Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында бірқатар қытайлық компаниялар басшыларымен кездесулер өткізді. Сондай-ақ, Синьхуа ақпарат агенттігінің интернет-сайтын пайдаланушылармен онлайн-сұхбат құрды.
№98 (28322) 21 МАМЫР СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Ќытай – Ќазаќстан їшін ґте тиімді əріптес – деді Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев осы елге мемлекеттік сапарыныѕ ќорытындысында Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан» – Шанхайдан (Қытай).
Қазақстан Президенті Қытай биз несмендерімен жеке-жеке жүздесіп, пікір алмасты. Алғашқы кездесу Қытайдың «Цинхуа» корпо ра циясы басқармасының төрағасы Хо Цинхуамен болды. Онда корпорацияның қазақстандық серіктестерімен ынтымақтастықты нығайтудың негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, көмірді кешенді өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мəселелері қозғалды. Бұдан бөлек, кездесу барысында өзара іс-қимыл перспективалары мен инвестициялық ахуалдың жағдайы қарастырылды. Мемлекет басшысы Қазақстанда бизнес жүргізу үшін заңнама жəне келісімшарттар тұрақтылығы сияқты жайттарды қамтитын қолайлы жағдайлардың жасалғанын атап өтті. «Цинхуа» корпорациясы – Қытайдың көмір өндіру, байыту, кокстеу жəне көмір химиясы саласындағы ірі жекеменшік кəсіпорны. Корпорацияның 2013 жылдан бергі активі 7,5 млрд.
Таєайындау
долларды құрайды. Қазіргі таңда 20 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отырған корпорацияның жыл сайынғы ішкі жалпы өнімі – 2,5 млрд. доллар. Бүгінде халықаралық нарықта биік беделге ие аталған алып кəсіпорын енді біздің елге де инвестиция салғалы отыр. Яғни, Қарағанды облысында көмірді қайта өңдеу жəне одан синтетикалық сұйық отын өндіру бойынша өнеркəсіптік кəсіпорын құрылатын болады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінен кейін аталған компанияның Шыңжаң филиалының жетекшісі Сюй Чжун Қарағандыда салынғалы отырған кəсіпорын жайында əңгімелеп берді. Біздер үшін жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, Президент мырзаның делегациямызды қабылдауы зор мəртебе. 2013 жылдың қыркүйегінде біз қазақ стандық серіктестермен Қара ғанды облысында көмірді кешенді қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасасқан едік. Біз бұл бағыттағы жұ мыстарды бастап та кеттік,
Мемлекет басшысының Өкімімен Оңдасын Сейілұлы Оразалин Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Мемлекеттік бақылау жəне аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
деді Сюй Чжун. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан басшысы аталған инновациялық əрі экологиялық тұрғыда таза жобаға зор баға берген. Иə, бұл келісімге өткен жылдың қыркүйегінде екі ел басшыларының қатысуымен өткен Қазақстан-Қытай Іскерлер кеңесінің отырысында қол қойылған болатын. Айта кетерлігі, кəсіпорын бензин, дизель отыны, электр энергиясы жəне қосылған құны жоғары сан түрлі химиялық өнімдер шығаратын болады. «Цинхуа» корпорациясының алдын ала бағалауынша, жобаға құйылатын инвестицияның жалпы сомасы 2 млрд. доллар ды құрайды. Қазақстандық сарапшылардың пайымынша, аталған кəсіпорын Қазақстанның энергия теңгерімі мен экологиясы үшін серпінді мəнге ие. Бұдан бөлек, жобаның арқасында қазақстандық ғылым дамып, көмір химия сы өнеркəсібіндегі отандық инновациялық əзірлемелер жүзеге асырылатын болады. Бұдан соң Мемлекет басшысы Қытайдың «AVIC» авиациялық өнеркəсіп корпорациясының президенті У Гуаньцюанмен
Хроника
Мемлекет басшысының Өкімімен Əмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Мемлекеттік бақылау жəне аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
кездесті. Кездесу барысында авиация өнеркəсібі мен логистикасы саласындағы ынтымақтастықты дамыту мəселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асырудың негізгі аспектілерін де қарастырды. Нұрсұлтан Назарбаев бұл корпорация Қазақстанда жұмыс істеуге қызығушылық білдіріп отырған ірі авиациялық кəсіпорындардың бірі екенін жəне оның келуі маңызды инвестициялық жобаға айналуы мүмкіндігін атап өтті. «Біздің ел жолаушыларға жəне ауыл шаруашылығына арналған шағын авиацияға мүдделі. Сіздердің бұл салада үлкен тəжірибелеріңіз бар, сондықтан біз өздеріңізді ынтымақтастыққа шақырамыз. Мұндай инвестицияларға біз инфрақұрылым жағынан көмек көрсетеміз, бизнесті алғашқы жылы салықтан босату арқылы ерекше преференциялар жасаймыз. Сонымен қатар, сіздер тиісті кəсіби кадрларды даярлайды деп үміт артамыз, деді Н.Назарбаев. «AVIC» – əскери жəне азаматтық авиация саласында авиа өнімдердің кең ауқымын шығарумен айналысатын мемлекеттік компания.
Корпорация əлемнің 30-дан астам еліне жойғыш ұшақтар, бомбалаушы ұшақтар, тікұшақтар, жалпы мақсаттағы авиациялық ұшақтар экспорттайды. Сондайақ, ол «Boeing», «Airbus», «GE», «Rolls Royce» сынды авиациялық құрастыру саласындағы əлемдік көшбасшыларды қажетті бөлшектермен, қозғалтқыштармен, борт құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етеді. Корпорация құрылымына 200-ден астам түрлі кəсіпорындар мен ғылымитехникалық мекемелер кіреді, ал қызметкерлерінің жалпы саны 500 мың адамнан асады. Үстіміздегі жылдың сəуірінде Қазақстан аумағындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында «AVIC International» компаниясы мен «Отан-Авик» ЖШС бірлескен кəсіпорны құрылған болатын. Енді алдағы күзде Қазақстан мен Қытайдың «AVIC» авиациялық өнеркəсіп корпорациясы арасында қытай технологиясы бойынша шағын ұшақтарды Қазақстанда шығаруды дамытуға арналған келісімшартқа қол қою жоспарлануда. Бұл жайында Қазақстан басшысымен кездесуінен кейін
Жаћандыќ жауапкершілік жїгін кґтерген алаѕ Жыл сайын Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жаһандық экономикалық форум өткізу дəстүрге айналды. Міне, биыл жетінші рет өткізілгелі отырған Астана экономикалық форумына əлемнің 139 мемлекеттерінен беделді сарапшылар, белгілі саясаткерлер, экономика ғылымының көшбасшылары қатысуда. Биылғы Астана экономикалық форумының басты ерекшелігі, G-Global ақпараттық коммуникативтік алаңы негізінде белгіленген Əлемдік дағдарысқа қарсы жоспар тұжырымдамасы қабылданбақ. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Үстіміздегі жылдың сəуір айын да өткен Қазақстан халқы Ас сам блеясының ХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміздің бастамасымен өмірге
келген G-Global идеясының маңыздылығын тағы да атап көрсетті. «Жа һандық саясаттағы қазіргі жағ дай – əлем құрылысының көпқыр лылық жағына қарай ауысу парадигмаларының драмалық актісі. Бұл туралы мен алғаш рет G-Global бастамасын ілгерілете отырып, 2012 жылы-ақ
айтқан болатын мын. Мен егер халықаралық құқықта, сыртқы саяси практикада, мемлекетаралық қатынастар тəсілдерінде терең өзгерістер жүзеге асар болса, қазіргі жаһандық сын-қатерлер еңсеріледі деп есептеймін. Сондықтан біздің G-Global қағидаттары туралы ұсыныстарымыз əлемдік қоғамдастыққа қай кездегіден де пайдалы. Мен олардың əлемнің дамуына қазіргідей бей-берекет емес, сындарлы сипат беруге қабілетті екеніне сенімдімін. Ассам блеяның бай халықаралық байланыстары бар. Мен барлығыңыздың G-Global идеясын ілге рі лету үшін өздеріңіздің халықаралық байланыстарыңызды пайдалануға шақырамын», деді Мемлекет басшысы өз сөзінде. (Соңы 5-бетте).
Сунья Фан өз компаниясы жұмысының негізгі бағыттары туралы əңгімелеп, оны бұдан əрі дамыту жөніндегі жоспарларын баяндады. Бұл компания бүгінде Қазақстанда LTE деректерді беру жобасын жүзеге асыруда. Биылғы жылдың тамыз айының соңына дейін қытайлық телекоммуникациялық корпорация қазақстандық «Aлтелмен» бірігіп, елімізге 4G стандартындағы деректерді беретін ұялы байланыс енгізу жобасын жүзеге асыруын аяқтауды көздеп отыр. Бұл жөнінде Қазақстан Президентімен кездесуінде аталған корпорацияның директорлар кеңесінің төрайымы Сунь Яфан баяндады. Оның сөзіне қарағанда, «Хуавей» компаниясы ЭКСПО-2017 көрмесі дайындығына жəне Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында аталған міндеттерді, оның ішінде заманауи интернет-технологиялар мен коммуникациялар, Қазақстан халқының ғаламдық жүйеге жалпы қолжетімділігін қамтамасыз етуге белсене қатысуды жоспарлап отыр. (Соңы 2-бетте).
Тасымал тасќындайды
Екі ел арасындаєы алыс-берісті арттыруєа таєы бір ќарышты ќадам жасалды Марат АҚҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Бүгін VII Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады
аталған компанияның президенті У Гуанцюань мəлім етті. Сіздердің Президенттеріңіз Қазақстанда авиациялық өндірісті дамытуға жəне дайын өнімді Орталық Азия елдеріне сатуға қызығушылық танытуда. Ол биылғы жылдың күзінде біздің компаниямен келісімшартқа қол қоюға дайын екендігін білдірді. Таяу аралықта біз Қазақстанға қажетті шарттар мен құжаттарды əзірлеу үшін мамандар делегациясын жібереміз, деді ол кездесуден соң журналистерге берген сұхбатында. Қазақстан басшысы келесі кезекте «Хуавей» корпорациясы директорлар кеңесінің төрайымы Сунья Фанмен кездесті. Кездесу барысында корпорацияның Қазақстандағы қазіргі жұмысының негізгі мəселелері, сондай-ақ, жоғары технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары қарастырылды. Нұрсұлтан Назарбаев біздің елдегі телекоммуникациялық саланың деңгейі қарқынды өсіп келе жатқанын атап өтті жəне Қазақстанның корпорациямен ынтымақтастыққа аса мүдделі екеніне тоқталды.
Достық арқауына негізделген қарқынды қарым-қатынас қашанда зор жетістіктерге жетелеп, игі шарапатын тигізетіні хақ. Осындай ынтымақты берік байланыс іргемізде жатқан Қытай елімен жыл өткен сайын нығайып, барыс-келіс көбейіп, сауда-саттық ұлғайып келеді. Бұл орайда, бұдан бұрын хабарланғанындай, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары барысында Ляньюньган теңіз портындағы бірінші Қазақстан-Қытай көлік-логистикалық терминалы кешенін іске қосу салтанатты рəсімі болып, онда телекөпір өткізілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың шығыс жағалауындағы алғашқы бірлескен логистикалық жоба қызметінің ашылуын бастап беріп, сəт сапар тіледі. Сөйтіп, екі елдің сенімді серіктес екендігі нақты іспен дəлелденді. Аумағы 21,6 гектарға есептелген логистикалық кешеннің құрылысын 2014 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр. «Қазақстан темiр жолы» ұлттық компаниясы мен Ляньюньган портының бірлескен инвестициялары 100 млн. АҚШ долларын құрайды. Ляньюньган порты трансқұрлықтық транзиттік дəліздің шығыс жағалауындағы теңіз қақпасы ретінде Қазақстанмен тікелей теміржол қатынасы арқылы тығыз байланыста.
Ляньюньган портында терминалдың іске қосылуына байланысты, «Қазақстан темiр жолы» ұлттық компаниясы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Орталық Азия, Кавказ, Ресей, Еуропа жəне Парсы шығанағы елдері бағытына, сондай-ақ кері бағытқа жол тартатын жүктерді шоғырландыру жəне қайта өңдеу есебінен логистикалық қызметтер ауқымын кеңейту мүмкіндігін алады. Бірлескен жоспарларға сəйкес, терминал
арқылы контейнерлерді тасымалдау көлемі 2015 жылы 250 мың контейнерден астам деңгейге жетеді немесе 2020 жылға қарай кейіннен 2 есе ұлғайту арқылы 3 миллион тонна жүкті құрайды. Сөйтіп, аталған жоба Қазақстан Республикасының транзиттік жəне экспорттық əлеуетін айтарлықтай көлемде өсіріп, қазынаға қомақты қаржы құяды. Сəтін салса, тасымал тасқындап, талай асулардан асатынымыз анық.