21052015

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№93 (28571) 21 МАМЫР БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Жолдар тўраќты баќылауда тўруы тиіс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

А.Мамин Мемлекет басшысына компанияның қазіргі қызметі, оның еншілес кəсіпорындарының тиімділігін арттыру шаралары, негізгі жобалардың жүзеге асырылу барысы жəне алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Қазақстан Президенті елімізде іске асырылып жатқан «Нұрлы Жол» бағдарламасының маңыздылығына, оның аясында ауқымды жұмыстар жоспарланғанына тоқталды. – Астанадан шұғыла тəрізді тарайтын автокөлік жолдарын салу жəне қалпына келтіру мəселесін тұрақты бақылауда ұстау қажет. Бұл жұмыстар өндірушілерді техника мен құрылыс материалдарын жеткізу жөніндегі тапсырыстармен қамтамасыз ете отырып, мультипликативті əсерге ие болмақ. Бұл экономика үшін қиын уақытта оны дамытудың драйверіне айналады. Біздің еліміз Жібек жолының «экономикалық белдеуіне» кіретіндіктен, Қытай Халық Республикасы да қолдау көрсететін болады, – деді Мемлекет басшысы. Елбасы Астанада халықаралық қаржы орталығын құру ісі де көлік-логистика саласын дамыту жұмыстарын жүргізуді қажет ететінін айтты. – Елорданы Дубай, Франкфурт, Гонконг сияқты жетекші қаржы орталықтарымен байланыстыру қажет. Азаматтық авиация саласында осыған дайындалып, жаңа бағыттарды игерген жөн. Сонымен қатар, біз ішкі рейстерді кеңейту үшін авиакомпаниялар

Елбасына арналєан кітаптыѕ Мəскеудегі тўсаукесері Кеше Мəскеуде, нақтылай айтқанда, Ресей Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік қабылдау үйінде орыс жазушысы Сергей Плехановтың Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жазған «Жібектей есілмеген жол» («Не щелковый путь») атты кітабының тұсаукесері өтті. ХІХ ғасырда тұрғызылған, Мəскеудегі тарихи-мəдени ескерткіштердің бірі саналатын зəулім сарайда ұйымдастырылған бұл салтанатты шараға белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан» – Мəскеуден.

құруға тиіспіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жаңа теміржол, автомобиль магистральдарын салу, теңіз порттары мен əуежайлардың инфрақұрылымын қайта жөндеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанына тоқталды. Соның ішінде ол Инфрақұрылымдық даму жоспарында межеленген бірқатар ірі жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтты. Батыс өңірдің көлік жүйесін дамыту мақсатында Ақтау теңіз портын кеңейтуге мүмкіндік беретін үш жаңа жүк терминалы салынды. Боржақты – Ерсай теміржол желісі салынып жатыр. А.Мамин Қазақстанды Еуразияның

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Республикалыќ бюджет жобасын əзірлеу ережелерін бекіту туралы» Ќазаќстан Республикасы Президентініѕ 2009 жылєы 26 тамыздаєы №861 Жарлыєына ґзгеріс енгізу туралы

Қаулы етемін: 1. «Республикалық бюджет жобасын əзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 342-құжат; 2013 ж., № 33, 496-құжат; № 60, 819-құжат; 2014 ж., № 30, 255-құжат; № 71, 640-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет жобасын əзірлеу қағидалары осы Жарлыққа қосымшаға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 18 мамыр. №22 –––––––––––––––––––

Жарлықтың қосымшасын 9-беттен оқисыздар.

Қазақстан Республикасының Заңы 2009 жылєы 6 ќазандаєы Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Француз Республикасыныѕ Їкіметі арасындаєы Жерді ќашыќтыќтан зондтаудыѕ єарыш жїйесін жəне єарыш аппараттарыныѕ ќўрастыру-сынау кешенін ќўру мен пайдалану шарттары туралы келісімге ґзгерістер мен толыќтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін жəне ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру мен пайдалану шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2014 жылғы 5 желтоқсанда Астанада жасалған хаттама ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 19 мамыр. №313-V ҚРЗ

Ќауіпсіздік мəселелері талќыланды

Кеше Тəжікстанның Соғда облысының орталығы Худжанд қаласында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) қатысушы мемлекеттер қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті отырысы болып өтті. Оған қазақстандық делегацияны Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев бастап барды. Отырыста осы ұйымның бас хатшысы Николай Бордюжа халықаралық қауіпсіздіктің неғұрлым өткір проблемалары мен ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің шақырулар мен қатерлердің алдын алу жөніндегі шаралары туралы баяндама жасады. Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының отырысы барысында тараптар Ауғанстандағы жағдайдың ҰҚШҰ жауапкершілігіндегі өңірге тигізетін əсері, террорлық ұйымдар қызметінің іріткі салу əрекеттеріне қарсы тұру шаралары туралы, сондай-ақ, ҰҚШҰ базалық оқу орындары, ұйымдары мен полигондарының қызметіне қатысты мəселелерді талқылады, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметі.

көлік-логистика хабына айналдыру жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті күшжігер жұмсалып жатқанын атап өтті. Сол үшін елдің ішінде жəне шетелде логистикалық инфрақұрылым салу жұмыстары жүргізілуде. Мəселен, Қытай – Қазақстан – Еуропа бағытында контейнерлік тасымал соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша 15 есеге өседі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Үндістанға транзиттік тасымал ұйымдастыру мəселесі де пысықталуда. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. -----------------------------------------

Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Елбасының өмір жолына арналған кітаптың тұсау кесер рəсімінде Нұрсұлтан Наза рбаевтың тұлғалық қасиеттеріне қатысты көңіл толқытар, талайға ой салар əңгімелер айтылды. Сондай-ақ, еңбекті жазу барысында автордың талмай, аянбай тер төккені, кейіпкерін сомдарда адалдықтан аттамай, шындықты ту етіп ұстай білгені де кеңінен сөз етілді. Тарата айтар болсақ, айтулы жиынға арнайы қатысқан Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан Президентіне деген ыстық ықыласқа толы лебізін білдіре келіп, «Жібектей есілмеген жол» кіта бының маңыздылығына, жазу шының өз кейіпкерінің болмыс-бітімін, сан-салалы еңбегін, қайраткерлік қасиетін, өз елін өрге сүйреуде табандылық

Əлеуетті əріптес елдер Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына ресми сапары Белгісіз жауынгердің зиратына гүл шоқтарын қоюмен басталды. «Екі ел Президенттері Н.Назарбаев пен В.Путин арасында қалыптасқан достық жəне сенімді қатынастар біздің стратегиялық жəне одақтастық əріптестігімізді одан əрі нығайтуға серпін береді», – деді Қ.Тоқаев. Сенат Төрағасының пікірінше, Қазақстан-Ресей қатынастары «өнегелі» болып табылады жəне өзара тиімді ынтымақтастық пен сенімді əріптестіктің үлгісі бола алады. (Соңы 6-бетте).

Еуразиядаєы тўѕєыш кеѕ ауќымды жаћандыќ шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген Астана экономикалық форумы (АЭФ) бүгінде экономикалық міндеттерді талқылап, кешенді ұсыныстар əзірлейтін Еуразиядағы салиқалы үнқатысу алаңына айналды. Міне, биыл сегізінші рет өткізілгелі отырылған АЭФ-ке əлемнің 90 елінен 3000 астам делегат қатыспақ. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Əлемде көпшілікке танымал санаулы халықаралық эконо ми калық алаңдар бар. Олардың ішінде Давос жаһандық форумын, Санкт-Петербург жəне

Сенімге негізделген серіктестік

Кеше Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова Мексика, Венесуэла, Конго Республикасы, Корея Халықтық-Демократиялық Республикасы, Судан Республикасы жəне Эль-Сальвадор Республикасының Қазақстанда елшілік қызметтерін қоса атқаратын Төтенше жəне өкілетті елшілерінен Сенім грамотасын қабылдады. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекеттік хатшы Мексика, Венесуэла, Конго жəне КХДР-дың уəкілетті өкілдерін ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын алу барысында Астананың кандидатурасына қолдау көрсеткендері үшін, сондай-ақ, Мексика, Венесуэла, Сальвадор жəне КХДР елшілеріне 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің

тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан Республикасының кандидатурасын қолдағандары үшін алғысын білдірді. Гүлшара Əбдіқалықова Мексика елшісі Марта Елена Барсенамен əңгіме барысында Мексика Қазақстанның Ла тын Америкасындағы Бра зилиядан кейінгі ірі сауда серіктесі екенін атап көрсетті. 2014 жылы Қазақстан мен Мексика арасындағы тауар айналымы 120,8

млн. АҚШ долларын құрады. Мемлекеттік хатшы 2015 жылы Қазақстанда ашылуы көзделіп отырған Мексиканың елшілігі арқылы тікелей дипломатиялық қарым-қатынас орнату еларалық байланыстарды саяси жəне экономикалық қана емес, əлеуметтік-гуманитарлық салаларда да тереңдетуге мүмкіндік туғызатынын атап өтті. (Соңы 6-бетте).

Тарихымызды танытар таєылымды жиын Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары Түркістан қаласында жалғасты. Ол алдымен Түркістандағы балалар ауруханасы мен қалалық балалар емханасында болып, жағдайымен танысты. Ауруханаға тек Түркістан қаласынан ғана емес, көршілес Кентау, Созақ аудан, қалаларынан, Қызылорда облысынан да науқас балалар келіп ем алады екен. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша ашылған Түркістан қалалық емханасында маусымына 500 адам ем қабылдайды. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Бұдан соң Үкімет басшысының орынбасары Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қа зақ мемлекеттілігіндегі Қазақ хандығының

көрсетіп келе жатқанын, қарымқабілетін, ерік-жігерін, адами жан дүниесін көркем тілмен жеткізе білгеніне тоқталды. Сондай-ақ, жиынға қатысқандар арасында Ресей Жазушы лар одағы Мəскеу қалалық

басқармасының төрағасы, Жазушылардың халықаралық қауымдастығы атқару комитетінің бірінші хатшысы Владимир Боя ринов, М.В.Ломоносов атындағы Мəс кеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий, КСРО-ның халық əртісі Армен Джи гарханян, Əзербайжан КСР-інің ха лық əртісі, аталған республи каның Ресейдегі елшісі Полад Бюльбюльоғлы, белгілі саясаттанушы Максим Шевченко, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Марат Тəжин, «Назарбаев орталығы» көпсалалы ғылыми-талдау жəне гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат Саудабаев жəне тағы басқалар Нұрсұлтан Назарбаев жөнінде жəне «Жібектей есілмеген жол» кітабына қатысты өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында барлық қатысушылар Елбасына арналған ерен еңбек – «Жібектей есілмеген жол» кітабы қалың оқырманның сүйіп оқитын дүниесіне айналатынына сенім білдірді. Өйткені, əлемдік дең гейдегі тұлға – Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолынан алар үлгі-өнеге мол екенін талайлар біледі. Айта кетейік, біз Мəскеудегі аталған жиын Астана уақытымен өте кеш өткендіктен, ол туралы қысқаша баяндадық. Бұл туралы кеңінен жазылған мақаланы ертең оқитын боласыздар.

● Бүгін VIII Астана экономикалық форумы ашылады

Ќазаќстан-Ресей:

Қ.Тоқаевтың Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесуі барысында Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының өзекті мəселелері талқыланды. Сенат Төрағасы Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуде ХХІ ғасырдағы тату көршілік жəне одақтастық туралы шарт берік құқықтық негіз болып табылатынын атап өтті. Ол құжатқа екі елдің Мемлекет басшылары қол қойып, Парламенттері ратификациялаған болатын.

Жаѕаруєа бастаєан жаѕа ќадам 2-бет «Волоколамск тас жолы» 8-бет Жеѕілдетілген несие 11-бет Ќырылєан киіктіѕ саны 20 мыѕєа таяды 14-бет

орны» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-теориялық кон фе ренцияға қатысты. Конференцияға Түркия, Иран, Корея, Ресей, Өз бекстан, Қырғызстан, Қазақстан жəне т.б., елдерден 200-ден аса тарихшы, философ, теолог, филолог, шығыстанушы,

этнографтар мен деректанушы, тарихнамашы ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми-зерттеу орта лықтарының қызметкерлері ша қырылған. (Соңы 6-бетте).

Боао Азиялық экономикалық форумдарын атап өтуге болады. Қазір əлем сарапшыларының пікірінше, Астана экономикалық форумының аталмыш эко номикалық алаң дар мен дəрежесі теңесіп үлгерді. АЭФ-тің басты мақ саты, əлемдік сарапшылар

қауым дастығын жаһандық эконо ми каның өзекті мəселелері бойынша нақты шешім шығаруға жұмыл дыру болып табылады. Фо румда адамзаттың осындай көкейкесті мақсаттары бойынша ірі шарттар мен келісімдерге қол қойылады. Осы ретте АЭФ тарихына тоқтала кететін болсақ, 2007 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен Халықаралық эконо ми калық форумда Мемлекет бас шысы Нұрсұлтан Назарбаев ғалымдардың Еуразиялық клубын құру керектігін атап өткен болатын. (Соңы 4-бетте).

Мерейтой: межелер мен мəселелер Мемлекетіміздің өткені, бүгіні жəне болашағымен сабақтас жатқан Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының ел тарихында алар орны ерекше екені ақиқат. Қазақтың ұлт болып қалыптасуында ерекше мəнмаңызға ие сол тарихи кезеңдерді жаңғырту арқылы елдің рухын көтеріп, санасы жаңаратыны тағы анық. Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Кеше Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстарымен танысты. Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев дүбірлі тойға дайындық жұмыстарды рет-ретімен талдап айтып берді. Жалпы, бұл бағыттағы іс-шаралар мерейтой тұжырымдамасына сəйкес жүруде. Жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін облыста 275-ке жуық іс-шара өткізі ліп, оған 82 мыңнан астам адам қамтылды. Бұл мерейтой өте қарапайымдылығымен, өнегесімен елдің есінде қалатын болады. Қыркүйектің 1718 жұлдызында Тараз қаласы ның төрінде тойланғалы отырған дүбірлі мерекеде «Қазақ хандығы» мемориалды

монументі салтанатты түрде ашылмақ. «Тараз-Арена» спорт кеше ні ғимараты белдеуінде Тəуке хан көшесінің бойына орналасқан бұл кешеннің аумағы 3,5 гектарды құрайды. Сондайақ, мереке «Көне Тараз» археологиялық саябағы мен «Ежелгі Тараз» мұражайының салтанатты ашылуымен жалғасуы тиіс. Əйтсе де, елдігімізге сын болатын осы мерейтойға дайындық барысы алаңдатарлық екенін ашық айтуға тура келеді. Облыс тық əкімдік əлі күнге бұл жобалардың бір де бірінің қаржыландырылуына толық қол жеткізе алма ған. Бүгінгі күні «Қазақ хандығы» мемориалды монументіне бюджеттен қаржы бөлінбегеніне байланысты конкурс өткізілмеген. Сондай-ақ, құрылыс-монтаж жұмыстары мен мүсінді сатып алуға да қаражат көздері анықталмаған. (Соңы 7-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
21052015 by Egemen - Issuu