп, Ақтоғайдың мысы, басқа да түсті металы Аягөздің ажарын ашып, сары алтыны елдің еңсесін көтеріп тастамақ. Əнуарбек Мұхтарханұлының айтуынша, өңірлік индустрияландыру картасына өткен жылы тағы 4 жоба ұсынылыпты. Олар – Тасқора алтын өндіру зауыты, Аягөз локомотив депосының «жартылай вагондар люгінің қақпақтарын əзірлеу», жеке кəсіпкер Смағұловтың «сыйымдылығы 2 мың тонналық

көкөніс қоймасы мен 60 орындық көкөніс базарының құрылысы», «Агат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Аягөз құрылыс материалдар зауыты» жобалары. Үстіміздегі жылы пайдалануға берілетін «Аягөз құрылыс комбинаты» серіктестігі мен кірпіш шығаратын зауытта жүздеген жұмыс орындары ашылмақ. Баршатас ауылындағы киіз шығару зауыты іске қосылады деген үміт те бар. Қ.Əбжанов деген іскер азамат бұрынғы ескі депо ғимаратын сатып алып, ол

 Көкейкесті

Тўтынушылар мїддесі ескерілмейтіні ќалай?

Монополистер тыєырыќтан шыєу жолы баєаны кґтеру деген пікірге сїйенуін ќояр емес Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

«СевКазЭнерго» АҚ-тың жуырдағы ұсынысы тұтынушылардың төбесінен жай түсіргендей болды. Күн санап өршіп бара жатқан қымбатшылық салдарынан қалтасы да, жүйкесі де əбден жұқарған қарапайым жұртшылықтың бұдан кейін қыстан шыққан көтерем малдай елестер халі монополистерді еш ойландырмайтыны, керісінше, сүлікше соруын үдете түскені шымбайға батпай қоймайды. Олар тарифті көтерудің оңай жолына көбірек ден қойып, даяр асқа тік қасық болғанды қолай көретін тəрізді. АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Алла Язовская ханым қоғамдық тыңдау барысында 1 шілдеден

бастап жылу тарифі 51,4 пайызға өсетінін мəлімдеп, айды аспаннан бір-ақ шығарды. Мұндай қадамға амалсыз барып отырғандарын айтып, қанша ақталуға тырысқанымен, бағаны шарықтатудың себепсалдары қоғамдық тыңдау кеңесінің мүшелерін иландыра алмады. Өндірістік шығындардың əр тармағын дəйектілікпен талдап, түсіндіріп бере алмағаннан кейін күмəнкүдікпен қараушылар қатары сейілмейтіні заңды. Бүгінге дей ін қо л дан ыст ағ ы жыл у қуатын өндіру тарифі 1377 теңге/гкал.-ға тең болып келсе, енді қосымша құн салығын қосқанда 2337,6 теңге/гкал-ны құрамақ. Бұл бірден 710 теңге/ гкал.-ға өседі деген сөз. (Соңы 4-бетте).

 Талап жəне тəртіп

Жазыќты полицейлер жазаланды Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Өткен жылдың қазан айында Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық ІІБ мен Бейнеу стансасының Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері «Қылмысты іздестіру қызметі» төл мерекесіне орай мейрамханаға жиналып, отырыс ұйымдастырады. Сонда Бейнеу аудандық ІІБ бастығы А.Боранов бөлімше қызметкері

Аб драх ман Шаленовті мейрамхана алдында ұрыпсоққан. А.Шаленов алған соққылардан есіне келместен, Бейнеу аудандық орталық ауруханасында қайтыс болған. Осыған орай жақында Ақтау қалалық сотында қолы қанды А.Борановқа жəне оның сыбайласы, Бейнеу аудандық ІІБ уақытша ұстау абақтысының полицейі А.Қуа нышбековке қатысты үкім оқылды. Қызметтің буына масайып, өз қарамағындағылардың

қызметіне емес, тағдырына да қожамын дегендей қаныпезерлікпен арыстай азаматтың өмірін қиған жұдырығы жуан «бастық» 8 жылға, бастығының қолшоқпарына айналамын деп жүріп жақсы мен жаманды айырудан қалған А.Қуанышбеков 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаларын түзеу колониясының жалпы режімінде өтемек. Сондайақ, қайтыс болған азаматтың отбасына сотталушылардың алғашқысынан 3 млн. теңге, соңғысынан 500 мың теңге моральдық залал өндірілген. Маңғыстау облысы.

жерде темір-бетон шығаратын зауытты іске қоспақ. Оған 600 миллион теңге қаржы жұмсалмақ. Сонымен бірге, серпінді жобалар қатарына енетін «АБС» тобы 303 миллион теңге өз қаржыларына жылына 10 миллион кірпіш шығаратын жоғарыда айтылған зауыт құрылысын бастап кетті. Ақтоғай мен Нарын ауылдық округтерінде жылыжай құрылысы да «Туған жерге – тағзым!» акциясы бойынша жүзеге аспақ. (Соңы 6-бетте).

 Масқара! Қаржы полицейлерінің қаққан дабылына қарағанда, қазіргі күндері Өскеменде салынып жатқан білім мекеніне бөлінген қаржының 1,5 млрд. теңгесінің сайда саны, құмда ізі жоқ болып шықты. Оны жоқ еткен басқа емес, өскелең ұрпаққа өнегелі тəрбие берудің негізгі ошағы – Білім жəне ғылым министрлігінің басшылығындағы жауапты тұлғалар көрінеді.

Министрдіѕ орынбасары їйќамаќта отыр

Сондықтан Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) осы қылмысқа тікелей қатысы бар деген күдікпен Білім жəне ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовті тұтқынға алды. «Қаржы полициясы 2013 жылғы 29 сəуірде Өскеменде 700 оқушыға арналған білім беру мекемесін салу кезінде 1,5 миллиард теңгеге жуық бюджет қаржысын иемденіп кету жəне талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Ағым дағы жылғы 14 мамырда аталмыш қылмысқа күдікті ретінде Білім жəне ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов пен «ҚР Білім жəне ғылым министрлігі салынып жатқан құрылыстар дирекциясы» ЖШС бас директоры Пак тұтқынға алынды», делінген Қаржы полициясы баспасөз қызметінің осыған байланысты таратқан хабарламасында. Ведомствоның мəліметі бойынша, 17 мамырда Шаяхметовті үйқамақта ұстау, Пакты тұтқындау жөнінде сот санкциясы берілген. «Бұдан бұрын аталмыш қылмысқа қатысы бар деген айыппен «ЗАК Сервис» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Киреев қамауға алынған. Қылмыстық іс тергеліп жатыр, тергеудің мүддесіне орай басқалай ақпарат берілмейді», деп атап көрсетті тағы да Қаржы полициясы қызметкерлері. Бір айта кететін жəйт, С.Шаяхметов вице-министр лауазымын 2011 жылғы қазан айынан бері атқарып келе жатыр еді. Құрыш НҰРЫМБЕТ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.