21062013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: «Инновациялық форсаж» – Ақтөбеде

4-бет

Николай АНАСТАСЬЕВ:

№153 (28092) 21 МАУСЫМ ЖҰМА 2013 ЖЫЛ

Қазақ əдебиетінің батыл сілкінісі

5-6-беттер

Қазан универсиадасының бəсі қандай?

12-бет

Ел тынысы: мың бір мысал

Ырыс алды – ынтымаќ

Туристік кластерді дамытуға мүмкіндігі мол Каспий теңізінің жағалауы тағы бір сəнді де мəнді нысанмен толығатын болды. Бұл жоба тəуелсіз Қазақстанның шетелдермен өзара достығының дəлеліндей, чехиялық əріптестермен бірлескен іс-қимыл нəтижесінде жүзеге аспақ.

«Егемен Қазақстан».

«Егемен Қазақстан».

100-ден астам қызмет түрлерін көрсетеді деп жоспарлануда. 2015 жылы пайдалануға беріледі деп күтілетін кешеннің іргетасын қалау салтанатында сөз алған Маңғыстау облысының əкімі А.Айдарбаев аталмыш кешеннің аймағымыздың туристік əлеуетін көтерумен қатар, халықтың денсаулығын сақтауға қосылған зор үлес болатындығын

Биыл президенттік «Болашақ» бағдарламасына 20 жыл. Осы жылдар аралығында бұл бағдарлама тəуелсіз Қазақстанға қажетті халықаралық деңгейдегі мамандардың алғашқы буынын даяр лау дағы өзінің маңызды міндетін орындады.

Бəсекелестікке – басымдыќ Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тəжиннің төрағалығымен өткен Шетелдерде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында бүгінгі күнге дейінгі қалыптасқан тəжірибе егжей-тегжейлі сараптан өткізілді. «Болашақ» стипендиясына ірік те летін жастарға қойылатын талап жыл өткен сайын күшейіп келе жатқаны белгілі. Сондықтан, отандық жас кадрлардың бəсекеге қабілеттілігін арттыруға біз ерекше назар аударуымыз қажет. Қазіргі таңда еліміздің жан-жақты дамуына байланысты техникалық жəне гуманитарлық мамандықтарға деген сұраныс арта түсуде. Сол себепті, біз бұл мəселеге біржақты қарамай, қажетті мамандықтарға сұраныс бойынша үнемі мониторинг жасап отыруымыз қажет. Өткен отырыста бекіткеніміздей, тарихшы, журналист, мəдениеттанушы, сондай-ақ, ақпараттық технология, ұлттық қауіпсіздік салаларындағы мамандарды жəне басқа да қажетті мамандарды шетелдерде оқыту жұмыстарын жалғастыра береміз», деді Марат Тəжин отырыс барысында. Осыған сəйкес, отырыста басымдық берілген мемлекеттік жəне салалық бағдарламалар үшін мемлекеттік қызметшілерді, ғылымипедагогикалық, инженерлік жəне медициналық кадр ларды нақты даярлаудың тетіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мəселелер қаралды. «Президенттік «Болашақ» бағдарламасының 20 жылдығы тұсында қалыптасқан мемлекеттің алдына қойған міндеттерін екшей отырып, шетелдерде кадрлар даярлаудағы тəжірибені егжейтегжейлі сараптап, топтастыруымыз керек», деген Мемлекеттік хатшы, сондай-ақ, шетелдерден оралған стипендиаттардың бүгінгі күш-жігері оларға жұмсалған шығынның орнын толтырып қана қоймай, артылған үмітті толығымен ақтауы тиістігіне айрықша тоқталды. «Сондықтан да шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға баратын əрбір үміткердің оқуға деген əлеуетті мүмкіндіктерін тиянақты зерделеуіміз қажет. Іріктеу объективті əрі қатаң түрде өтуі тиіс. Бізге екпінді толқын керек», деді бұл орайда Марат Тəжин. (Соңы 2-бетте).

Жобалардыѕ жаѕалыєы жеткілікті Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

Өткен жылы қазан айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Чех Республикасына барған ресми сапарында чехиялық кəсіпкерлерді елімізде қарқынды қолға алынған индустриялықинновациялық жобаларды жүзеге асыруға қатысуға шақырған болатын. Бұл өзара қарым-қатынас орнатқан 20 жылдың ішінде бір-біріне деген сенімі артып, серіктестігі беки түскендіктің айғағы. Осы жылдарда Чехиядан елімізге тартылған инвестиция көлемі 220 млн. АҚШ долларын құраған. Бірлескен əрекет енді туризмді жəне денсаулық сақтауды дамыту мақсатында Ақтау қаласында өз жалғасын таппақ. Қазақстандық «Tree of Life Kazakhstan» ЖШС мен чехиялық «Puro-Klima» компаниясы өзара қол қойған келісімшарт негізінде салқын самалы тербеп, майда құмы кілемдей төселген Каспий теңізінің жағалауынан «Өмір ағашы» («Tree of Life») атты курорттық-сауықтыру кешені бой көтеретін болады. Емдеу-сауықтыру қызметінде халықаралық деңгейде танымал бұл атауды иеленген ақтаулық кешен 200 орындық. 35 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған курорттық-сауықтыру кешені тəулік бойы білікті мамандардың қадағалауымен

Сенат Төрағасы Қайрат Мəмидің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында депутаттар мемлекеттік-жекеменшік əріптестігінің жаңа түрлерін енгізу, автожол саласын реформалау, азаптаудың ұлттық алдын алу тетігін жасау мəселелеріне құрылған заңдық құжаттарды талқыға салды.

айтса, Чех Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Б.Капецки екі ел арасындағы тығыз байланыстың одан əрі дами түсуіне тілектестігін білдірді. Айта кету керек, киелі Маңғыстау өңіріндегі екіжақты іс-шара мұнымен аяқталмайды екен. Кешеннің іргетасын қалау барысында теңіз жағалауында

тыныстаймын дегендерге «Өмір ағашы» атты демалыс аймағының тұсауы кесілуіне куə болдық. Жағада катамарандар мен қайықтары қаңтарылған «салулы төсек, салқын үй» 27 шағын коттедж өз қонақтарын қабылдауға сақадай-сай дайын тұр. Маңғыстау облысы.

Ел алдындаєы есеп беруді кїшейту жолында Кеше Тəуелсіздік сарайында «Қазақстан Республикасындағы өзін өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының негізгі қағидаттарын жүзеге асыруға азаматтық қоғам институттарының қатысуы» тақырыбында Жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясының отырысы өткізілді. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Отырысты ашқан «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек: «Мемлекетіміз

реформалардың жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл реформалар қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатысты. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, өзін өзі басқару жүйесін дамыту, қоғамның билік

жұмысына бақылау жасауын күшейту бойынша ауқымды жұмыстар жасалып жатыр», дей келе Елбасымыз айтқандай, билік халыққа қызмет етуі тиіс, сол себептен де, мемлекеттік қызметкерлердің ел алдындағы есептілігі күшейеді, сонымен қатар, халықтың қамын ойлау, жағдайын жақсарту тек биліктің еншісіндегі ғана іс емес, ол онда тұратын əрбір саналы азаматқа қатысты екенін ұмытпау қажет, деген ойын жеткізген. (Соңы 2-бетте).

Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының

ҮНДЕУІ

Құрметті отандастар! Бүгінде əлем жаңа жаһандық сынақтарға тап болуда. Дамыған мемлекеттердің өздері осындай сынақтарға бетпе-бет келіп, оларды шешу жолын іздеуде. Тек бірлігі жарасқан, жаңаруға икемді, сая си, экономикалық жəне əлеуметтік жаңғыртуға бейім ұлт қана табысқа жетеді. Бүгінгі заманның сынақтарына біздің ел жауап ретінде қазақстандықтардың тұрмысын жақсартуды басты мақсат еткен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын ұстанады. Еліміз маңызды реформалар кезеңіне аяқ басты. Олар қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын болады. Биылғы жыл ел тағдырының жауапты кезеңі: бүгінгі күнгі қуатты серпіліс пен қарышты да нақты қадам – ертеңгі табысымыздың кепілі. Елде мемлекеттік басқаруды орталық сыз дан дыру жөнінде ауқымды жұмыс қолға алынып, жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту жəне билік органдарының қызметіне қоғамдық бақылау күшейтілуде. Бұл жергілікті жерлердегі мə се ле лерді шешудің тиімділігін түбегейлі арттырумен қатар, азаматтардың мемлекетті басқару шарасына белсенді атсалысуын қамтамасыз етуі тиіс. Биылғы жылы-ақ билік органдарының халыққа есептілігін қамтамасыз етуі қажет ауыл округтерінің, кенттердің жəне аудандық маңызы бар қалалардың əкімдерін сайлау өтеді.

Еліміздің алдында тұрған үлкен міндеттерге қол жеткізудің негізгі шарттарының бірі – мемлекеттік басқаруды халық мүддесімен орайластыра отырып, тиімді əрі жария негізде жүргізу. Бұл үшін мемлекет пен ел мүддесін ойлайтын басқарушылардан тұратын кəсіпқой əрі шағын мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға арналған əкімшілік реформа басталды. Мемлекеттік қызметтер туралы заңды жүзеге асыру барысында əрбір мемлекеттік қызметшінің халық қа қызмет көрсету сапасы үшін жауапкершілігі артуы тиіс. Сол себепті, еліміздің жетекші саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдарын біріктіретін Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы осы реформаларды қолдау туралы жəне алдағы сайлаудың маңыздылығы жөнінде мəлімдеме жасайды. Бұл елімізді саяси жаңғырту мен қоғамымызды одан əрі демократияландыру жолындағы жаңа белес.Біз үшін бұл əлі жүріп көрмеген қиындыққа толы жол. Бірақ бірлесе ынтымағымызды сақтай отырып біз көздеген мақсаттарға жетеміз. Қадірлі қазақстандықтар! Жүргізіліп жатқан реформалардың табыстылығы қоғамның, əрбір азаматтың белсенділігіне байланысты. Түрлі əлеуметтік топтардың мүддесін білдіріп, қорғайтын азаматтық институттар ел бо ла шағы үшін жауапкершілікті мойнына алып, іске

асырылып жатқан жаңартуларға белсене атсалысуы қажет. Біздің басты мақсатымыз – теңдік пен сындарлы Келісімге негізделген, Отан игілігіне бағытталған қоғамдық жəне азаматтық игі бастамаларды біріктіру. Біз, Коалиция мүшелері, қоғамымыз дың барша жауапты күштерін ауқымды да ашық серіктестікке, ең озық бастамалар мен шешімдерді бірлесе жүзеге асыруға шақырамыз. Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы – басты саяси алаң. Мұнда сая си көзқарасы мен пікірі əртүрлі жетекші саяси күштер барлық жіктер мен əлеуметтік топтардың мүддесін білдіре отырып, елімізді дамытудың ортақ стратегиясын айқындауы тиіс. Жүргізіліп жатқан реформалардың тарихи маңыздылығын ескере келіп, Коалиция қоғамымызды алаңдатып отырған мəселелердің ортақ шешімін іздеу үшін өз белсенділігін арттырады. Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы барша азаматтарды Елбасы жариялаған жалпыұлттық мақ саттарды жүзеге асыруда жеке жауапкершілік танытып, белсенділік көрсетуге шақырады. Біз өз Отанымыздың болашағы үшін жауаптымыз! Қазақстанды бірге өркендетейік! Астана, Тəуелсіздік сарайы. 2013 жылғы 20 маусым.

Күн тəртібінде ең алдымен Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасында бірлескен бақылауды жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң қаралып, қабылданды. Келісім шекарадағы бақы лаудың формальділігі мен ұзақтығын азайту арқылы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасынан адамдардың өтуін, жүктерді, тауарларды, көлік құралдарын өткізу тəртібін оңайлатуға бағытталған. Жəне де бақылау жүргізу нəтижелері туралы өзара ақпарат алмасу көзделген. Сондай-ақ Қазақстан мен Еуропа Қайта Құру жəне Даму Банкі арасындағы Қарыз (Шымкент – Ташкент жолының учаскесін реконструкциялау) туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы да депутаттар тарапынан қолдау тапты. Негізінен «Шымкент – Ташкент» жолы учаскесін реконструкциялау жобасы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дəлізі жобасының бір бөлігі болып табылады. Бұл жоба жүк тасымалы əлеуетін арттырады деп күтілуде. ЕҚДБ қарызы Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекарадағы «Жібек жолы» шека ралық бекеті мен «Шымкент – Ташкент» жолының 742-шақырымы арасындағы ұзындығы 62 шақырым жол учаскесін реконструкциялауға бағытталатын болады. Жобаны 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, депутаттар тарапынан автожол саласын реформалау жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасы да қабылданды. Заң жобасы автожол саласын реформалауға бағытталған, бұл автомобиль жолдарын салу, жөндеу жəне күтіпұстау үдерістерін неғұрлым тиімді

басқаруға мүмкіндік береді. Əсіресе, автомобиль жолдарының ақылы болуына қатысты нормалар ды қолданысқа енгізу үшін құқықтық тетік жасауға бағытталған. Сенаторлар сондай-ақ азаптаудың жəне басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын ісəрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетігін жасау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды да қабылдады. Заң жобасының жаңалығы Адам құқықтары уəкілі мен азаматтық қоғам өкілдері арқылы заңнамалық деңгейде ұлттық алдын алу тетігінің алғаш рет енгізілуі. Заңдық құжат түзеу мекемелері мен тергеу оқшаулағыштарын, еріксіз емдеу ұйымдарын, қоғамнан уақытша оқшаулап ұстайтын арнаулы мекемелерді, кəмелетке толмағандарды бейімдеу ор талықтары мен ерекше режімде ұстайтын арнаулы мекемелерді, кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары мен ерекше режімде ұстайтын білім беру ұйымдарын үнемі болып тұру орындары ретінде айқындайды. Заң жобасын іске асыру үшін бюджеттен 200 миллион теңге көзделіп отыр. Бұдан басқа отырыста жетім балалардың, ата-ана сы ның қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету; жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мəселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар екінші оқылымда қаралып, қабылданды. Отырыс барысында заңнамалық актілерге төреліктің жəне аралық соттың қызметін жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша Мəжіліс пен Сенат арасындағы келісу комиссиясының ұсыныстары қаралды. Сенат депутаттары келісу комиссиясының ұсыныстарын қабылдады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі Төрағасының Өкімі Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2013 жылғы 28 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын. Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Н.НЫҒМАТУЛИН. Астана, Парламент Үйі, 2013 жылғы 20 маусым

№46

Орталыќсыздандыруды ойластыру Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми Атырау облысы мəслихаттарының хатшыларымен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Қ.Мəми еліміз Парламентінің қазіргі кездегі заң шығару қызметі туралы əңгімеледі. Атап айтқанда, Президент Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауынан туындайтын заң жобалары туралы сөз болды. Кездесу барысында қабылданатын шешімдер үшін қажетті құқықтар мен ресурстарды орталықтан алып, биліктің ай мақтық органдарына бе руді көздейтін басқаруды орталықсыздандыруға баса назар аударылды. Бұл ретте, Парламент кейбір заңдарға жергілікті өзін өзі басқару жəне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыратын заңдар қабылдады. Қ.Мəми атап өткендей,

осы заңдарға сəйкес, ауыл əкімдеріне қосымша өкілеттіктер беріліп, ауыл ахуалына олардың ықпалы күшейе түсетін болады. Басқарудың төменгі деңгейіндегі əкімдердің қаржылай жəне экономикалық дербестігі кеңейеді. Қ.Мəми жұртшылық арасында орталықсыздандыру үдерістерінің мəні мен маңызын кеңінен түсіндіру қажеттігін атап өтті. Сенат Төрағасы мəслихаттарды жұмыссыздықты қысқарту жəне кəсіпкерлікті қолдау жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысуға шақырды. Астанада болған кезде Атырау облысы мəслихаттары хатшыларының делегациясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мəслихаттар) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшелерімен кездесті.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.